БЕЛГІ – ҒЫЛЫМ ДЕРЕГІ АЛЛАНЫҢ ІЗІ.
Отыз үш мың шариғатта қайран болып,
Отыз үш мың шариғатта сайран болып,
Отыз үш мың хақиқатқа қайран болып,
Бұл дүниеге дидар үшін келдім достар, — деп Әулие бабамыз жер мен көк арасындағы қүпия өмірді 3–ке бөліп отыз үш мың белгі, ол ғылым көзі, ғылым деректері және ақиқат шындыққа тірелетінін ескертіп кеткен. Енді Құран Кәрімде де осы 33 мың белгіні ескертіп кеткен жаратушымыз. Бәрін бірдей білу мүмкін емес! Себебі Яссауи бабамыз екі өмірді қатар көріп барып дәлелдеп кеткен. Енді біз соның жүзден бірін ғана біліммен өлшеп көрсек жер жүзінің ғалымдарының әлі талай жылдар басын қатыр құпиялардың бар екендігі даусыз!
Белгі-өлшем тегі. Құрылысына, пішініне, ішкі құрамына, қимылына, көлеміне,дыбыс шығару, иіс шығару көрінбейтін,білінбейтін,көмес,ғайып,тек ақылмен өлшей білетін және ерекше бір хикмет (терең білімімен) білінетін т.б. болып, салыстырмалы, өлшемді болып келеді. Жоғарыда Әулие атамыз ескерткендей біз өмір сүретін әлемдегі бүкіл көрінбейтін болмыс 3-ке бөлінеді. Бәрініңде белгілі бір жер бетінде белгісі бар. Соған қарап қайдан шыққан,неден пайда болғанын біліммен, ғылыммен анықтау міндеттелген. Әр пендеге жаратушымыздан берілген тапсырма жоспар. Осы белгілерді өз орнына ретті түрде тепе – теңдігін сақтап пайдалана білуді, онда да Алла берген үкімдер,парыздарды орындаумен ғана шектеліп нәтиже шығарудың жауабы Рух–таза ақыл болып табылады. Өмірге шыр етіп өмір есігін ашқаннан бастап есту, көру, сөйлеу сезімдері қалыптасып, ыстық, суық, денеге тиген қатты жұмсақ т.б. белгілерді анықтай бастайсың. Ең бірінші қоршаған ортаны тану сол білімнің басы болып саналады. Сыртқы мәніне байланысты анықтық белгілерін табиғат құбылысыиен салыстырып анықтаймыз. (өсімдік, тау, тас, т.б.) Екінші қозғалыстағы белгілері болып жануарлар, жәндіктер, т.б жаратылыстар арқылы айқындалады. Үшінші саты өз бойыңдағы құпия жаратылыс белгілеріңді анықтау. Ұлтың неге бөлек, басқалардан айырмашылығың, жынысың, өнерің,сөзің, шашың, көзің, түрің т.б. Осындай мыңдаған белгілер туындайды. Бұларға қоса көрінбейтін белгілер бар. Дәмін білу арқылы ащы, тәтті, қышқыл, т.б. ішкі дүниесін анықтау тіпті көзіміз көрмейді, бірақ сеземіз тітіркенеміз, шошимыз, қорқамыз, тоңамыз, ыстықтаймыз, бұл да белгі. Оны қандай дәрежеде екенін білмейміз.Кей жағдайларда тек құралмен өлшеп анықтаймыз. Өлшенбейтін әлі ғылымымыз жетпеген сан мыңдаған нәрселерде бар емес пе? Тіл, көз, сәулелердің түрлері (радиация) дұға, түсіңде ақылға сыймайтын жағдайларға түсіп жатасың, өміріңе сәйкес келіп жатқаны қаншама? Бұны ахирет өмірі деп атайды. Белгі өзімізде сол өсімдіктерде, жануарларда,жәндіктерде тіптен ішіп жүрген судан басталатынына көзіміз жетпейді, құлақ естімейді, бірақ кейде жүрек дүрсілдейді. Сонда да сене қою қиын. Шайтан кім,қандай болмыс? Жындар қалай өмір сүреді,тіптен балаңа дейін туа сала, бәрін білуге құштар болып тез меңгеріп жатыр. Қайдан үйреніп оқып келді? Осы жұмбақты қарапайым күнделікті көріп жүрген, үстінен өтіп жүрген нәрселерде,денелерде жан жағымызда тұр.Тек белгілерді ажырата білсек болғаны.Сондықтан әуелі жаратылыс белгілерін анықтау керек,сосын тарихты. Тарихты білу үшін, өзіңнен бастау керек, өзіңді тану үшін ата – анаңды тану керек,ол үшін тіліңді білу керек, осы уақытқа дейін Құранды меңгере алмай жүргеніміз,осы тілдің астарын мәнін жоғалтып алғанымыздан болып шықты.Себебі жаратушымыз сол кішкене ғана ақыл кітапқа біздің 200 мың жылдық өмірге жететін ақыл да, жол да, нұсқау да, ғылым да бәрін де сиғызған. Тек жүйелей оқи біл,сөз астарын ізде. Біздің бар өміріміз, өзгерісіміз жер – анамыз түйеге келіп тіреледі. Ол ірі белгі. Домалақ деп қарамай мойнын басын өз орнына қойып,зерделесек,екі бөлікке бөліп қойған көлденеңнен. Яғни жердің жалғауы дәнекер ортасы тауларда тұр. Ол екі теңіздің қосылуымен шектеседі. Бұл бір белгі. Енді «Жерде 444 рахмет дариясын ағызды» — деген Сани дәптерде,яғни 222-сі жоғарғы бөлікке, 222-сі төменгі бөлікке келеді. Енді түйеде 12-і ішкі, 12-сыртқы мүше бар десек тәуліктің 24 сағат болуы осыдан шығады. Күн мен түннің де жігі осыдан бар. Оны «Сақар»- уақыты – деген Яссауи бабамыз. Ғылымдар пайдалана білсе, медицина, астрономияға келер пайда бар.Жалпы адамзат тіршілігі 2-ге бөлінсе Адам – ата Хауана болып бірінші сатысы Нұх пайғамбардан кейінгі өмір екінші жартысы. Даму 3 кезеңнен келеді.Оның белгісі адамдарда. Әуелі аяғын байлап жүрген, сонан белін, қазір мойнын байлап жүреді. Түйеде із белгісі тұр. Адам – ата дәуірі де 3 кезеңмен дамыған. Енді жалпы өмір жатырдан басталса, жүрек соңғы дамудың өлшемі болу керек. Жер бетін екіге бөлу тегін емес. Адам – ата Хауана жатыр тұсында кездесіп, адамзат даму сатысында ұрпақтар тарап, өмір сүру қажеттілігімен, бүкіл түйе денеге тараған. Өмірді тежеу әуелі жүректен басталады, сондықтан Нұх дәуірінде де апат жүректен басталды. Бір мезетте, бір жылда жер бетін су алып кету қисынға келмейді. Оған да жүздеген мүмкін ондаған жүз жылдар өтті. Себебі оның белгісі Құранда бар.Нұх баласына ескертуі: «Кемеге мін,жер жүзін су басады»дегенде баласы Кенған мен биік тауларға тығыламын деп кетіп қалады, ол тауларды да су басты – деген. Кейіннен Нұх пайғамбар Аллаға жалбарынып жер жүзінде маған ерген қауымнан басқа пенде қалдырма,себебі олар кейін басқаларды аздырады – деген аят бар.
