Сиқырлы сандар әлеміне саяхат жасаған ғұламалар жеткілікті жер жүзінде. Негізі Тәураттан, Забурдан Библиядан тарап Құранмен негізделеді. Тіл –дыбыс үндестігі. Дыбыс сан. Оған қазіргі заманда оған таң қалдыру қиын. Сіздің ұялы «телефондағы» дыбысыңыз дереу сандарға айналып жер әлемінің екінші шетіңде естіп, көріп отыра береді.
Сандар туралы жазылған кітапта, еңбекте көп, тек Құран маңындағы сандар туралы сөз қозғасақ та жетер. Құрандағы тақ сандар өсу, көбейу белгісін қалыптастырса жұп сандар жаратушымыздың араласуын үкім, тұжырымды білдіреді. 3 саны ежелден белгілі оны бүкіл дүние жүзі ғалымдары пайдаланса 5 саны құпия болып Пифагордан бастап Европа елдерінде 5саны қасиетті киелі сан болып оны тіптен нотаға да қатыстырмаған.5саны бар ноталарды қолдануға тыйым салынған. 5санын алғашқы болып енгізген ғылыми дәлелдеген Әл –Фараби атамыз. Әл – Фараби оның жалған түсінік екенін дәлелдеп, ноталық сандарды жаңа жолға, бір жолға келтірген, табиғи сандардың үздіксіз санатын қолданған. Осы жаңалық барлық халықтардың музыкалық мәдениетіне әсерін тигізеді.
Осы сияқты Әл –Фарабидің басқада жалған ырымдарға, басқа салаларда да соққы берген. Аспан шырақтарын және жер бетін, өлшеу аспаптарын Әл – Фараби атамыз жетілдірген және тыңнан жасаған. Оның күн сағатын жасаған әдісі осы күнге дейін қолдануда. Сәулені шоғырландыру (оптика) әдістерін дыбысқа қолдану сол арқылы музыка саласында жаңадан жол ашуы тамаша даналық. Қазақ ғалымдарының дыбыстық зерттеу жүйелері АБЖД ғылымы, ол – абжад есебі. «Ақиқат бастауының» алғашқы кітабында мағлұмат берілді. Сондықтан оған көп тоқталмаймыз. Аспан әлемі туралы зерттеген көріпкелдер ғалымдар пікірі өзгертілмей жазылды. Бұл кітапта тек Құраннан мәлімет беріледі салыстырып оқу әр оқырманның өз жұмысы. Негізінен – абжад – ғылымы ескі алфавитті есте сақтаудың оңай тәсілі. Арап алфавиті осы есепке оңай келеді. Ал қазақ алфавитінде 42 дыбыс жүйесінен тұрады. Құран аяттарында қатар, қатар сап- сап періштелер деген сөздер жиі қолданылады. Сондықтан Ыбырай атамыз тәртіпке келтірген қатар есебін пайдаланып көрейік. Алла сөзі сандар орнымен 1+16+16+1=34.саны шығады. Рахман сөзі 15+26+7+1+13=90. Сол сияқты діни ғұламалардың мешіт имандарымыздың көп қолданылатын сөзі «Аллаһ» – деп жеке айтады, сандар тізбегі 1+16+16+1+31=65.орыс тіліндегі аудармадағы Аллах сөзі орыс алфавитімен =51 санын құрайды. Қазақтың қиналғанда әсірелеу сөзі «ойбай» сандық мәні 50-ді құрайды. Дыбыс жиілігі ұқсас келеді. Енді Яссауи бабамыздың пайдаланған зікір сөздерді хай -44 ху-58 жұп сандар жиынтығы болып, әрі өзінің қолдану заңдылығы бар. Яғни басқа тілдегі сөздерді мейлі арап мейлі орыс, қазақ тіліне дұрыс аудармасы болмаса, толық сөйлем мағынасымен пайдалану керек. Оған әлі алда түр (рең), өріс туралы ұғымдарда тоқталамыз. Сондықтан дін танушы, діни сауатты бауырларымыз мүмкін есептеп көрер. Құранда тақ және жұп сандар мәніне өте қатты мән берілген. Көркем сөйлеу, көркем жазу өз ана тіліңде дыбыс үндестігімен ғана іске асады. Құранда «ассалаумағалейкум» деген сөз де көре алмайсың «Сәлем дейді» — деген жаннаттықтар. Көп діни газет журналдарды оқу мүмкін емес. «Пайғамбар деген сөздің артынан мөр басады немесе Ғ.С. Р.А. деген болмаса жаны жаннатта болсын деп тілек айтумен мақаланы аяқтайды. Құранда пайғамбарлар жаны жаннатта» — деген жаратушымыз. Ол, мейрімді.Бұл мысалдарды келтіріп отырған себебім алда жақшаның ішіндегі көп сөздерді алып тастап. қазақшаласам дін танушы ағайын ренжімесін деп алдын ала кешірім сұраймын. Жалпы Құранда төрт қиямет уақыты бар; қиямет сағаты, қиямет күні, қиямет мезгілі соңғы Аллаға тірелу қиямет – қайым болып есептеледі. Тербеліс есебі үшеу. Үш қиямет (тербеліс) сағатын өткізген жаратылыс иесіне енді қиямет күні болады.Сол сияқты үш қиямет күнінен кейін ғана қиямет мезгілі басталады. Яғни төртінші шешімді тек алла тағала үкімімен өзгеріске ұшырап отырады. Осылай сап-сап тізбек болып тіршілік жалғаса бермек, Жаратылыс есебі 1 күн=50 000 жыл болса. Уақыт есебі сағат, күн. ай, жыл.. Ахирет есебі 1 тәулік =1000 жыл біздің дүние жыл санаумыз бен. Осы жүйе арқылы жердегі өмірді, жанның келіп, кету тағдыр тербелістері шығады. Жалпы 40,30,10,9,7,5,3, т.б. қазақ дәстүріндегі кездесетін қасиетті киелі сандар мәндері түгел Құраннан шығып отырған. Қазақ дәстүріндегі бос сөздер санға байланысты жоқ десе де болады. Және бүкіл сандар жиынтығы 11 жұлдыз және күн мен айға, ғалам тербелісіне тікелей қатысты. Жыл басын санау арқылы, ауа райын болжаудан аталарымыз жаңылыспаған. Себебі қыстың қатал болуы жер бетінде ауысу заңдылығы болған. Аталарымыз дәл болжап қыстау ауыстырып жан сақтау тәсілдерін меңгерген. Астрономия ғалымдарының қателіктері жер күнді айналады және өз орнында айналады деп есептеген сонан көптеген қателіктер туындап отырады. Оған мұсылман жыл санауы куә. Ғалам зерттеушілері қайта бет бұрыс жасайтын уақыты жеткен тәрізді!
