Алла тағала мөрі мал – жан.
Ақыл құсы адаспай аспандаса,
Әлемде нәрсе болмас көзден таса,
Жеті көк жерден оңай басқыш болып
Ғарышқа қол жетеді қармаласа,
Жанның бәрі мендей жар табар еді,
Терең ой, сау ақылмен шамаласса….
Гүлді көрсе мұңлы әнмен бұлбұл сайрап,
Айтып тұр ма баянсыз өмір жайын!
Таң бозарса, аспанда құйқылжытып
Әнді неге салады бозторғайың?!
Ғылымдылар тексеріп көрді ме екен,
Әлемнің қиын сырлы осындайын?
(Шәкәрім ата)
«Ол сегіз түр жаратты. Қойдан екеу, ешкіден екеу. “Алла екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырыңдағылар да қосыла ма? Егер сөздердің шын болса маған біліп түсіндіріңдер” де. (143) Және түйеден екеу, сиырдан да екеу. “Екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырыңдағылар қосыла ма? Немесе Алла сендерге осыны нұсқағанда бар ма едіңдер де». Білмесе де адамдарды адастыру үшін Аллаға өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Күдіксіз Алла, залым елді тура жолға салмайды». (Әнғам – 144)
Адам денесінде 8 түрлі мал бар. Белге дейін қой, ешкі. Бел мен бас арасы түйе мен сиыр. Ер адамда еркектік әйел адамда ұрғашы малдар белгісі болады. Бас тұлғасы негізінен әр халыққа тән өзіндік малдарынан қалыптасады немесе әртүрлі тозақтық, жұмақтық белгілер арқылы төрт түлік малдың орналасу сипаты баста болады. Ешкі мен қой алмасып отырады және түйе мен сиыр сол сияқты. Ешкі құйрық немесе қойдың құйрығы болып жамбас сүйектер ерекшеленсе. Төменгі сирақ ешкі болса жүйрік жүргіш, қой болса жәй басар. т.б. Кеуде тұсынан төмен сиыр болса тек ішіп жеуге құмарлық, әйелдерде сүтті болып бірақ құнары аз болып сонымен қатар ғайыпқа сенбейтін надандық, еркектерде өгізге ұқсас тек сүзіп өтетін қылықтар да болады. Түйелік басым болған жағдайда білекке беріліп қуатты күшті болып, түйе палуандар сондай пенделерден шығады. Түйе төмен түссе шыдамдылық, төзімділік, ащы тағы басқа талғамай жейтін де нәпсілік мінез болады. Әйелдерде «екі жылда бір туады түйенікі не талтаң» деген сипатта болады. Енді осы төрт түлікті төрт жыныстық без және он алты көз, он алты құлақ бар. Он алты көз буындарда тобық болып шығып тұрады, сүйек бастарында орналасып сүйек майымен бастағы көзге жалғасады. Бас көзі де осы малдардың орналасуына тәуелді. Бота көз, қой көз, ешкі көз, сиыр көз дегендер бар. Сиыр көзді болып «шындыққа қара» деген белгі көбіне славян халықтарында көп кездеседі. Он алты құлақ бездері ішкі ағзаларда, ішектерде май қабатында орналасқан. Сол бездерінің бұзылуы (тілінеді) сыртқы оймен өріспен қосылып кетіп тек ішкен жегенмен нәпсімен дәм сезу жүйелерімен бағалап арты азғындауға ұшыратады. Семіздік ауруы да осыдай шайтан лағының өсуінен ойлау сезім жүйесін қалыптан шығады. Қасиет көздері де сол сияқты әртүрлі ауруға шалдығады, киіммен қорғалмаса ойлау жүйесіне қосылып кетіп пенде қылығы өзгеріске ұшырайды. Жәй ғана мысал біреудің әдемі құйрығына көзі түссе өзіне ұнаса болды дереу өзі де құйрығын көрсете қояды. Көзбен