«Басында Қазықұрттың кеме қалған ,
Болмаса ол Әулие неге қалған»
Кеме Құранда Жуди тауына тоқтады делінген. Ешқандай қирамаған, соғылмаған, ол Алланың әмірімен сол жерге барған.Түйенің жатырына маңына барды. Қазықұртта алғашқы судың ізі бар. Соған қарағанда алғашқы кеме Қазықұртта жасалып Кап тауында екінші рет қайта жасалды. Әуелі жердің бір бетін су алып, ескерту беріліп, адамдар екінші бетке өтті. Онда да түсінбегендіктен кейін қалған ерген қауымды алып, екінші кеме жасалған, немесе сол кеме үлкейтілді. Нұх пайғамбардың алғашқы кемесі Қазықұртта жасалған деген аңыз содан тараған. Оның орныда бар. Яғни Адам – ата қауымынан қалған деректерде табылып жатқан қазбалар т.б сол дәуірдегі өркениет іздері. Сонан болар ғалымдар басы қатып, дамуды жаратылыс белгісін Адамнан бастап миллиондаған жылмен есептегендіктен,тарих бұрмаланған.Түріктің негізгі тегінің қайдан пайда болғаны Құранда белгі бар. Нақты деректер де көрсетілген. Бірақ Адам – ата қауымынан кейін Нұх қауымы түрден де, денеден де өзгертілді – деген Құранда. Қалай? Ол үшін «Жан»белгілерін, жалпы жанның қалай пайда болып,қалай өзгеріске ұшырап, тәнге берер әсерін білу бірінші қажеттілік. Айта кететін тағы Адам – ата қауымынан қалған белгі ол Қазықұрт тауындағы белгі тас. Жердің кемітілмей тұрғандағы алғашқы бейнесі көрнісі Пілге, өгізге келеді. Құранды тасқа бергенде қабылдамады деп ескерткен аятта. Адам – ата қауымы да пілдер, өгіздер сияқты аса күшті үлкен болғандығы сонан белгі қылып қалдырған Алла тағала. «Рас бұрын Адамға үкім берген едік. Алайда, ол ұмытты. Оны төзімді таппадық.» (Таһа-55). Төзімсіз адамдар жаны тасқа айналады деген де аңыз бар халықта. Тастыңда жаны бар. Сондықтан Құранда жазылған белгілерде әлі талай адамзат өміріне жетерлік құпиялар бар екендігі сөзсіз. Сол белгілердің енді кейбір танымал болған аянмен көрсетілген ерекшеліктеріне тоқталып көрейік.
Тектің басы – адамзат.
«Әй, Адам баласы!Сендерді де сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыларына құлшылық қылыңдар.Әрине сақтанған боласыңдар» (Бақара-21).
«(Мұхаммед Ғ. С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!» — деген еді.(Періштелер): «Онда бұзақылық істеп қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз сені дәріптеп,мақтау мен пәктаудамыз» — деді.Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін! – деді». (Бақара-30) Періштелер қызметі үш түрлі тербелістен тұрады. Дәріптеу, мақтау, пәктеу. Сол үш тербелісті Алла білімімен қосуды»құлшылық ету» деп сол орындаушы Алланың орынбасары болып табылады. Адам періштелерден күрделірек періште болып жаратылған. Жаратылған періштелерден бастап,жаратылыс нәрселерге құпия болмысқа ат қою яғни білімін анықтау қажет деп тауып, сол періштелерді біріктіріп қосымша білім белгісін Адамға жүктеді. «АДАМ»- да төрт ірі белгі бар.
Енді Адамды жаратпастан бұрын жер мен көк жаратылып, жер бетінде жындар өмір сүрді. Яғни судан түрлі жан – жануарлар,өсімдіктер, одан жәндіктер пайда болып,адам үшін жерде ризықтық несібе пайда болды. Бұл жаратылыс 50 мың жылға созылды. Аятта: «Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік». (Хыжыр-27) Жер бетіндегі түрлі минералдар т.б. пайда болып, түтінсіз оттың әсерімен жындар пайда болды. Демек бұл жындардың екінші түрі оттың жалыны қозғалыс тегі.. Аятта; «Ол адамзатты құмырадай сыңғырлаған құрғақ топырақтан жаратты. Жындарды оттың жалынынан жаратты».(Рахман -29). Оттың жалыны балшықты кептіруден пайда болса, яғни от жалынында барлық белгіні сезім т.б. әсерлерді қабылдап сақтай алатын қасиет бар. Ол қасиет иіс болып табылады. Сондықтан да оттың жалыны бүкіл қозғалыс әрекетті қамтамасыз етеді. Оның бір белгісі ес болып негізделеді. Ал топырақтың қасиеті осы екі тектің басын қосып қабылдай алады.
«Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине сен толық білуші, өте данасың» деді. Сонда (Адам.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу көмес істеріңді білемін деп айтпадым ба?» — деді (33) Періштелер бір тербеліс жиілігін ғана меңгереді де есте сақтау қабілеті жоқ яғни белгілі шекте шектелген. Тек белгілі бір Алланың жүктеген тапсырма, іс шеңберінде бір ғана бағытта ғана қызмет қылады. Есте сақтау арқылы келесі болмысты нәрсені айқындау соған байланысты жоспар жасау мүмкіндігі жоқ. Сызықтық бейнесі ғылымда түзу сызық болады. Ал адамға берген қасиет үш түрлі жын, періштенің қабілеті мен тағы Жер – Ананың топырақтың өсіруші қабілетін т.б. жаратушымыздың белгілі бір мөлшердегі тапсырмасын,жан жоспарын өздігінен түрлендіріп, сол нәрселердің құпиясын, белгілі белгісіз міндеттерін зерттеп түрлендіруші күрделі болмыс иесі. Яғни адам баласының сызықтық бейнесі күрделі болуы шарт. Түтінсіз оттың заттық тегі, тұрағы және көрініс сипаты темір, күкірт. Топырақта, ауада,суда, өсімдіктерде барлық жаратушымыздың жаратқан болмыстарында аз, көп шамада бар. Онсыз тіршілік болу мүмкін емес. Темірдің қасиеті өзіне бүкіл белгілі,белгісіз тербелісті белгіні жинақтай алады және белгілі қызуда жанады.
Су құрамындағы темір белгілі бір дәрежеге қызғанда дыбыс шығара бастайды. Демек дыбысты да өзіне қабылдайды.
Жалпы аты Ібіліс деп аталатын тегі – періште. Періште деп белгілі бір Жаратушымыздың көрінбейтін нәрселердің ат қойылмаған белгісіз тегін атайды.
Аланың бұйырған істеріне, түрлену, тазару жоспарына қарама – қарсы ыдырату сол арқылы түрлендіру жоспарын да жасаған.Сол қараңғылық белгілерінің түтінсіз отқа қосылуынан ең төменгі дәрежесі темір пайда болады. Көрінбейтін тағыда үш сипаты бар, Адам денесіндегі теріс ойлардың қараңғылықтардың пайда болуын «Шайтан» деп атайды. Темір буы қараша түске боялады, Аятта: (Ібіліс) «Ендеше Раббым! Маған қайта тірілетін күнге дейін кеңшілік бер» — деді. (36) (Алла Ібіліске): «Расында саған кеңшілік берілді» деді(37) (Кеңшілік (көктік белгі)-деп бүкіл жаратылыс негіздеріне, іс қимылға араласу мүмкіндігі берілген үкімді айтады) «Белгілі бір мерзімге дейін(38) (Яғни жер бетінде тіршілігі тоқтап немесе тазарғанға дейін) «Раббым мені қаңғытқандығы үшін: Әлбетте адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын» деді (39) «Бірақ олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын (деді) (40) «Маған келетін тура жол осы» — деді (Хыжыр -41) Ібілістің Аллаға қосылуы тек тура жолды тапқан адамзат тәні жаны арқылы ғана жоғарғы ахирет әлеміне өтеді. Ойға, сөзге, сезімге айналып, өртену жану арқылы түтінсіз отқа басқы қалпына келеді, бірақ енді теріс бағыттағы белгіні қабылдай алмайтын дәрежеге өтеді де нағыз Алланың қызметшісіне айналады.
«Әй, екі топ Есептеріңді көреміз (31) Әй, жын мен адамзат тобы! Көктермен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер.Өте алмайсыңдар?Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар» (Рахман -32).
Адамзат пен жындар тобы алғашқы өлімнен кейін, көк пен жердің шегінен өту керек. Ол үшін қосымша қуат керек. Сол қуат көмегімен ғана ұжмақ, жаннат әлеміне өте алады. Ол қуатты «Жан» деп атап бірақ оны өз дәрежесінде түсіну үшін Құранды меңгеру керек Сондықтан әуелі жын есебін алда толық жіктеп көреміз. Ал адамзат есебі неден тұрады. «Адам баласын жаратуды балшықтан бастайды. (Балшық қан мен мәнидің араласуы) Сосын нәсілін жайсыз судың негізінен жаратты (8). Сосын оны бейнелеп ішіне өз рухын үрледі. Сондай-ақ сендерге есту,көру және түсіну қабілеттерін берді, Аз шүкір етесіңдер»(Сәжде-9).
Нәсіл – Жын Жанда бөлек қалыптасады. оған рухты үрлеу – есту, көру, түсіну жындардың өсу дәрежесімен байланысты.Рух 40 жыл үрленеді. Жанға үнемі толықтырылып жазылып отырады. 40-қа келгенде тоқтайды. Есту, көру және түсіну қабілеттері 30 ай ішінде қалыптасады. Себебі аятта:
«Адам баласына, әке – шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, айыру 30 ай. Ақыр ол ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: Раббым! Өзіме әке – шешеме берген нығыметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу ғамал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде мен тәубе қылдым». Ана жанынан қоректің айырылуы жалпы 2 жыл 6 ай. Яғни балаға 1 жыл 9 ай шамасында жан қалыптаса бастайды рух үрлене бастайды.. Алғашқы адам мүшелін 13 жастан есептеу осы есептен қалыптасқан.Бірінші жылы балада. Рухтық белгілер қалыптаспайды. Ол тек 2-ші жылдың 2-ші жартысынан ғана қалыптасады. Адам жаны хайуан жанынан ерекшелігі сонда. Рухтың үрленуі ұрық жетілгеннен бастап, 30 айдан кейін басталады. Тәннің қалыпты сәйкес келуімен болашақ рухтың кемелденуі, яғни адамзат баласының жаратушыдан толық мәнді жоспар алуы, ананың сүтіне, қабілет қасиетінің пайда болу дәрежесіне тәуелді. Адам тағдыры Ата – анаға солардың өмір сүру қылығымен өрнектеледі,суреттеледі. «Уызына жарымаған» дегені ұмытшақ ойлау қабілеті әлсіз пендені кейігенде аталарымыз. Қырыққа келгеннен кейін тәубаға келмесе, шүкірлік қылмаса ұрпақ азып, азап өмір басталады. Сондықтан аятта; «Ақыл жұмсамағандарға азап беремін» деген ескерту бар.
«Жұмақ әйелдің аяғының астында» деген ғұламалар.Әйел тіршілік киесі,жақсылықтың да жамандықтың да иесі. Жыныстық мінезі ғана басты қасиет белгісі болып, жұмаққа қарай жол салар..
Нұх қауымынан елдердің таралу жүйесі.
