«Шайтан» сөзі негізінен терең ұғымдағы, ішкі сыртқы шамасы бар, тербелістік өлшемі және жаратушымыздың түсірген белгілі бір мақсаттағы іс орындаушысы. Құранда көп тәпсірлерде аздырушы, азғын деп түсіндіріледі. «Егер мен қаласам бәріңді тура жолға салар едім, егер арада бір сөз өтпесе» деген ескерту аят бар Құранда. «Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіндер, міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар ақыл иесі»(Зүмәр -18)
Бүкіл есеп жүйесі осы аятта тұр. Тіршілік барысында әр түрлі атаулар әр түрлі сөздер қиналғанда қарғыс, ашуланғанда боқтық, қызғанған да мазақ сөздер шығып кетіп жатады. Одан адам малына және сыртқы жан сарайына кері әсерін тигізіп, қаралықтың (топоплазма) пайда болуына әкеп соқтырады. Сондықтан да адамзатқа 4 кітап түсіріп ең көркем сөздерді түсіндірген. Ғылым, білім дамыған сайын аралас құрама сөздер адам өрісіне кері әсерін тигізе бастады. Соған байланысты солардың арасын бөліп өңдеп ыдырататын құпия сөзді арабша Құран тербелісін түсірген. Өз тіліңе аудар ғылымын меңгер, араб тілінде тек уахи етілген аяттарды қайтала, парыздарды орында көркем сөздерді қайтала, сонда зікір мадақ болып арсыздықтан құтыласың деген. Оның да есебін беріп, елшілер арқылы мәлімдеп отырады. Себебі сөзде ғылыммен бірге өзгеріске ұшырап отыруы шарт! Әр діннің және ұлт ерекшеліктеріне қарай өзіндік ғайыпты танып соған байланысты таным және өмір сүру ерекшеліктері бар. Және жанның белгілі міндеттерді орындау үшін аурулар апаттар және мезгілсіз өлім, соғыстар арқылы белгілі шегін сақтап отырады. Демек әр халыққа жүктелген белгілі құлшылық істері бар.
Құлшылықтыңда әр халықтың тілдік (диалект) тербеліс жүйесіне байланысты айырмашылығы болуы шарт. «Алла (Т) аяттары бір – біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін кітап түрінде түсірді. «Одан Алладан қорыққандардың түктері үрпиеді. Сосын олардың терілері, жүректері Алланың зікіріне жұмсайды.Бұл Құран Алланың тура жолы онымен кімді қаласа, тура жолға салады. Алла әлде кімді адастырса сонда тура жол көрсетуші болмайды» (Зүмәр – 23) Ғылым, білімнің дамыуы, дін заңдылықтарын сақтамаса тәндегі темір құрамының әр түрлі өзгеріске ұшырауын туындатады. Ғибадат істері арқылы ғана денедегі темір жұмсарып қатайған тері және жүректер жібиді. Денсаулық түзеледі. Күнге күйіп,теріні қатайтып емес киіммен денені жауып жүріп мейірімділік, көңіл шуағы пайда болады деп түсінген дұрыс болады. «Дене түктері тікірейеді» деп денедегі темірдің қалыпты шамасын терінің,жүректің жұмсарғанын айтады ал дене түгі сол шаманы белгілейді. Алла тағала ескерткен аятта; «Әр елге, ұлтқа жолбасшы жібердім» деп. Басқа ұлт саған тура жол көрсете алмайды. Бұл мұсылман қағидасы болу керек. Тек Құраннан ғана бағдар алып пайғамбар ізгі істерімен негізделіп ұлттық салт дәстүрге сәйкес болуы шарт. Тілдік үндестік заңдылыққа байланысты зікір мақамдары ерекшелігі де болу шарт. Сол мақамдар жолбасшы арқылы аянмен беріліп ескертіліп отырады. Уақыттар өте Құран түсінігін өзгертетіндер болатындығын ескеріп аятта; «Расында Алла(Т) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға тазартатын және оларға кітап, хикмет үйрететін елші жіберді. Өйткені олар бұрын ашық адасуда еді.» (Әли- Ғымыран 164) Бұл аятпен ескерткендей әр халыққа өз ішінен кітапты түсіндіретін елші болады және емшілік, құпия білімді құлшылық тәсілдерін үйрететінін ескерткен. Жоғарғыдағы ескерткендей елші пайғамбар емес. Енді қазақты өз тілінде құранды үйретіп ерекше хикмет көрсеткен, қаншама шәкіртер қалдырып, түркі әлеміне ұстаз болған кім? Әлде осы уақытқа дейін әлі толық еңбегін түсіне алмай, сыртан келген келімсек әртүрлі ағымдарға ілесіп кеткеніміз Құран аяттарын өзіміз тура арапша оқып түсінгіміз келген қазаққа тән еліктегіш асыра сілтегіш құмарлықтан шығар. Ғалымды ғалым екенін мойындау ғана иманның басты негізі болып, надандар ғана бос ойға жүгінеді.
