Бақыт өлшемі — сабыр мен қанағат.
Белгісі бірлік. «Бармақтай бақ бер соны ұстап тұратын батпандай салмақ бер»-деген бабаларымыз.
Бақытты түсіну қанағатшыл адамдар қолынан келіп «шүкір» деп тәубе келтірген. Жалпы сенімі аз, өмір сүру мақсаты бұлыңғыр күдігі көп -–адамдар бақытсыз. Ондайды «Сырты бүтін іші түтін» деген қазақта. Көп жағдайда тіршілік ету барысында жеткен жеке биіктерді бақыт деп қабылдаймыз. Жеке-жеке алған биіктер, мақсаттар, нәтижелер байлыққа жатады. Денсаулық — тән байлығы, дүние қызықтары — нәпсі байлығы, ойын-сауық — құштарлық байлығы, атақ қызмет — дәреже байлығы, білім-көңіл байлығы, бала-шаға — өріс байлығы, дүние, мал-мүлік, тәбет пен қарын — көз байлығы, өнер — ой байлығы. т.б. Егерде адамда осылардың азды көпті шамасына қарай жиынтығынан ғана бақытты өмір белгісі табылады. Жанға қажетті бір белгі кем болса түбінде бақытсыздыққа тіреледі. Жар сүйіп бала қызығын білмесең бақытсызсың. Тағы сұрауы бар. Ішер тамағың болмаса тән тозар денсаулықтан айрыласың. Киім жыртық денең ашық жүрсе жан саулығыңа нұқсан келер. Дүние байлығы көптігімен емес қанағатымен жеткіліктігімен есептеледі. Тамақтың көптігімен емес дұрыс мәнді тамақтану ғана тән саулығының өлшемі болмақ. Халық ішінде өзіңді сыйлата алмасаң, сыйлайтын жұртың, ағайының болмаса бай бол басқа бол, дүние қызықтарының құны соқыр тиын. Ішкі дүниеңді бөлісетін адамың болмаса тағы жалғыздық бақытсыздық болып табылады. Енді жалпы біз өмір сүретін қоғамдағы негізгі жалпы бақытсыздық белгілерінің көрінісін санап көрсек:
Бірінші бақытсыздық белгісі: Өз қажеттілігімен өмір сүру, ішіп жеу жақсы киіну, нәпсі қанағатымен тіршілік ету, сол үшін ғана бір-бірімен сыйластық, алыс-беріс мәжбүрлік тіршілік.
Екінші бақытсыздық белгісі: Тек байлық, атақ үшін, мансапқұмарлық және белгілі бір мақсаттағы дәрежеге жету үшін және тек өз пайдасы үшін адамдар арасындағы мүдделі есепке құрылған тіршілік.
Үшінші бақытсыздық белгісі: Мақтан үшін бір-бірінің дәрежесін көтермелеп соған топтарға, ұйымдарға жіктеліп, тек сырт көзге өздерінің ерекшелігін көрсету және көпшілік таныса, көптің алдында ерекшеленсем, соған жетіп немесе тырысып өмір сүру бақытсыздық белгісін «жұлдыз ауруы» деп те атайды.
Төртінші бақытсыздық белгісі: Атақ және тақ құмарлық біреуді басқаруға құштарлық. Өзін біреуге бағынышты болудан намыстанып, бар мақсат мүддесін тек біреулерге ақыл айтуға аса тырысып өмір сүру
Бесінші бақытсыздық белгісі: Тек бір-бірімен қызық үшін, нәпсі құмарлықтарын қанағаттандыру, ойын-сауық, ішіп-жеу, сол мақсатта ғана ара-қатынас шектерін белгілеп бірін-бірі пайдалану бақытсыздықтың негізгі іргетасы болып саналады.
Алтыншы бақытсыздық белгісі: Шексіз еркіндік, ешқандай да тәуелді, жауапкершілікте болмау, ойына не келсе соны жасау түбі тығырыққа тіреліп жоғарғыдағы бақытсыздық белгілерінің бәріне әкеліп соқтырады.
Жетінші бақытсыздық белгісі: Адамгершілік қағидасынан ата-дәстүр, салттан айырылып, тілден алшақтау ұлтына, салтына сай өмір сүру ерекшеліктерінен айырылу барлық бақытсыздықтың белгілерінің бастауы болып ұрпақ тозуына, тектің жойылуы мен мәңгі бақытсыздықта туындатады.
Сегізінші бақытсыздық белгісі: Құбылмалы мінезде бақытсыздықты туындатады. Өмір де соған сәйкес келеді. Жел қайдан соқса солай өмір сүріп қаңбақ болып дөңгеленеді де жүреді. Ауырдың асты жеңілдің үсті әйтеуір өмір сүрсе уақыт өтсе болды дегендей.
Тоғызыншы бақытсыздық белгісі: Тек ахирет үшін деп тіршілік парыздарын, өмірге не үшін келгенін бағаламау өзін-өзі бос әуреге салып қою. Немесе өз жұмысын біреудің мойнына артып қойып, жаратушы берген қуат, қабілет, қасиеттерін іске асырмай, семья құрып бала өсіруден қашу сұрауы бар бақытсыздыққа ұшыратады.
Бақытты болу қиындықсыз өмір сүру емес, сол қиындықтарды жеңе біліп ақылмен өмір сүру. Бейнеттің зейнетін көру. Бейнетіңе алатын зейнетіңді анықтап болжай білсең ғана өмір мәнді болып, қарама-қайшылықтарды жеңе біліп жан тазалығын сақтай білесің. Өз жеткен жан шумағымен, алған жарығымен өз жарын тауып бөлісе білген адам ғана бақыттың нәрін татады. Адам оны қысқа ғұмырында оймен, іздеп таба алмайды, ақыл жетпейді. Әрбір ата-ананың балаларына ерінбей үйретіп көрсеткендей, ол ұлттардың ғасырлар тәжірибесінен, салт-дәстүр болып қалыптасып заманына қарай ережелері бекіп отырады. Сол ережелердің ақ бастау бұлағы болып табылатын негізгі қағида; «Сендерге тура жүрулерің үшін жолдар жараттым» деген жаратушымыз. Сол жолдарға ақыл жұмсап болжап көрейік, бақыт басымен баянды болар.
Бабалар «философиясы» — Ақ жол.
