Ар сынағы — Ажал.
Қобызым неге сарнайды? —
Ажалдан хабар береді.
Сыбызғым неге зарлайды? —
Деп түр ием өледі….
Аурусыз жанға айла жоқ,
Аурулы жанға дәрі бар.
Аурусыз адам қайда жоқ,
Аурудың онда бәрі бар.
Аурусыз жандар –мисыздар,
Мисызда ауру бола ма?
Тәні сау, миы науқастар,
Ондайға дәрі қона ма?
Милы да ойсыз күн болмас,
Ауырмай миы тұра ма?
Миынан басқа ем қонбас,
Емдейін бе деп сұрама!
(Шәкәрім ата)
«Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі өздеріңді құтқара алмайсыңдар». (Рахман-35)
Жаратушымыздың сынақ үшін жіберетін екі періште жоғарғы қуат шындық деп аталады. Шайтанның азғыруымен арам аспен, азғындықтан тән ауырса, одан бұрын жан ауырады. Сосын малы, содан кейін ғана тәнде белгі іріп шіру басталады. Малдың өлуін болып, бес қуаттың белгілі иістерді қабылдап, жеке белгілі қуатқа айналып, жан жобасына қарама қарсылық жағдайдың пайда болуынан ажал туындайды. Інжілде былай жазылған: «Істеген жаман ісіңе орай жазаңды аласың; қандай өлшеммен өлшесең, өзің де сол мөлшермен аласың.» Ажалдың да өлшемі саны бар. Ол да тоғыз белгіден тұрады. 9 кісінің ауру белгісі тәнге беріледі. Тоғыз түрлі қозғалыс тегінің он түрлі мағлұмат жинауы шарт болып тоғыз түрде жан пайда болады, сонымен пенде баласында 99 түрлі мал жан болып сөзбен біріктіру шарт. Сондықтан тілді ғана біреу қылып жаратқан. Әр халыққа тіл ерекшелігіне байланысты ғана түсі, (рең) әдет — ғұрпы сол мал саулығының басты белгісі, сонан барып жан саулығы ар белгісі қалыптасады. Ар өлшемінің кемуі ауруды шақырады, болмаса дереу ажал жетіп келуі ықтимал. Жинаған жиынтық арға көктен алар сәуле несібе тәуелді. Арсызда ұзақ жасайтындар бар, себебі ол ата бабасынан жиналған қорды ысырап етіп, болашақта тұқымы тозып құруға бұйырылған жандар тобынан болады. Құранда «Жаза берер алдында бар есікті ашып қоямын» деген ескрту бар. Түбінде біреу қуаныштан, біреу қайғыдан, біреу жалғыздықтың зардабынан жылау шартты үкім. Өмірден қу дүниеден басқа ештеме ала алмай өту қайғының үлкені құдай содан сақтасын қазақты. Европа халқының емі жоқ ауруы сол. Жалпы жеке пенде баласы немесе сол халықтың жиынтық ар белгісі сыртқы ортадан қорғаныс «иммунитет» деп қабылдаған жөн. Қазақ халқындағы сол індет белгілеріне (арды жоғалту) тоқталсақ.
Бірінші індет тілді сату, дінді сату, жалпы ұлттық ерекшеліктерді сату. Сол арқылы жан белгісінен ажырай бастадық.
— Халықтың және әр жеке адамның тек өзін-өзі ғана ойлайтын жүйесін қалыптастырып, қалаларға шоғырландырып, европа дәстүрін тықпалап туысқандық, бауырмалдық ерекшеліктерінен айыру. Бір қалада тұрып бірін-бірі көрмейтін шешесі мен қызы немесе ағайындар тек ортада кафе т.б. жерлерде кездесіп, туысқандық дәстүр ұжымшылдықтан айырылу белгісі жаппай қалыптасып келеді.
— Европа дәстүрімен қоса келген ауру әр адам өзін-өзі шексіз сүю белгісі пайда болды. «Тәкапарлық» деп атап өзін-өзі жақсы көргені сонша, бар адамнан өзін артық санап бүкіл адамзаттың тәртібін түзейміз деп әуреге түсе бастайды.