Ғылымсыз, жүйесіз тек ой қууымен және Құран аяттарының есепсіз тәпсірленіп бұрмалауынан болар жүректер қатайып мұсылман мемлекеттерінде қырып – жою, соғыс өрттерінің тұтануына әкеліп ақырында мемлекеттер сынағын апаттарды тудырып жатқаны.
Бұл үлкен шайтанның ісі. Шайтан болмысы жалпы белгілі бір қалыпты рухтың белгіленген жоспарына санаға қарама – қарсы жоспар теріс ой. Көркем сөзге қарама қарсы белгілі бір ойдың іске айналған нәтижесін шайтан деп аталады. Негізінен тыныс алу арқылы күкіртті өріске айналып, иіспен қосылып ойға сосын сөзге содан белгілі сандық мәні пайда болады. Шайтан үш жиілікте үш құрамда болады.Санада, ойда, сөзде. Яғни тәнде қышқыл құрамында, майда қан түтікшелерінде және май қабаттарында қалыптасады. Негізінен ауа құрамында болатын күкіртті газдар теріс ойлар болып табылады.. Теріс ой ол сана емес.Әрине теріс ойлар болмаса ғылымда дамымайды қарсылық заңы ла қалыптаспайды. Қандайда ойды қабылдаушы да Ібілістің бір сипаты темір тегі-от. Сол ойлар сөз болып бөлінбесе жанбаса уайым болып тотыққа айналып, жүрек кірлеп қан құрамына өтеді.Оттегімен кездескенде жанып жарыққа айналып «инфаркт», «миокард» деген ауру тудырады. Сана теріс ойға қарсылық білдіріп отыратын, жанға жазылып отыратын күнделікті жоспар болып тазартушы түс, жазушы аян болып табылады. Сондықтан түнмен ұйқы белгілі бір дәрежедегі рухтан берілген жоспар несібесі болып есептеледі. Ібілістің (темір тегінің) қасиеті тербелісті, өрісті және оттың жалынын біріктіріп,өзіне қабылдай алады. Сол арқылы түсі(рең) өзгереді. Жын – жалынан пайда болып тек иісті қабылдап өзгеріске енеді сол белгіні сақтау қабілетіне ие болады.
Қозғалыс тегі оттегі . Ауадағы оттегі ол емес, оның құрамында ылғал сутегі болады.Таза оттегі адам тәнінде өкпеде ажырап, бүкіл қанды денені қозғаушы күш Алланың басты белгісі. Адам ағзасындағы түтінсіз от темір оттегі де жанып, тазарып жарыққа сосын өріске айналады. Яғни пенде арқылы Аллаға жол табады. Сөздің де құрамы үш түрлі; дыбысы, тербелісі және түсі, иісі болады.