Философия болмысты болжап ақиқатты бағалау ғылымы. Қазаққа қандай философия қажет? Батыстан алып жатқан ой тұжырымдарының ойыны ма? Әлде шығыстың «Бұрынғының ізінен іздеме, бабалардың іздегенін ізде» деген қағидасы ма? Негізінен әр халықтың өзіндік даму болып бекіп және әр адамның өз қоғамындағы өмір сүрген ортасының даму ережесінің қағидасы – шындығы болу керек. Ол қағида әр халықтың өзіндік тіршілік еткен ортасымен ғана байланысты түрде қалыптасады. Жазылмаған заң ережесі қоғам ережесіне қарама-қайшылық тудырмағанда ғана өркендеу болады. Ол ережені, әр адамның сол қоғамдағы даму ережесі болып, яғни «пешене» деп атаймыз. Пешенеге жазылған ереже мен сыртқы орта ережесімен шектелу сызығы болса, оны сол пенденің сол қоғамдағы орны болып есептеледі. Енді сол пенденің белгілі мүмкіндік шегімен бағасы –ақиқат болып табылады. Әрбір пенде баласы өзі тапқан ақиқат шеңберінде ғана ақылды болып, әділетті аталмақ. Бүкіл пенделердің ақиқат жиынтығынан әр халықтың өзіндік бағалау, бағамдау жүйесі сол өмір сүрген ортаға жаратылыс табиғи болмыстарына қарай ерекшелігі болу қажеттілік болса, тілі мен сөз құрау ерекшелігі де болуы шарт! Әр нәрсенің түріне түсіне қарай бағалап, ой, түйсік, сезім арқылы шамалап, тіршілік іс қимылдар әрекеті ес болып қалыптасады. Осы негіздерді меңгеріп неден басталып, немен аяқталатынын мөлшерлеп біліп, соған байланысты іс қимылдар, әрекеттер шегін ақыл- деп айтамыз. Енді сол ақылдың іргетасы біліммен тәжірибе болса, қабырғасы шындықпен қаланып, дәстүрмен төбесі жабылады. Дәстүр негізінен қасиетті кітаптан бастау алып, тарих атты өзенге құяды. Сондықтан тәжірибе тек тарихты зерттеп бағалау арқылы ғана пайда болады. Тарих нысана бағдар әр халықтың өз жолы. Тарихта ғұмыр ізі жақсы жаман болып бөлінбейді. Аталарымыздың қанымен қорғалып маңдай терімен, қателік пен кемшіліктерді жан құрбандығымен жуып, ғасырлар бойы тәжірибеден өткізген із. Сондықтан да онда халықтың тәндік, нәсілдік, тілдік сипатымен тектілік белгісі қалған. Ұлттық ерекшелік із болып тек жаратушымыздың алдында ғана тоғысу керек. Болашағыңды болжау үшін әр нәрсенің тегін білу шарт. Мұнайдың қалай, қайдан пайда болатынын білмей оның қашан таусылатынын болжау ақымақтық болса, тарихты текті білмей қалай өмір сүруді жоспарлау наданның ісі. Себебі әр елдің өз тарихына ерекшелігіне байланысты ақиқат жолы анықталады. Адам жаны ғана кіші әлемнің патшалық сарайы, екінші әлемге өтер бесігі, үшінші әлемнің мәңгілік өмірдің есігі. Шындықты таптым десең адасасың, шындықты мойындап үнемі іздеген пенде ғана ақиқат жолына түсе алады. «Білем» надандықтың белгісі деген Абай атамыз. «Білмеймін» ғылымға бастар жол деген Әл-Фараби атамыз. Батыс пен Америка әр адам өзі үшін өз еркіндігін тауып, жеке бақыты үшін ғана өмір сүруі керек деген жолды таңдап алды. Сонда әр адамның жеке еркіндігі қоғам еркіндігін, халықтар бақытын тудырады деген бағытты таңдап оны өмір сүру ережесіне айналдырып алды да енді басқа халықты да соған ұйытып жатыр. Ал шығысымыз Қытай болса уақытына қарай адамы, тек салтыңды дәстүрді ұмытпа, қалған уақытта қайдан жел соқса солай бұрылып заманға сай болу керек деген бағытты ұстап отыр. Тек өз басыңның мұқтажын өтеу үшін өмір сүру де шексіз еркіндік те түбінде жалықтырып, тығырыққа тірілетіні тарихи шындық! Себебі еркіндікте, қажеттілікте тек жазылған заңдармен ғана қорғалады сақталады. Ал заң мүддесі сақталу үшін жаза керек. Яғни әрбір шығарылған заңның күзетшісі жаза болса ғана заң сонымен ғана орындалып жүзеге асады. Бірақ адамзат мүмкіндігі бәрібір шектеулі. Бәрін бірдей қамтып заң шығарып үлгіріп отыру мүмкін емес. Жоғарыдан пешенеге жазылған шектен ассаң, ауру қатерлер мен ажал болса, жинала берсе, халықтар апаты тажал тұр. Одан қандай заң қорғайды? Енді бабалар тарихына көз жүгіртсек зерделесек ата — дәстүр деген заңмен «барлығы біреу үшін, біреу барлығы үшін»қағидамен бекітіліп, ұят деген шекараны белгілеп, намыспен қорғалып, әр адамның, ата мен ананың, ұл мен қыздың, жас пен кәрінің міндеті, мақсаты ара қатынасы жазылмаған заңмен бекітілген. Және де «құдайсыз қурай сынбайды» деп қасиетті кітаптың әрбір аятына негіздеген. Сонан болар ойлау сана жүйеміз де сол шеңбер ішінде ғана қалыптастырылған. Тек сол белгі ғана халықтың ішкі және сыртқы көрінісін еркіндік шекарасын белгілейді. Жан сарайымыздың көрінісі болып іші тіл білімі болса, біліммен «білем» сыртқы көрінісі. Көңіл сарай кеңдігі ана тіліңе тәуелді болып, үнемі толтырып кеңітіп дамытып отырмаса көңіл сарай бос болса, қуыс кеуде атанып ой шектелер. Қазіргі таңда көп қазақта ой да шектеліп, түсі бұзылып сана тоқтады. Жел қайдан соқса, солай бағыт алуды Қытайдан алып, заманға сай болу керек деп, батыстың өзінің ғана еркіндігі бақыты үшін өмір сүретін, жасандылыққа тез бейімделіп алдық. Ойымыз да, сөзіміз де жасанды тек жазылған заңмен ғана ойланып сонымен ғана жүру керек болмаса, үкіметпен патшаға ысыра салуды әдетке айналдырдық. Ақыл парасатымыз да тек алған білім шекарасымен шектеліп тапқан табыспен, немесе қоймадағы алтынмен, шыққан төбемізді марапаттап өзімізді өзіміз мақтауды, сыртан келген келімсектердің қолпашына мәз болып, ал мәз болатын басты байлығымыздың азайып жатқанына шаруамыз жоқ. Басты індет шет жұрттың тек нәпсіні қанағаттандыруға құрылған «айлакерлік тәжірибесін» сол қалпында көшіріп алып, іске де асырып та жатырмыз. «Аққан суға бір тосу ақбөкенге бір тосу». «Судың да сұрауы бар» дейді аталар батасында. Әрбір өзгерістің бағыты болса, жауабы да бар жаратушымыздан. «Қанағат» қағидасымен ғана бақытқа жетеді, сондықтан «Тойсаң тоба қыл» деген бабаларымыз «Қанағатсыздық қасірет қақпасы» кірсең шыға алмассың. Мен білемдерге ашылды сол қақпа алтын ба, тас па, адам ба талғамай жұтып жатыр. Одан тек таза ақыл ғана құтқара алады. Нәпсінің, ой, сана, естің теңдік өлшемін сақтап, Алланың сынағынан өткен жарыққа айналған іс қимылдың өлшемі ғана таза ақыл болып жол сілтер ұрпағына. Тегі нұр, сәулені Рухтан алып, жарыққа айналып көркем сөз болып ой кеңіп, санаға да жол ашылып, есті қалыптастырар.