Тәндік түрлену – рең.
Әр халыққа, ұлтқа тән ерекшелік сипат болу керек. Ол түс, түр, тіл айырмашылықтары. Барлық ұлтық ерекшелік белгі жиынтығы, осы үш періште көрністің белгісі болып табылса, қарама – қайшылық өмір сүру ерекшеліктерге байланысты, тіршілік ету барысында өзгерістерге ұшырап отырады. Сол түрлену сынақтардан өтіп барып жан жаннаттан белгілі орнын алып отырады. Негізінен әрбір пендеге осы түр, түс, тіл ерекшелігіне байланысты да жоспар беріледі. Тіл пендедегі тербелістің негізгі даму көзі. Қанда көлемдік белгісі болады. «Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан (2). Сондай қаламмен үйреткен (4). Сөз жоқ адам баласы азады (6). Ол өзінін мұңсыз көргендіктен» (Ғалақ – 7) Адамзатты үйретуші асыл белгі қасиет «Қалам» деп аталады. Яғни жоғарғы ақылмен байланысшы қызметші. Әр ұлттың өз «Қаламы» бар деп түсініңіз. Сондықтан ұлттық «Рух» деп атау қалыптасып кеткен. Қалам ағашпен байланысты болса, ағаштыңда жерге байланысты тамыр ерекшелігі қалыптасады. Қалам үлтық ерекшелік болып діл болып пенде баласынан көрнісін табады. Яғни әр адамның өз ана тілін қаншалықты меңгеріп сөйлеу мінезін діл деп атаған дұрыс болар.
Рух белгісі ана тілінен бастау алады да негізінен төрт түрге бөлінеді. «Көктер мен жерді жаратуы,тілдеріңнің, түстеріңнің қарама – қарсылығы да оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар» (Рұм – 22) Тіл ғылымын қаншалықты меңгергенге байланысты (ана тілінің сөз қорына ) түр, (рең) түстердіңде қарама қарсылық белгісі болатынын ескертеді аятта. «Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі – түсті жемістер шығардық. Сондай – ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап – қара түрлі – түсті жолақтарды көрмейсің бе? (27) Адамдардан құрт – құмырсқа және ірі жәндіктерден түрлі түстегілер осындай. Шын мәнінде құлдарының ғалымдары: Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем аса жарылқаушы».(Фатыр-28) Адам түр сипатының қалыптасуы туған жер толырағына және жеген тамағына байланысты. Жаңбырмен өзгеріске ұшырап отырады. Кемпірқосақ айға дейінгі аспандардың түсін белгілесе және сол жердегі өмір сүріп жатқан халықтың рухтық ақыл шамасын түстердің ара қатынасымен және орналасуынан белгі бар. Әр ұлтың тілдік түсі де 4-ке бөлініп отырады. Жалпы негізгі 7 түс болса, жерге тән ақ, қызыл, қара түстен жәндіктер, өсімдіктер арқылы түрленіп адамдар түсі пайда болады. Ақ тазалық белгісі болса, қара қарама – қарсы белгі болып,қызылдың араласуымен қалған түстер пайда болып тілдік, нәсілдік белгі қалыптасады. Қызыл түс іс қыймыл, нәпсілік белгі. Жеті аспанның да түсі бар, біз көре алмаймыз, сәулелер сол арқылы түрленеді. Жарықта негізгі үш түрден (рең) тұрады. Түс тартылыс күшін тудырады. Жер әлемінде негізгі үш тартылыс күші бар. Қай түстің үстем болуына байланысты рең пайда болады. Баланың реңі әке – шешенің қай жағының үстемдігіне ахирет заңдылығына тәуелді. Негізгі жаралыс басы пенделер үшін қарадан басталады. Яғни топыраққа жақындық белгісі даму басы. «Өң Алланыкі, өң (беру) де Алладан кім артық? Сондықтан біз оған құлшылық қыламыз» (Бақара – 138). Құлшылық қана (тек адамгершілік қағидасы) түстің ағаруына өзгеруіне әкеледі. Әр ұлттың, діннің өзіне тән ерекшелік құлшылығы бар. Сондықтан христиан мен мұсылман реңі екі түрлі. Сондай — ақ белгілі тұрақты нәсілдік өң де (рухтық) болады. «(Мұхаммед Ғ.