ғана ойлау жүйесін қалыптастырып ғылымда малдық “инстинкт” деп аталады. Сиыр күйлегенде бұқаға көзіне түсу үшін құйрығын көтеріп қайта-қайта иіс шығарады. Адамдарда тәннен шығатын ондай иіс кері әсерін тигізеді Енді сол төрт түліктің өзіне тән иісі тербеліс жиілігі бар. Сол сияқты адам тәнінің негізгі исі тербеліс жиілігі иықтан төмен төртке бөлінеді және ұрғашы еркек болып сегіз түрлі иіскеде айналуы мүмкін. Болашақ (медицина) шипагерлік ғылым осылай жүйеленсе көп аурудың кілті табылары сөзсіз. Әр малдың жейтін тамағы тағы басқа мінездері өзіне тән ерекшеліктері бар. Жалпы қазақ және мұсылман халқы үшін негізгі малдық сипат қой болу шарт. Адам баласына берілген жоспар діннің мақсаты бір малға сол сегіз түрді бір текті бір мінезге айналдыру міндет. Сол жұмыстың аты нәпсіні меңгеру болмақ. Сондықтан аятта:
«(Мұхаммед пайғамбар) мүміндерге айт көздерін сақтасын, әрі ұятты жерлерін қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла олардың не істегендерінен хабар алушы. Мүмін әйелдерге айт, әрі ұятты жерлерін қорғасын. Сондай ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ өздігінен көрінгені басқа. Және бүркеншіктерін омырауына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, аға бауырларына, әпке сіңлілерінің ұлдарына мұсылман әйелдерге, қолдарындағы қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерін білмейтін балаларға көрсетуге болады және көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер түгел Аллаға тәуба қылыңдар! Әрине құтыласыңдар». (Нұр 31-аят) Осы аяттан ақ қазақ халқының дәстүрлі киімі туындайды. Көзді сақтау бастағы көзі емес ғайып көздер. Әйел затында сол сияқты төрт жыныс мүшесі нәпсі сезім көздері өзіндік тәртібімен орналасқан. Зейнет деп аталып жаратушымыздың әр пендедегі ар ұят жыныстық қабілетті малдық белгілерді тәнге сызықтар түрінде жазған. Сондықтан ол жыныс мүшелері ашық қорғалмағандықтан «әурет» (қасиет) деп атап әйел денесі мүлдем жабық болуды қалайды. Ал көрінбейтін жыныстық бездер ғылымда (эрогендік) қоздырғыш бездер мүшелері деп атайды. Еркектерде де бейнелік пішініне байланысты өзіндік орналасу тәртібі бар. Жалпы қазақ сол бар мүшеге ат қоя білген. Алдыңғы балтыр және бел қосылу сызығын «арайжап» деп атаған. Артқы нәжіс шығару белгісін нәпсінің белгілік шамасы деп түсіндіруге болады ауызбен, тәбетпен де байланысты болып келеді. Арайжап ар намыс түйіндемесі деп аталады. Қалай орналасуы және қалпы және сол ай тәрізді белгісінің қаншалықты доғалық, үшбұрыш сызықтық сипаты өткен өмірдегі жан белгісінен хабар беріп және тәндік сипаттағы қаншалықты ар намыс ұятының сызықтық мөлшері болып, бала көтеру т.