Естің күзетшісі тәрбие. Тәрбие ғана тәртіпті қалыптастырады. Өзін — өзі басқарған пенде текті аталмақ. Жанды тәнге еріксіз, рухқа ерікті қылып, тәнге байлап өсіруге дамытуға еркін де кілтінде пенденің өзіне ұстатқан жаратушымыз. Күннен кейін түн келер, жарық бар жерде қараңғылық бар екі өлшемнің алмасылуынан уақыт туар. Уақыт тәрбиеші, ой қанша кең болғанымен уақытқа тәуелді. Адам ойы қанша кең болғанымен жұтылады тек үнемі жарық алып тұруымен ғана ақылды қалыптастырады. Сонда ғана ғайыпты болжап құпия құбылыстың сырларын ұққан сайын, сол сырларға ат қойып мән бергенде сырлы сөздің қасиеті де көрінбек ақылда дамымақ. Ой қуатын еркін пайдаланып ғылымнан алшақтасаң ес өзгеріп ақыл азып сана тоқтап арты ұрпақтың азуына апарып соқтырады. Батыстың сыртқы келбетіне емес болашағына ой жүгіртсең көрініп те көрсетіп те жатыр жаратушымыз. «Тек көкке бағынған ел өседі, қарсыласқан өшеді». Жақсылық та жамандық та көктен келеді түсіне білген адамға. Адам жер бетінде жан өсіруші бағбан, тән бақша болса, жан жемісі және сол бақшаға түскен сәулені жарыққа айналдыру шарт. Жарықтар жан қосылып киеге айналар. Сол кие ғана Аллаға жақындап рухтан хабар беріп жанға шипа дертке қуат ақылға сана қосар. Ол үшін білмеу туралы меңгеру түсіне білу керек. Білмеу терең ғылым «хикмет». Надандықтың белгісі қараңғылық құдығы «білемін». Ой сол білген нәрсеге жұтылып ес дамуын тоқтатады сонымен пенде ғұмыры да шектелер. Оны өрмекшінің жолы деген тарихта; баяны да аз болар. Құмырсқа жолын таңдап өмір бойы керексіз керекті дүниені жинап, өз қателігіңнен тәжірибе жинасаң қызығы да қысқа болар. Сол қызықтың аты зейнет деген. Оны ешкімге бере алмайсың, қарызға да ала алмайсың, ол әр пенденің ғұмыры жиған мәңгілікке дүниесі бұл жалған өмірден алған бағасы. Бабаларымыз салған жол араның жолы, бар сезімді күш қайратты іске қосып, әр жақсыдан жинап, ғасырлар өткен тәжірибеден үлгі алып, үлкеннен ұлағат, жақсыдан шарапат, ескіні жаңалап, тазасын айырып тарих атты гүлзардан, дәстүр деген бал жинау. Ақиқатты тек тарихтан ғана ажыратып бағалайсың. Тек шындықпен ғана анықтайсың. Шындық ой жарығы, еспен өлшеп, ұятпен болжайды. Шындық жүрекке түседі, сондықтан жүрегі кір пендеге қорқыныш болып сезіледі. Ұят қана сол сезімдердің таразысы, ойлан өлше арасын айыр. Істің немен басталып, немен аяқталады болжай білу қасиет, сол қасиет қана ақылды өсіреді. Тек ақыл ғана ғайыппен байланысып, ар атты қазына жинайды. Сондықтан ақиқатты білгің келсе «білмеймін» ғылымын үйрен. Оның есігін саған ғайыпқа күдіксіз сенім ғана ашады. Жаратушыға күдіксіз сен үмітіңді арт, қасиетті кітаптарды зерделе, ол үшін парыздарға мұқият бол, сонда ғана түс түзеліп шындыққа жол ашылар. Абай бол, құр оймен шындық анықталмайды . Ғылым ғана тура жолды табар. Әр нәрсенің екінші орны бар. Оны ахирет деп атайды, сол жүйені түсіне алсаң ғана әр киенің иесін де білесің, қателігіңді де көре білесің, сол қатені қайталамау үшін өзіңді де өзгені де түзеуге тырыссаң Алланы да танығаның. Аристотель ше айтсақ «Әрбір халық өз ерекшелігімен ой қорытады, өзіндік белгісі болады, бірақ адамзат ойы мақсаты бір жерден тоғысуы қажет» Әр халықтың ерекшелік белгісін «адамгершілік қағидасы» деп айтамыз, сондықтан бір халықтың дәстүріне қағидасына қол сұғу адамгершілікке жатпайды. Тек қана сол белгілер құран үгітімен пайғамбар ізгі істерінде тоғысу шарт! Сол шарттың қағидасы түрлік, түстік, тілдік, тәндік сипаттарды қатаң сақтай отырып жақсылыққа жарысу. Бұл жаратушымыздың үкімі. Сонда ғана табиғаттың заңдылығымен үндес болып тәндік, жандық даму сақталады.Қазіргі қазақтың парасатты партияларға бөлінуі, ойдың бөлшектенуінің белгісі. «Бөлінгенді бөрі жейді» тілдің тозуы тіленшілік белгісі. Жаратушының қағидасымен ғана басқарып, әділеттілік орнап халық бақытты өмір кешеді. Болмаса түбі бәрібір тығырыққа тіреліп апаттарға апарады, оған жер жүзінің тарихы айғақ.Дамудың басқа жолы жоқ болған да емес, әлем жұрты жуық арада көз жеткізе бастайды. Елімізде жерімізде кең байтақ бәрі де бар кімнің арқасы қалай пайда болды. Құлақ салып көрейік аруақтарға «Батаменен ел көгерер жаңбырменен жер көгерер». Сол тегімізді тауып қана жан сарайың тазарар, мүмкін өзіңді танырсың, өзіңді танысаң өзгені де танисың сонда ғана тура жолды табасың. Қағида ғана бір, Алла жалғыз, одан басқа жаратушы жоқ, Мұхаммет оның елшісі! Ақ жолын тапқан пенденің жүрегі жай табар да бақыттың бал шарабынан дәм татар!
Ақ жолдың алғы шарттары.
Қазақ қандай елміз қай жолмен жүріп қай бағытты таңдасақ ұлы жолға тоғысамыз?- деп иманы оянып, түсі түзелген, әрбір көкірегі ояу азаматың, ой пікірлерін баспасөзден де теледидардан да көріп те естіп те жатырмыз. «Зайырлы мемлекет боламыз» дейді көпшілік ислам танушылар. «Зайырлы» сөзі ескі түркі тілінде; Ибалық, әдептілік, имандылық, тектілік, қасиеттілік болып, пенде бойындағы болатын құпия белгіні айтады. Ибалық мінездің жұмсақтығын ұялшақтықты білдіріп, еркектерде мейрімділік, әйелдердегі затына тән қасиетті ескертеді. Ондай қасиет қазақ халқында орыс империясы кері қалыптастырып тіптен қазақ болып туғанына келіспейтін бауырларымыз дәлел. Енді европаның әйелдер теңдігін үйреніп те үйретіп те жатыр. Алысқа бармай ақ өзіңіздің қасыңыздан табасыз. Ал бүкіл мемлекетті тектіге айналдыру мүмкін емес, жаратушымыз да ескерткен нанбасаңыз құранды оқыңыз. Әдепке келсек әуелі анықтап алу керек бізге керегі қай әдеп? Батыстың шектен шыққан еркіндігі болса , олардың малдары қарасынан шығып кетіп жабайыға айналып Алланың лағнеті жауып, біз үйреніп болам дегенше өздері өзгере бастайды жуық арада. Жалпы біз әдептіміз бе? Әдепті ғылымды үйретіп, киімді жаратып, кітаптарды түсіріп, сол үшін ыстықты суықты сынақтардан өткізіп әр халыққа дәстүр қылып бекітіп берген жаратушымыздың несібесін, батыстан қалмаймыз деп жүріп, әбіриүміз ашылып ұят деген қасиетімізді жоғалтып алдық. Зейнет деп аталатын жаратушымыздың әр пендеге көрсетпе деген құпия белгілерін қыздарымыз да аналарымыз да дәріптеуге шықты. Әншілерге кешірімді олар өзінің емес, біреулердің кейпін бейнелеуші мақтан сүйер халық,бала сияқты. Сондықтанда «ұялмаған әнші болады» деген қазақта. Ақыл беретін құзырлы орындар өздері шоқынып ; « Неге тәніңді жабасың?» деп бас киіммен кіргізбейді жұмысқа да қабылдамайды. Мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан мұсылман мемлекеті деп ақша бермей қойуы мүмкін, батыстықтардан жалпы ұят. Ақшаға арымызды айырбастап алдық. Әрбір нәрсенің болмыстық белгілі шегі басымен аяғы болуы шарт. Оны ғылыммен ғана есептеп, шамасын ғайыппен салыстыра білуді, ақыл деп атаған. Ешқандай хайуан қорегін арқалап жүрмейді, тек адамзатқа берген сол қасиетті сынақ үшін. Бүгінгі жалаңаш қыз, ертең бедеу, бүгін дүниеге массың, түбінде тамақ батпай немесе өтпей, аштан өлесің дәм таусылып. Ұрпақ алдында бәрібір жауап бересің, егер артыңда қалса сол ұрпақ. Бүгінгі мақтаның ертеңгі сорың. Сондықтан аталарымыз; «Таздан жарғақ бас туар. Кедейден мал бақпас туар. Соқырдан көрмес туар. Сараңнан бермес туар. Ер арыса, әруақ болар.Тәңірінің мазағы, адамның азабы. Адамның мазағы, тартылар жазасы!» Жаза басталып та кетті. Оны ғылымда «кселлол» ауруы деген. Ауаның өзгеріп табиғат құбылыстарымен кешке сау болсаң ертең ауру. Бүгінгі бұзық ертең қылмыскер.