С.) Қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері қап – қара болғанын көресің. Менменсінгендердің орны тозақ емес пе?» (Зүмәр- 60) Қап – қара (негр)түстер бір саты екі рет өмірге келіп, рух жоспарын орындай алмаған рухтық жоспарға теріс өмір сүрген жандар белгісі. Алла жүктеген парызды орындамаған жандар болып табылады. Енді олардың өмірдегі тіршілігі де көп жағдайда қыйындық азап болады. Қазақта түсі келгеннен түңілме немесе жүзі қара деп жататыны реңнен мінез туындайтынын меңзеген. «Қиямет күні кей беттер ағарып, кей беттер қараяды. Сонда қара беттерге: «Иман келтіргеннен кейін қарсы келдіңдер ме? Ендеше, қарсы келулерің себепті азапты татыңдар! (106) Ал енді ақ жүзділер,Алланың рахметінде болады да, онда мәңгі қалады» (Әли – Ғымыран -107) Қара жүзділер бір тербеліс мезгілін өтеп келесі өмірге иман іздеуге бүйырған жандар болып табылады. Ақ жүзділер Алланың рахметін алған жандар. Оларға тек сол тақуалық (таза) өмір сүруді жанын былғамауды бұйырған. Өз тәнін сұлулығын сатып, ерекшелену немесе басқа да арсыздық істер ақ жүзділер үшін ауру немесе бақытсыз қысқа өмір болады.Себебі ол соңғы белгі тек білім, ғылым меңгеріп таза өмір сүргенде ғана өсіп өнім береді. Сондықтан болар кейде ақ түсті жандар өмірге ұрпақ әкеле алмай немесе аурушаң болып өтеді өмірден. Тек тәубашыл Аллаға иман келтіре білген ақ түсті жандар ғана бақытты бола алады. «Кәпірлерге олар түрткі салатын шайтандарды жібердік. (83) Олар үшін асықпа. Шынайы түрде олардың күнін санаудамыз» (Мариям-84) Сондай иман келтірмеген сыртқы сипатымен мәз болатындардың міндетті түрде шайтаны болатынын ескертеді. Оған қазір күнделікті көріп жүрген теле дидардан марапатталып жатырда. Үнемі жаңалық ашып дәстүрде жоқ адамгершілікке жат істерге құмар болып келеді. «Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бар ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай – ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. Бұның мысалы: Өсірген өсімдігі кәпірлерді таңыртқан жаңбыр сияқты. Сосын қурап сап – сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Ахиретте қатты азап әрі Алладан жарылқау,ризалық бар. Негізінде дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі (Хадид — 20) Сары түс жанның өз тегінің руының ішінде соңғы тербеліс шегі болып есептеледі. Яғни жаратушыдан ескерту алып өмірге түзелуге уәде беріп келген жанның белгісі . Күзі келіп, қурап жан тозуға айналғанның белгісі деп біліңіз. Сондай түсті жандар өмірге риза болмай үнемі өзгеріс іздеп жүреді. Жанның болашақ тіршілігі үшін жанталасы. Өмірде тек сән салтанат қана көксеген, солай өмір сүрген, тек бала – шаға қамы үшін дүни қызығы үшін ғана тіршілік еткен жандарға тән рең. Сары түсті жанндар таза өмір сүріп иман келтіре алмаса, рух жоспарын орындамаса ғұмырының қысқалығын жан өсуінің шегін белгілейді.
Ал шаштың сары түсі тозақтан азаптан өтіп қайта келетін көп жандардың қосынды белгісімен келгенін ескертеді немесе қара түске айналады деген ескерту. « Жер жүзінде сондай – ақ сендерге мүбада бір бейнет келетін болса, ол Жаратушымыздан бұрын Кітапта жазулы. Шексіз ол, Аллаға жеңіл (22) Бұл өткенге өкінбеулерің үшін. Алла бүкіл тәкаппар мақтаншақты жақсы көрмейді.» (Хадид -23)
Көп замандар өтіп, тозақтан өтіп қайта келген жан, сары түсте болады да,тәкаппарлық немесе мақтаншақ мінездер қалыптасады. Ондай адам болсын, сары түсті ел болсын бейнет басына жазылып қойған. Қазақта: «Қарадан тер шыққанша сарыдан жан шығады» дейді.Сары түстілердің шыдамсыз болуына байланысты айтқан болу керек.
«Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) қауымына : « Алла бір сиыр бауыздауларыңды бұйырды»- деді . Олар: «Бізді келемеж қыласың ба?- деді Мұса (Ғ.С.) Надандардан болудан Аллаға сиынамын деді Олар: «Раббыңа біз үшін жалбарыныңызшы бізге оның түсін білдіртсін» десті.(Мұса Ғ.С.) «Алла, ол сап – сары сиыр,оның өңі көрушілерді сүйіндіреді дейді»деді (Бақара 67-69) Жаны сиыр арқылы тазарудан өткендер және бел мен кеуде тұсындағы \ сиырлық малы басым болып, топ — томпақ сап — сары болады. Бұл көбінесе әйел халқына тән белгі және тазалықты жақсы көріп тек «жалай» тазалай беруге құмар мінезде болып, екінші жағы көрмесе қолмен ұстамаса сенбейтін, ғайыпты білмейтін надандық белгісі болады. Бұндай жандар тек алған оқыған білім арқылы ғана пайымдайды,солай өмір сүреді тек көріп қана ойланады. Бұндай белгі қазір қазақ халқында да пайда балып ,көбейіп келеді.Орыс дәстүрінің,әдет – ғұрпы тілінің бекерге кетпей жатқан белгісі.» Көршің соқыр болса көзіңді қыс»деген қағиданың көрінісі.
«Раббың бай әрі мәрхамет иесі.Қаласа сендерді кетіреді де,сендерді басқа қауымның ұрпағынан жаратқандай сендерден кейін қалағанын орнына келтіреді»(Әнғам – 133)
Тілін, дәстүрін меңгермегенде басқа қауымға,ұлтқа ауысады. Басқа ұлттан немесе ежелгі жер бетінде өмір сүрген қауымдардан да түрлік түстік сипатымен ауысып келіп отырады. «Егер біреу белгілі бір халықты сүйсе, Алла оны сол халықпен бірге қайта тірілтеді.» (767. х) Пайғамбарымыздың өсиетінен. Демек тірі кезінде орыс болған бауырларымыз болашақта орысқа айналып шошқа бағуы мүмкін. Немесе арап болуға құмар молдаларымыз бедеуиге айналып түйе бағатын шығар, себебі басқа ұлтқа сіңу үшін әуелі сол ұлтың құлы болу шарт. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген аталарымыз.
Мұсылманнан кәпірге керісінше кәпірдің мұсылманға жандар ауысып отырады.Онда да тек ғылымды меңгеріп,ізгі іс істегендер енді мұсылман жаны болып жанатқа өту үшін, мұсылман қауымына ауысып отырады. Сондықтан әр елдің ұлттың өз мүсылманы өз кәпірі бар. Жоғарғыдағы мақалдың жауабы.
«Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кім шайтанның іздеріне ерсе күдіксіз ол, ұятсыздықты жамандықты меңзейді. Сендерге Алланың игілігі, мейірімі болмаса еді,еш біреуің әсте ағармайтын едіңдер. Бірақ Алла әр нәрсені естуші, білуші» (Нұр -21). Ағарудың да екі түрі бар, бірі жандық бірі тәндік. Әр халыққа ұлттық ерекшелікке берілген көрсетілген із салт дәстүр болып табылады. Сондықтан әр ұлт өз дыбыстық ерекшелігін тілін сақтау арқылы ғана Алла мейріміне ұшырап ағарады ақталады. Салтын сақтай білген пенде баласының қашанда жаны ағарып жүзінде нұр болар. Қазақ халқы үшін негізгі түс қоңыр болып, өмір сүрген жерге ортаға байланысты басы болса, аяғы ақ, тазарған жандар белгісі қалыптасады, бірақ Европаға есік ашылғаннан кейін сол ақ түстер қайта сарғаюға айналды.
Тұлғалық түрлену.
Адам тұлғасы қасиет, қабілеттерді меңгеру нәтижесінен өзгеріске ұшырап дамып, түрленіп отырады. Негізінен тұлғалық түрлену тілге және ананың қанына тәуелділікте болады. «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деген дана қазақ. «Алып анадан туады» дейді тағы да. Даналықта ана сүтімен қалыптасады. Ол тек қызға қырық нәрсені тиым сала білгенде және ұлт ерекшілігін қалыптастыра білген жан ұядан ғана шығады ондай жандар. «Бір тіл, екі ерін және екі жол көрсеттік» деген аятта. Тілді меңгерген пенденің тіл мінезі ерін. Ақиреттік жоспар белгіленген. Жанның белгісі көз, ақирет айнасы. «Мейрімділік көзде, ақыл сөзде» деген аталарымыз.