БІР САН ТУРАЛЫ.
Бір саны — әлемнің танымның бастамасы. Барлық сандар жиынтығы осы бірге келіп тоғысады.Алла жалғыз – Бір.Бүкіл жаратылыс басы осы бірден басталады. Енді бардың міндетті түрде көлеңкесі болады. Сондықтан көру, сезу және білім арқылы сол бірліктерден басталып отырады. Біздер үшін жер біреу.
Әжем үзін шешкен жер,
Әкем кіндік кескен жер,
Қайран, дүние, шіркін – ай,
Ағалардың жұбайы
Келіншек боп түскен жер!- десе ,
Әр нәрсенің бастауы,төркіні бірліктен басталады
Сөз анасы – құлақ,
Жол анасы – тұяқ
Су анасы – бұлақ
Көз анасы – шырақ – деген аталарымыз.
Абай атамыз бір – деген сандық ұғымға сүйеніп халыққа мынадай өсиет қалдырыпты
Единица – жақсысы,
Ерген елі бейне көл,
Единица нөлсіз – ақ,
Өз басындық болар сөз,
Единица кеткенде
Не болады өңшең нөл!
Сондықтан әр нәрсенің болмыстың сипатын білу үшін сол бірді таба білу білімділікті, тек ақыл ғана өлшей алады. Сол біреуімізді «мен-ге» «менікіне» айналдырып алсаң қасірет! Қазақ елінің өз біреуін таңдап,сайлап, ел намысын біреуге жинап, бір адамдай Алламызды танып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып біріге білсек, жаратушымыздың берген уәдесі де біреу болмақ. Ол мәңгілік өмір!
ЖҰП БЕЛГІСІ — ЕКІ.
Жалпы жалғыздық құдайға ғана жарасады. Сондықтан «мен бәрін жұп қылып – жараттым» деген аятта. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды. Салт басты, сабау қамшы болмай сыңарыңды ізде, тұрағың болсын – үй бол, ұраның болсын – ұрпақ өсір!- деген атам қазақ. Егіз, жұп, жар деген сөздер 2-ге байланысты айтылады.
«Мен сендерге екі көз, екі құлақ, екі ерін жараттым» — деген жаратушымыз. Сондықтан бұл санға қайта – қайта ораламыз. Егіз аттан құласа, басын сүйер ағасы, жалғыз аттан құласа неге келер шамасы.
Екі бала арасындағы шал – бала болады,
Екі шалдың арасындағы бала – дана болады.
Қой егіз тапса шөп айыр өседі
Адам жаратылыста әйел, еркек болып бөлінсе. Жалпы көрінетін көрністің кемі екі сипаты болмаса айқындалмайды.
Екі құзғын таласа, бір қарғаға жем болар.
Екі тентек кездессе, ерегіспен тарқайды,
Екі жақсы кездессе, елжіресіп тарқайды.Өлшемді білу үшін екі шаманы білу керек. Адамзат -тән шамасы, кісі -қуат шамасы. Сондықтан Құранда осы екі өлшемді жаңылыстыруға болмайды: Адам десе екеуін бірге қамтиды. Адамзат десе денеге көрінетін бөлімге байланысты, ал «кісі» десе қуат өлшемі қозғалыс, сөз, сезім, т.б. киесін «кісі» деп атаған қазақта. Адам баласы десе жындар туралы ұғым болмақ.
Үш саны — теңдік.
Әлем, болмыс, таным үш санымен теңдік болып өзін жоймай ұстап тұрады.Үш аяқты ошақ, шаршасаң таяққа сүйенесің. Үш арыс, үш би үш жұрт тіптен ер кезегі үшке дейін. «Үш қайнаса да сорпасы қосылмайды»,үш ұйықтасам да түсіме кірмеді – деп «Жау үш шапса, жан қалмайды, жұт үш оралса, шаң қалмайды».
Қазақ халқы ауа райы өзгерісін үш жұлдыз арқылы анықтаған.Үркер,Таразы,Сүмбіле.Үшеуі де үш айда туып, бір сағатта,бір түнде батады.
Төле би тауып айтады,
Қазбек би – қазып айтады,
Әйтеке би – жарып айтады.
Жігіттің 3жұртты болады
Өз жұртың күншіл
Қайын жұртың –міншіл
Нағашы жұртың сыншыл келеді.
