Ай – өмірдің бұлағы.
«Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме? (15) Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды». (Нух -17)
Ғалымда негізінен ай және аспан әлемі туралы мағлұматтар бақылаулар жерден жүргізілген оптикалық және радиоастрономиялық (сәуле дыбыс тербелістері) арқылы нәтижелеген. Ғылымдық тұжырым бойынша күнді элиппістік орбита бойынша 30 км жылдамдықпен қозғалып жүреді дейді. Ал жердің Күнді айнала қозғалыстың бір дәлелі – бізге жақын жұлдыздардың елестерлік (параллакстік) орын өзгертуімен болжайды. Алғаш оны XIX ғасырдың 30-жылдарында жердің негізгі қозғалысын орбита жазықтығына 600 341 бұрышпен көлбеген ось пен айналады деп ғылыми негіздеді. Сондықтан да жер тербелісін 1200 тай болады деп түсіндіреді. Жалпы ай жерден 4 есе, ал салмағы 81 есе аз деп есептеледі. Ғылымда айдың, жерден жарық болып көрінуін ай фазасы деп атайды. Ай фазаларының толық өзгеру циклі (синодтық ай) шамамен 29,5 тәулік деп алынған. Жылына 2 рет күннің 2 рет айдың бетіне көлеңке түседі. 1982 жылы жеті рет тұтылу болғанын байқаған ғылымдар күннің төрт рет шамамен Айдың 3 рет толық көлеңкеленгенін, тұтылғанын байқалған. Күн мен Ай белгілі бір тәртіппен қайталанып отыратыны мәлім болып, осы уақыт аралығын сорос (қайталау) Соростың уақыт аралығы 6585,32 тәулік (= 18 жыл 11күн)Әрбір сорос кезінде 70 тұтылу көлеңкесі өтеді, оларды 42-сі Күнге, 28-і айға келеді. Бұл сандар бекер ден емес әлі ғылымда өз мәнін ашары сөзсіз. Ал құран ғылымында басқаша түсіндіріледі, сондықтан ғылыммен құранды салыстыра отырып болашақта қарапйымнан күрделі ертекке қарай өтіп отырамыз. Енді ғылымда Айда су жоқ деп есептеледі. Себебі су буланса Ай төңірегінде газ бұлтын түзеген болар еді деп есептейді. Бірақ Ай шетінде жарық белгі (материк) және теңіз белгісі барын анықтап 7 ғасырда ұсынылған атаулар жүйесімен әлі пайдаланып келеді. (суретке қараңыз)
Ғылымдағы әлі көз жеткізе алмай келе жатқан денені, нәрсенің үшінші көлемін сипатын анықтай алмау. Судың екінші сипаты бу болса, будың үшінші сипаты жарық екен көзіміз ақылымыз жете бермейді. Сол жарыққа бар белгіні сыйғызуға болатынын, тағдыр жазуы жарыққа жазылатынына ғылымның шамасы жетіп анықтау үшін әлі мүмкін талай ғасырлар керек болары даусыз.
Ай жарты шарының жерден көрінетін аумағының шамамен 70 пайызын құрлықтар, ал 30 пайызын теңіздер алып жатыр. Көптеген Ай теңіздері ұзақ тау жоталарымен шектелген. Жоталарға жердегі ұқсас тау тізбектерінің аты берілген. (Кавказ, Альпы пиренесі т.б.)Ай толғанда шағын құралдармен ақ Дауыл мұхиты, Жаңбырлар теңізі, Айқындық теңізі, сондай-ақ жан-жақтарына ұзын сәулелік жүйелер тараған (Тихо, Коперник, Киллер) қазаншұңқырлар жақсы көрінеді. «Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен Айды есеп үшін жаратқан. Осылар аса үстем толық білуші Алланың өлшеуі»
(Әнғам — 96).
Нұр арқылы адамда табиғатта қуат алады, ал қараңғылықтан нұрды ажырататын таң шолпан жұлдызы.