Шайтан осы үш негізден құралған адамның тіршілік ету барысында бөлінетін жаралыс иесі. Отқа өртеліп құрамындағы сутегі және түтінсіз от темір бөлініп, бастапқы негізіне қайта оралады. Денедегі, ағзадағы темірдің сұйық газ т.б. түрінде болып, өзіне иісті т.б. тербелістерді жинап, өсу дәрежесіне ие болып мал – жын араларында қарым – қатынас белгілерін, жүйесін құрып сыртқы «октоплазма»жан сарайын қоршап тұрған өріспен байланыс жолдарын жасап, ойлау түсіну қабілетін бұзып, сөз болып ыдырап шығатын адам тәніндегі тіршілік иесін «шайтан лағы» деп атаған Яссауи бабамыз. Ол жан өрісін және тәндегі сыртқы есту белгілерін бұзып, сол арқылы сыртқы өріспен қосылып, ішкі қараңғылықтардың қарым – қатынас жүйесі бұзылып, сонан кейін санамен байланыс үзіледі де тек көру арқылы немесе есту арқылы ес, жадпен өмірден алған тәжірибе білім арқылы ғана тіршілік ете бастайды. Қалай көрсе немесе қалай естісе солай ақылға салыстырмай сөйлейтін адамды « Ібіліс сарбаздары» деп атайды.
Енді адам ағзасында пайда болатын қоздырғыштарды мейлі «вирус», мейлі «шайтан» лағы деп атайық; Құран аятында: «Өлі біреуді тірілтіп,оған адам ішінде онымен жүретін жарық қылсақ. Ол қараңғылықтарда қалып одан шыға алмайтын біреу құсаған бола ма? Осылайша кәпірлерге істеген істері әдемі көрсетіледі». (Әнғам -123) Шайтан лағы қанды қыздырып жанып жарыққа (түтінсіз от) қуатқа айналуы шарт. Ал ағзада қалып қойса әр түрлі ауруға немесе өсіп өрістік жыланға айналады. Құрамына қарай жыланның өз мінезі қылығы болады,
Пендеге берілген жоспар сол өлген Ібілісті тірілтіп өзіне қызмет жұмыс істету.Қараңғыда өз қорасында күтіп бағу. Дұрыс сөйлеу,жақсы нәрсені ғана көре білу. Сонда отқа айналып пендеге қызмет жасайды. Болмаса: «Осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жының шайтандарынан дұшпан қылдық.Олар алдап бір – біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды.Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздермен қойып қой. Олар ахиретке сенбегендердің көңілдері оған ауып разы болсын да, істеген күнәларын істей берсін» (Әнғам -112, 113). Сәл ғана өмір сүру заңдылығын өзгерту тәндегі қоздырғыштар санын көбейту болып, сыртқы ортамен байланысқа түсіп, Қараша өріске айналып жүйке жолдарын біріне бірін қосып есті өзгеріске ұшырата бастайды. (Ойлау жүйесі бұзылады) Шайтан екі түрде болады. Көрінбейтін түрін «жын- шайтан» деп атайды. (алдағы кітапта емдеу түрлерін қоса талқылап көреміз) Ал көрінетін түрін «адам шайтан» деп, ең қауіпті, тәрбиелеуге қиын «Ібіліс сарбаздары» деп атаған жаратушымыз. Ахиретке деген сенімді бекіту үшін Жаратушымыздың адам баласына берген сынағы ол өзіміздің теріс пиғылды туысқандарымыз сөзін сөйлейтін ақылшы көрші ағайындарымыз бәрі жер бетінің тұрғындары.
Ібіліс сарбаздарының бастықтары үкімет басқару орындарында,ағарту жұмыстарында, тәрбие беру, тәртіп сақтау, емдеу орындары тіпті мешіттерде де кездеседі. Дін танушы ғұламалар арасында да бар. Оған дәлел аятта; «Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? (221) Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі.(222) Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші. (223) Рас олардың ойпаттарда қаңғып жүргенін көрмедің бе? (225) Рас олар істемеген істерін айтады.» (Шұғара-226) Өтірік сөздер иіс түрінде ой жерлерді мекендеп, жиналып өтірік айтушыға немесе тек сөзге құлақ салып ғылымға мән бермейтін қарама қайшылыққа түскен пенделердің өрістеріне ілесіп жүреді.