б нәпсілік, жыныстық, құмарлық белгілерін де айқындайды. Әйел затында үш бұрыш арай жаптың төменгі ұшы сүйір болса, жыныстық қан айналымының әлсіздігін, бала көтеру қабілетінің аздығын көрсетеді. Үнемі еркек киімін киген әйел затында жыныс мүшесінің үшкірленіп ет өсіп қанағатсыздыққа немесе жыныстық қабілетінің өзгеріп (фригидность) жойылуына әкеп соқтырады. Себебі ғылымда белгілі қадамдық өріс (шагвое) қара қуат екі аяқтың арасында пайда болады. Сол өріс пенденің жыныстық қабілетін қорғаныс шегін бұзады. Және болашақ басылымда талқылаймыз, себебі сәулелердің таралу шағылысу әсерлері де жыныстық бездерді өзгеріске ұшыратып отырады. Сондай нәпсілік өзгерістерге ұшыраған жандар Алланың қарғысына ұшыраған лағнеттелгендер тобынан болу керек, қара нәсілді әйелдердің, жүруге кедергі келтіретін болғандықтан жыныс мүшесін кестіріп (піштіріп) отыратын тайпалар өмір сүріп жатыр жер бетінде. Сондықтан ондай құпия белгілерді де зейнет деп аталаған құранда. Көру қасиет көз бездері негізінен пенденің алдыңғы бөлігінде орналасқан;Омырау, кіндік, екі шапта және балтыр бөліктерінде болып көрінбейтін мал көздерін қалыптастыратын, бұлшық еттерде және сүйек буындарында түйін бездері болады. Есту құлақ бездерінің түйіндемелері екі жаурында, желке шұңқыры сегіз көз, жамбас шұңқыры, кіндікке қарама қарсы шұңқыр болып және тізе асты, тобық арты шұңқырлары жатады. Артқы құйрық асты нәпсілік сызықтық белгісі болып, асқазан ішек құрлысымен пенденің тәбеттік нәпсілік мінезін айқындайды. Оның да сызықтық анықтау дәрежесі бар. Тәннің иістік қорын, сәулелерді қабылдау және түрлендіру сипатын да көрсетеді. Әйел затында көкірек емшек шеңберімен артқы құйрық шеңберінің арақатынасынан туындайтын белгілі есеп заңдылығы бар. Сондықтан зейнет белгісін айқындау еркекке де ұят деп санағандықтан тар денеге жабысқан киім киінуге болмайды деп тыйым салған қазақта. Бұл белгінің азайып зейнет көрінісі түзу сызыққа айналып тозақтық белгі болып бұл көрініс орыс ұлтында ерекше өзгеріске ұшырап бала тууы, жыныстық қуаттың азғындауы басталса кейбір қазақ бауырларымыз да қалысатын емес.Ұятта болса ескертіп кеткен жөн әйел пенденің балтыр арасы қосылып мүсіні түзелген сайын мақтаныш емес болашақ қасіреттен белгі. Аяғы түзу балтырлары қосылған әйел затынан көп жағдайда бала туу қаблеті төмен болады. Жыныс белгісін айқындап көрсету арсыздық деп пайғамбарымыз алды артын жауып жүруді еркектерге де үлгі қылып қалыптастырса ислам елдерінде, ал аталарымыз тура жолын тауып шапан киетін болған.
Адамның қасиет қабілеті қаншалықты сол тәндік малдарды тәрбиелеуге күтуге тәуелді екендігі ғылымда әлі соны жаңалық. Тек күрделі ісіктерді емдеу зертеу саласында (радиобиология) тәннің сыртқы ортаға қорғаныс қабілетін артыру керек деп жазады, нақты көрсетілмейді. Сондықтан ол үшін мал дәрігерлік ғылым дамып жаңадан әр малдың иістік, қуаттың тербелістерін анықтаса ғана адам ағзасының кейбір құпия бөліктері ерекшеліктері айқын болар еді ғылымда. Мал баққан елдер сол қорғаныс тәсілдерін меңгергенін көз көз жеткізер еді ғылымда. Адамзаттың сол малдардың қораларының есіктері ашық қалып көздері жасаурап, құлақтарына салқын тиіп, жыныстық бездері иістеніп жер бетінің халқы азғындай бастады.