«Ол сондай мол игілік иесі Алла, аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық және сәуле беруші айды жаратты». (Фурқан-61). Яғни айдың әрбір тоқтаған орны жұлдыздармен тікелей байланысты болып жұлдыздардан алған сәуле мен жарықтан ай бетінен нұр және сәуле бөлініп шығады.
«Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмейсіңдер ме? (15) Олардың ішінде айды нұр қылып күнді шам қылды». (Нұх-17) Осы аяттарға мұқият зер салсаңыз. Жеті аспан денелері бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескертеді. Күн шам қызметін (жарық сәуле) атқарса, сәулелердің аспан қабаттарынан шағылысу салдарынан жер бетіне жарығы түсіп ал аспан қабаттарынан шағылысқан сәулесі аспан денелеріне түсіп, жұлдыз жарық болып айға сәуле берсе, ай сол сәулелерді нұрға айналдырып жерге тасымалдаушы қызметті атқарады. Демек күн сәлесі нұрға айналу үшін үш түрлі шағылысудан өтсе, бес рет шағылысудан жарық пайда болады. Демек күннің жүру жолы аспан әлемінің қабығында болса ал ай бесінші қабат ішінде. Сондықтан аятта; «Күннің айға немесе айдың күнге жетуі мүкін емес әрқайсысы өз көлемінде жүзеді» деп ескерткен. Демек күннің тұтылуы аспан қабаттарының қозғалысына байланысты. Және Ай бетінің әр түрлі аймақтарында жерде жақсы таныс, кремний, кальций, алюминий, магний, темір, элементтері болса, көбірек кездесетін титан, цирконий, хром бар екені дәлелденген. Алдыңғы 5 элемент жер әлеміне тән болса балқу қызуы қалыпты жыныстар, ал соңғы 3 жыныс бөліктері балқу қызуы жоғары нәрселерге жатады. Тағы да тез балқитын Рубидий, Калий, Натрий қоспалары кездеседі. Зерттеулер бойынша айдағы заттар түсі қарасұр және сыртқы түрі цементке ұқсайды деп түсіндіреді. Немесе жанартаудан шыққан қызғылт күйген базальтқа ұқсатады.
Алхимияда “апсын” деген сөз бар. “Ап” барлық сөздердің атасы басқы көзі. «сын» «сым» металл мағынасында яғни сұйық металл: Сынап пен күкірт қосындысы қызыл сыр киноварь атты минерал болады. Ал химия тарихында барлық металдардың ата-анасы сол сырды құрастырушы күкірт пен сынап болып табылады. Химияның ғажайып философиялық тасы дейтіні осы сыр (киноварь) болып табылады. Күкірт көк өрт, яғни аспан оты күннің тегі болып табылады. Оны алтынның суы, күннің суы немесе буы мағынасында түсінуге болады. Сынап – тірі күміс, яғни күміс Ай металы деген, сынап Ай суы деген мағынаны береді. Сонымен, ай мен Күн суы қосылып жерге таматын, тамаша асыл заттар тудыратын «абрахман» тамшысы, қасиетті хатра осы сыр «нұр» болады. Тағы да тіршілік өмірге нәр болып 11 жұлдыз сәулесі қосылады. Ендеше кең алқапты, шексіз даланы суландырып жан беріп жатқан өмір кілті Айда! Айдың екінші сыңар жұлдызы меркурий – Бота-Гутрад (Гермес) болып табылады. Гутрад планетасы бақташылардың, диқандардың, жолаушылардың жұлдызы болып есептеледі. Және алхимияның жасырын жұлдызы болып саналады. Ай-су тегі болып табылады.