Ақшада өркен ниетте құтқара алмайды. От пен судың шарпысуы басталып кетті, жуық арада сол европашыл қазаққа да кезек келеді. Қалай және кім құтқарады? Ол тек әр пенде иманын табу керек. Исан өзі келмейді оны ел болып іздейді. Болмаса мәжбүрлеп өзін ғана таныту керек. Ата дәстүрін ата жолын ата анасын қадірлей білуді еріксіз түрде үйреткенде ғана іске асады. Заңмен міндеттегенде ғана апаттар тоқтайды. «Тесік моншақ жерде қалмас» деген қыздың тәрбиесіне көзі жеткенде қазақ. «Балтыр ашылады» деп ескерткен жаратушымыз. Сол балтыр ашылды көп елдерде сол тесік моншақтарына құрт түсіп, белсіздік белең алып, еркегі әйелден қашатын болып, әйелдер саны еріксіз қысқара бастайды. Оның арты әлемде болатын өз ара соғыстар және жұт аштық. Қазақ баласының өзіне тән қасиеті мінезі болуы шарт! Бар байлықтың тегі де тірегі де денсаулық. Тек дені сау халық қана Алладан белгілі үлесін алады. Сондықтан бүкіл саясатта қарыштаған өндірісте «зайырлы» ұрпақ дайындауға жұмылғанымыз абзал. «Зайыр» мемлекет меншігі бола алмайды, жеке адам меншіктейді. Сонда әлемге үлгі «Қайырлы» мемлекетке айналамыз. Тәрбиені де тәртіпті де еркіндік қалыптастыра алмайды бойға сіңбейді. Мінез қалыптаспайды. Ол үшін бүкіл халықтың жауапкершілігін арттыру керек. Иман ұлттық тілдік мінез көрінісі. Тек тілмен, дәстүр арқылы ғана иман бекиді. Қазақ болып туып, арап дәстүрін ұстап, иман іздеу ақымақтық! Себебі жаратушымыздың қарама қарсылық заңына үйлеспейді. Рух дамып өспейді, құранды оқысын сенбегендер. Қазақ деп ат берген Алла тағала, сондықтан қазақ баласының көке шығар өз жібі, қасиеті, ерекшелігі бар, оның аты Қазақ! Яссауи бабамыз салған жол ғана жеткізеді бар қазақты сол биікке. Ақиқатқа апарар тура жол –ақ жол. Тек өзін танып, ата дәстүрін меңгерген ғана текті аталмақ. Ақ жолдың да міндетті шарттары бар. Бірінші шарт тілін меңгеріп, қалай жүріп тұруды, өзін ортада қалай ұстап қалай сөйлеуді, сыртқы ортаға байланысты қалай киінуді, қалай тамақтануды арамдардан шектеліп, өзіне өзі тыйым сала біліп және оны әдетке айналдыруы керек. Оған жету үшін «Баланы жастан қатынды бастан» деген қағиданы үнемі естен шығармаған абзал. Үкімет тарапынан батыл шешім қадамдар қазіргі уақытта қажеттілік. Екінші шарт әрбір пенде өз қасиетінің шамасында іздену керек. Ал сол қасиеттерді анықтайтын да жолға салатында Алла ұлықсатымен өзіңнің бақи өмірге өткен ата анаң. Иманын толықтыруға ұмтылған ізденген пендедегі күрделі де қиын мәселе. Бірақ өліктермен сөйлесу «Аян» және аруақтар батасымен тез оңай шешіледі. Енді қасиет қабілеттердің күтушісі тек шариғат ісі және пайғамбарымыздың ізгі істері. Бұл міндетті үшінші шарт. Жол біреу ол ислам жолы бірақ әр халыққа ұлттық ерекшелігіне сай елшілері келген және келеде бермек. Бірақ осы жерден бастап қарама қайшылық туындап дау дамалар туындайды. Себебі әрбір қасиет белгісін алған пенде үшін ұстаз керек. Ол шарттардың бәрі Яссауи бабамыз көрсетіп нысанын қадап кеткен. Аяндардың да шыңдары бар, ол үшін құран аяттарын түсіну меңгеріп, сәйкестендірген де ғана жүзеге аса бастайды.Басты мақсат ғайып құпияларының сырына қанып, соған ат қойып, көріпкелдік қасиеттерді дамытып, өз ортаңды апаттардан аурулардан сақтандырып, қорғану тәсілдерін меңгеріп шапағатыңды тигізе білу. «Ондай қасиет тек жаратушыға жол тапқан адамда ғана болады» деген аятта. «Жамандықты жақсылықпен кетіру»деп те атаған жаратушымыз. Осы жерден тақуалық белгі екіге айрылады, негізі сопылық жол болып, ғалымдық және дәруіштікке бөлінеді. Шешімін тапай топтарға бөліну де осыдан басталған. Бар сопыға ғалымдық жазбаған, себебі ғасырлар өтсе де, бірде бір сопы әлі құран құпиясын ашып ғылымға қоғам дамуына үлес қосқан емес Яссауи бабамыздан кейін. Сондықтан болар ислам діні бөлшектеніп топ топқа бөлінуі. Ал дәруіштік жол өз мәнін жоғалтты, себебі «дәруіш» деп аты айтып тұрғандай ерекше көріпкелдік қасиеті бар емші адамды атаған. Ел кезіп сонымен ақы алмай сауап жасап, Алла тағаланы танытуға уағыздаған, ем шипа жүргізіп кереметтер көрсеткен. Қазақта ондай қасиет егелерін «бақсы»деп атаған. Қазіргі таңдағы ел кезіп Алланы танытам деп кітаптар таратып тжүргендер өздероіде нағыз Алланы тани алмай адасқандар. Қасиетті пенде ел кезбейді, өз ортасына еліне ағайынға қол ұшын созады біріншіден. Ал осындай екі бағытты бір арнаға тоғыстыра білген ғұлама әулие бабамыз, сондықтан да күрделігімен ерекшеленіп тек қана қазақ халқының үлесіне тиген. Оған себеп жоғарғыда ескерткендей аруақпен тілдесу арқылы ғана жүзеге асады. Жалпы дін танушы қауымға түсінікті болу үшін құран аяттары арқылы ғана алдағы кітаптарда талқылаймыз. Шариғатта жлл біреу, ол құран аятарымен, пайғамбар ізгі істерін толық меңгеру «Тақуалық» деп атаған құранда. Сопылық жол тура жолға тиісті бағыт, себебі пайғамбар уақытында елемей кеткен аяттар мағынасын түсіндіру, жүзеге асыру болып саналады. Сол аяттардың құпиясы ашылды. Қазіргі жағдайда аяттар түсінігін шатастырып алып, есебінен жаңылысып, өздері де түсінуден қалған сопылық жолды ұстаушылар. Тақуа болу мешітпен тығыз байланысты, мешітте арнаулы күндерінде бәсең түрде зікірлері болу керек және әрбір сәжделерден кейін қосымша түнгі намаздары болуы шарт. Намаз бес түрлі амалдар жиынтығынан тұрады. Бес уақыт сәжде сол амалдардың бірі. Сәждені оқымайды аяттарды жаттап алып жасайды, орындайды. Намазды замандарға байланысты оқиды. Оқу сөзі үнемі үйрену сәуле алу болып табылады. Сонан кейін ерекше қабілет қасиет арқылы ғана сопылық жолға өтеді. Алланың жібін ұстайды. Жан сарайын зікірмен әсемдеп көктен мағлұматтар алып, әр пенде өзіне сай қасиет қабілеттерімен сауаптар жасап,қанға сіңіріп болашақ ұрпаққа мирас етіп қалдыру негізгі мақсат.Неге қазақ халқында неше түрлі жолдар ағымдар пайда болып өздерінің де өзгенің де миын ашытып жатыр? Кім жауабын бере алады? Дін басқармасы атқару керек әрине. Осы жерде айтып өтпесе болмайды; Санаға ой салып белгілі бір үлкен мешітке бар деді. Жұмада барып көпшілікпен бірге сәжде жасап, енді артынан таспиқ тартуға ыңғайлансам құран оқылып жатыр, менде халықпен бірге қол жайып намазды аяқтап қайттым. Көкейде неге жетеледі? деген сұрақ туып құран бетін ашып қалсам мынандай аятты оқыдым: «Алланың мешіттерінде Оның аты зікір етілуіне тыйым салғаннан, әрі мешітті бұзуға тырысқаннан кім залымырақ? Олардың мешітке қорыққан түрде кірулері керек еді. Ол үшін дүниеде қорлық, ахиретте зор азап бар» ( Бақара-114) (Мешітке зираттау деген ұғым бар, оған толық ой жеткізу үшін ақирет өмірінен толық мағлұмат алып барып түсінікті болар)
«(Мұхаммед!) Раббыңа ішіңнен жалбарына қорыққан түрде бәсең сөзбен ертелі – кеш зікір ет. Сондай – ақ қаперсіз ден болма». (Ағраф– 206)
«Әй мүміндер! Алланы көп зікір етіңдер. (41) Оны ертелі кеш пәктеңдер(41) Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтан жарыққа шығару үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай – ақ мүміндерге ерекше мейрімді» (Ахзап -43)
«Әй ақыл иелері! Алладан қорқыңдар. Иман келтіргендер Алла сендерге бір зікір түсірді» (Талақ – 10) Әзірше осы аяттар ұғымдар түсінігін дін танушы ғұламалар мен оқырманның өзіне қалдыруды жөн көрдім. Себебі «Сәни дәптерді» талқылап барып ажыратуға болады, ал оны талқылау үшін құран аяттарынан мағынасын ұғу керек. Енді жоғарыда айтып кеткендей айдың 3 күні «Ықтифар» құлшылық жасап Алланы дәріптейтін күнге жатады. Аятта: «Раббым маған белгі бер» деді (9) (Алла) «Сенің белгің: сап – сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың деді (10) Сонда (Зекерия) михрабтан шығып қауымына «Ертелі — кеш Алланы дәріптеңдер» деп нұсқады» (Мәрием – 11)