1.Үш ұят туралы
Ер жігіттің сөйлеп отырып күлгені — ұят,
Жауынгердің жаудан қашып жүргені — ұят,
Тазы иттің үйден шықпай үргені – ұят
2.Үш өзгеріс.
Бала артта қалса – із,
Бақыт ұзартылған қыз,
Мал қолға ұстаған мұз.
3.Үш ескерту.
Өтірік қаңбақ
Шындық салмақ
Басы қаттының аяғы тәтті.
4. Үш жаман.
Көңілшектік жаман
Тілемсектік жаман
Бәрінен де еріншектік жаман .
5.Үш тұрлаусыз.
Естігені көп,ұстағаны аз,
Көргені көп, байқағаны аз,
Оқығаны көп,тоқығаны аз.
6.Үш ұлағат.
Ақыл қадіріне, тек ақылды қалады
Ғылым ,білім сатса,білімді алады,
Бірлік сырын білген адам ғана ұғады.
Бірлік сыры Жан, Тән, Рух осы үшеуінің бірігуінен табылады. Жаратушымыз қасиетті кітабында толық бізге жіктеп берген. Ахирет заңдылығына байланысты істердің бәрі үш санымен басталады. Ертеде Испания елінің бір әкімі қармағындағы еліне ой тастайды:
«Егер кімде – кім санды қолданбай бір роман жазып әкелсе , үлкен сыйлық беріледі» — деп, жар салған екен.Бірақ осы жарлық осы күнге дейін орындалмаған.Ол тек біздерде ғана бар.Бірде бір есебі жоқ тәпсірлер қазақ жерін жайлап бара жатыр.
Жақсылықты сатпаса,
Жалған айтпаса екен,
Ешкімнен ештеңені қызғанбаса екен! – деп
Тойлаған да жақсы
Ойлаған да жақсы,
Бірақ та артын ойланған да жақсы.
Енді жан – жағымызға ойланып қарап, жаратушымыздың асыл сөздерін ақылға салып көрейік. Бізге баламасы жоқ суды жаратқан ол, Алла. Су үшке бөлінеді: мұз, сұйық, бу.
«Ол көктен жаңбыр жаудырады да ойпаттар өз өлшеуі бойынша сел болып, көпірген көбікті қалқытып ақты. Сондай – ақ, сәндік бұйым немесе аспап жасау үшін оған от жағып, еріткен металдарда сондай көбік болады. Алла хақиқат пен жасандыны осылайша мысалдайды Ал енді көбік ұшып кетеді де адам баласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады. Осылайша Алла мысал берді» (Рағыд – 17). Топырақты балқытсаң металы шығады, көбік ұшып кетіп металл қалды. Ал енді ол тоттанып шіріп көре көзге топыраққа айналады. Топырақты ұсақ шаңға одан тозаңға тіптен, көзге көрінбейтін бөлшекке, ауаға жоғалып кетеді. Басын біріктіріп әртүрлі бейнеге айналдыратын ол шындық – түтінсіз жалын,отсыз түтін. Құранда «Мұхамед сен ол үшеуді көрдің ағаш қасында»деген аят бар. Барлық дене үш түрлі өріспен құралады, біріктіруші Алла. Ғайыпқа байланысты, Алланың қатысуымен тұрақтанатын өзгеру сипаты бар нәрселер үш белгімен беріледі. Пенде баласында сыртқы ортамен бөліп тұратын үш өріс болады. Айырмашылық мұсылман еркектерінде тізеден төмен бөлікте қорған перде болады. (Сопылықтың жоғарғы нәтижесі де сол пердені алып көкке көтеріле білу.) Ал әйелдерде балтыр тұсында үлкен шеңбер болса мойын мен тобық арасын өріс жасап жауып тұрады. Маңдай арқылы жасырын көздер бездер арқылы ішкі қуат көздеріне қосылады. Бұл өрісті «ғарыштық» деп атап (пенде бойындағы аспан белгісі) пенделерге берілген жаратушымыздан несібелік теңдік белгісі болады. Негізінен 10-15 м аралығында болады. Тыныстық өріс — тыныс алу, ас қорыту арқылы жанған жылу қуат, адам терісімен айнала қоршап , киім арқылы шектеліп тұрады. Бір жағынан ой жүйесінің белгісі болып табылады. Сыртқы ғарыштық өріске араласқан сайын сана кірлеп, ұят және ардың жоғалуын туындатады. Сондықтан ғарыштық өрістің дуалы шегі киім болып, әр түрлі тосын жаман ойдан (сөзден) адамды қоршап тұрады. Пенденің тәндік тербеліс шекарасы болып саналады. Жер – Анамыз да осылай құрылған.Жалпы жер қызуын реттеп сақтап тұратын ішкі қуат. Жер асты ошақтарынан теңіздер арқылы нәр алады. Жандық қуат белдеуі экватор сызығы мен төбесі болып екі шегімен мұзда мұхит және антрактика болып жабылады. Жер беті жеті аспанмен күмбез болып жабылған. Әр аспаның түрі түсі және тербеліс жилігі болады. Адамның да аз қорғалған ғарышқа жақын жері басы мен аяғы. Аяғына салқын барса бірден төбеден шығады,ол да белгі. Жан өрісінің белгісі аспанда екі жұлдыз бар,белдеуі бар. Біреуі әйел,екіншісі еркек. Сондықтан болар экватор сызығы түйені алдыңғы аяғынан өткен жері ашық артқы аяғының құрлық үстімен, жалаң бұт Африка елімен өтуі. Алдыңғы аяқ әйелді бейнелейді,артқы аяқ еркек. Тобыққа дейін жабық болу керек,негізгі су қорған, киім белгісі, мойын тұсы да жабық болған абзал,деп көрсетіп қойған. Адам баласында қорғалуға тисті үнемі қымтап ұстауға бұйырылған үш қасиетті орын бар. Алда ғылыммен толық жіктеп талқылаймыз.