Ай мен бірге бір жер тобына жататын ғаламшарлар қатарына жататын марс пен шолпан. Шолпанда атмосфера бар деп оның құрамында көмір қышқыл газы мен су буы бар деген ғылымда. Яғни көмір тегі шолпан. Ал Марс бетінде қазаншұңқырлар және қарайған аймақтар теңіздер көп, түсі қызғылт-сары болып келеді. Марстың қызғылт түсі ғаламшар топырағында темірге бай деп түсіндіріледі. Және онда мәңгілік мұз қабаты бар деп жорамалдайды. Темір тегі марс болып табылады. Темір негізі күкірт. Себебі темірдің ұсақ ұнтақтары сәл қыздырса ұшқындай жанып ауаға сіңіп иіске айналады. Таңды сөгуші сәуле шолпан. Ай жарық (нұр) және сәуле шығарады. Марс от тегі сәулесін қалыптастырса меркурий су тегінің сәулесін шығарады. Барлығы 4 сәуле және жарық нұр болып Хеопас мұнарасының (пирамида) құпиясы да осы сәулелерді жіктеу мақсатында табиғат апаттарын басқа жаққа бұру мақсатында салынған деп танимыз. Ай жалпы сәулелерді жинақтап сосын жарық нұр бөледі. Олай болса айдың қозғалысы жұлдыздар орнымен байланысты. Ай жерді айналмайды белгілі бір жүріс орнымен әрлі-берлі тербеледі.
«Пешенесі беспен,бесіктегі жас бала қуанады кешпен».
Табиғаттың сыры, әлемнің үні, өнердің тілі де бесеу. Дененің өзі бес тармақ: екі аяқ, екі қол, бір бас. Жеті хат көктен екі ұлы жарықты шығарып тастасаң жұлдыз қатарындағы шын нағыз сайранның (планетаның) өзі де бесеу.
Ай жан несібесі.
«Көрмедін бе? Расында Алла түнді күндізге қосады. Сондай – ақ күн мен айды бағындырады. Барлығы белгілі бір мерзімге дейін жүреді. Рас Алла олардың істегендерін толық білуші». (Лұқман — 20) Түн қараңғылық бояуы, қаншалықты араласуына байланысты түн қараңғылығы пайда болады.
Әр бір күн мен түнің айырмашылық ерекшелігі бар деп ескертеді. Көлемдік қоюлық түрлік түстік тербелістік жиілік ерекшелік өлшемі болады. Содан шығатын іс бар. Түнде жол ұзарады деп ескерткен аталарымыз, Күн мен ай бағынышты түрде мерзімдік жүріс жолы бар. Одан шығатын сәулелер тербелісі де өзгеріске ұшырап отырады.
«Сондай – ақ күн белгіленген көлемде жүреді міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі (38) Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін (39) Күннің айға жетуі мүмкін емес және түнде күндізден ілгерілемейді. Әр бірі көкте жүзеді». (Ясин 40) Демек күн түнді құраушы ал ай күндізді құраушы. Күн де айда өз көлемін де өз көлін де батып шығып жүзеді. Және сол көлдер есебі жолдары бар. Түн қараңғылығын туғызатын күн болса, керісінше күндіздің дәрежесін белгілеуші қызметін атқарады. Күннің жүрісі көлемдік жүріс болып мезгілдік жолы болса, ал айдың жолы белгілі бір сызықтық тәртіпке бағынышты. Ескі құрманың немесе оған ұқсас жұмақ өсімдігі болған алма ағашын алсақ тамыры жерден алып басы төрт бұтақтан тағы үш бұтақ бөлінеді. әр бір үш бұтақта жұп тақ болып 29 және 30 болып жылына 11 рет әр айда толық үш рет жеміс беріп 9 күндік айырмашылық байқалса ай туылуында 9 сағаттық айырмашылық болады. Ай әр бұтақта бір ауысып, жұлдыздан күннен сәулелерді жинап нұр және сәулені жерге үлестіруші несібе таратушы жұлдыз. «(Мұхаммед) Көрмейсің бе? Алла қандай мысал береді. Көркем сөз, тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді». (Ибраһим 24). «Ол ағаш Алланың бұйрығынша әр уақыт жемісін береді. Алла адам баласына насихат алуы үшін мысал келтіреді».