Құранда пайғамбарлар, елшілер туралы қайталанып отыратын аяттардың өзіндік құпиясы сол сүреде баяндалатын уақиғамен және соларға келген хикметтермен тығыз байланысты. Жалпы Пайғамбар деп арнаулы Кітап немесе ғылыми жоба жоспар алған адамдарды айтады. Ал елші Алладан ерекше бір қасиет алып, халыққа жол көрсетуші және түскен кітапты растаушы адам болып, ғайыптан киелік белгісі болады. Яғни «Киелі» деп ерекше қасиетпен танымал болып, бір жоспарды орындауға міндеттелген пенде. Пайғамбар қосымша қасиеттер жүктеліп әрі елші болып келе береді. Ал елшінің бәрі Пайғамбар емес. Сондықтан пайғамбарлар жаны бір бұтақтан өрбігендер. Көп жағдайда халық арасында елшілер елеусіз болып келеді. Өлгеннен кейін әулие атанады.
«Әй, адам баласы!Сендерді бір кісіден «Адам –атадан»жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер әйелді жаратқан. Раббыларыңнан қорқыңдар» (Ниса-1) Негізінде ол кезде жер өгіз, піл тәрізді болған. Піл түйенің жатырынан бастап дамып, бүкіл денеге таралуы заңдылық. Адам – ата қауымы 200мың жыл өмір сүрген. Нұх пайғамбар Адам – ата қауымымен 950 жыл өмір сүріп,кейін жер жүзін топан су басқан. Екінші ұзақ өмір сүрген пайғамбар Нұх.
«Негізінде онымен иман келтіргендер аз ғана еді, «Раббыларыңның тарапынан өздеріңнен, сендерге ескерту үшін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма? Ойлаңдар! Сол уақытта Алла сендерді Нұх қауымынан мұнан кейін орынбасар қылып, әрі тұлға жаратылысында артық қылды. Ендеше Алланың нығметтерін еске алыңдар. Әрине құтыласыңдар»(Ахраф-69) Нұх қауымы өсіп — өніп мыңдаған жылдар Ғад елін қалыптастырды. Ғад елі негізінен жатыр, емшек, кіндік тұстарын мекендеген әрине белгілері де сақталған.
Құранда апаттар белгісі Ғад еліне 3 елші 3 апат сонан тараған елдерге 6 елге апаттар келіп, 12 елге бөлініп, сонан жер жүзінің халықтар санын құрайды. Ешқандай ескертілмеген елші келмеген ел болмаған. Біздің мақсатымыз қазақтар немесе қыпшақтар тегі қайдан шықты деп әзірше соған ғана тоқталсақ. Және нәсілдік қатынасты анықтап көрсек. Негізгі апаттар жиілігі мен сынақтар 950 жылдың аралығын алып отырған. Толық зерттелсе табылған қазбалар, Алтын адам т.б. қай қауымға келетінін нақты есептеп анықтауға болады, Құран аяттарында қай елдің қандай кәсіппен айналысып,одан қандай мемлекеттер тарады деген белгілер жеткілікті. Мүмкіндігінше анықтауға әбден болады. Көп мәліметтерді қысқаша талқылап өтеміз. Жалпы Ғад еліне үш елші келеді.Һұд бірінші болып келіп негізгі оқиға болған жер Мәдине қаласының маңы болып қалыптасады. Одан бөлінгендер, Жапония, Корея, Вьетнам, Қытай,т.б. кезінде Даң құс елі болып аталған.Рәс халқы болып Қытай,Индиялықтар бөлінеді. Сәмуд елінен Салих елші болып келіп, ол апаттан қалған елден негізінен Ибрагим Пайғамбар елі, Лұт елі, Мәдиян елі тараған. Рәс елінен негізінен перғауындықтар шыққан.Ибрагим ұрпақтарынан шыққан Жүсіп пайғамбар мен Мұса пайғамбар бір ұрпақтан негізін алады. Лұт елінен аман қалған кемпір, Ибрагим пайғамбарымыздың жұбайы болып келеді.Американың негізгі халқы «индеец» деп атау себебі негізінен «Ғад елінен» тараған Рәс халқына жатады. Сүлеймен пайғамбар барған елдер Қытай халқы. Сәбә (Индия) елі Түббағ елі. Сонан аман қалған қауымнан тараған елдер Египет маңындағы халықтар. Пирамиданы(мұнара) тұрғызған Қаман елі ұсталар болған, жынды түрлі сиқырды меңгерген. Мұнара жалпы балшықтан күйдірілген.Оған Құранда дәлел бар. Европалық көп халық негізінен Израилдықтардан тараған.
«Біз Израил ұрпақтарын он екі рулық топтарға бөлдік.Мұсадан елі су сұрағанда таяғыңды тасқа ұр – деп уахи еттік. Сонда тастан он екі бастау су шықты да әр кім өз суатын білді»(Ағраф -160). Мұса пайғамбар ел аралап екі теңіздің қосылған жерінен бастап,сол 12 өзеннің шығуына себепкер болған.Тастардың,таулардың арасындағы жолдар сол уақыттарда пайда болған.Жалпы «Кеһф» тауының маңында өмір сүрген елдерден қыпшақ халқының негізі бастау алады. «Сендерден бұрын түрлі уақиғалар өткен.Жер жүзін кезіңдер: «Жасынға шығарушылардың соңынан не болғанын көріңдер» (Әли-ғымыран-137). Қай халықтың таралуы немесе тұрмыстық өмір сүру т.б. ерекшеліктерінің белгілері өзімізде тұрған жерімізде және жер бетінде белгілері бар. Жүрекке нәр кеңірдек асқазан арқылы көк бауыр мен қан болып келетін болса Қазақ елінде осы белгілердің бәрі табылады. Және жер ортасы түйенің жүрек тұсы болып келсе, жұлдызнама, мед-тина ғылымдарының Шығыстан шығу тарихы осыдан белгілі болады. Себебі өз шеңберінен көп ауытқымайтын орталық нүктелердің бірі болып саналады. Байқоңыр мен орыс «космодромының» бір ендік тіктің бойында орналасуы осыны аңғартады.