Төртеу түгел болса,төбедегі келер.
Төрт саны әлемдік жұп, Құран бойынша ол Алладан келетін мезгіл белгісі. Барлық айқын болуға тиісті нәрсе болсын немесе сөз болсын 4 белгісі шарт. Біздің өмір сүрген әлем қабығының тербеліс саны айына 4 рет ауысады. Дүниенің төрт бұрышы бар деген.Ол ақиқат. Жоғарғыда ескерткендей жер әлемі қиямет мезгілінде экватордан бүктеледі,сонда екі төменгі – жоғарғы нүктелер түйістіргенде әлем төрт бұрышқа айналады. Жерді де теңіздер түйіскен жерден жазып көрсе төрт бұрышқа айналады. Жалпы адам өмірі Аймен есептеледі. Іште жатқанда да қырынан қарағанда жарты ай болып өседі солай туылады. Адам баласында алдынғы жағында, әйелдерде тобық пен мойын еркектер, тізе мен мойын арасын жалғап тұратын ай тәрізді көркем сөзбен толтыра алсаң «нұр» деп аталатын қуат көзі өріс орны бар. Жер –анаға ол белгілі жерлерде бекітілген. Адам жасының ұзақтығы немесе кенеттен қайтыс болуы осы жарты айға байланысты. Бұл жаратушымыздың бізге берген «мүмкіндік» сыйы, оны да өз еңбегіңмен табасың, қорғайсың толықтырып отыру міндеттелген. Алда толық талқылаймыз. Жердегі бүкіл өсімдік жаратылыс ай нұрымен ғана қозғалысқа түседі.Адамзат үшін нұр- несібе. Нұрдың да төрт белгісі болар жер бетінде. Діннің бар негізгі мақсаты осы нұрды толықтыру,өсіру, жоғалтпау.Сондықтан бабаларымыз «Төртеу түгел болса,төбедегі келеді» деген.Үш саны теңдік өсу, өну болса, төрт саны толу, бірігу толысу болып табылады. Төрт құбыла тең болса бақыт, ғылым тегі.(Тәурар, Забур,Інжіл, Құран)
«Бірінші бала – үй баласы,
Екінші бала – ауыл баласы,
Үшінші бала – аймақ баласы,
Төртінші бала – ел баласы».
Төртеуді түгелдеуді үйренейік ағайын!
Бес — қару
Қазақ тілінде кең тараған «Ер қаруы – бес қару» деген сөз бар. «Бес уақыт намаз» «Пешене бесеу» дейміз. Бес саны негізінен «Қуатқа байланысты айтылады.Қуатты қазақта «арқау» деген. Зұлқарнайын: «Раббымның маған бергені бес артық» (кеһф -95). Бес артық болатын ел болады сол елдерді басқа елдерден бөлу тапсырылған жаратушымыздан.
«Әрине егер сабыр етсеңдер сақсынсаңдар сондай-ақ жау дереу осы араға жетіп келетін болса, раббыларың сендерге 5 мың белгілеулі періштелермен жәрдем етеді» (Әли -ғымыран -125). Бүкіл қуат көздерінің 5 – ке жинақталатынын ескерткен жаратушымыз. Бұл белгілер Тәуратта, інжілде де баяндалған, сондықтан болар ислам ғұламалары, Европа ғалымдары беске келіп тірелетін ұғымдардан басын ала қашқан. Парсы, Индия, Грек, Арап, Қытай ғұламалы негізінен 4 – бөлікке бөліп ауа, от, су, жерді негізге алып, адам ағзасындағы қуат ерекшеліктерін осы тұғырдан қарап отырған. Тек тибет ғылым – дәрігерлері ғана 5 қуат көзі бар деп, онан кейін европа ғылымдарының да қоштағанын мед- тина тарихынан білуге болады. Бірақ нақты дәлелдеп оның белгісін толық ашып көрсете алмаған. 15ғасырда өмір сүрген Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы атамыздың «Шипагерлік баян» атты кітабында нақты аты мен бағытын көрсетіп дәлелдеп кеткен. Енді сол атамыздың ғылыми негізіне сүйенсек: Қуат адам тіршілігінің тіршілік қимыл – қарекеттің, ой толғамның түйіні. Алланың несібе мен нәсіптік ризық терімнің ұштасып жарасуы болып табылады. Қуат 5 бөлікке жіктеледі.
1.Жандық қуат
2.Қарсылық қуат
3.Ғарыштық қуат
4.Ғайып жасырын қуат
5.Баршылық қуат
Жандық қуат – ана жатырында пайда болған мезеттен бастап пайда болып, жетіліп туылып, есейіп – ер жетіп, ғұмыры қанша болса да, жер бесікке түскенге дейін табиғи жаратылыстық денелік, тұлғалық, бітістік қуатының түйіндік қисаптық, сандық айқындығы болып,ол Алланың несібелерімен адамзаттық несіптік өзегіндегі туылмалы, шешімді қасиетті қуат – жан қуаты болып табылады.Негізі ауыз,белгісі – екі көз болып табылады.