(Ибраһим 25). Сол ағаштың негізгі діңі мен бұтағы сөзден құралып онда да құран аяттары мен насихат ақыл, зікір яғни тербеліс жиілігі жолдардан өсетін аспан әлемінің көркем ағашы. Негізгі тамыры антрактидадан таралады. Ал енді жаман сөз жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты деп ескерткен. «Алла сондай иман келтіргендерді дүние тіршілігін де ахиретте де мықты сөзбен бекітеді. Алла залымдарды адастырады. Сондай – ақ Алла қалағанын істейді» (Ибраһим 27) Жаман сөз тамыры жоқ қаңбақ болып өсіп шығып, қашан отқа тап болғанша сай сайды қуалап желмен домалап жүреді. Ай ағашының жеміс беретін уақытты солтүстік мұзды мұхит бөлігімен тоғысатын уақытқа сәйкес келіп айдың толуы деп аталады. Атлантида елі деген аңыздың да негізі бар. Жер асты жанаттар жолымен байланыс кіндігі антрактика болып, көкке шығар 8-ші жаннат есігі солтүстік мұзды мұхитта. Жер бетінің су қоры негізінен екі төбедегі суықтық белгіден тараса негізгі тегі Ай әлемінде. Айдың бір жылдық жүрісін қаңбақтан көруге болады. Тек жемістері бар яғни жеміс орындары бар. Сол орындар 4 ке бөлініп 4 түрлі мезгілді және жер бетіндегі ықылым жағдайын туғызады. Аян арқылы ай құбылысының төрт түрлі жағдайын көрдім, біріншіден ай жүрісін тербелісте көрсетті оңнан солға жерге (солтүстікке) тиер тимес болып тербеледі және бір жүрісін екінші рет қайталамайды. Екінші бір жағдай айдың тууын көрсетті. Сол кезде орны жартылай қараңғылық болып қалды да ай оң жаққа қарай ауысып тағы шамамен 35 дара жаттық бұрышпенен жоғары қарай көтеріліп жүріс жасады. Бірақ айдың өзі жерге көрінбейді. Орны ғана бізге көрініп тұр. Яғни ай тек белгілі орындарда жүріс жолдарында көрінеді. Үшінші рет аянмен айдың екі кезеңін толуға дейін және толған уақытын көрсетіп үш рет Ықылас сүресін және үш рет Фатиха сүресін оқытты. Кейінен есептеп көрсем 3 күн ораза ұстап зікір айтатын Ықтифар және 3 күн нәпіл намаз оқып тілек тілейтін күн сол уақыттар . Сондықтан қазақта «Ай көрдім аман көрдім, ескі айда есірке жаңа айда жарылқа» деген сөз қалған. Ол ырым құлшылық уақыттарына байланысты шыққан. Яссауи бабамыз салған жол. Сол тәртіпті орындап көріп керемет бір құбылысқа куә болдым. Бірақ оны айтуға әлі ерте Мешіт дін қауымы тақуалықты толық мойындап әркім басынан өткізіп жүрекпен сезініп көзбен көру керек. Енді айдың төрт кезеңі бар. Туған уақыттағы қара түнек болу келбетін, тозақ және ағраф көрініп тұратын сот үкімдер жүретін уақыт белгісі болып, ұжмақ бейіш, жаннат