— Бразилия т.б. шетел бейнетаспаларымен қоса келген ауру тез оңай баюға құмарлық. Алса күреп алу керек, болмаса аш жалаңаш жүре беру керек.
— Билікті, қоғамды жамандағаннан ләззат алу үрдіске айналды. Бұл қоғам індетіне айналды. «Мұнша қасіретті қазақ басынан кешпеген. Бәрі ұры, қанішер тек өзгертсе бәрі тыныш бақытты болады. Иманды өмір сүреді» деген ақылдың азғындау індеті пайда болды елімізде.
— Қазақ тек Европадан, басқа елдерден дайын үлгісін қабылдап қана өркениетті өмір сүреді, қарыштап өседі, сана ашылады деп соңғы белгі гендік, ұлттық дағдарысқа апарып тірелетін ардың азғындауын дәріптеу жүріп жатыр.
— Ұлттық құндылықтың әлсіреуіне мешіттер ерекше атсалысып жатыр. Бәрін араптан көшіріп алмаса, иман табу қиын деп, аруақты құрметтеу арқылы иман табатын қазақтың дәстүрлі басты байлығы екенін естен шығаруға ерекше тырысып бағуда. Осындай кері тартпа насихаттың салдарынан әйел, еркек жыныстық және ұлттық мінездер араласып тәндік және жандық дағдарыстар туындады. Бұл ауру және көрші мемлекеттерді де қамтып жатыр.
Тәндік дағдарыс.
Дағдарыстың басты белгілерінің бірі қатерлі ісік, өкпе тері, асқазан, сүт бездері, тыныс аурулары және көршіден, европадан жұқтырған әлемдік аурулар түрі нашақорлық, маскүнемдік, әр түрлі тұмау дерттері болып табылады.
Нақты себебін таппаған мемлекеттер тек емхана салып, дәрі жасау мен айналысып кетті. Жыныстық бездердің, белсіздік, сүт безінің қабынуы дәстүр ықпалы аз Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы қаласы алдыңғы орында. Жылына бұл көрсеткіштер өсіп-дамып жетіліп келеді. 17-18 мың адам қатерлі ісік ауруынан өліп, қан тамырының ауру өлімі 1-ші орынға шықса, улану 2-ші орынға шықты. Бұған себеп экология дейді ғалымдар. Бүкіл аурудың 20% ғана қоршаған ортаға байланысты, оған да адам өзі кінәлі.Қалғаны тәннің экологиясына байланысты екені ғалымдарымыздың ойына кірмей жатыр. Әзір кіре қоймас. Европа, Америка ғалымдарын мойындату керек әуелі. Басты себеп жалаңаш тамақ дайындау, солай тамақтану және тәннің иістеніп бұзылуы мен алақан бездерінен теріс сәулесінің пайда болуы осы қасіреттердің басты себебіне айналып, жуық арада індетке айналуы мүмкін. Өйткені шындық сәулесі көбейген үстіне көбейіп, бүгінгі ақылды ертең жынды, бүгін сау ертең мешелге айналу көбейе бермек. Ешқандай қаражатсыз тек батыл қадамдар жасап, халықты киіндіріп, дәрет, алуды үйретсе 50% ауруды азайтуға болады. Әзірше тек арман. Оған дейін ақылшы “психологтар” мен дәрігерлеріміз өздеріне ажал мөрі түсе бастаса қозғалыс болады. Түсті де себебі қазақ елінде әйелдер өлімі жылдан жылға өсіп келе жатыр. Спид атты қоздырғыштың құпиясы ардың азуында екені түбі дәлелденеді. Ақылдың азуы да пайда болып өзінің өмірге не үшін келгенін толық түсінбеген кейбір әйелдеріміз ел басқарамыз деп халыққа, бастарына бәле шақыруға кірісіп кетті. «Ауру астан дау қарындастан» екенін ұғу үшін әлі талай шаңырақ шайқалып, талай ақыл айтқыштардың ит өліммен өліп артында ештеме қалдырмайтынына көз жеткізбей тоқтала қоймас. «Бай бөрі деген бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты, бір перзентке зар болыпты» деген заман сол асық ойнаған байдың да, жалаңаш доп қуған ұлмен, сән қуған етегін түріп есі кеткен қыздыңда басына туатыны ақиқат! Тәндерін ашыған тегенеден төгілген қамырдай немесе үрлеген мес болғанына мәз, арты шаян түрі надан болашақ ұрпақтарымыздың азығы, бірі мұнай болса бірі хайуан, бірі мал. Малсыз қазақты елестету қиын. Сондықтан әзірше аман болып ішіп жеп жүре берсін арам астарын, болашақ ұрпаққа айтатын ескерту үлгі болар мүмкін.