Қарсылық қуат – ризықтық несіптік жиналатын,толатын,толықтырылып тұратын қуат болып жан қуатын іркіліксіз,толассыз толықтырып,молықтыратын нәсіптік ризықтың адамға бұйырған мөлшерінде сақталатын, сақтаулы тұрған көлемде болады. Бұдан тыс қарсылық жан қуатына кейде тірек,кейде зиян болғанымен сырқаттың қарсыласуын, науқастың қорғаныс қуатына ықпал етіп пенденің тәуелділігің аурудан қорып, науқастан айықтырып тұратын игілікті, ізгілікті жаралыс арқауы болады. Негізі көз, белгі – тіл болып табылады.
Ғарыштық қуат — әр күнде пенделік нәсіп теріп өмір сүру дәрежесіне жойылып, жоғалып отыруы шарт болған шығындық жазымға ұшырауы шарт болған, жойылып кетуге тән қуат болып табылады. Ол адамзатты пенделік тіршілікте несібелік іс әрекеттер қимыл, жан үшін жан таластағы барлық қуаты желеп – жебей отырып тозатын сипаттағы қуат болып табылады. Ғарыштық болмаса пенденің тіршілік іс – әрекеті болғанмен мәнісін жоғалтып, өмірде жол байланып бақытсыздыққа ұшырайды. Бұл қуат Алланың жазуы. Адамзат әбден шаршап шалдыққанда, тығырыққа тірелгенде өзін құрбандыққа шалып Алланың жазуымен жандық қуатты өз дәрежесінде сақтап қалуға тырысады. (Нұрдың өшуі)
Негізі көз, ауыз. (Белгі соқыр болу. Тәбет жойылу)
Жасырын (ғайып ) қуат – адамзаттың Алла әр пендесіне жасырып,бітістік тұлғасына қарай қойып қойған пендеге өзі білмейтін көмес, жасырын бұғып тұрған қуат болады. Ол адам ерекше шошып жол таба алмай,немесе төтенше кектеніп кеткенде, бөлекше ыза болғанда,өзі осылай істеп кете аламын – ау деп ойламаған,көрген адам таң қалып жағасын ұстатып, әр қандай адам пендесі істей көрмеген, істей алмайтын істі тындыратын қуат көзі. Қазақта арқасы бар дейтін осы жасырын қуат. Негізі көз, белгісі құлақ.
Баршылық қуат — әр адамда шама шарқына қарай болатын қуат.Тән бітіміне қарай болатын қуат. Тек бір кісілік қимыл қарекетін айқындайды. Тұлғалық қуат, мүшелік қуаттардан қосылады шегі бар. Бұл қуаттың шегі іс қыймылға байланысты. Дене шынықтырумен шұғылдану, өнер білім осы қуатты белгісі болады.Көп қимылдап еңбек пен шұғылданатын пенде мен көп ұйықтап тек тамақ жеумен шектелетін пенде тең емес!Оны өсіріп тежей отыратын несіптік ризықтың іс – қимыл қарекетіне тәуелді болып табылады.Алда әлі талай қайта оралып отырамыз осы бес қуат көздеріне.Енді осы бес қуат көзі әр пенденің саусағымен белгіленген.
Бас бармақ – баршылық қуат
Сұқ саусақ – қарсылық қуат
Ортаңғы саусақ – жандық қуат
Кіші саусақ – ғарыштық қуат
Шөмекей саусақ – жасырын қуат
Қазақта баласының саусағын санап ойнатқан. Бас бармақ,балалы үйрек, ортан түйнек,шылдыр шүмек,кішкентай бөбек деп алақан ортасын басқан. Бала ғайыптан өз мінезі ерекшелігімен келеді Алла береді. Ғайыпты көре білген дана қазақ. Жер жүзінде бесінші санды ерекше қадірлеген тек қазақ халқы болар.Оны жалпы – аруақ деген. Пенде баласын ахиретпен жалғап тұратын қақпа болып есептеледі. Аян есігі адамзатқа берілетін сыйлықтың несібенің белгісі.
Алтау – араз болса, ауыздағы кетер!
Жалпы қазақта алты санын тек теңдік сақтау дәрежесінде пайдаланған. «Алты жасар бала келсе,алпыстағы шал сәлем берер. Әлем алты күнде жаратылған. Құранда: «Көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла…» (Мүжадәле – 7). Жоғарғыдағы бес қуаттың тұғыры айналатын ортасы ол, Алла. Өтей – бойдақ атамыз: «Бес қуат ақындар сияқты кездесіп айтысып, алты тұғырда алмасып отырады» — деген. Енді алақанға қарасаңыз оң қолды Алла деген әріп бар,сол қолда теріс тұр. Бұл белгі. Бес қуаты толық алмасқан адамда алақанға жылу пайда болады. Адам денесінің қуат алмасу т.б. Жан саулығының белгісі алақан. Тек ғылымда оған әлі мән беріліп,қалай анықтау дәрежесін ойлап тауып, өлшейтін құрал табылған жоқ.Әлі онсыз да иістеніп,жанып тұратын қолтыққа жүгінеміз. Екінші орын тоғысатын кіндік айналасы,үшінші орын жүректің тұсы,төстің асты. «Мен сендерге күре тамырдан да жақынмын» — деген аят мағынасы шығады осыдан. Ол денсаулық! «Алтау араз болса ауыздағы кетер,төртеу түгел болса төбедегі келер»- деген мақал. Жан ғылымын, қуаттар санын дана қазақ ұғып, таба білген пенде бойынан Алла тағала белгілерін ажыраиа білген.
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз жол емес
Ынталы жүрек шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес
Дененің барша қуаты,
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңір үшін
(Абай ата)
Тән сезіп,құлақ естіп,көзбен көрмек
Мұрын иіс,тіл дәмнен хабар бермек,
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы,жаман әр істі тексермек.