бәрі бір біріне көрініп белгісі жерге келіп тұрады. Сол ай бетіндегі белгі Тәураттан бері жалғасып келеді. Қазақта қонақ алдына бас қойғанда маңдайына қасқа белгісін қояды. Ғылымда қосу белгісі деп атаймыз. Ол белгі айдан алынып ортасы сөз таңбасы болып, сыртқы шеңбермен жанның белгісін береді. Енді ай бетіндегі бейне кескінді зерделесек оң жақ бөлікте жоғарғы жағы: 1. Танымдық теңізі, 2. Ылғалдық теңізі, 3. бұлттар теңізі орналасса, сол жақ жоғарғы бөлігінде: 1. Молшылық теңізі, 2. Шәрбат теңізі, 3.Смит теңізі.4. Оңтүстік теңізі ал төменгі сол бөлікте 1.Аймақтық теңіз, 2. Тыныштық теңізі, 3. Бум болат теңізі, 4. Түс көру көлі, 5. Суықтық теңізі жартысы оң жақ бөлігінде болып 1 Дауыл мұхиты, 2. Жаңбырлар теңізі, Кемпір қосақ шығанағы, және ай бетіндегі көптеген шыңдар бар. Жер бетіне белгілі бір әсер ету уақыт жүйесі бар. Ай оңынан туған уақыттағы ширек ай белгісі ұжмақты, ал солынан туса бейіштің белгісін көрсетеді. Айдың толуымен ширек ай арасы 3 күн ықтифар уақытын береді. Және осы аралықтарда таң сәрі кезі «Жаннат мағауир» уақыты жүреді. Айдың толып төбеге шыққан уақытында ағаш үй шаңырағыңдай белгі түсіп «Жаннат нағим» уақытын белгілейді. Ал тас түнек қараңғы түннің орта мезгілін жаннат фирдауыс уақыты болып табылады. Айдың шалқасынан туып адам бет пішіні пайда болып, ертегілерде балаларға арналған әңгімелерде бейнесін көрсететін суретке ұқсас болатын кезең «Жанат ғадим» уақытын анықтайды. Енді осы 8 мезгіл 8-жұлдызға тәуелді. Жер бетіне 8 түрлі сәуле және нұр жарық әсер етеді. Ай тасымалдаушы өңдеуші. Әрқашан бар жерге нұрын беріп тұрады, бірақ біз кей орындарын көре алмаймыз. Әрбір жаратқан нәрсенің 3 кеңістікте орны бар. Сол сияқты жаннаттардың да 3 белгісі орны бар. Сол орындарға тәуелді бірін бірі толықтырып алмасып отырады. Тозақтық жандар да жәннат тұрғындарына тәуелділікте өмір сүреді.
Жер бетіндегі өсіп — өну ұрпақтық байланыс тозаққа тәуелді. Тозақ болмаса тіршілік тоқтайды. Ай шалқасынан туса «өзіне жайлы шаруаға жалпы тіршілік әлеміне жайсыз» деп жорамал жасаймыз. Сол мезгіл тозақтықтардың тазару айы болып қуаттар алмасады. Көптеген жандар, жәндіктер тіршілігін тоқтатып, жан, жындардың тазарып жоғарғы әлемге көтерілетін мезгілі. Көктік несібе алмасу уақыты. «Олар Алланың жалғастырылуын әмір еткендер нәрсесін жалғастырып, раббыларынан қорқа отырып, есебінің жаман болуына қауіптенгендер (21) раббыларының ризалығын іздеп, сабыр еткендер, намазды толық орындап, өздеріне берген несібемізден көрнеу көмес пайдаланғандар және жақсылық арқылы жамандықты кетіргендер, міне ахирет жұртының табысы солардікі (22) Олар Ғадын атты жанаттарға кіреді. Аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, оларда кіреді. Періштелер әр есіктен олардың үстіне кіреді:(23) Сабыр еткендерің үшін, Алланың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы». (Рағыд — 24).