Жандық дағдарыс.
Өмірге нәрестелердің кеміс, әртүрлі ақаулармен келуі және байқалмайтын кейін ержеткеннен кейін көрінетін жандық ақаулар түрі халықтың жалпы қасіреті болмақ. Болып та жатыр. Көрші Ресей мемлекеті осыдан екі жыл бұрын 150 мың адамға азайса, енді биылғы есеп бойынша 700 мың адамға азайды. Келесі жылы тағы миллионның үстіне шықса,сонан кейін он жыл шамасында үлкен жандық дағдарысқа тірелді. Солтүстік аудландарда ауылдары бос қалып, үйленген от басының үштен екісі ажырасып, қалғанының 49 пайызы бала туа алмайтын ауруға ұшырады. Екі жарым миллион үстінде тіркелген азған адам санатында жоқ болса, тіркелмеген оданда көп. Жоғарғыдағы Майқы би атамыз айтқан болжам артығымен келді орыс атты білгіш халыққа. Себебі аятта: «Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші». (Табағұн-11).
«Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз» (Ісра-16) Көршілеріміз ақшаменен адам санын көбейтеміз деп қаражат бөліп, келем дегенге есікті ашып қойып науқанға кірісіп кетті. Бірақ бәрібір онымен халықтың қырылуын тоқтату мүмкін емес. Себебі аятта; «Ешбір ұрғашы Алланың білімінен тыс жүкті болмайды да тумайды. Алланың кітабында жазылған өмір ұзартылмайды да қысқартылмайды. Әрине бұл Аллаға оңай» (Фатыр-11) Қолдан ұрықтандырып оңай жол іздегендерге ескерту деп біліңіз, сол ұрпақтың өмірі қалай болатындығы тек Алла тағалаға аян болмақ. Демек орыс халқы жоғарғыдан қысқаруға түсті, енді оны ұзақ уақытқа дейін тоқтатушы жоқ. Демек жан қысқарса тілде мәнін жоя бастайды ол заңдылық. Орыстан қауіп аз тек сабақ алуымыз керек. Ол үшін әр пенде өз тағдырын өлшеп үйренуі керек. Әлемде болып жатқан жағдайға көкірек көзімен қарап салыстырып үлгі алатын мезгіл туды. «Алла әр ұрғашы жыныстың неге жүкті болғандығын және жатырлардың нені кемітіп, нені арылтқанын біледі. Оның жанында әр нәрсе өлшеулі». (Рағыд-8) Ол өлшемнің басты белгісі ар. Жанға азық, дертке шипа Алладан рахмет армен ғана беріледі. Ар әр пенденің жеке қазынасы, рухтан алған үлесі. «(Мухаммед пайғамбар) Әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба (10) Өте айыптаған өсек тасығышқа да (11) Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да (12) сотқар сондай-ақ тексізге де (13) Бұлар малды балалы болса да (14) оған аяттарымыз оқылған сәтте: “Бұрынғыларымыздың ертегісі деді. (15) жуырда оның мұрнына дақ саламыз». (Қалам-16) Адам тәнінде 8 мұрын бар. Сондай жазылмайтын аурулар, құс тұмауы, жыныстық аурулар, (СПИД) дененің әр түрлі иістеніп шіруі, «Ихинакох» деп аталған бауырда судың пайда болуы “Аллергия” деген атаққа еге болған ауру да осындай жоғарғыдағы жандарға тиісті тексіздіктен тәндкгі құпия мұрын бездеріндегі дақтан пайда болады. Ең жаманы әйелмен еркек арасындағы «Аллергия» дақ түсу. «Оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір доста ықпалды болысушы да болмайды (18) Алла көздердің қиянатын және көкіректегіні біледі. (Ғафыр-19) Бұл да төніп тұрған ғасыр дерті. Жуық арада Шешенстанда 15 шақты мектеп жасындағылар осындай дертке ұшырады. Европада сүйісіп тұрып көшеде өліп қалып жатқандар жеткілікті». Көпшілік жандарға қиямет күні есеп беру уақытының жақындағанын ескерте бастады жаратушымыз.