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын,сырлы сиқырмен
Жан — тәнге,ақыл жанға матаулы тұр.
(Шәкәрім ата)
Алла тағаламыздың жерді,әлемді алты күнде жаратқан басты қуат– нұр (сәуле). Яғни жарықтың немесе сәуленің түрлену немесе ыдырау, өзгеру белгісі алты санына тәуелді. Тазарған сәулені жан жылуы «биоток» деп айтамыз. Қасиетіне жиілігіне түсіне қарай беске бөлінеді. Бес таза өріске қарсы, қараша кері өрісте пайда болады (радиация) пенде бойында. Ол үшін әуелі бесеуді мойындасақ, жіктей білсек алтауды ажырату ғасырлар ісі болмақ.Алда 3-ші кітабымызда талқылап көреміз. Сондықтан бұл сандарға алда талай қайта-қайта оралып отырамыз. Алтаудан аса алсаң,жетеуден бастап ғарышқа көтерілу керек. Ол тек ахиретпен байланысты. Жетіден бастап түсіну жетелінің ісі. Жалпы миы ашыған адамды жетесіз деп атайды. Ми ашымау үшін төртеу түгел болу керек. Алтау араздаспас үшін ауызға берік болып арам тамақ ішпеу керек, көркем шұбарламай сөйлей білу керек. Денедегі артық иіс те осындай араздықтар белгісі. Өркен ниетті деп атаған елдеріміз, иіс сусыз өмір сүре алмай, үйдегі сыйқырлы сандық тек иістен қалай құтылуды дәріптеп, жер жүзіде иістен құтылуға белсеніп кірісіп кеткені қашан. Денедегі иісті, шіріп жатқан шайтан лағын, иіс сумен тоқтата алмайсың, бәрі бір ісікке айналып өзінен хабар береді болашақта. Сондықтанда алты саны тіршілік ету шегі, екінші бір жағдайға өту шекарасы. Алтау араз болса адал өлімде бұйырмайды. Жер бетінің тіршілік иелері үшін алты саны сегіз санымен алмасып келіп тұрады. Алты санының құпиясына келесі кітапта да қайта ораламыз, талқылаймыз.
ЖЕТІ ҚАЗЫНА—ЖЕТІ ЫРЫС.
Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұртын қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер.
Түркі әлемде қазақ тарихында жетіге байланысты мақал да,өлең,өсиет көп,сондықтан жаратушымыздың ескертуінен бастап өрбітсек; «Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы :әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәріздес» (Бақара – 261).
Жеті сабақ бір ұрпақтан өседі және әрқайсысы 100 ұрпаққа дейін бере алады. «Бұл қазақ ата – дәстүрі.Өтей бойдақ атамыздың, шипагерлік баянына жүгінсек». Жерде жеті әулие бар деген.
1. Әулие – дәм
2. Әулие – ат көлік
3. Әулие – тұз
4. Әулие – қыз
5. Әулие – күн
6. Әулие – жер,ел
7. Әулие – ит
Енді осы әулиелерден ырыс береке қазына шығады. Оны 41- ырыс деп атаған.
Жаңа туылған нәресте Алла әмірімен көзін ашып, 3 толық тәулікте ата – анасын таниды. Пенделік танулық шарты 3 тәулік оның дүниені көріп тану қуанышын құттықтау болып табылады. Емдеу тәсілдерінде 3 тәулік толысу,айығу осыдан шығады. Жаңа туылған балаға 7 күн бір қатер. Осы қатерден кетсе,аман қалады. Сондықтан 7 толық тәулік шарт тұрақты сан болып адам өмірінде қалыптасқан.Адам қаза болғанда жаңа басқа өмірге өту 3 күнге созылса, 7 күн сұрақ жауап мерзімінің аяқталу,яғни бір қатер. «Жетісін» беру деген қалыпты ұғым адам жанының түрлену мерзімімен тығыз байланысты.Енді осы кезеңдерді 5-ке көбейтіп отырса,баланың бесікке салар,кіндігі түсер т.б. кезеңдері шығып отырады. Пенде болғасын ауырмай тұрмайды. Бүкіл жүйкелік, сырқаттық,аурулық,науқастық белгілерінің бәрінің емі де шипалық қасиеттік көрсеткіштері 41 – ырыс пен тығыз байланысты. 41-ырыс ішінен бүкіл адам тән жан шипасын табуға болады. Оны алда әлі талай әңгіме етеміз. Адам өмірін жақсартатын жетеу:
Әкімдердің шарапаты,
Ғұламалардың шариғаты,
Байлардың салауаты,
Кедейдің қанағаты,
Үлкендердің ұлағаты,
Жастардың инабаты,
Азаматтардың ар – ұяты.
Өмірде жеті нәрсеге асығу керек деген:
Қонаққа дастарқан жаюға асық,
Қателігіңе кешірім сұрауға асық,
Қарызыңды өтеуге асық,
Бойжеткен қызды ұзатуға асық,
Қаза болған жанды көмуге асық,
Егінді себуге асық,
Өнімін жинауға асық.
Өмірде жеті сүйеніш болады дейді:
Әйелі еріне сүйенеді,
Бала ата – анасына сүйенеді,
Шәкірт ұстазына сүйенеді,
Патша әскеріне,әскері әкіміне сүйенеді,
Халық патшасына сүйенеді,
Қайырымдылық ақылға сүйенеді,
Сопы дініне сүйенеді.
Аталарымыз 7 ұлағатты сөз қалдырған:
Әлсізге медеу бол,
Күштіге айбар бол,
Зарыққанға жебеу бол,
Тарыққанға демеу бол,
Асқанға тосқауыл бол,
Сасқанға сал бол,
Ұрпаққа ұстаз бол.