«Олардың жүректері ұқсас, расында нақ иланатын елге аяттарды ашық баян еттік» (Бақара -118) Рухтық белгі жүректердің ұқсастығымен ерекшеленеді. Рухтан қашықтағанда жан кірлесе адамның бірінші жүрегі сыр береді. Жанның кірлеуінің көрінетін белгісі көз болса, білінетін белгісі жүрек. Тек ғылымда ғана жүрек ұқсас дейді ал Құранда басқа. Дін ұстанымына байланысты жүрек өзгешілігі қалыптасады. Өмірдің мақсат нәтижесін көру өз дәрежесінде түсінуді тек таза кірлемеген жүрек қана анықтайды. Сондықтан оны тазартып тұру үшін орындайтын амалдар мен міндетті парыздар үкім етілген шариғатта. Орындамасаң жүрек кірлеп, немесе көз жанарың таусылар. Мұсылмандар өмірге көп жағдайда көзі қара болып келеді. Ол жанның өсу басы тазалық белгісі. Ғылым, білім арқылы көз қоңыр түске енеді. «Оны қара түнек қаптаған болады (41) Міне солар, қарсы келген бұзақылар» (42) «Құдай жоқ» деп өмірден өткен жандар, қайта өмірге соқыр болып туылады. Немесе бұзақылар жаны болып келеді. « (Мұхаммед Ғ.С.) Шын мәнінде Раббың тарапынан саған түсірілгенді шындық деп білген кісі, соқыр кісімен тең бе? Бұны ақыл иелері ғана түсінеді» .(Рағыд -19) Құранды түсінбеген адамды соқырмен бірдей өмір сүріп, адасуға тиісті болатынын ескерткен аятта. Тозақтада қараңғыда өмір сүретін жәндік немесе хайуанға айналады.
Рухтан келген ескертулерді салт дәстүрмен өмір сүру ерекшелігін қалыптастырып, ана тілімен өруді «ақыл» деп атап; «Ақылын жұмсамағанда азап беремін» деп ескерткен Жаратушымыз. Демек 40-тан кейін жанар қуатының әлсіреуі заманға сай болам деп, шындықты көре алмаудан пайда болады.Оны жас ерекшелігіне итере салады ғалымдар. Жоқ ол, әр адамға берілген жоспардың орындалу кілтінде! Көз жанарының әлсіз болып туылуы да, өткен өмірде Алла бұйырған парыздарды толық орындай алмаған жандар белгісі деп біліңіз. «Кім Құраннан бет бұрса, сонда күдіксіз оған қиямет күнінде күнә жүктеледі.(100) Олар ол бейнетке мүлде қалады.Олар үшін қиямет күні, нендей жаман жүк. (101) Сүр үрілген күні,күнәкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз» (Таһа -104) Көздің көгере бастауы дінен қашықтап Құраннан бет бұрған мұсылмандар жанынан болса, тәпсір қуған ғұламалар жанының да көздерінің көгеріп келуі кездеседі себебі Алла тағала тарапынан берілген дәлелдерге (түс, аян ) мойын бұрмай өздігінен ізденіп адасқан жандар белгісі болмақ. Шындыққа ьет бұрып Құраннан үгіт алып, өмірін салт дәстүрмен сәйкестендіріп түзетпесе, міндетті тозақ азабын тартады. Кейбіреулері жаман жүк арқалаған тасбақа болып ахиретте жазаланады. Көп жағдайда, көзі көк адамдар қолымен ұстамай сенбейді тек алған біліммен ғана өлшейді солай өмір сүреді «білем» деген қағиданы ұстанып өмір сүруге тырысады. Өзі де сеніп, өзгені де сендіруге құштарлығы басым болып келеді. Көп жағдайда күдігі көп пенделер болып келеді де, ғайыпты болжауға қабілеті әлсіз болады. Керісінше дүниелік тіршілікте есесін жібермейді, жаттау қабілеті басым келеді. Көзге байланысты пенденің болашаққа берілген жоспарымен қарама қарсылық қасиеттік жан құпиясы ерекшелігі де болады. Ал сол қасиеттерді меңгеру тек Алла тағалаға толық иман келтіру, түсірілген дәлелдерге мойын ұсыну арқылы ғана жетеді.