«Қашанда адам баласына тура жетекші келсе, оларды иман келтіруіне және Раббыларынан жарылқау тілеулеріне кедергі болған нәрсе,бұрынғыларға келген апаттың, өздеріне келуін тосулары (55). Раббың өте жарылқаушы мәрхамет иесі. Егер онда қылықтарының салдарынан қолға алатын болса, әрине оларға азапты тездетер еді. Дегенмен олар үшін белгілі бір мерзім бар. О, заман олар,Алладан өзге паналайтын жер таба алмайды»(Кеһф-58). Бұл аяттардан апаттың бірден келмейтіні көптеген жылдар бойы ескертулер болып, яғни 950 жылға созылған.Себебі аятта: «Нұх пайғамбар Адам қауымының арасында 950 жыл тұрды» — деген. Бірінші кеме Қазықұртта жасалған. Оның орны Зеңгібаба үңгірінің рысытхана(жұлдыз үйі) қасынан табылған.Қазықұрт басындағы құрылыстың бейнесі Нұх кемесінің бейнесіне ұқсас болып,бірақ 1000 есе кіші деп дәлелдейді ғалымдар. Алғашқы су апатының ізі Қазықұрт тауында Адам – ата Хауана тасы (жердің алғашқы белгісінде) жоғарғы бөлігінде белгі қалған.
«Сол уақытта Алла (Т) пайғамбарлардан: Сендерге кітап, хикмет бердім, соңыра жандарыңдағы растаушы Пайғамбар келсе, әлбетте оған иман келтіріп,әрине оған жәрдем етесіңдер! Мойындап ауыр міндеттерді қабыл алдыңдар ма? – дегенде олар: «Қабыл алдық!» деген «Ендеше куә болыңдар менде сендермен бірге куә болудамын» — деген (Әли Ғымыран-81). Яғни пайғамбарлар тегі бір жаннан Нұх пайғамбарлар ұрпағынан тарайды.Жанның басы әрине Адам – ата болып саналады.Негізінен Нұх пайғамбар өз семьясымен және бірінші апаттан құтқарылған қауымды алып шығады.Екінші кеменің орасан зор болуы сондықтан.Себебі бүкіл жер бетінің нәсіл белгісінің саны сол кемеде болды. «Ақыр әміріміз келген заманда, тандырдан су келген қайнады. Нұхқа «Ол кемеге (үлкен кемеге,екінші кемеге,т.б. ұғым) әр нәрседен бір жұп және бұрын үкім етілгеннен басқа семьяңды орналастыр. Әрі иман келтіргендерді де ал»дедік.Негізінде онымен бірге иман келтірген өте аз ғана еді (һұд-40). Яғни бірінші апаттан құтқарған елдің өсіп — өніп сол елден аз ғана адам иман келтіріп құтқарылды. Әрі қарай Жуди тауы түйе құрсағына шамалас 2-ші дәрежелі тау маңына кеме тоқтап өсіп өркендеп Нұхтың баласы Һұд елші енді Ғад қауымынан апаттан құтқарған бөлігін Шығысқа қарай апарып орналастырады. Сендерден бұрынғы ғасырлар ақыл иелері, жер жүзіндегі бұзықтықтан тыйса еді? Бірақ олардың азын ғана құтқардық. Зұлымдық істегендер,берілген жоғарғы тұрмыстың соңына түсіп күнәкар болды, Раббың халқы түзу болған кенттерді орынсыз жоқ етпейді».(һұд-117) негізінен Ғад қауымынан бастап мұсылмандар осындай аз ғана топтан тарайды. Барлық негізгі мұсылмандар кіндігі Ғад қауымына тіреледі. Мекендеген жерлері түйенің құрсағы және кіндік тұстары. Негізінде Һұд елшінің құтқарған апат келген жері – мәдине жазығында орналасқан. Орта Азияға кіретін елдер осы қауымнан тарайды. «Һұдты онымен бірге болғандарды мәрхаматымызбен құтқардық та аяттарымызды жасынға шығарғандардың сенбегендердің артын үздік». (Ағраф-74)
«Еске алыңдар! Сол уақытта Ғаддан кейін сендер олардың орынбасары қылып, жер жүзінде орналастырды. Ойпаттардан сарайлар жасап алып, тауларды үңгіп үйлер жасайтын едіңдер.Сондықтан Алланың нығметтерін еске алыңдар да жер жүзінде бүліншілік қылып жүрмеңдер». (Ағраф-74).
Бұрынғы Адам – ата ұрпақтары сияқты дамып олардың жер бетіне қайта таралып, Алланың жандық сұрыптауымен өзгеріске ұшырауы осы Ғад қауымына келген апаттан кейін басталады. Жер бетіндегі халықтардың ұлттық санымен Нұх кемесіндегі адамдар саны сәйкес келеді. Құранды зерттеу арқылы ұлттардың нәсілдік тегін ерекшеліктерін тілдік туысқандық тектерін анықтау арқылы қазіргі жер бетіндегі мемлекет мінездерін болжауға болады. Әрине тарихшыларымыз болашақ ұрпақтарымызға жетерлік ғылыми негіздер есептер жүйесі Құранда қамтылған және құпиялар да жетерлік.
Қыпшақтардың тегі.