Осы тәндік малдық белгілер жіктеліп үш қараңғылыққа бағынып басты бейнелейді. Бас бағбан саған ризық несіп беруші күтуші. Бас әр халықтың саналық жүйесіне байланысты өзгеріске түрленуге ұшырайды.Қазақ халқы үшін бас жылқы малынан. Құйрық биеге қандай қорғаныш болса әйел адамға да сондай қорған. Биенің құйрығын кесу жоқтаудың, асылынан айырылған жанның ажалдың белгісі. Ондай бие түртпек көрмей тез семіреді, айғырда жуымайды. Тұл деп атайды. Сол сияқты кезінде жезөкше әйелдің бұрымын кескен, елден аластаған. Шаш кесу арсыздық белгісі болып есептелген. Тоқтала кететін жағдай қазақта баланы жасынан сынау белгілері болған. Баланың бір құлағынан екінші құлағы үлкен болса күйші, маңдай кең болса – жайдары. Құлағы мен аузының арасы жақын болса өтірікші. Желкесінің шұңқыры үлкендеу болса – жалқау. Бас бармағы үлкен, сүйрік болса – сері. Бармағы майысқан болса – шебер Бетінде қалы, не түгі болса – балуан болады. Әсіресе сыншылар “Батыр болады” деп айтса, оны ешкімге көрсетпей оңаша бағып тәрбиелеген. Нәресте анасының омырауын тас қылып ұстап еметін болса – сараң. Алақаны ашық алаңсыз емсе – мырза. Ер бала көзін ашып ұйықтаса ержеткенде жары сұлу, бақытты болады. Ал қыз бала осындай болса – күйеуі көрікті болады. Бала үнемі жастықтың үстінде ұйықтайтын болса — ел басқаратын көсем. Көрпесін тұмшалап орап бүк түсіп жатса — ынжық. Екі аяғын тартып ұйықтаса уайымшыл. Шалқасынан жатып ұйықтаса – ақ көңіл. Ет бетінен жатып ұйықтаса қызғаншақ. Тоңқайып жатып ұйықтаса – ойшыл. Аяқ – қолын төрт жаққа созып бей – жай ұйықтайтын болса өскенде төрт құбыласы тең кемеңгер, әрі батыр, шешен болады деп ұйғарып кей кемістігіне, ерекшелігіне қарай тәрбие берген түзеуге дамытуға тырысқан. Ол тәсілдер сол малдарды қоралай білу. Яғни бір біріне тек ақыл арқылы ғана қатыстырып ұятпен шектеп отырған.
«Раббымыз әр нәрсеге бір бейне беріп, сонан соң оны тура жолға салған» деді. (Таһа — 50). Тұлғалық бейнеге тәуелді түрде ғана рух жазылатынын ескертеді аятта.
Алла тағала адам баласын көркем бейнелеп қарама-қарсы қайшылықта, түстік, тілдік, тұлғалық, жыныстық теңсіздіктерден ақыретте тепе — теңдік ұйғарған. Несібесін теңестірген. Сондықтан сол ерекшелігін ұтымды пайдаланып тек тура жолмен жүруді бұйырған. Пайғамбарлар жіберіп жол басшылар тағайындап малдарды қоралау тәсілін үйреткен. Жалпы малдарды түріне қарай бөлу қоралау тәсілі намаз болып, төрт қораға бөліп баспен жүйелеуді бес уақытқа тәуелді болып жіктелген. Ал ішкі қораларда және бақшаны күтуді тақуалық және сопылық жол деп атаған. Бірақ әуелі құранды шариғат жолын меңгеріп тақуа болып және тілдік, үндестік (диалект)мақамдық тәсілдерін білмей тек осы дұрыс екен деп орта жолдан сопы атанып шатаса бастадық. Шариғат жолын толық меңгеріп қана, малдардағы теріс белгі шайтан лағын тазартып, қора есіктерін жауып әр пендеге тән зікірге мақамға жол ашылады. Оны «Алланың жібі» деп атайды. Сол жіпті табу аянды меңгерумен көктер есігінің қақпасы ашылады. Оған тек құран аяттарын толық түсініп барып қасиет, қабілет көздерін ашып қана жол ашылады. Сондықтан алда талай аяттың құпия есіктерін қағып көреміз. Алла тағала қаласа мүмкін жол ашылар
Жан бағбан, тән бақша.
«Және ол, сендерді бір-ақ кісіден жаратқан. Сендерге уақытша орын тұрақ бар. Расында ұғатын қауымға аяттарымызды ашықтан ашық баян еттік». (Әнғам -98) Сол тұратын орынды бақша деп атаған Құранда.