Және зікір туралы бөлек үкім түскен. «Санаулы күндерде Алланы зікір етіңдер. Сонда кінәдан сақтанған болсаңдар екі күнде бітірсе оқасы жоқ. Алладан қорқыңдар. Әрі негізінде Аллаға қайтарылатындарыңды біліңдер» (Бақара – 203) Осы белгілерді пайғамбарымыз орындап көрсетіп тақуалық жолдың негізін салып кеткен. «(Мұхаммет пайғамбар) ол мешітте әсте намаз оқыма. Бастапқы күннен бері тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруыңа лайық. Онда тап –таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла өте таза болушыларды жақсы көреді» (Тәубе -108) Кісі сол бақилық болған ата аналарымыз жаны, тәубеге келіп тазаруға келетін. Аруақ түгіл тірі пендені зікір салма деп қудалап жатқанда мешіттеріміз, енді олардың бәрі қазір әулиелердің басын күзетеді үміттенеді « Мүмкін ұрпағым келіп қалар» деп. Қазақ жерін де пайғамбар ізгі істерімен жүретін тақуалық мешіт бар ма екен? Зікір, дәріптеу, пәктеу, үлықтау, мақтау сөздері әрқайсысы екіден мағына береді сондықтан құран аятынан сәл бұрылса қателік! Аянмен ғана ескертіліп отырады ол жолға бет бұрған пендеге. «… Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай – ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар». (Юсып -76) Ол тағы да аруақ! Маған аманат етіп жаздырып отырған да аруақ. Бәрін қағазға сыйғызу мүмкін емес. Сопылық жолдардың қолға түскен еңбектермен таныстым, Исматулла Мақсұмның да еңбектерін зерттедім «Сәни дәптермен» салыстырдым мүлдем алшақ кеткен. Тұжырымдар жасап газеттерге ой пікірімді ұсындым, араша түсіп дін танушылардың кейбіреулерінің алдынан да өттім. Газеттердің де олардың да белгілі ұстанған мүдделері болды. Сонан кейін кітап жүзінде сынамақ болып дәлелдер келтіріп дайындадым, сол уақытта аян алдым. Айша ана 11 сағат 30минутта кел деп белгі берді. Құраннан 11 –сүре 30 –шы аятта; «Әй елім! Егер мен оларды қудаласам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдер ме?» Бұл дін танушыларға бәрінеде жауап, иман келтіргендерді қудалауға болмайды Алланың сынағы қазақтың дін танушы қауымға жіберген. Тағы да аятта; « Расында адамзатты әбігер жараттық.(4) Оған екі жол көрсетпедік пе?(10) Сондада ол кедергіні асуға тырыспады(11) Кедергінің не екенін қайдан білесің?(12)Ол: құл азат ету,(13) Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;(14) Жақындығы болған жетімді (15) Немесе шаң топырақтағы сорлыны (16) Сосын иман келтіріп, бір – біріне сабыр меңзегендерден болу (17) Міне осылар оңшылдар. (Бәләд – 18) Әр пендеге берілген екі өмір екі жол болып, кедергіні аса алмаған белгісі ерін ұзындығы болса, әрбір жолға да екі сынақ қарама қарсылық белгісі болады. « Құл азат ету» сөзі дұрыс тәпсірленбей елеусіз қалған. Құл тозаққа түскен шаң топырақтағы мұсылман жаны. Қажылықтың басты мақсаты сол болар. Құран ғана азығы болып, зираттау содан қалған. Құлшылықтың екінші жолы. « Кедергінің не екенін білесің бе?» Кедергі өзіміз тек араптар арқылы ғана тану керек болмаса ана топтың анасы мына топтың мынасы жақсы деп өзімізді де өзгені де шатастырып жатырмыз. Зікір әрбір пендеге байланысты аяттардан ғана тұратын аянмен ескертіліп отыратын күрделі есептер жүйесі. Сол зікірлердің орындалу тәсілдері орны уақыты арқылы ғана аруақтар азық алады. Сенде сорлы болып шаң басып аш жатпайтыныңа кім кепіл? Әке балаға немесе бала әкеге бодау төлемейтін күннен қорық деген де аят мағынасы осы. Аллаға шүкір қазақ халқы әлі ол дәстүрден жаңыла қойған жоқ. Тек сабыр меңзейтіндер жетіспей жатыр немесе шайтан ықпалы күшті болып тұр.
Ақ жол деп шариғат жолын немесе турарақ жолды сосын тура жолмен жүруді айтады. Соңғы екеуінің де негізі тек шариғат жолын меңгеріп барып дамиды болмаса тура жолдың қисығы немесе қисық жол болып бөлінеді. Жалпы бар жол тек құранға негізделеді. Құпия білім тек он сүре есебімен түсіндірілу шарт!
«Немесе олар құранды өзі жасады дей ме? (Мұхаммет пайғамбар) оларға «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар, сол сияқты 10 сүре келтіріңдер» (Һұд -13)
Шерік қосу, шерік қату, шоқыну, серік қосу т.б дау дамай туғызып жүрген ғылыми мағынасы бар аяттар үш аят санымен сүренің қай елге меңзегенімен тұжырымдама жасалу керек, сонда ғана қандай мақсатқа және кімдерге ескерткен нәтиже бағасы немесе жазасы айқындалады. Бұл кітаппен бәрін қамтып түсіндіру мүмкін емес және нарықтық заңның қағидасы көтермейді сондықтан әзірше есептеп көруге дін танушылардың өзіне қалдырамыз.
Шексіз дүние шетінің шеңберіне ешкім әлі жеткен жоқ. Бірақ ақылы жеткен жеріне әркім бір нысана қойып белгілеп кеткен. Әр халықтың белгілі нысанасы бар. Қазақ халқының нысанасын қадаған Әзіреті Сұлтан Құл Қожа Ахмет Яссауи бабамыз.Жалпы адамзатың шарықтау шегі болып оны қайталау әлі ешкімнің қолынан келмеген мүмкін де емес, тек надандар ғана мойындамайды себебі өресі ой өрісінің кемелденуі жете алмай жатыр. Сол адамзат үшін берілген жүз мың ғажап сыр бар деген әулие бабамыз.
Әр ұрпақтың мақсаты сол сырлардың өмір атты керуенінде сапқа тұру. Сол арқылы ғана кейінгілерге жол ашасың. Қатарға тұрып санатқа қосыла алсаң мәңгілік өлмеу сол болмақ. Жаратушымыз құранда сол сапты біртұтас адамдар деген.
Адамзатқа жүктелген Рух – ол құранмен түсіндірілген өмір жобасы және құпия сыры. Ғылымды өнерді тілді меңгеріп ой кеңітсең, бұл өмірден алатын бағаң да сол – жан сырың «Ар» болар. Жаннан мекен тауып өз орнын алса жұпар исі шығып рең (түс) пайда болса «Аруақ» деп аталар. Сондықтан да бірінен бірін аулақ әкетуге болмайды. Тексіз зат болмас. Затсыз бейнені әлпештеуден қаншама қателіктер туындап, тексіздер тобырын көбейтуді доғарғанымыз жөн болар. Шындықты табу үшін қарама қайшылық заңдылық болуы керек. Іс қимылға айналып дәлелденген шындық қана «жеңіс» аталып ащы дәмі болады. Алдыңғы кітапта шамалы ескерту айтып ауыз күйді. «Ақиқат өтіріктен қорықпайды бірақ қаймығады» Себебі пышақ бір жүзді, адамдар кейде екі жүзді. Адам аласы сыртында емес ішінде. Кітап оқу білмеген, сөз астарын ұқпаған надан. Шындықтың аты қашанда шындық. Енді сол кітапты қайта — қайта оқыған пендеге он аянға шындыққа кілт бар. Сонан кейін «Ақ ұлдың» кітабымен белгі түсер. Шындық солай іс қимылға ауысады. «Даңқ екінің бірі көтере бермейтін ауыр жүк» Сол бақ келді қазақ жеріне. Бірақ ақталмаған ақиқатта өсектің бір түрі. «Адам болам дегенге артық байлық бітпейді», «Жетімдікті көп көрген үш айтпаса әу демес , жоқшылықты көп көрген өзі тоймай мә демес». Бұл көп қазақтың ахуалы, бірақта адамның бақытты бақытсыздығы өлер сағатында ғана белгілі болады. Сондықтан ағайын алға жіберер, алдыңнан күтер дүниені ойлайық, мүмкіндік беріп тұрғанда халық болып қамданайық!
Тура жолдың ерекшелігі.
