ЫҚЛЫМ — КЛИМАТ. Жер ортасы — Көктөбе.

ЫҚЛЫМ — КЛИМАТ.

Жылға жануарлар аттары қойылуына көз жіберсек олардың табиғатына өмір сүру қабілетіне қарай жер жүзіндегі ауа райын (климатты) бейнелейтін көрінеді. Ерте заманнан келе жатқан түсінік бойынша жер бетінің құрлық бөлшегі 7ықлымға (климатқа) бөлінеді. Осы – 7 ықылымға (климатқа) планеталар тікелей әсер етеді. Мысалы; Ай (айы – шаян, жылы – қоян) қысы суық, шөлейт, біздің жерлерімізді, жалпы Орта Азия мен Қыпшақ Алтай далаларының шөлді, таулы аудандарын бейнелейді. Күн (Ай – Арыстан, жылы – Ұлы – Крокодил) аптаған ыстықты бейнелейді. Басқа сайарларға (планеталарға) ай аттары мен жыл аттары әрқайсыңа екіден келеді. Бота (Меркурий, айлары: Бикеш – егіз жылдары: Барыс – жылан) егіншілік шаруасы етек алған, мәдениеті өскен аудандарға лайық. Шолпан (айлары сиыр,таразы, жылдары: жылқы, сиыр) көбінесе мал өсірген аудандарға келеді. Шопан жұлдызы деп те айтады. Марс (айлары: бүйі,қошқар жылдары:қой,тышқан) қару – жарақты жауынгер елге лайық.Есекқырған(айлары Қауыс, Балық, жылдары: Мешін,Доңыз) теңіз жағасына жерге лайық. Шаншар (Сатурн, айлары: Серке, Шүмек, жылдары: Ит, Тауық) қысы қатты, жазы жауынды аймаққа лайық.

Осы айтылғандардың ішінде мал шаруасы жағына ең қолайлы жұлдыз Шолпан,онан кейінгі орынға Марсты қоюға болады.

Үй хайуанаттарын алғашқы қолға үйретуші халықтың бірі түркі халықтары болған.Жануарлар атын жұлдызбен байланыстыру осы елдерден тарауы, сол бір ерте замандағы тарихи зор оқиғамен байланысты деп білуге болады. Демек жыл айыру, мүшел қайыру мәселесінде халықтың көне мәдениетінің бейнесі жатыр.

Дүние басы қозғалыс басы қалай басталған?Ол туралы мынандай түсінік. Әуелі баста Күн, Ай, барлық планеталар (Сайыр) бәрі бір ғана бір белдеу жұлдыздың дәресіңде тұтас болған. Басқы қалып деп соны айтады. Жаратушымыздың әмірімен олар қозғалысқа ұшырады. Сонан бері қозғалуда,мұнан да әрі қозғала бермек. Осы қозғалыстың да мөлшері есебі бар. Соңғы тербелісте сол бастапқы қалпына келеді, сондағы белдеу жұлдыздың дәресінде қайта келеді, ұшырасады. Сол ұшырасуды қиямет-қайым ақыр заман, қайта тірілу басталады. Ғалымдар бас қалпын іздеуде, арабша айтқанда «кальпа» іздеуде. Оның жуық есебі болжамы Құранда. Кейбір ғалымдардың айтуынша Нұхтың топан суы кезінде жұлдыздардың (планеталардың) көпшілігі «Балық» жұлдызы дәресінде кездескен. Жануардың көпшілігі суға кетіп құрыған. Тек сыртта қалған аз жұлдыздың санындай ғана жануар тірі қалған деседі. Осымен байланысты жыл санаудың басын сол қалыптан бастауға тырысады. Топанның аяқталуынан бастау керек деп есептейді. Балық – 12 белдеу (зодиак) жұлдызының ең ақырғысы. Біздің жыл қайырудың оған дәл келетін Доңыз. Олай болса жаңа мүшел басы сонан басталу керек. Екінші «кальпа» осы деп біледі.