«Ол сондай Алла, желдерді жібереді де бұлттарды жүргізіп, оны қалауы бойынша аспанда жаяды. Және бұлтты бөлшектейді. Содан оның араларынан жаңбырдың шыққанын көресің.содан ол, жаңбырды құлдарының қалағанына жеткізеді. Сол уақытта олар қуанышқа ие болады». (Рум-48) Жаңбырмен бірге кісі (қуат) келеді.(Бала көтерерде әйел адамдағы ерекше қуанышты сезімді ескертеді). Өмірге келген сәбидің көргені, күлгені, түсінгені ата-ана үшін үлкен қуаныш. Бұл енді жанның алғашқы белгісі. Жан күзетшісі оны қалаған құлына жеткізеді. Бұл жерде алғашқы келген жанның айырмашылығы болмайды.) «Сосын оны бейнелеп ішіне өз рухын үреді. Сондай-ақ сендерге есту, көру және түсіну қабілетін берді. Аз шүкір етесіңдер». (Сәжде-9) Пенде баласында есту, көру, түсіну қабілетінде айырмашылық жоқ. Тек өсу барысында малдың қалай тәрбиеленіп өсуіне байланысты рух беріліп отырады да ерекшеліктер мінез пайда болады. «Бейнелеп» өсіп жетіліп қабілет пайда болғанда ғана рухтан хабар келіп жан бақшасының дамуы басталады. Сол бақшаны өсіретін ата ана тәрбиесі және салт- дәстүр. Енді бақшаның сипаты Құранда: «Және ол, аспаннан жаңбыр жаудырды. Ол арқылы әр түрлі өсімдікті шығардық та, одан жасылдық шығарып үсті үстіне ұйысқан түйінді шығарамыз (жасылдық дегеніміз дене түктері және сезім белгі бездері қалыптасып, жүйке тамырлары қалыптасып өсе бастайды). Және құрма ағашының қауашағынан (сүйек буын бастарынан) салбыраған шумақтар және жүзім бақтарын, (сыртқы ішкі өріс көрінісі жүзім бұтақтары сияқты өріс жүйелері) бір біріне ұқсаған, ұқсамаған зәйтүн, анар шығарамыз. (Жыныстық бездер еркек, ұрғашы) Мәуеленгенде әрі піскенде жемістеріне бір қараңдар; міне шәксіз осыларды сенген ел үшін әрине дәлелдер бар. Және олар, Алла жаратқан жындарды оған теңеді.(Сегіз түрлі жын негізі адамзат тәнінде өсіп шығады.) Және олар білместіктен Оған ұлдар, қыздар ұйғарды. Ол олардың сипаттағандарынан пәк, жоғары». (Әнғам -99, 100).(Жындарда жыныс жоқ тек жыныстық мінез қалыптасады.) Құрма ағашынан жүзім бағы шықпайтыны ақымаққа да түсінікті. Адам сүйегі құрамы жағынан құрма ағашына ұқсас болып келеді. Құрма жаннаттық өсімдік. Адам тәнінде үш қышқыл бар. Сол қышқылдар өріс тамыры болып жүзім, зәйтүн, анар өсімдіктерінің қорегі болып табылады. Бұл бақтың жеміс беретін уақыты қыз, ұл болып ержеткен, кез. Осындай адам жанының ішкі тамыр бөлігін ғылымда жүйке жүйесі деп атайды.
Көркем жапырақтармен әсемделген жанның үйін, бақшасын бүлдіретін, жаратушымыздың түсірген, үкім етілген парыздарын, ғибадаттарды орындамау болса, ал арсыздық істер сол бақшаны өрмекшінің ұясына айналдырып алады. Ондай пенделерге аятта: «Алладан өзгені ие етіп алғандар, ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты; шын мәнінде үйлерінің ең осалы өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса». (Ғанкәбүт).Пенде өрісінің әлсіздігі де және түрі де өрмекші ұясына ұқсайды. Алла тағала ғана оны қорғайды. Адам тәнінде сол бақшадан жындар қоректеніп өсіп өнетін болса, сол бақшада қанша өнім жемісі (бездер, малдар) болатындығы аятта: «Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де, менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, «Оны маған тапсыр» деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді». (23) Дәуіт: «Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне зұлымдық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылық істегендер басқа. Олар азғантай»,- деді. Дәуіт (пайғамбар) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып бой ұсынды». (Сад – 24) Адам баласының бақшасы екіге бөлініп, бас және иықтан төмен бөлікпен арасында шекара болуды қажет етеді. Киімге мән бермей, тәнді жаппай ашық тесік ұстау. арам ас, арсыздық істер, сол мал қораларының бір біріне араласып нәпсі қылығының, мінездің өзгеріске ұшырауына және зұлымдық, арсыздық істерге апарып соқтырады, жан жүйке аурулары пайда болады.