Адамды жеті жағдайда тану:
Батыр адам майданда танылады,
Туған – туыс жәбірленген кезде танылады,сөзінде тұрып, қарызын мезгілінде өтеу мен танылады,
Ақылды адам тапқырлығымен танылады,
Дархан адам мырзалығымен танылады,
Бөгде біреумен сөйлескенде биязылығымен танылады,
Кедей болса,құлқын ойламай, қылмысқа бармай танылады,
Жамандық пен жақсылық арасының арашасы жеті болмыс. Тозақтың да жеті қақпасы бар. Жеті түрлі адамнан қашық бол дейді.
Орынсыз ақыл берушіден,
Ешбір іске турасы жоқтан,
Өзін үнемі жоғары санайтын еркектен,
Өз пікірін ғана құптайтын өтірікшіден,
Өзінен гөрі ақшаны артық бағалайтын сараңнан,
Өз мінін мойындамайтын оспадардан,
Жетіні меңгерсең сегізге жетерсің
Жетесіз болсаң сергелдең басталар
Жетелі болсаң ол –сегіз сері!
Сегіз — қасиет.
Сегіз саған қосылса қасиет,алынса қасірет.Бүкіл жаның осы сегізге бағынады, тәніңді де жүргізіп тұрғызып, сөйлетіп тұрған сегіз болар.Онға қосылып он сегіз ғаламды құраса, онға қосылып он сегіз болып бір кезеңге жеткеніңді білдірер. Нөлді қосып артына жеткен биігіңді білдірер.Талайдың арманы болған ол сегіз. Құранда «Маған – 8 жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң ол сенің жаныңнан болады» (Қасас -27). Адамда сегіз жалшы болса соны жұмсаумен 9-шыны табады. Бұл қасиет көздері болып саналады.
Өткірдің жүзі,кестеннің бізі,
Өрнегін сондай сала алмас,
Білгеннен маржан,білмеске арзан.
Надандар баһра ала алмас,
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек,
Бұдан ұйқас өлең,сөз керек…
Өлең тап ойланып
Буыны сегіз,атауы егіз,
Ұшан теңіз екеуі…
Кім дәл басты кілтін ашты
Кім жақсы ұқсасты нешеуі»… (Абай ата)
Он сегіз ғаламның иесі бар,
Қажыған қарт даланың киесі бар.
Киесі бар! Қазақ деген иесі бар!
Бар болмысты сыйғызған бір – ақ түйіп
Даланың данасың сөзінде жүйесі бар!
Сегіз даналық ағасы. Сегіз – сыр құпия.
Жәнәттың шешетін сегіз құпия кілті бар, сондықтанда адамзат баласы сегіз түрге бөлінген. Құран есебінің тегіде екі жұп төртен сегіз болар. Сегізді таба алмай сергелдеңге түсті әлем халқы. Ол үшін тек бір Аллаға сиынып тоғыздан ажыратып көру керек.
Үйірімен үш тоғыз.
Тоғыз – кие, иесі – кісі.
«Олар үңгіріңде үш жүз жыл жатты тоғыз арттырды» (кәһф – 25). Қазақ тарихы қадір басы осы аяттан басталады. Асықпасаңыз айяңдап оған да жетеміз. Жан ғылымын меңгеріп барып, «Тоғыз ай он күн» толғатып толғағымыз жетіп дүние есігін ашамыз. «Қалада жер жүзіңде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді» (Нәміл – 48).
Әр адамның өз тоғызы бар, Әрбір іс тоғызбен тиянақталып, не түзеліп бірді табасың, болмаса баратын жерге барасың!
Тұранның кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз шекті домбырасын.
Күңірентіп тоқсан тоғыз күй тартқанда,
Тебіреніп кім төкпеген көздің жасын.
(Мағжан – ата)
Қайда қозғалыс болса, сонда жарық бар, қайда жарық болса сонда сәуле бар, қайда сәуле болса сонда дыбыс бар. Бұл жалпы қағида барлық ғаламнан бастап атом бөлшектеріне дейін қолданылады. Тербеліс үндістік шегі тоғыз. Тоғызды түгел басын біріктірген Әл – Фараби атамыз. Адамзат өмірінде тоғыз кезең болып, тоғыз рет дыбысы үндестігі де өзгерер. Ардың жұмсайтын мал олда тоғыз. Сол тоғызыншы тек ана сүтімен ғана келетінін ұмытпау бірінші парыз адам баласына.
«Малым жанымның садақасы жаным арымның садақасы» — деген дана қазақ. Жанның малы ол тоғыз. Онға көбейсе 99, себеп өлімдер саны 99 құпия.
Он – ақыл. Жақсылық белгісі.
«Мұсаға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды». «Күнәкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз. Олар араларында Дүниеде он – ақ тәулік тұрдық» деп сыбырласады. (Таһа – 103).
«Кім бір жақсылық келтірсе оған сондай он есе бар.Және біреу бір жамандық істесе, сондай – ақ жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшырамайды». (Мәйда–118). Он санымен адам болып бүкіл жаратылыс жандықтан ерекшеленіп жер бетінің халифасы болып үстемдік құқығына ие болады, ол хақиқат. Әлемдік сан. Жанның даму белгісі жақсылыққа щығар баспалдақ саны. Онмен ғана жаратушымызды тани аласың. Он ақыл толысу саны. Он саны пайғамбарлар, әулиелер белгісі. Арыстан баба мөрі он бөліктен тұрады. Демек жер жүзіне танымал болмақ, ғылым саны он болар. Он саусақ қосылса ғана өнер тамар. Алмас асу болмас. Енді төрт текті он есеге көбейтіп көрейік.