«Алла көздердің қиянатын және көкіректегі құпияны біледі. (19) Алла (Т) туралық бойынша үкім береді.Олардың Алладан өзге жалбарынғандары, еш нәрсеге үкім бере алмайды. Күдіксіз Алла (Т) толық естуші, тым қырағы» (Ғафыр -20) (Құран аяттарынан басқа дұғаларды пайдалану жындарға жалбарыну тәсілін меңгергендердерде жазаға тартылады.) Олар тозаққа төндірілгенде,қорлықтан сүмірейіп, жасырын көз құйрығымен қарағанын көресің; иман келтіргендер оларды: «Зиянда болғандар, қияметте өздерін де жанұясын да зиянға ұшыратқандар» дейді. Байқаңдар! Дау жоқ, Залымдар тұрақты азапта болады». (Шура -45) Қиянат белгісі, (аманаттарға қиянат жасау) және көкіректегі құпиялар көзге жазылады. Бірақ адам баласы оны анықтай алмайды, тек ішкі қуат әлсіреп көз жанардың тозуы ғана сол құпмялардан белгі береді. Өмірге қайта келген жандарда сол құпиялар іздері болып, тозақтық қорлық белгісі көзден байқалады. Қыли, т.б. жұмылып қалған көздер зиянға ұшыраған иманы толық емес жандар болып, имандылыққа келмесе ұрпақтары азайып жойылады немесе болашақ артағы ұрпақтарына зияны тиеді.
«Оған екі көз жаратпадық па(8) әрі бір тіл екі ерін (9)Оған екі жол көрсетпедік пе?» (Бәләд-10)
Сананың қабілет, тазалық белгісін тілді таза меңгеру дәрежесін, екі ерінге белгілеген. Ол өткен өмірдегі және осы өмірге ескертуге берілген 2 жандық жоспар белгісі. Екі өмірге мөр немесе ескерту болып, болашаққа жолдама деп біліңіз, себебі түзету де көркемдеу де, бүлдіруде қолыңызда. Толық иманын таппай тілдік қасиетті меңгермей өмір сүргендер де еріннің үлкендігі, ұзындығы қалыптан тыс т.б. ерекшелік белгісі болады. Сөз ғылымын меңгерсе де, толық білім болмай, білім болса дұрыс өз тілін меңгере алмай немесе екеуін тапса да, дінді өз ұлтық ерекшелігін таппай өткен өмір белгісі болып саналады. Сонымен қатар көкіректегі құпия қарсылық жаратушыны мойындамаған белгі болып ауыздың қалыптан тыс үлкендігі болып табылады. Яғни ғайыпты түсінбейтін немесе түсінгісіде келмейтін мінез егелері болып жүректері мөрденген жандар, тек дүние қызық үшін жаратылғандар. Осындай жандар жалған өмір жаршысы болып өмір базарын жүргізеді. Өмірге бір ерекшелік тапсырмамен келген екі немесе үш жанның қосындысы бар жандарда қасиет белгісі болып, төбеде орай белгісінде екі т.б белгілері ерекшеліктері болады.
Берілген жоспарлы істі не қасиетті меңгергендер туралы аятта: «Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар.Олардың беттерінде дақ не қорлық әсері көрінбейді солар жаннәттік,онда олар мәңгі қалады» (Юныс-26) Ешқандайда кемістігі жоқ ақжарқын «Түсі келгеннен түңілме» деген жандарда жәнатық жандардың белгісі болып, негізгі қоғамды өмірді дамытып ұлттық ерекшелігін сақтайтын, ұлт жанашырлары болып табылады. Ал беттерінде дақ, қалы бар жандар жақсылық істер мен қасиетті меңгермей немесе берілген қасиеттікке сәйкес өмір сүре алмаған таланты қасиетті жандарға салынған ескерту белгісі болады. «Судың да сұрауы бар» деген қазақта.