Құран аяттарын бұрмалап, Ахиретке толық көзін жеткіздірмеуге тырысып тәпсірлермен халықты тәлкек қылып жатқандар да Ібіліс сарбаздарына жатады. Себебі үнемі өздері қаралай қорқынышта болып, өзгені де соған итермелейді. «Кітапта және ертеректе жазылса болды, өзгертуге болмайды Алладан айырылып қаласың» деп иландырып та жатыр. Ғылым не үшін? Шайтан адамның басты белгісі ғылымсыз дәлелсіз айтылған ақылға теріс сөз, салтқа дәстүрге тарихқа теріс қылық. Ең көп таралған кездесетін жері көшеде ойынханаларда, дәмханаларда, базарларда және әр пенденің өз үйінде. Балаң, келінің, әйелің немесе өзіңде болуың мүмкін тек анықтау ғайыпқа тән жүмыс. Көгілдір экран екінші орында. Өлең айтып тұрып, артында бес – алты жынды құйрығын көрсетіп, сені мазақтап тұрады. Қазақ халқы қанша соғыстарда қырылды ер азаматтардан айырылды. Әйел қыздарымыз күң болып,жауда қалған уақыттары болды. Бірақ дәл мұндай әйелдеріміз азбаған еді. Арын сатпаған, тәнін жалаңаштамаған. Амал жоқтан еркек киімін киіп жауға шапқандар болған, онда да он мыңнан біреуі. Қазір керсінше он мыңнан біреу әйелше киінеді. Шайтан адамдар қазақтың асыл қазынасы ұлттық белгісін тонап жатыр. Немен аяқталады? Әрине тағы да қырылу. Бұл жолы әйелдер көптеу, еркектер аз. Ешкім ұтпайды. Тек отын қоры көбейеді. Кәдімгі мұнай болсын, газ қоры болсын. Оған ғалымдар көзін жеткізу үшін әлі ғасырлар керек шығар. Әзірше ертек деп қабылдаңыз оқушым. Себебі сенің мен менің ақылымды тыңдай қоймас, тек ерекше сынақтар тажал ғана тоқтатады. Адам тәні өлгенімен бүкіл ой жүйесі сөз өрісі түрінде тәнде және жанда жазылып қалады. 3 күн өткеннен кейін жерленген кезде тәннің түсі сол адам ғұмырының белгілі сөз дәрежесіндегі сипаты болып қалады. Тән қап – қара болып иістене бастаса, арам, лас сөз, ой белгісі. Денедегі теңбіл дақтарда сондай шайтан лағының көрінісі.Негізінен таза ақыл егелері тәні ақшыл болып,ал тақуа жандар өлмеген тірі жан сияқты көріністе болады. Дененің ерекше қатып қалуы осы шайтан лағының және намаз оқымаған және сәждеге бас қоймаған құлшылығы жоқ пендеге тән белгі. Адамнан жан шыққаннан кейін, иықтан төменгі қуат бөлімі адам баласы (жын – мал) болып, қашан тәннен бүкіл белгі бөлініп шыққанша күзетеді. Иістен, өрістен т.б. барлық белгісін жинап барып тозақтың белгілі бөлімдеріне жолдама алады. Пенденің тірі кезінде де шайтан адамдардың бөлек иісі болады. Үнемі әр түрлі иістер шығып, қолтық, аяқ, шат т.б бездерден қоламса сулар болып бөлініп тұрады. Қазіргі кездегі иіс сулардың құны артып тұру себебі де осыдай адам тәнінің қоздырғыштар әсерінен шіріп жатқандығынан деп біліңіз. Семіздік те осы шайтан лағының белгісі және арам жеу т.б. арсыздық белгілері. Иіс қашанда қоныстанады, сұйыққа айналып май қабаттарын түзейді. Жын – шайтан көптеген електен тазарудан өткеннен кейін жерлік, нәрселік белгілерден айырылып тек дыбыс тербелісі болып, белгілі бір жарық түсіне айналып көкке көтеріле береді. Топтасып бірігеді,бірігу белгісі құйындарды түзеп көкке аспан жолдарына көтеріліп тұрады.. «Расында біз дүние аспанынан шамдар мен безедік. Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай – ақ оларға жалындаған азап әзірледік». Көкке көтерілетін дыбыс тербелістері тек Құран аятымен өрілген көркем сөздер болып пырақ қызметін атқарады. Ал сол жоғарғы әлемге қосылғысы келген теріс сөздерді аятта; «Олар жоғарғы әлемді тыңдай алмайды.Олар әр тараптан атылады (8). Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды. (10). Енді олардан сұра: Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық». (Саффат- 11) Жындардың бір сипаты адам баласы деп аталады, себебі пенденің өмір сүру барысында барлық қыймыл, қозғалыс ерекшеліктерін қамтамасыз ету үшін тәнде белгілі орны болып пендемен бірге өседі. Жындардың тәндегі орны май қабаттары болып табылады, яғни қуат көздері. Толық тазарудан өткен жын қуаттар «кісі» деп аталады. Аспан көгінің үшінші қабаты адам кісісінің (жынның) соңғы тазару ортасы болып саналады. Сәулелердің әсерінен өртеніп, сол арқылы аспан қабаттарында жындардың бөлініп тазаруы жүреді. Иіс, от, жалын болып бөлшектенеді. Жұлдыздар сәулесімен жанып, онан шыққан қалған белгі тозақ есіктерінен өтеді. «Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар.Нендей жаман орын (6) ішіне тасталған сәтте оның қайнап күжілдеген даусын естиді». (Тахрим – 9) Жыгдардан ажыратылған сөз «шайтан» жерге жұтылады, таулар арқылы тозақ есіктерінен кіреді де, сол уақытта жер асты тозақ ошағынан күжілдеген дыбыс естіледі. Жанған дыбыс тербелісінен қатты тербеліс пайда болып, жер сілкінеді. «Әй, мүміндер! Өздеріңді үй — іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған. Оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер жуан денелі қатал. Олар Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырса соны істейді.» (Тахрим – 6). Жер асты тозақ пешінде жаман сөздердің жаннан ажырау дәрежесі өтеді. Жыннан және сөз «шайтаннан» бөлінген жан бөлшектері суға өтіп бірігеді қайта өседі түрленуге түседі.
Жер бетінде 19 жанартау белгісі болу керек және сол тозаққа 7 есік, тау шыңы бар. Жердің сілкінуі «шайтандарды» жаман сөздерді жерге қабылдау әсерінен болады. Жоғарғы аспан қабаттарында бұлт болып көшіп жүретін сөз дыбыс таулары да бар. «Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шексіз Алла көңілдегіні толық біледі (13) Жер теңселген сәтте аспандағының сендерден жерге жұттыруынан бейбітсіңдер ме? (16) Немесе көктегілердің сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдер ме? Ескертуімнің қалай екенін таяуда білесіңдер» (Мүлік – 17) Есіріп айтатын мағанасыз өлеңдер, «Рок»,т.б аралас лас, нәпсілік сөз, боқтық және көп құдайшылдық иесін таппаған сөздер, жынға, әртүрлі табиғат құбылыстар қуаттарына жалбарыну дұғалары, өтірік өсек сөздер, дүние туралы әңгімелеріміз, жарықпен жанып жерге жұтылып, жер сілкінісін тудырып, аспандағы қалған жанған қалдықтар бірігіп тасқа, бұршаққа айналып әйтеуір бір уақытта қайта жауады.
Енді жерге жұтылған сөздеріміз жанғаннан кейін, әр түрлі отын қорына айналады. Қызыл сынап, мұнай т.б. Жер асты «хатма» деп атаған тозақтардың жер беті өмірінің тіршілік бастауы, жер асқазаны болып табылады.
«Адамдардың бір бөлігі адасуға тиісті болды» деп ескерткен. Жалпы әлемнің қуат көлігі «тозақ», меңгеруші басқарушы «жаннаттықтар», патшалық тек Алла тағалаға тән болып, ал сапқа тұрған әскерлер адамдар жаны болып, жаратылыстың іс басқарушысы пайғамбарларлар болып табылса, іс орындаушылары әулиелер тақуалар жандары болып, барлық иелік патшалық жоғарғы үкім тек Аллаға тән. Демек адам жанының жер бетінде бармайтын жері, араласпайтын ісі жоқ. Оған толық көз жеткізу үшін Құран аяттары арқылы жанаттарды аралап көруіміз керек. Құдай қаласа, аруақтар қолдаса сол қүпия аяттардың сырына түсініп қана қазақ дәстүрінің негізін салған, Яссауи бабамыздың «Сани дәптеріне» тісіміз бататын шығар. Әзірше сабыр сақтайық, алда талай шытырман «ертектер» құпиялар бар айтатын.