Жалпықыпшақ дегенсөздің өзі «Қашпақ» «Қашқын» — деген түбірді мағынаны меңзейді.Негізінде табыну,пұтқа шоқыну т.б. Ғад елінің әдеті болған. Одан көк тәңірісіне табынуды үйреткен,енгізген Һұт елші. Дүниенің төрт бұрышы деп таулармен бөлініп Жапон аралы мен Африка жоғарғы жағындағы Алжир маңдарын қосып төртбұрыш түйенің төменгі бөлігін атаған болу керек. Жер беті негізінен 4-ке бөлінген Құл тегі жазуы Һұт елшіден қалған болу керек. Кезінде Һұттан тараған ұрпақ болуы керек 3 жігіт елінен қашып пұтқа, күнге т.б. табынбауға, нағыз Аллаға жалбарынуға бел байлап таудағы үңгірге тығылады,оған жолдан екі малшы қосылып негізінен 5 адам үңгірде өмір сүрген. Алланың әмірімен ұзақ мерзімдік ұйқыға кетіп 300 жыл ұйықтайды «(Мұхаммед) үңгірдегілерді және жазуды, таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба?(9) Сонау заманда жігіттер үңгірге бекінді де: «Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер!Біз үшін бұл ісімізді тура жол әзірле»деді.(10) Сонда олардың құлақтарына неше жыл бойы перде қойдық (11) Сосын екі жақтың қайсысы олардың жатқан мезгілін есептегендігін анықтау үшін ояттық».(12) Екі жақ деп ескертіп отырғаны жаратушымыздың сол жердегі өмір сүрген және екі елдің нәсіл белгісі болған үңгір тұрғындарында. (Мұхаммед) «Біз саған олардың хабарын шынайы түрде баян етеміз.Олар раббыларына шын сенген жігіттер еді де оларға туралықты арттыра түстік.(13). Олардың жүректерін бекемдедік. Сол уақытта олар,тіке тұрып «Раббымыз Көктер мен жердің раббы. Одан өзге тәңірге табынбаймыз. Әрине сол уақытта көкіп сөйлеген боламыз» деді (14) «Мына еліміз Алладан өзгені тәңір тұтты.Бұлар, оған байланысты ашық дәлел келтірсе еді? Енді Аллаға өтірік жала қойғаннан залымырақ кім бар», — деді (15) Бұл Әйтеу елі еді.Кейіннен Мадян елі тарап Шұғайып пайғамбар осы елге келіп ,апат келеді.Шұғайып пайғамбар қызына Мұса пайғамбар үйленеді.Қазіргі біріккен эммираттар шығу тегі осы Мадиян елінен негізін алады. Тіке тұрып жалбарыну сол кездерден бастап кейіннен тәуратшылар намазына айналды. «(Мұхаммед) Қарасаң: күннің шыққан сәтте, үңгірлерінің оң жағынан ауытқығанын, күн батқан сәтте, оларды сол жақта қалдырғанын көрер едің. Олар үңгірдің кең бір жерінде Бұл Алланың белгілерінен. Алла кімді оңғарса, сол тура жолда. Алла кімді адастырса сонда оған әсте көмекші, жетекші таба алмайсың».(17) Біріншіден бұл үңгірде жердің тербелу белгісі болып,сол үңгірдің кең жерінде анықталатынын ескертеді.. Сол үңгірде жердің айналмайтынын тербелісте тұрғанын анықтауға болады! Екіншіден осы адамдар елі тура жолды таба алмай адасатын болады «Ол кімді оңғарса» — деп осы адамдар жанынан болашақта тура жолды сілтейтін (пайғамбарға) және жетекші жіберілетіндігі мәлім етілген. «Олар, ояу деп ойлайсың: негізінен олар ұйқыда еді.Оларды оңға,солға аунататын едік. Иттері екі аяғын көсілген бойда босағада. Егер оларды көрсең ішіңе қорқу толып, бұрылып қашар едің». (18) Олардың күзетшілері итке байланысты жындардан болды деген ұғымды білдіреді. Енді әрбір апат және ұрпақ өзгерісін туындатып және оның ішіне ғылымның дамуы мен тіл т.б, кіреді. Даму, өркендеу жандық ерекшеліктерді мына аяттармен есептеуге болады. «Осылайша оларды,өзара бір –бірінен сұрасулары үшін ояттық. Олардан бір айтушы: «Қанша жатып қалдыңдар?»- деді. «Қанша жатып,тұрғандарыңды Раббыларың жақсы біледі.Мына ақшаларыңмен біреуді қалаға жіберіңдер.Сонда тамақтың қайсысы жақсы көріп, сендерге одан керек келтірсін.Сондай-ақ сыпайлық істеп,сендерді ешбіреуге сездірмесін» десті(19) «Өйткені,егер қала халқы сендерге ықпал жүргізсе, не сендерді таспен атады немесе діндеріңе қайтарады. Ол уақытта үнемі құтыла алмайсыңдар»(Кеһф -20). Сол жердің халқында екі түрлі наным болған. Шоқыну және тәңірге табыну. Әрине үңгір тұрғындары ішінде тамақ таңдау, істеу, дайындау және сауданы жақсы білетін бір халық белгісі болды деген ұғымды білдіреді және ол жердегі халықтарда екі түрлі табыну белгісі болған. Бірі күнге т.б. табыну болса,екінші сиқырға ден қойған. Таспен ату дәстүрі Мадиян елінде қалыптасып, кейіннен ащы дауыспен апатқа ұшырады. Сол елдің жандар негізінде тараған Қытай елі Мадиян халықтарының және Әзер қауымынан белгілері бар. «Осылайша, Алланың уәдесінің шындығын, қияметтің шексіздігін әлемнің білуі үшін оларды, бұларға (сақабаларға) мәлімдедік. Сол кезде бұлар:өз ара олар жөнінде тартысуда еді. Кейін: «Олардың үстіне үй салыңдар»- деді. Раббылары оларды жақсы біледі. Ал бұлардың іс басындағылары ,әрине олардың үстіне мешіт жасап алайық деді».(21) Бұл аят мұсылман дінін тарату кезінде болған уақиға.Ол жерде ұйғыр халқы өмір сүріп,дінді қабылдап,мешіт жасау туралы ұсыныс еткен,бірақ іске аспай қалды.Бұлар көрмей-ақ мөлшермен: «Олар үшеу,төртіншісі иттер» деп,кейін «Олар бесеу,алтыншысы иттері», «Жоқ, олар жетеу, сегізіншісі иттері»дейді. «Олардың санын Раббым жақсы біледі. Адамдардан өте азы ғана біледі»де.Оның үшін олар жайында тартысып,олар туралы еш біреуінен дәнеңе сұрама.(22) Еш нәрсені: «Осыны ертең істеймін» деп айтпа(23) Бірақ: Ала қаласа(жасаймын де) ұмытқан заман Раббыңды есіңе алда: «Раббымның мені бұдан да туралыққа жақынырақ жолға салуынан үміткермін» де(Кеһф-24) «Ұмытқан заман» деген ұғымның өзі ғасырлар өтіп дін бөлімдерге бөлінген уақытта туралыққа жақынырақ жолда арап елдері болып, осы бесуден тараған елдерден бар ісін «Құдай қаласа» деп бастайтын ел белгісі болып тура жолды бастаушылар болып, оған тағы екі ел қосылатынын ескеркен. Арыстан баба арқылы құрама беріп,ұзақ уақыттар бойы бабамыздың осы жеті елді аралап шыққандығы тарихта мәлім.Себебі осы жеті елде де Арыстан бабаға қойылған белгі бар. Үш ел тура жолда, екі ел орта,екі ел турарақ жолда болады.