«Ал сондай жамандық істегендердің жазасы,сондай ғана болады,беттерінде қорлық әсері болады. Оларды, Алладан қорғаушы болмайды. Олардың беттері түннің қараңғылығынан бір бөлім қаптағандай.Солар тозақтық,олар онда мүлде қалады».(Юныс-27) Алладан басқаға жындарға табынып, біреуге қаралық жасау ,теріс дұға, жол байлау т.б. жамандық істеген жандар бетінде үлкен қал болып, бетің жартысы бөлек болып өмірге қайта келеді. «Және сондай аяттарымызды жалғанға санағандар, саңырау, сақау қараңғылықтарда.Алла кімді қаласа оны тура жолға салады» (Әнғам-39) Шындықтан алшақтап, жол таба алмаған пенделерге осындай ұрпақтар келіп,саңырау сақау болу Құран аяттарын жалғанға шығарып, дінді мойындамау әсерінен болады. Алла тағала сондай азаппен түзейтінін қайта тура жолға салатынын ескертеді. «Беттеріңде дағы бар адамдарда қорғаушы болмайды» деп ескертеді аятта. Демек осындай пенделер арасында көп жағдайда жүйке ауруларына шалдығып және жолы болмай бақытсыздыққа ұшырау белгілері жиі кездеседі. Әрине бұл тағы да өткен өмірдегі әдетін қайталаған ұлттық шариғат дәстүр заңдылықтарынан алшақтағанда болатын құбылыс.
«Олардың көңілдерін,көздерін теріс айналдырамыз.Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты. Олар сергелдеңде болады. «Әй мүміндер! Ғалымдар мен машайықтардың көбі адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді.Сондай – ақ Алланың жолынан тосады» (Мұхаммед Ғ.С.) Сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле (34) Қиямет күнінде олар тозақ отында қыздырылып,онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып: «Мынау өздерің үшін жинағандарың. Ал енді жинағандарыңның дәмін татыңдар» (Тәубе-35) Ғалымдар, машайыктар, сопылық жолды ұстап тек өзі үшін ғана ахирет өмірін ғана ойлап қасиет, қабілеттерін жамандықты жеңуге (емшілік қуат көздерін) пайдаланбаған жандарда маңдай да, қабырға астында, арқа тұстарында қал, дақ таңбалары болады. Тақуалықты меңгерген жандардың сырқы қорған өрістері алтын, күміс тегі болып қалыптасады. Сол қуат көздерін орнына жұмсай алмау немесе жұмсағысы келмеу түбінде тозақ отымен күйдіріледі. «(Мұхаммед Ғ.С.) Оларды көрген кезде,тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың.Олар бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай – ақ олар,әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. Олар дұшпан. Сондықтан олардан сақтан. Оларды Алла типыл қылсын. Қайда адасып бара жатыр?(4) Міне расында олар иман келтіріп, кейін қарсы келгендіктерінің салдарынан жүректері бітелген. Енді олар, түсінбейді». (Мұнафиқұн -3) Өте ірі әсем тұлғалы және сөзге шешен пенделер көп жағдайда жүректері бітеліп тек дүниелік, нәпсілік өмірді қалайтындар болып келеді. Негізінен иман келтіріп қайта теріс айналуға күдікке бейім екі жүзді жандар болып келеді. Және де олар арасында жүйке (жын) ауруына шалдығу жиі кездеседі. Себебі тәнде бос кеңістік қуыс көп деп ескерткен. Ондай белгілер әсіресе білімсіз пенделерде ерекше байқалады. Тек білім ғана бос кеңістікті толтырады. Ал білімді дін насихатымен тазартып пайдаланбаса тек алған білім шеңберімен өмір сүру семіздікті туындатады. Осындай тәндік ерекшелікке қарай жанда қарама қарсылық белгілерін жазып, тәнді қалыптастыратын тәрбиелейтін қасиет белгілерін сыйға берген әр пендеге жаратушымыз. Ол, ерекше мейрімді. Енді құлақ ой-сана қабілетінен белгі берсе,мұрын әке-шеше қанымен келетін жыныстық мінез белгісі. Қас ой қабілеті болып ұжмақтан хабар берсе, ақылдың ой белгісінің қалыптасу хабаршысы тері мен түк. Адам баласының ғұмырының нәтижесі теріге жазылады. Сондықтан да тәнді жабық ұстап жан тазалығы тек тақуалық киімен қорғалады. Аятта бүкіл істеріңе терілерің куә болады деп ескерткен.