Құран кәрім бойынша мұсылман діні үш ерекшелік жолға бөлініп соған байланысты аяттарды айырып түсіндірілген. Шариғат жолы, турарақ жол және тура жол. Барлығының ірге тасы шариғат жолы болып қалғандары тек сол арқылы көктейді. Сондықтан аятта; «(Мұхаммед пайғамбар) сені шариғат ісіне қойдық енді сонымен жүр. Білмегендердің ойына ілеспе. Өйткені олар сені Алладан еш қорғай алмайды. Шынында залымдар бір бірінің досы Сондай – ақ Алла тақуалардың досы». (Жасия-19)
Шариғат негізгі іс болып тақуа болып барып, биіктерге жол ашылады. Аятта; «Кім Аллаға ақиқат күніне, періштелерге, кітаптарға,пайғамбарларға
Иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байланысқан уәдесін орындаушы, таршылықта қиыншылықта сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар». (Бақара – 177)
«Осылайша сендерді орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай – ақ пайғамбарлардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыбылаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла , тура жолға салғандардан басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ ерекше мейрімді.». (Бақара – 149) Тек арап халқына ғана орташа болып, дінің қазығы болып, әлемге ислам дінінің айқындаушы бағдар нысанасы болып тұруға міндеттеген. Қалған мұсылман елдеріне өз тілдік нәсілдік сипатын сақтап, ізденіп өз жолдарын яғни тура жолды табу жүктелген. Ғылым білімді меңгеріп, ол үшін тылсым құпияларына үңіліп, ат қою ақирет заңдылықтарын анықтау құран сырларын меңгеру болып табылады. Содан барып қана астрономия, медицина, жаратылыстану, математика және астрология сияқты ғылым жүйелері тарайды.Ол үшін шариғат парыздарын орындап барып ойлау жүйелері қалыпқа келтіріп, жан тербелістерін қалыпқа түсіру арқылы ғана қасиет көздері ашылады. Әр уақыттақасиетті дамытып толыөқ меңгеру тек жамандықты жақсылық арқылы кетірумен іске асады. Сондай әрбір қарама қарсылықтан шығарар жол тек Алланың жібін табу. Яғни өз тіліңде түс көру, тылсыммен тілдесу. Жер жүзіндегі қай дін болмасын тек өз ерекшелігімен өз салтын дәстүрін сақтай отырып қана келесі ерекшелік жақсылық белгісін қабылдап сіңіре алады. Ол үшінміндетті түрде бастапқы қалпын табу керек. Сонда ғана жанның түрленуі болады. Сондықтанда әр ұлтқа елге жазылған сынақтарды «Тағдыр» деп атаймыз. Тек сынақтардан өтіп отпен судың шарпысуынан асыл тектер пайда болып, өркениетті даму болады. Бір тектілік тек қана жақсы тұрмыс соғына түсудің соңы халықтың қырылуына ауру, апат, соғысқа әкеліп тірейді.
«Бәдеуилерден Алла жолында бергеніне зиян есебіне кісілер бар. Сендерге жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне болсын. Алла толық естуші, анық білуші». (Тәубе -98) Ислам мемлекеттерінде болашақта өз ара соғыстар апаттар болып жаман дәуірлер өздерінде болатыны ескертіледі. Қай мемлекттерге соғыстың келуін, сол ұстанған жолдың қателігін адаса бастағанының белгісі деп қабылдау керек. Тек тура жолды тапқан ел мен орта жолдағы араптарда ғана бейбітшілік болуы тиіс.
«Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы әділетті атқаратын бір топ бар». (Ағраф – 181) Сол топқа кімдер жатады? Қандайда ерекшелік белгісі хикметпен (терең ілім ) анықталуы тиіс.
«Күдіксіз Тауратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың кітабын қорғауға міндеттендірген сопылар мен ғалымдар да, онымен үкім етер еді. Олар оған куәгер еді, Ендеше адамдардан қорықпаңдар да менен қорқыңдар және аяттарымды аз бір ақшаға сатпаңдар! Кім Алланың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар» (Мәйда – 44)
Кітаптарды түсіндіру тек сопы ғалымдарға жүктелген, басқа адамдарға аят құнын арзандатпаңдар деп ескерту беріп және тәпсірлермен үкім етуге тыйым салып, ондай ұстаздардан қарсы болушылар деп қорықпауды міндеттеген аятта. Сондықтан тура жол негізі ғылыммен сәйкестендіріліп Тәураттан «Монахтардан» бастау алады. Замандар өзгеруімен толықтырылып дамыту үшін әр тура жол елдеріне өз жол басшыларын мәлімдеп отырады жаратушымыз. Ондай жағдай ерекше хикмет белгісімен қарапайым ақылға симайтын белгілермен дін танушы қауымының қарсылық сынақтармен атқарылуға тиіс. «Расында ой шындыққа қарағанда түкке тұрмайды. Күдіксіз Алла, олардың істегендерін толық білуші». (Юныс – 36) Шындық тек ғылым арқылы немесе хикметтер (құпия білім) арқылы ғана белгілі болады. Және сол шындықты көрсете білген артында із қалдырған әр халықта елде жол басшылар болған. Тек кейін шәкірттердің жорамал ойларымен бөлшектеніп отырған. Барлық қателік орта жол қағидасын бұзудан басталады немесе орта жолға қайтып барып пайғамбар ізгі істерін орындай алмаудан (дәріптеу, зікір, ыхтифарларды орындамау) туындаған. Қазақ дін ұстанымы да осы ауруға шалдыққан. Әрбір топ тек бір белгіні ұстап алып, өз ара қырқысуға көшті.Електен өткізсе барлығы бір жолдың ғана амалдары екеніне ақыл әзір жетпей жатыр. Басты қателік ата- анаңды сыйла деген жаратушымыздың үкіміне қарсы келіп туысқан халықтардың шылауында кетіп, жетекке еріп, жүгенін ұстап, қосын түзеп жатырмыз.Намысы бар бауырларымыздың сонан болар мешіттен де басқаңнан да ат тонын ала қашып әйтеуір ізденіп жатыр немесе із кесіп жүр әлі.
«Расында Алла (т) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен оларға Алланың аятын оқитын, оларды тазартатын және хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені олар бұрын ашық адасуда еді». (Әли –Ғымыран -161) Енді осы аяттың есебі бар. Тағыда орындалу мезгілі де үштен болу шарт. Бақара сүресі 286 аят болса осы аят мәнін қосақ 447 болып , мұсылман күн тізбесімен 447 жылы елші келген. Және ол елшінің қай қауымға келгенін де анықтауға болады. Бұл сан тура жолдың алғашқы басталу мерзімін де белгілейді.
Көптеген дінді меңгерген ғалым сопы Арыстан баба арқылы Яссауи бабамызға Алланың белгісі пайғамбар аманатын жеткізгендігі туралы бүкіл ислам дін танушылары мойындайды.
Тоғызымда толғанбадым тура жолға,
Тәбәрік деп алып жүрді қолдан қолға
Қуанбадым бұл сөзге, қаштым шөлге,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге
Менің хикметтерім Алладан пәрмен,
Оқып ұққанға бар мағынасы Құран. (Құл Қожа Ахмет Яссауи )
Әулие бабамыздың артынан көптеген ізбасарлары тарап сопылар, ишандар, пірлер шығып Ислам дінінің түркі әлемінде өз орнын алып ғылым, білім дамып, сол бабамыз көрсетіп кеткен хикметтер арқасында, Алланың қолдауымен қазақ атты ел болып тура жолдың жемісі ұлан байтақ жерге, сарқылмас қазынаға, Алланың Нығметіне еге болып, өмір атты көштен өз орнымызды таба білдік. Уақыттар өтті, ғылым білім дамыту қажеттілігі туындады сондықтан Алла тағаланың сынағымен ғылымға құмар елге бодан болып европаға есік ашылды.
«Жер жүзіне сондай – ақ мүбада бір бейнет келетін болса, ол жаратушымыздан бұрын Кітапта жазулы. Шәксіз осы Аллаға жеңіл» (Хадид – 22) «Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші». (Тағабун – 11)
Алладан бұйрық болып егемендікке қол жеткіздік негізінен иман келтірген халық болғандықтан тура жолды жалғастыру пәрмен болды.
«Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла қаласа барлығыңды тура жолға салар еді». (Нахыл – 9) Әрине бірден тура жолды ұстап түсініп кету мүмкін емес. Тек нағыз Алланы толық танумен ғана тура жолды табады. Сондықтан қарама қайшылықтар болып сынақтар арқылы түсіндіре бастады жаратушымыз. Орта жол өкілдеріне толықтыру үшін тақуаларды және зікіршілерді бір біріне сынақ қылып, негізінен біріксе үш топта өз бағыттарын Құранға сәйкестендіріп жетпейтінін бірінен бірі үйренсе шариғат ісі болып шығады. Сол сияқты халықты зираттатып, тылсыинан бата алып қасиетін ашып, тура жолдың негізгі ерекшелігін дәріптеп жүрген осындай үш топ та біріне бірі сынақ болып, халық арасында түсінбеушіліктер туса, ал орта жолдың уәкілдері оған мүлдем қарсы. Демек құран аяттарына жаратушымыздың үкіміне қарсы. Бүкіл дәлел және жақсылықта, жаманшылықта Алладан деп түсіну иман шатты болса, ал жаманшылық өзіңнің қол екі істегеніңнен деп білерсің деген аятта. Бүкіл халық адасуы немесе өзінен өзі ерекше хикметтің пайда болоуы мүмкін емес. Сондай хикметтер болмаса халық шұбырып бір адамның соңына ермейді тек құран арқылы ғана ара жікті анықтап талу керек. Енді сол себептердің ара жігін ашып көрсек , «Ақ ана» тобында шариғат жолын ұстап зираттау болғанымен, өліктермен тілдесуде қателіктер бар. «Эктоплазма» «Топоплазма» арқылы пенденің тазаруда жүрген немесе «Мәуа» жаннатындағы кісілермен байланысқа түсіп ақыл кеңестер алады. Бұл дүние жүзінің тәжірибесінде бар және толық мағлұмат болмайды да пенденің қасиетті меңгеру және сананың толық кемелет табуына мүмкін бола алмайды. Және жоғарғы әлем Алла достарымен шапағатшылармен байланысқа түсе де алмайды. Тек ерекше қасиет егелері ғана өз тапқан жібі арқылы байланыста болады. Оны турарақ жол деп атауға болады, тек бата алып берем деп халықты босқа алдауға болмайды. Бұл топтың негізінен халықтардың сенімін бекітіп, иманға келіп жатқандығы тек әулие әмбиелердің шапағаты арқасында және мұсылман парыздарын міндетті түрде орындау болып сенімге еге болады. «Ермек» атты топтың да осындай қағидаларды ұстауымен және қара бақсылық «Магия» жолын дәріптеушілер мен ұстаушылар болып табылады. Әрине Сүлеймен пайғамбардан қалған жындарды байлап адам баласына қызмет жасатуға міндеттеп басқара білген дін ғұламалары болған. Бірақ аспан әлемі жиілігі өзгеруімен бірге бүкіл жаратылған нәрселердің өрісі жиілігі өзгеріп міндеттері өзгеріске ұшырады сондықтан да бесінші әлем киесімен байланыс орнатылып, бүкіл ем шипасы көп дұғалар, тұмарлар, әртүрлі мұсылман қорғандары келесі жиілікке өтіп қара дұғаға айналып, зиян тигізе бастады, тигізіп те жатыр. Ондай жағдайға түскен адамда аян, түс тоқтайды және үнемі қорқынышта болып жүйке ауруына ұшырайды. Жындану естен тану сияқты аурулар көбейе бермек. Тек осы топтың ішіндегі қасиетті жандар ғана өз мүмкіндігі қасиеті жабылғанша қызмет еиіп сонан соң жабылып өзі қыспаққа түсе бермек. Санаға жол мүлдем жабылады немесе Ібілістің қақпанына түседі. Бұл жолдың да өміршеңдігі тек әулиелерді аралап толық болмаса да шипа алумен ғана шектеледі. Енді «Ақ ұл» тобына келсек батаның да ем шипаның да хикметтері белгілі дәрежеде өз жемісін бере бастады. Өкінішке орай көбейген сайын салғырттық басталып, ішкі жағынан үш топқа бөліне бастады. Киім дәретін сақтап, аянмен және батамен жетеленіп жатқан негізгі шариғат жолын берік ұстағандар тобында қасиеттерді меңгеру арқылы тура жолдың айқын белгілері көрініп, халық ризашылығына бөленіп жатса, екінші топ тек дәрет тазалық сақтауды уағыздап арам астан аулақ болып, тек батамен ғана халықты ертіп жатқандар тобы болып, ал қалай болса солай киініп, әйелдері болса шалбарланып алып, кейбіреулері тек зияраттау немесе белгілі орындарда орамал тартып, еркектер ауызда темекі т.б жаман әдеттерінен құтыла алмай жүріп, тағы басқаны түземек болып ақыл айтып «Ақ жол» деп шапқылап жүргендерде жетерлік. Әрине олардың да соңынан өздері сияқты пенделер ереді. «Қотыр атқа соқыр ат үйір болар деген қазақта» Алла тағала ғана иман береді, сондықтан ондай көңілі соқырларға бола Алланың үкімін жоққа шығарып теріс айналуға болмайды. Қарама қайшылық белгілер ғана ғылымныңда, дінніңде арқауы болмақ. Жаманды көрмесең немесе ақтың қасиетін білу үшін қараның түрін түсін артық кемшілігін білу шарт болса, қандай бір дамудың өсіп өнудің басты шарты, ішкі қайшылықтар болу керек. Соғыстар, апаттар, ірілі кішілі ғана сынақтар арқылы адамзат дамыйды. Егер қоғамда ұры болмаса, сондай ақ арамза да қуда болмаса біртекті адамдар ғана өмір сүрсе, түбі азып адасуға жер бетінен жойылуға соқтырады. Сондықтан патшаның ақылдылығы солардың бәрнің басын қоса біліп, бір мақсатқа кызмет жасату болып табылса, сол сияқты топ бастаған жол басшының да Алла тағала тарапынан берілген үкімі сондай болмақ. Пайғамбарымыз өте кешірімшіл мейрімді болмаса дін тармас еді, ал қатал да айтқанын орындатпай тынбайтын сахабалар болмаса дін өз дәрежесінде аяғынан нық тұрмас еді. Бір адам бәрін неге түземейді деген ақымақтық ой ғана. Негізінен иман келтіріп мешіттерде сәждеге жығылып жатқан, жалпы Алланы тануға тануға жол ашып жатқан осы топтар. Сондықтан да қазақ дін танушылары бірін бірі қудалай бермей құраннан үгіт алса мешіт арқылы түсіндірсе, нұр үстіне нұр болып әлемге әйгілі мемлекетке өз ерекшелігімізбен таныларымыз сөзсіз. Тек пікір талас арқылы, бірін бірі қудаламай және нақты дәлел іс қыймыл, ғылыми сараптама жасау арқылы түсіндіретін кез келді. Құран аятарын тауық құсап әр жерден теріп, бір сөз немесе бір аят арқылы емес он сүреден нақты шешімін айтатын дін танушылар керек.
«Алланың аяттары турасында қарсы болғандар ғана тартысады. (Мұхаммет пайғамбар) сені олардың мемлекеттерде кезіп жүрулері алдамасын» (Ғыфыр – 4) Сол сыртан келген тақуалар мен тәпсіршілер ықпалына орта топтың бір қатары түсіп, дау да май мемлекет деңгейіне дейін көтеріліп жатыр.
«Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырады?» (Ғафыр – 69) Аяттар турасындағы тартыстарды барлық ғылымға ортақ білім тек есеп жүйесімен ғана шешіледі. Есепсіз дүниені баспасөз бетіне жариялауды тыйым салған жөн. Себебі «Алла есепшілердің ең жүйрігі сақ боларсыңдар» деп ескерткен аятта.
«Шын мәнінде сондай аяттарымызды бұрмалаушылық жасағандар Бізге жасырын емес. Ендеше отқа тасталған біреу жақсыма ? Немесе қиямет күні аман сау келген біреу жақсы ма? Қалағандарыңды істеңдер. Сөзсіз Алла істегендеріңді толық көруші». (Фуссилат -40)
«Құранның мүлде шын екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?». (Фуссиллат – 53) Демек әлемнің барлық мемлекеттері белгіленіп жатса сол сияқты пенделерге де белгілер түсіп аянменен ескертіліп жатыр онда қағида да өзгеріске ұшырап жатыр. Дерек тану ғылымдық мекемесін ашып, тығырықтан шығар жол іздейтін уақыт жетті.
«Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз.(49) Өйткені Құран қарсы келушілер үшін қасірет! Шүбәсыз ол құран шындық» Құран аяттарының үгітіне құлақ асып қана өмір сүрген, барлық құлшылық амалдарын құран арқылы ғана жасаған мемлекет немесе жеке пенде болсын бақытты болашақтан үміт ете алады ал қалғандарға қасірет келді. Оған дәлел аятта; «Алла (т) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз ол, өте жоғары, хикмет иесі». (Шура – 51) Мұса пайғамбар алғашқы болып Алламен тілдессе екінші Алла тағаланың пенделермен тілдесуі өзгеріске ұшырап дамыды басқа сипаттарға ауысты хикмет арқылы елшілер белгіленіп үнемі бүкіл адамзат баласын ғылым білім және жақсылыққа қарай жетектеп ескертіп отырады. Енді рухпен байланыс уақытының шамасын есептеп көрейік. Ол үшін аят орын мәнін алып, сол уақыт аралығын айқындауға болады. Бұл аяттың сан мәні 4416 санын беріп сол уақыттан бері осындай уақыт өткенін анықтауға болады. Перғауын мұнарасы да осы шамада күйдірген батпақтан тұрғызылған. Елшілік адам бойындағы құпия қасиет белгі. Кейбір пенделер өмір бойы өзінің өмірге неге келгенін біле алмай өзін өзі таба алмай арпалысып өтіп жатқандар қаншама айналамызда, сондықтан кез келген адам баласы меңгере алмайды, өзінде барды ақылда, ойда анықтай алмайды. Алланың жібінен ұстап қана айқындала бастайды. Пайғамбар еркше қасиеттеріне байланысты елшіде болады, ал керісінше елшінің бәрі жиналып пайғамбар бола алмайды. Мұхаммет пайғамбарымыз елшіліктің жоғарғы дәрежесін қоса меңгерген оған болашақ басылымда тоқталамыз. Қазақ халқына бақ келді, елшіні айқындап мөр басылып қазақтың ұл қыздары екі елдің кіші елшісі атанып өліктерді сөйлестіріп жатыр. Ол жолдың жол басшы мөрдің иелігі Момбай ұлы Қыдырәлі Тарыбаев. Сонда да қарсы болатындар үшін ескерткен.
«Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де ( сенбейді ). Алайда, барлық іс Аллаға тән.Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен таймайды». (Рағыд -31) Бұндай ескерту апаттар бұдан былай тоқтамайды сенбегендер үнемі сынаққа түсіп жазылмайтын ауруларға ұшырап, ем қонбайтын аурулар пайда болып, ұрпақсыздық, кенеттен келетін қайғы қасіреттер қазақ жерінің халқы үшін сынақтар басталып кетті. Ендігі кезек лауазымды пенделермен бәрін ақшаға айырбастап жүргендерге де келіп қалды. Әрине бұл жаратушымыз бізге беріп жатқан нығметі жақсылығы деп түсіну керек. Тозақта ұзақ жатып қалып ұрпақ азып, жойылып немесе басқа ұлтқа жанның ауысқанынан қиындық қыспақтармен өз нәсілдік белгі сақталғаны абзал.Жоғарғыдағы аят сан мәні 2531 болып хижра жыл санауымен сол уақытта жер бөлшектенеді яғни енді 1104 жылдан кейін үлкен апаттар басталады жер бетінде. Кіші мемлекеттер ішіндегі жеке пенделердегі сынақтар тоқтамайды жалғаса бермек. Қазір 16 млн халқымыздың 70 мың адам жүрек ауруына шалдығып дүние жүзінде екінші орынға ие болдық. Сол аурулардың 70 пайызы «Ақ жол» ордалары арқылы жазылып қасиеттің қыспағы немесе бойдағы арам лас істерден сөздерден пайда болған шайтан лағы (қоздырғыштар) екендігіне әзір сендіру қиын. Бірақ Алла тағала ғана иман береді, және бұйырғанын өзгертуші жоқ, тура жол бәрібір жемісін береді. Алдыңғы кітапта ескерткендей жүзден жүйрік мыңнан тұлпарлар шыға бастады, Ванга әжейден де асып түсетін көріпкел ұл қыздарымыз пайда болып, халыққа шипасын тигізіп те жатыр. Болашақ миллиондаған қаражатқа алған күрделі дәрігерлік аспаптарға қарсы бір ғана аққу, сұңқарымызды қойып адам мүмкіндігінің жоғары екенін дәлелдемек ойымыз бар, өкінішке орай қазақ ғылымдары өздері сынаққа түспей мойын бұра қоймас. Бар үміт шетел зерттеушілерін тарту ғана. Сол сияқты дүние жүзілік маңызы бар Отырар кітапханасы табылады. Аянмен көрдім жер астында сақтаулы тұр. Сол кітапханадан Тәураттың да Інжіл, Забурдың да түп нұсқалары болуы керек. Оған да белгілер бар қазақ жерінде. Ол үшін дін басыларынан бастап ғалымдарымыз, үкімет басшыларымыз құран үгітін мойындау керек. Бәрібір мойындатады, бірақта жаза арқылы сондықтан судың да сұрауы болса, халық тағдырының сұрауы одан да зор болар. «Тура жолдың да қисығы бар» деп ескерткендей әзір толық тура жолды тапқан адам жоқ, әлі турар ақ жолмен және қисығымен келеміз, себебі тура жолдың толық қағидасы «Сәни дәптерде». Тура жол бесінші аспан әлемімен байланысты болса, сол аспанда Яссауи бабамыз көтеріліп, намаз оқыған мешіт бар, енді соған тағы да қазақ баласына аяғы тиуі керек, құр ойды қумай соған жарысайық дін танушы және қасиетті ағайындар. Сонда ғана қазақ халқы жаратушымыздың ризашылығына бөленіп әлем алдына шығары сөзсіз. Оған дейін халықты иманға шақыру үшін «ден саулық» құжырлы мекемесімен «мәдени құжырлы» мекемесін бір мүддеге жұмылдырып арасын мешіт дін басқармасымен қосып ақыл кеңес орталығына айналдырып, сол үш бұрыштың ортасын ақ жол ордаларымен толтырып, өліктерден ақыл кеңес алып отырса, қазақ елі әлемнің жан саулығының үлгісіне айналары сөзсіз. Бірақ арман әзірше, себебі қазақ ойшылдарымыз басы немен басталғанын білмей ақ аяғын болжауға кірісіп кетті. «Қай ғылым да дінде сол жолдарда халықтың мұқтажынан туындап қажеттілігін өтеуі керек. Ертең не болатынын көріп біліп отырып керексіз нәрсеге тырбанушылық ақымақтық болмай ма?». (Әл – Фараби)
Ақиқаттың жаршысы болып өз нысандарын қадап кеткен, сондай қазақ даналарын өмірге әкелген аналарымыздың алдында тағзым ете отырып, сол данышпан аталарымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мирастарына, табиғи даналығына, бізге қалдырған құны жетпес салт – дәстүрін қайта жаңғыртып, екі жолдың тоғысында көш бастауға кәзіргі ұрпақтарға аманат етті, әулие аталарымыз. Әулие бабамыз жүрген ізді қайталау мүмкін емес, сондықтан жаратушымыздың түсірген асыл кітабымен қайта қауыштыру парыз және аруақтар аманаты деп біліңіз. Сол аманатты жүктеген пенденің бірі болып, алдағы жоспар, том – том тәпсірлермен бабамыздан қалған мұраны бір жағына қойып, құран аяттарын төреші қылып таразыға түсу мақсатым. Сондықтан да көкірегінде сәулесі бар ұлттық намысын жоғары ұстаған қазақ бауырларымды, құран аяттарының сыртқы сәнін іздемей ішкі мәніне үңіліп зерделеуге шақырамын. «Жалғыздың үні шықпайды» деген аталарымыз, әбден бойға әдетпен сіңіп, артын қорқынышқа айналдырып, Алланың хикмет болмысын ғылымсыз сипаттаумен танытып жатқан орташа топтың ішінен де қарсы болатындар табылар. Бірақта алда әлі ғылымнан хабары бар пендені бей жай қалдырмас, әлемдік мәні бар таңбалар мен сырлар бар айтылатын. Тек көңілі соқырлардан, «білемдерден» тоң мойын сыңар езулерден ғана күдік бар, себебі алғашқы кітапты да таратуға қарсы болып көлденең тұрғандар жүр арамызда. Олар үшін де шындықты жазбақ ойда бар алда мүмкін тәубеге де келер деген де үмітте жоқ емес.
Абайды сабап, Шәкәрімді атып, талай асылдарды да сатқан әлі де сатып жатқан өзіміз. Әл – Фарабидей ғұламаны да елге сыйғызбаған надандар. Шайтан да пенде, өмір сүруге еркі бар. Жаратушымыздың адам баласына берген сынағы: Әуелі өзіңді таны, күрес сол үшін, жеңе біл, сонда ғана жаратушыға жақындайсың. Сол сынақтардан өтіп қана пенде баласы адам санатына қосылып көкжиекті көре бастайды. Бар үміт сөзіне берік шындық үшін жан берер, адал да оқығанынан тоқығаны көп, жасынан көкжиекті көріп өскен, жігерлі шалдарымызбен, тектілігін сақтай білетін тәрбиелі жастарымызға сенейік, ескіргенді жамап, тозғанды толықтырып ұстатайық ұрпағымызға өсіп келе жатқан жастарымызға. Аманатқа қиянат жасамайық ағайын! Ескертіп те жатыр әулие бабалар батаменен тылсымнан.
Мүмкін жеткізе алмаған жерлерім де кемістігі де болған шығар, сондықтан да бұрынғы өткен бабалар салтымен: Әуелі сол даналардан және келешек өсіп келе жатқан балалардан да кешірім сұрай отырып келесі кітап жүзінде кездескенше мал жаның аман болсын ағайын!