«Алланың әмір еткен нәрсесі» тек ақ жолмен жүру бұйырған парыздар болса және «көмес несібе» бойға берген құпия ерекшелік қасиет белгілері болмақ. Сол арқылы пенделер бойындағы жамандықты жақсылықпен кетіру болып, сауап болып жазылады, тағдырға қосымша несібе алады. Сондай түзу іс жасағандар тұқым қуалап, қан арқылы қасиет қонып ұрпақтары да артынан сол жаннатқа кіреді деп ескертеді Алла тағала. «Осындай аяттар ұғымын түсіндіре алмай надандардан жердің астына қашып кірдім» – деген әулие бабамыз. Сол надандар қазақ елінде де жеткілікті, алысқа бармай ауыл ішінен тауып аласыз. Аятта: «Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла қаласа барлығыңды тура жолға салар еді.»(Нахыл -9) «Бірақ кім тәубе қылып, иман келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай жаннатқа кіреді.(60)Ол аса қамқор Алланың құпия түрде уәде еткен жаннаттары. Расында оның уәдесі орындалады.(61) Олар жаннатта сәлемнен басқа бос сөз естілмейді және оларға жаннатта ертелі кеш несібе бар.(62) Құлдарымыз біреу тақуа болса, соны мұрагер ететін бейіш осы». (Мариям -63) Яғни тура жолды тауып өмір сүруді барлық дін егелеріне жазбаған. Ол тек ерекше бір адам баласына аян, уақи арқылы ғана Алла тағала түсіндіреді, ал иманды өмірінде түзу істермен тіршілік еткен адам баласын бейішке баратынын ескертеді. Сондай түзу істермен көркем сөздер айтқан жандардың жаннат мұрагері Ғайса пайғамбар. Оған дәлел аятта: «Әй Яхия! Кітапты мықты ұста»- деп сәбилігінде –ақ даналық берген едік.(12) Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық күнәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді. Әрі әке шешесіне де мейірімді еді. Оған туылған күні және өлетін күні тірі тұрғызылатын күні амандық болсын».( Мариям -15)
Айдың туылған күні және бататын уақыты күнәдан тазару уақыты болып Ғайса пайғамбар куәлігі жүріп үкімдер түсіп тұрады. Және тірі тұрғызылатын Ғайсаның жерге түсіп, қиямет мезгілі де сол уақыттарда болып тұрады. (Жер жүзіндегі апаттардың орындалу уақыты) Әсіресе білсе де білмеген болып ата дәстүрін бұра тартып жүрген тоң мойындарға және азған пенделерге осы күндері қауіп.
Ол жер әлеміне келген сынақ! Құпия түрде әр бір пендеге ескертеді және ескертіп те жатыр ерекше мейрімді Раббымыз. Сол үшін де әр пендемен түрлі жағдайда өліктерді сөйлестіреді. Тәубаға келейік ағайын. Алла тағала әділетті, мейірімді, кешірімді, қашанда. Ол үшін тек бұрынғы қазақ аулына қайта оралу керек!
Жанның сыры — Ар.
Жер бетінде 6,5 млрд. халық тұрып жатыр. Және жыл сайын өсіп келеді. Түрімен түсімен бейнесімен, тілімен бір-бірінен өзгешелігі, айырмашықтары және ұқсастық белгілері бар. Енді тәпсірлер бойынша осынша жанды жаратып олардан уәде алған сол уәдені “Әлмисақ”- деп атайды деп түсіндіреді дін танушы ғұламалар. Шындығында солай ма? Ғылымға келмейді, ақылға сыймайды. Себебі рухтың даму үшін белгілі жоспарды меңгеріп, жақсылықпен жаманшылық арасын ажыратып, және сол заманға сай бейімделіп түрленіп, өсіп өну шарт. Яғни даму барысында келесі жан пайда болып орын аомастырмаса жан әрі қарай дами алмайды. Бір санын онға айналдыру үшін оған тағы бірлік қосып екіге айналдырып сосын тағы 2 ге көбейтіп оған бірді қосып 2 ге тағы көбейтсе 10 саны шығады. Жанның түрлену дәрежесі