Қырық – қырқа.
Пенделердің тәубасына келіп алдына артына көз тастар биігі. Әр нәрсенің парқына жетер уақыты. Қырықтың қырқасында ұлың ұяға, қызың қияға қонар,гүліңді жаяр кез.Келесі өмірге тағдырыңды жазар кез. 40 әр пенденің өткен шағы, мәңгілік өмір есігі ашылып, бақытқа басар болашағы. Адамзатқа келген ақыл кітабы Тәурат 40 күнде түскен тасқа жазылған. Пайғамбарымыз 40- жасқа келгенде пайғамбарлық келіп соңғы ақыл – нұр Құран түсе бастады. әуелі аталарымыз не қалдырды соған ой жүгіртсек. Қиналғанда, қысылғанда, қайда жүрсе де «Ғайып ерен қырық шілтен қолда» — деп сұраған Алладан. «40 егесі қызыр» — деген. Ол кім? Ол Құранда Ілияс пайғамбар. «Қызыр Ілияс» — деген. «Яссауи» бабамыз. Қызыр бабаға жолықсаң ырыс – бақ ол қырық бірінші Ғайып ерен. Енді 40шілтенді бабаларымыз көзімен қарасақ.
· 1. Жаратылыс – жан ырысы
· 2. Тіршілік – хан ырысы
· 3. Хан – тақ ырысы
· 4. Әділдік – нақ (шындық) ырысы
· 5. Байлық – сән ырысы
· 6. Сән – сәулет ырысы
· 7. Сәулет – дәулет ырысы
· 8. Сыйластық – санат ырысы
· 9. Алыс – беріс – бауыр ырысы
· 10. Ынтымақ – билік ырысы
· 11. Ер сауыты – найза ырысы
· 12. Ерлік белгісі – елдің ырысы
· 13. Су көптігі – көлдің ырысы
· 14. Қарекет – дән ырысы
· 15. Жарастық – мән ырысы
· 16. Өнер – білім ырысы
· 17. Білім — өнер ырысы
· 18. Қос босаға – түтін ырысы
· 19. Дауасыз би – бүтін ырысы
· 20. Шілде хана – төр ырысы
· 21. Кебін – көр ырысы
· 22. Жаңбыр – жер ырысы
· 23.Ірге – ит ырысы
· 24. Жақсы сөз – жан ырысы
· 25.Мақал мәтел – сөз ырысы
· 26. Ақыл – көз ырысы
· 27. Көз көрім – ездің ырысы
· 28. Садақ – жасақ ырысы
· 29. Қалқан – арашашы ырысы
· 30 От – мал ырысы
· 31. Ошақ – ел ырысы
· 32.Су – мал – жан ырысы
· 33. Сағым – қашықтық ырысы
· 34. Жас – бақыт ырысы
· 35.Қал – тән ырысы
· 36.Сыйлық – сенім ырысы
· 37. Шыдамдылық – көнім ырысы
· 38.Тайсалмау – талаптың ырысы
· 39.Науқас – сырқаттың ырысы
· 40. Ем шипа – айығу ырысы
· 41. Тақ – бақ ырысы.
Ырысты – белгі деп ұқсақ, оның қорғаны 7-қазына. Екеуі 48 болып бұл 1 жылдағы жұма күніне тең болады. Бұдан Алла әлемді жаратқан жеті күнді шегерсе 41 саны шығып адамның негізгі ауру және жазылу күні қуат толу саны шығады.
Адамның ана құрсағындағы дәуірінде аспанның әсері 40 күнге созылады. Аспан көк 7қабат. 40- ты жетіге көбейткенде 280 күн мұны айға айналдырғанда 9 ай 10 күн. Жеті қат көктің ана құрсағындағы балаға әсер ету реті жоғарыдан төмен қарай болады. Сатурн (зұхал) 40 күн басқарады. Алғашқы тұқымдық судан қанға айналады. Одан кейін 40 күндей Юпитер (Мүштари) басқарады! Бұл кезде қаннан етке айналады. Одан кейін 40 күн Марс (Маррих) күні бұл кезде еттен сүйек пайда болады. Келесі қырық күн күннің әсерімен жан бітуге бейімделеді. Одан кейін Шолпанның (зүһраның) әсерінен адам бейнесіне бейімді пішін мен қозғалыс пайда болады (негізінен жоғарыда көрсетілген жұлдызнамалардың пікіріне қарсы жан Шұғара жұлдызы Жебірейілмен байланысты.) Екінші аспан Меркурий қарамағына алғанда балаға сезім пайда болады. Ең ақырында бірінші аспан Ай қарамағына алғанда нұр пайда болып жетіледі.
«Қырықтың бірі қыдыр деген аталарымыз»
«Баланы екі жасқа дейін емізу керек – 40 — қа келгенде ақылы толады» — деп үкім еткен жаратушымыз.
Үш – ақ түрлі өмір бар; бәріде мас,
Бір рәуішті болады мал менен жас.
Ең керекті дегенің – ортаншы өмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,
Өкінішті қалмайды, кетсе ағатың.
Күні – түні дей көрме ғылым ізде,
Қалсын десең артыңда адам атың. (Шәкәрім – ата ).
Сондықтан аталарымыз; «Қырқыңда қорған бұзбағасын, не пайда» деп те ескерткен ұрпағына. Біздің заманымыздың қорғаны бірі надандық, бірі ғылым, білім.