Енді түбі бір түркіміз. «Көк бәрі – асырған» немесе «ит жеті қазынаның бірі» — деген» ұғым осы тарих ақиқатынан тарайды. «Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз арттырды (25) Раббыңның кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың» (27) – кеһф). Бұл аятта ескерткендей 300 жыл бір кезең болып, яғни жанның ұлтық келесі бір даму сатысына (Тоғыз түрлену) өту кезеңі болып табылады. Тілдің дыбыстық өзгерісін және таңбалардың даму заңдылығында өзгеріс белгісін қалыптастырады. Яғни 9 саны ахирет өзгерісінен мағлұмат береді. Жалпы тіл, ұлтардың дыбыстық үндестік ерекшелік белгісі. Құран сөздерінің орнын ауыстырма деп үкім етеді жаратушымыз. Арап тілінің, құран сөздерінің 4 белгіге бөлініп 8 түрлі мағынаны қамтуы тиіс. 300 жылды ахирет уақытымен өлшесек: «Олар: Бір күн немесе бір күннің бір бөлімі жатып тұрдық» деді (19) Яғни 1 күн ахирет есеп уақытын өткізген. Енді тоғыз арттырды деп ескертуге келсек арап таңбасынан 9 таңбасы артық болар ел бар деп ескерткен. Енді 4 күнді бір мезгіл деп есептеп 300 жылға көбейтсек 1200 жылда сол елдердің таңбалық дыбыстық жүйесі 36-ға жетуі тиісті. Құранның тұсінігін, таңба жағынан неғұрлым арап үндестігін көбірек қамтыйтын және сөз байлығынан болмағанда екі есе артық елдің тіліне ғана жақын аударуға мүмкіндік болады. Енді жоғарғыдағы жетеуді ажыратқан Зұлқарнайын елші. Құранда: «Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке қылдық. Өз ісіне әр істе қолайлық бердік». (Кеһф — 84)
Зұлқарнайын «Раббымның маған бергені бес артық». (95) Бұл сан көп мағынаны береді. өзіндегі күш артықтығынан бастап, тура жол табатын бес елге тиіспеуді және нанымдарын өзгертпеуді жердің бетін беске бөлуді тапсырған. Және де құрлықтар арасындағы қатынас жолдарды жоюды міндеттеген Зұлқарнайынға жаратушымыз. Америка құрлығына Нұхтан кейін апаттар кезінде бөлінді ме әлде жолдар болып Зүлқарнайын әскерінің қатысуымен бөлінді ме? Әзірге құпия. Бірақ Зұлқарнайынның жер бетінде болмпған үлкен қуатты (қопарғыш) меңгергенін ескерткен. Құранда: «Бұдан кейін шығысқа шара қолданды. (89). Тіпті күн шығатын жерге жеткен кезде, оның бір елдің үстінен туғанын көрді. Ол елге күннен өзге перде жасамаған едік. (Яғни киімдері жоқ ежелгі идеецтер тәрізді қазіргі жапон елін азия құрлығынан бөлген.) (90) осындай еді. Расында оның не істегенін толық білеміз (91) ( сонан кейін тағы да бір шара қолданды (92) тіпті екі таудың арасында жеткен кезде, сөзді түсіне алмайтын бір ел тапты.(93) олар: «Әй Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?» деді. (94) Тәпсірде бұл азербайжан таулары деп ескертілген негізінен сөз түсінбейтін ел, тау халқының бірі мүмкін шешен халқы болу керек, себебі оларға сөз жағынан ұқсас жер жүзінде бір ел жоқ және кезінде тау арасында ол жаққа өтетін жол болған, Мұса пайғамбар сол жер арқылы өткен. Зұлқарнайын да әскерімен қытай жері жоңғар қақпасы арқылы өтіп арал түсындағы тау шатқалы арқылы арғы бетке өткен. Екі бұзық ел Яжұж бойлары шағын бірақ садақ пен соғыс өнерін далалық көшпенді ел болса Махұж маймыл ұқсас жалбыр шашты орман арасында өмір сүретін ел болған. Зұлқарнайын: «Раббымның маған бергені бес артық. Сендер маған күш көмегін қылыңдар да сендер мен олардың арасына бір бөгет жасайын» деді.(95) «Маған темір тақтайлар әкеліңдер» деді екі беттің арасы теңелген кезде: «Көріктеңдер» деді. Ол от болған сәтте « маған еріген мыс келтіріңдер үстіне құяйын» деді. (96) сонда олар, оны аса алмады да тесе алмады… (97) «Бұл раббымның бір мәрхамет қашан Раббымның уәдесі келсе, оны жермен – жексен қылады. Сондай – ақ Раббымның бір уәдесі хақ» деді(Кеһф – 99). Сол кезде бес түрлі елдің пайда болып болашақта тура жолда болатынына ескерту алған Зұлқарнайын Азия қүрлығын бөліп тастаған. Бір белгі темір мен мыстан қорытылған жез қақпа (Тұран қақпасы аңызда бар) азербайжан таулары арасындағы щатқалда оны зерттеп анықтауға болады. Себебі шешен, ингуш халықтарында қазақша – сөйлеп, қазақ дәстүрлі ұстаған «қазақ» деген ауыл бар. Бұл Құрандағы тарихтың ақиқатын анықтайтын белгілер. Жандық белгі сол уақ жауынгер халықтардан тарайды. «Бес артыққа» жататын туралыққа жақынырақ дін жолымен ағайында үшеу қазақ қырғыз, өзбек,тәжік, түркімен.Өзбек базарға барып тамақ дайындап сауда жасайтын жігіттің тегі – кейіннен қосылған екі малшы түркімен тегі мен тәжік тегі болуы керек.Жергілікті жерден қосылған,кейіннен дінді қабылдаған ұйғыр мен түрік таралуы ықтимал.Бұл жерде адам тілі ерекше белгі болып табылады.Тілдер айырмашылығы 300 жылдан ажырап отырады.Не құрылым дыбыс үндестігі жақын айырмашылық сан мәні азайған сайын туысқандық белгісі де жақын. Жалпы тектер жан хылымымен байланысты. Қанмен берілетін белгі бар және Алла тарапынан жанмен келетін белгі бар. Тарихта жандық белгі мүлдем ұмтылған, яғни Яссауи бабамыздан басқа қозғаған дін ғұламасы кездеспейді.