осындай жүйемен жаратушымыздың бірақ өте күрделі есебінен туындайды. Адам жанының бірінші сатыға көтерілу дәрежесі қиямет сағаты болып есептеледі. Түрленудің бірінші сатысының үш қиямет сағатын өткізіп барып,екінші мезгіліне өтіп, төрт мезгілін атқарғаннан кейін ғана кейін қиямет күні екінші саты болып, төрт қиямет мезгілін атқарып үшінші сатыға көтеріледі. Осындай жеті сатыдан өтіп барып қиямет қайым соңғы есеп беру болып саналады. Енді жан есебін Құран аяттарымен есептеп көрелік. «Көктердегі және жердегі сыр Аллаға тән, қиямет сағаты кірпік қаққандай, тіпті одан да жақынырақ сөзсіз Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші». (Нахыл -77)
Жан сыры көктен ғана бағдар алып жерде есептеледі өсіп өнеді. Алланың үкімі әрбір сағат сайын түсіп тұрады. Сол сағаттарда күн тұтылады. Жыл есебі уақытпен жыл санын құраса көк есебі заманмен есептеледі. Аятта: «Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп күндізді: Раббаларының кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын, заманның есебін білу үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені ашық баян еттік». (Ісра -12)
«Сақ болыңдар, билік оған тән Әр ол есепшілердің ең жүйрігі». (Энғам-62) Жан есебі жарықпен есептеледі. Себебі жан жарықпен ғана өсіп өнетінін ескерткен. Жан есебі үшін тәулікті тек 12 сағат жарық уақытымен алуды меңзеген аятта. «(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен азаптың тез келуін тілейді. Алла уәдесінен әсте айнымайды. Негізінде алланың қасындағы бір күн, сендер санайтын мың жылмен тең» (Хашыр-47)
«Қиямет-қайым болатын күні, күнәкарлар бір сағаттан, басқа түрмадық деп ант ішеді. Осылайша олар адасқан еді» (Рұм-55)
Бұл аяттардан адам өмірі ахирет есебімен 1 сағат құрайды. Яғни қиямет сағаты: 1000 жылды бір күнге теңеп оны 12 сағат орта күннің мезгіліне бөлсек 1000 ж:1=12 сағ = 83,3 жыл болып шығады. Адамзат баласының орташа өмір сүру уақыты белгіленген. Енді қалдық 3 ж.3 ай. Немесе 3 қараңғылықта тәрбиелеу тылсым есебіне жатады. Аятта: «Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты тоғыз артырды» (Кеһф-95) 300 жылды 9-ға бөлсек 33 саны шығады. Өзіндік жандық есебі бар, ай жолына және рухқа тәуелді сан. Тоғыз санының нәрселерге байланысты мерзімдік, тербелістік, үндестік, амалдық есептік сипаттары бар. Алла қосса алда бұл санның да құпиясын білерміз. Енді адам баласының тәнінің тазалығы, ерекшелігі ата-ана қанымен келген кісіге және көктен келген жанға байланысты. Себебі болашақта қандай тәнге ену соған басшылық ету мүмкіндігі 40 тан кейінгі өміріңнің жемісіне тәуелді. 40 тан асып қылық шығаратын мінез де осы құбылысқа жандардың енші алуына және рухтық жазудың тоқтап ақылдың толуына байланысты құбылыс. Себебі енді ахиреттік жанның билігінен ажырап шыққан биігіне оқыған тоқыған, алған тәрбие өнеге әдетке байланысты жоспар беріледі. Бірі тәтті екіншісі ащы екі теңіз екеуі де жеміс береді бірақ ішкі құрлысы екі түрлі тек сыртқы дүниесі ұқсас. Сол жан тазалығының белгісі көз. 40 тан кейін өзінен бұрын көзі қартайатындар көбейді. Бәрін заманға итере салады ғалымдар. Жоқ, бар кілт адамдардың өзінде өмір сүру ерекшелігінде. Көру қасиетінің жабылуын ескертеді, немесе тозақтан хабар, жанда ақау бар деген белгі.