«Егер қарсы келсеңдер, балалардың шашын ағартып күннен қайтып сақтанасыңдар». (Мүззәмміл-17)
Қазақ елінде де ақ шашты балалар өмірге келе бастады. Қиямет мезгілі келді оларға деген белгі. Сары шаш сол әулеттегі жанның соңғы демі болып өмірі қысқа болса, ақ шашты бала қоғамға ортаға келгекн ескерту. Өркендеген экономика, зәулім сарайларда адам денсаулығымен салыстырғанда түкке де тұрмайды. Жан саулығы ғана қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманды туғызады. Қазақ халқы негізінен аласұрып жолға шыққан жолаушы кейпіндеміз. Алда не тұрғанын, қалай болады не алу керек, қалай киіну керек тағы қандай қиындықтар тұр беймәлім! Сол ұлы жолға ақ жолға бет алған көп қазақта ойлануға шамасы жетпей, ойланғанның ақылы жетпей дағдарысқа тірелдік. Себебі ұлттық ойлау ерекшелігінен қазақша түс көруден айырылды ойшылдар да атқамінерлерде. «Аян» деген жаратушымыздан берілген қасиетті жоспардың дағдарысқа тірелуіне, мәдениет құзырлы мекемелері мен дін танушылар да ықпалын тигізіп жатыр. Халықтың салтын мәдениетін сақтаушы мекемелер, сайтанның ойнағына айналып, Ібілістің қақпанына түскенін әзір аңғара қоятын түрі жоқ. «Ақыр заман болғанда қарап тұрған жігітке қыз артылар» деп күрсінетін ертеректе қариялар, мүмкін көрмей өлгендеріде дұрыс болған шығар. Қызы еркекке артылмақ түгіл, сол қыздардың анасы төсінен құйрығы, артқы жағынан боқ ауызы көрініп, талтайып отырып жұртың алдына шығып мәдиенет туралы үйретіп жүр халықты. Ақша бермесең тумаймыз деп қиғылықта салып жатыр әйел халқы. Жалпы халықтың ар ұят дәрежесінің көрсеткіші, қыздарының тәрбиесімен аналар өнегесі елдің де отанныңда берекеті болашақтың жобасы. Қазақ әйелдерінің көнбістігімен еркекті еркек ете білген ақылды қажырлығымен намысын жатқа таптатып ерікенге етегін ашпай ар ұятының өлшемін білгенінің арқасында қазақ атты бай мемлектке айналдық. Енді толық қанды ел болу үшін бесіктен бастап түзеу керек. Жүгенін сыпырып кшеге шығып кеткен әйел затынан үміт аз, бәрәбір намыссыз ұрпақ туады. «Ұлдың жақсы болуы нағашысынан». «Көкке бағынған ел ғана өседі қарсыласқан өшеді», «Құдайсыз қурай сынбас», «Алла деген азбайды, тәңір бермей ел байымайды». Тығырыққа тірелгенде аталарымыз құрбан шалып, Алладан медет, аруақтардан көмек сұраған. Әлі де кеш емес ағайын.
Өмір сырын көздесең,
Жарға шоқын жаннан без!
Сыр қаласын іздесең,
Сырлы сұлу тамнан без!
Болат кісен – тақ саған
Текір ноқта бақ саған,
Дәулетің у мақтаған,
Пайда мақтан, малдан без!
Жақын сыймас жатым деп,
Ешкімді айтпа халқым деп.
Біріңнен бірің тартып жеп
Таласып жүрген аңнан без!
Дүние құмар өзімшіл
Нұр таба алмас, анық біл.
Жардың сөзін құран қыл,
Шатақ дін мен заңнан без! (Шәкәрім ата)