Жер ортасы — Көктөбе.

Жер бетінің ендігі, яғни батыс пен шығыстың арасын өлшеу үшін алынатын белгі қазық, бас нүкте.Жер ортасы Көктөбе деген сол.Ол-жердің кіндігі қасиетті орыны. Арабтар оны Арин меридианы деп атайды.Ол Арин өтетін төбені құбатал- Арз деп атайды. Арин адам мекендейтін жердің шығыс жақ шеті болу керек дейді кейбір ғалымдар. Жоқ, олай емес, адам мекендейтін жердің орталығы болуға лайық деседі басқалары. Көп адамдар Көктөбені судың, ортасындағы арал (Жазира) болу керек деп біледі. Үндістан мен Араб ғалымдары Арин өтетін арал Ланка-Серендио (Цейлон) болу керек деп жорамалдайды.Кезінде ғұламалар бас меридиан Арин мен жердің белдеуін хат, ал – Астиуй (экватор) түйіскен нүктесі деп, жер кіндігі(Көктөбе) Цейлон аралын ол кезде экваторда деп білді.Расында, ол арал экватордың дәл өзінде болғанымен,соған жақын. Бір заманда оның дәл экватор үстінде болуы ғажап емес дейді. Ертедегі аңыз — әңгімеден кіндік төбе аралы тамаша жемісті,қысы жоқ, қазыналы болу керек, өйткені ол жер үйегі, ол сонымен қатар Адамның жердегі кіндігі. Бүкіл белгіні Цейлон аралынан іздеген.

Ал енді Жер – Ана түйеге қарасақ меридиан (Арин) сызығын жүргізіп көрсек. Ол үшін әрине кіндік ортасы алынады. Кіндік теңдік бөлігі соған қарап алдыңғы аяқ (Австралия құрлығы) бөлігіне қосарлай еріксіз түзу сызық жүргізіп көрелік. Ол үшін Жер – Ананың ортасынан тең бөлінген тауларды экватор деп қарауымыз керек. Оның ортасын қалай табамыз.Оған белгі Құранда Тұран қақпасы.Ол екеу. Бірі кіретін қақпа. «Жоңғар қақпасы аталған атақты қақпа болса,шығатын қақпа нұх кемесі өткен Қап тауы немесе Әзірбайжан маңдарында болу керек. Ескендір Зұлқарнайын бітеп кеткен тау шатқалы. Сол екеуін теп – тең бөліп, жер ортасын табуға болады. Болашақ жерді жұмыртқа тәріздес бейнеге айналады десек, онда бәрібір ол сызық Түркістан үстін басып өтеді. Ортасы Көктөбе Яссауи бабаларымыздың кесенесі болып табылады.Екінші басы Мәдине қаласын басып өтеді. Сәни дәптерде әулие бабамызды «Көк тонды» деп атаған себебі бекер емес.Бұған әрине болашақта ғалымдар зерттеп тұжырымдама жасар. Оған дейін екінші шығатын қақпаны табу керек. Сонда шөл далаларымызға жан еніп қайта гүлденіп «Арал теңізі» қалыпқа келері сөзсіз. Негізінен экватор және меридиан сызықтарын қайта есептеу керек. Темірқазық жұлдызының ауытқымайтын жерін тапса, сол жер кіндігі болып табылады.Кезіндегі Әл – Фараби, Ұлықбек бабаларымыздың зерттеуі мен салыстырғанда Бұқара, Қазықұрт рысытханасында (жұлдыз үйінде)сәл ауытқу болатыны байқалған. Жердің тербелісін байқайтын жер Құранда көрсетілген Қытайда Жоңғар қақпасы тұсы Үрімшіден 70 шақырым жерде.

«Олар ояу деп ойлайсың: негізінен олар ұйқыда еді. Оларды оңға солға аунататын едік…»(Кеһф -18).

«Жер ортасы Көктөбе,

Жетем деп оған өктеме.

Жер үйегі Түркістан

Жерінді туған тек деме.»