«Аллаға қалайша қарсы келесіңдер өлі едіңдер тірілтті. Тағы өлтірді. Соңына қайта тірілтеді. Содан соң оның алдына қайтарыласыңдар». (Бақара -28). Демек өлгеннен кейін міндетті түрде тірілу жер басу бар, ал келесі тірілу екінші өмірге толық тәуелді.
Жан екі рет жерге келіп барып Алланың алдына есепке келеді. Ол қиямет сағатының мезгілі болып есептеледі. Яғни ол жиілік 33,3 жыл арасы болу ықтимал. Екі жарты бір бүтін деген қазақта. «Оларды жинайтын күні күндіз 1-ақ сағат тұрғандай болып, олар бірін-бірі таниды. Аллаға жолығуды жасынға шығарып тура жолға түспеген дер зиянға ұшырайды».(Юныс-45)
Екі жанның кездесу мерзім арасы 83,3 жыл шамасында болады. Бұл кездесу өтетін жиналатын жер ұжмақ болып есептеледі. «Ей Раббым мені екі өлтіріп екі тірілттің енді шығар жол бар ма дейсің» (Ғыфыр — 11)
Бұлар екі рет келіп рух жоспарын орындай алмай ар жинамаған жандар тағы енді осындай жандар қосылып біріктіріліп бір топ жандар болып, бір жан есебінен жерге қайта жіберіледі. Және бұдан басқа Алланың белгілі бір жоспарымен жіберілетін жан да болады. Олар болашақ ғұлама, ақын, патша. т.б. болып ерекше қасиет белгісімен өмірге келеді. Ол әрине қоғамды ілгерілетуші рухты дамытушы ұрпақтарға жаннаттық жан белгілерінен қосылып, бұрынғы өткен қасиетті бабалар жанынан да қосылған белгілер болады. Алла тағаланың сынағынан 3-ші сатыдан өткен жандар жаннаттық болып енді өзінің ұрпақтарын немесе жер бетіндегі өмірді түрлендіруге ондаған, жүздеген жандарға белгілері беріліп ықпал септігін тигізе бастайды.
Қозғаған қуат – жан дейміз,
Жан өсті жаннан сан дейміз
Сол жандар әсер берген соң,
Жаралды сансыз тән дейміз,
Жанына қарай тән солар,
Түрлі жанда дене түрлеп,
Өзгеріп тұр бұл ғалам.
Жоғалатын нәрсе жоқ деп,
Айтты ғалым байқаған.
Көзге сеніп, ойға сенбей,
Жанды жоқ деп қаңғырып,
Адасып жүр ақты көрмей,
Көңілі соқыр көп надан.
Үшінші рет келген жандар туралы
Шын асықтың әрбірі
Өліп топырақ болды да,
Жаралыстың тағдыры,
Жаратты мені орнына.
Бәрінің нұры қосылған,
Мол керемет менде бар.
Жалғыз жарға шоқынған
Қайда мендей пенде бар.(Шәкәрім ата)
Аятта: «Раббың қалағанын жаратады сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Алла (т) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары». (Қасас-70) Бұл жерде аятта жанның түрленуге түсетінін түсінбеушілік Аллаға серік қосу болып табылатынын ескертеді. Алланың сұрыптауынан өткен жандарда ерекшелік белгілер болады. Адамның түсі, көзі, шашы, тән белгілері және жан белгілері ерекше қасиет қабілеттерімен айқындалады. Және ол белгілер түрі тозақтық (қабілет) және жаннаттық (қасиет) болып аралас та келеді. «Алла жалында мол сырып қылғандардың мысалы: әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәріздес» (Бақара -26).
Таза адамның жанның өсімі 700 жанның таралуына себебін тигізеді өседі көбейе алады. Жеті сабақ 7 жәннат бөлімі болса, тамыры ұжмақтан нәр алады.