Бүкіл шизофрения, эпилепсия жүйке ауырулары осы «сөз бойынша қаралықтан» туындайды. Жан өрісін бақшасын өсіретін де, өшіретін де тән және сөз тазалығы. Намаз, зікір ғана арашалап тазартып, ара жігін ажыратады. «Турашылдық істейтіндер азғантай» деп ескертеді Алла тағала.(Туралыққа жол сілтеп ескертіп тұратын мизандағы кісі.) Сондықтан пайғамюарларға елшілік істерді қоса жүктеп сол жан үйін қалай күтіп баптауды үйреткен жаратушыдан. Демек пенде баласына жасы 40-қа толғанша сол екі бақшаны қосуға болмайды. Мизан мен жан өрісінің арасын қосуға болмайды. Ара жігі болу шарт. Қосылса аян бұзылады. Алда толық талқылаймыз.Сол екі араны «Қаралықтан» қалай ажырауды және 40-тан кейін қадай бір бақщаға айналдырып күтіп баптауды дәлелдеп кеткен ғұлама Яссауи бабамыз. Демек сол бақшалардың жерге ортаға байланысты қоректендіру ерекшелігі болу шарт. Жанның тегі су болса, судың тегі сөз болар, сондықтан әр халықтың тілдік ерекшеліктеріне қарай амалдар есеп жүйесі болып пайғамбар ізгі істерімен сәйкестендіріп отыруды шариғат істері болып табылады. Көп тарихатшылар төте жолды іздеп кетіп адасып жүр. Яғни тіптен мешіт дін танушыларынан бастап шариғат істерін шариғат жолына қосып алып, қайсысы жол, қайсысы іс екенін өздеріде ажыратудан қалды. Құранда ол туралы құпия аяттар ескертулер жетерлік . Сонымен адамда жүйкеге 100 «саулық» қызмет етеді. Қазақта «денсаулық» сөзі осыдан негіз алады. Сол «деннің» саны 99 және бір, барлығы бірге жүгінсе, 100 болып бір белгіні білдіреді. «Әй, мүміндер! Сендерді малдарың, балалардың Алланы еске алудан тоспасын. әлде кім істесе міне солар, зиян тартушылар». (Мұнафиқун – 9) Құранды тәпсірлегенде тамақ болып жейтін мал мен жұмсайтын қуаттық «мал бала» арасын шатастырып алғанбыз. Қорадағы малың ол хайуанға жатады. Не себепті мал деп атаймыз оған тозақ туралы өмір өткелінен өтіп көргеннен кейін және жаннат туралы мағлұматтар алып барып көз жеткіземіз. Әзірше терең кете бермей осы қалпында қабылдай тұрамыз. Енді бір саулық ол кісімен (мизанмен) байланысты. «Мен жалғыз жаратқан кісіні өзіме таста (11) оған көптеген мал бердім (12) Әзір тұратын ұлдар бердім (13) (Ұлдар ұғымы аяқ қол. Қазақта «қол бала» деген сөз бар.) Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым. (14) Сосын тағы да арттыра түсуімді үміт етті (15) Әсте болмайды өйткені қасарысқан еді (16) «Бұл адамның ғана сөзі» (25)( Мүддәсір) .Мизандағы «Бір кісінің» тағдыры ана тілімен сөзбен ғана қасиеттерге тәуелді түрде өссе дамыса, нәпсінің ықпалымен қанағатсыздық, нәпсілік лас сөздер,арсыздық істер ерте ажалды туындатып тозаққа жетелеп апарады. (Көру, есту қасиеттері) Бұл кітапта қысқартылған түрде ғана пендеге байланысты жындар және тозақтық өмірді әңгімелейміз. Жалпы жындар әлемі 3 бөлікке бөлініп әр бөліктен қаншама жаратылыс иелері тарайды. Бәрін біріне бірін себепші қылып әлемдік тербелісті қамтамасыз етеді. Болашақ басылымдарда мүмкіндігінше сырына үңіліп көреміз. Барлық ем шипа да осы жындар мен тозақ белгісінен тарайды. Ғылымның да дамып, заман қасіреті, қайғысынан құтылу жолдарын табу ашу осы жындар әлемін толық түсініп құпия белгілерге ат қоя білуде деп түсінемін. Тегін негізін анықтап қана қорғану тәсілдерін меңгеруге болады. Ол үшін есебін жүйесін білу шарт.