Негізінен қыпшаққа жататын көк бөріден тарады дейтін 7 туысқан халықта жандық байланыс болған. Бастапқы таралып шыққан белгісі Қытай жерінде Үрімші қаласынан 70 шақырым жерде тау ішінде үңгір бар. Құранда ескертілген белгі сонда. Естуімше тасқа айналған ит үңгір аузында бар. Біздің көп тарихымыз Қытайдан табылып жатыр, сонда сақтаулы,күнге табынғанбыз дейтін аңыз әңгімелердегі жорамалға құранда жаратушымыз белгі беріп кетіпті. Корея, Жапон халықтарымен түпкі тегімізде ұқсастық бар.Бұдан басқа гендік, қандық өзгерістер түрленулер болды. Негізгі қандық (қадір) белгімен жақын туысқан болып келетін қазаққа, ол жапондықтар. Ата тегіміз бір болып келеді, оны жапон ғалымдары да мойындайды. Ал тәжік халқы кореялықтармен туысқан болып келеді, қандық гендік сан жағынан. Тәубаға келтіріп үшін және қандық қасиеттерді араластыру үшін және жандық түрлендіруге жаратушымыздан үлкен сынақ соғыстарды жіберіп отырған. Шыңғысхан жорығы, жоңғар шапқыншылығы, шейіттер арқылы қан тазалығын,дәстүрді қалыптастыру және сақтау сынақтары болып табылады. Орыстармен қосылу себебіміз де ғылымға білімге жол ашып, жалпы даму үшін жаратушымыздан берілген сынақ. Оған өткен хандарымызды, бабаларымызды кінәлау надандық,имансыздық. Ахиретке иман келтірмей,ғылым біліммен есепсіз ой жүгіртуден туындайды.Жалпы өсіп — өну бес санына тәуелді. Құранда да осы сан ерекше бір тізбекпен беріліп ескертіліп отырады. Юсып, Һұд, Юныс үш түрлі елдің Ғад қауымынан кейін көптеген апаттардан кейін Ибрагим пайғамбар қауымының пайда болып,тағы да жер бетінде өзгерістер жаратулар болып,тағы да төрт түрлі түрленуден кейін христиан діні «Інжіл» түсіп, Мариям сүресі сол қауым халықтар белгісі болып табылады.Енді осы бес түрлі қауымнан тағы бес топ ұлт бөлініп шығады.Азиялықтар негізінен «Һұд елші» құтқарған елден тарап беске бөлініп,жоғарыдағы бастапқы тізбекті қайталап негізінен үш түрлі тілдік, туыстық белгімен түріктер түбі бір, түрік болып, 3 белгі өте жақын сөздік,гендік құрылысы ұқсас болып, 1 қауым сәл жақын 2-шісінің тілдік өзгешілігі болып қалыптасқан.Дүние жүзі халықтары осындай тығыз байланыста өзіндік ерекшелік жүйесі бар. Арап тілді халықтар ерекшелігі, қалыптасуы осындай үш жақын белгі екі қашықтау белгімен жүйелеуге болады. Сондықтан да әр сүренің бір құпия тылсымдық белгісі және сандық жылдық есебі бар. Оған келесі кітапта тоқталамыз. «Кеһф» сүресінің белгісі қамшы басы шашақталып нұр шашып тұрады.Көшпенділер түріктер тарихын осы «Кеһф» сүресінен басталады деген негізді білдіреді.Жоғарыда ескертілген ұғым бойынша алдыңғы төрт аят осы сүре насихатының анықтауышы болса, «Барлық мақтау құлына, Құранды түсірген Аллаға тән.Онда ешбір қыңырлық қылмады(1) өте түзу Құран; Алланың қасынан: қатты азаппен үрейлендіру,түзу іс істеген мүміндерге,көркем сыйлық барлығын сүйіншілеу үшін (2) олар онда мәңгі тұрады(3),сондай-ақ: «Алланың баласы бар дегенді ескерту үшін»(4) (Кеһф) Осы аяттардан – ақ ол елдің христиан елімен көрші болып,тұрғылықты жері мәңгілік болып,христиандарды ескертіп ислам дінін мойындататын халық болатындығын аңғаруға болады. Сондай «Иса масих құдайдың баласы» дейтін елмен көрші ғана емес бірге ішіп жеп бауырласып тіптен сол дінді марапаттап жүргенде, жер жүзінде қазақтан басқа мұсылмандар бар ма екен. Енді «Муминұн» сүресінен тізбектік жүйемен тексеріп көрсек; «Олар,сондай мүміндер,намаздарында іштей жалбарынады»(2)Олар бос нәрселерден аулақ болады (3). Олар, зекеттерін береді(4). Олар, ұятты жерлерін сақтайды. (5) (Мұминұн) Осы аяттардан – ақ бұрынғы қазақтың салты мен дәстүрлі дінінің иісі аңқып тұр. Тек ұят жағынан артық кететінін тақ саннан көруге болады. Үятсыздар түбі өзгеріске ұшырайтын белгі деп қабылдаңыз. Демек қазақ халқына жаратушымыздан берілген жоспар християн халқын исламға кіргізу, сол үшінде қаншама ата бабаларымыз қан төгіп құрбан болды. Енді дәстүріне тіліне өзіміз де құрбан болып жатырмыз.
Намазындарын орындайды,іштей зікір салады,ғылыммен тексеріп Құран аяттар мағынасын түсінеді,бостан – бос тәпсір қуып адаспайды, киімдері де мағыналы болады дегенді ескертеді жаратушымыз. «Өте түзу Құран» деген ескерту үкім тұр. Мағынасы; тек Құран аятымен ғана іс қылу.Ол үшін сол елге құран аяттарын түсіндіретін жолбасшы жіберілуі қажет. Қай ел жолбасшысы қаншалықты аят мағынасын толық ашып Құранды тәпсірлей алды? Онда да өмір сүріп отырған заман ғылымына сәйкес қылып, салт дәстүрді өмір сүру ерекшелігін қалыптастыруға әсерін тигізбесе, құны да соқыр тиын. Өз тарихын жете біліп, қадірлей алған пенде ғана, өзін танып жаратушысынан белгілі үлес ала алады. Оның белгісі шығар шыңы қасиет! Несібесі білім-ілім, алымдық тылсым сырын өмір сүрген ортаға бейімдеу. Құпия ғайыптан хабар алып қана,сонымен өз өмірін сәйкестендіріп пайымдау нағыз қазаққа тән белгі.