Атақты халифа Арун Рашид заманында арап тілінің маманы Асмағи деген адам өз ғылымына зор жетік екен. Халифа оны өзінің балаларын оқытуға ұстаз етіп тағайындайды. Халифалық үлкен мәжілістерінде оны Арун Рашид өз қасына отырғызып, өзі түсінбеген сөздерді сұрап отырған екен. Дүние жүзіне жайылған ұлы халифалықта талай тілде сөйлейтін халықтар тұрады. Соның ішінде тіпті ұлты арап болған күннің өзінде әр жердің арабы әр түрлі сөйлейтіні бар. Солардан келген адламдарды қабылдағанда халифаға тілді жақсы білетін кісі керек. Міне, сол керек кісінің ең бастысы осы Асмиағи болыпты.
«Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас» деген ғой. Сол Асмағидыңда түсінбеген сөздері болған екен. Әсіресе үш сөздің мәнісін таба алмай-ақ қояды. Ол сөздер құранда кездесетін өте жауапты сөздер: табарака, ар-рахым, матаға. Осы сөздердің мағынасын іздеп Асмағи сапар шегеді. Елден елге өтіп, ол үш жыл бойы тыным таппай саяхатта болады. Азып-тозып шаршайды. Енді табудан да күдер үзуге жақын келеді. Сөйтіп келе жатқанда бір ауылға кездеседі. Шеткері тұрған бір үйге келсе бір жас қыз бала ғана отыр. Ол шешесінің отынға кеткенін, кешікпей келетінін айтады. Шаршап келген жолаушы есік алдына қисая кетеді. Бір мезгілде келе жатқан шешесінің алдынан жүгіре шыққан қыз бала бір сөздерді шапшаң-шапшаң айта бастайды. Оның айтқандарының ішінде Асмағидың іздеп таба алмай жүрген сөздері бар сияқты. Асмағи түсінен шошып оянған адамдай атып тұрып:
-Әлгі сөздеріңді қайта айтшы?-деп сұрайды. Бала қайталайды. Асмағи ежіктеп сұрастыра келсе, ол сөздің мағынасы мынаған келеді екен. «Бір ит келіп майлы орамалды алып, таудың басына шығып кетті.» Осы арада Асмиағи өзінің ұзаққа созылған сапарын аяқтап, іздегенін тауып Бағдатқа оралады. Бұдан шығатын қарапайым қорытынды; Әлемнің ұлы ғаламы мен адамның кіші ғаламы арасында бала мен үлкен адамның арасындағыдай қатынас бар. Бүкіл әлем сыры алдында біздің білгеніміз баланың ойыншығындай, былдырлаған тіліндей ғана. «Әлемде даналық бар, адамда балалық бар.» Балаларымыз болашағымыз, тілдік қазынамыз. Ал «Тіл қазынасын халықтан іздеу керек». Олай болса тіл ғылымы барлық ғылымның басы болар. Қазақтың салтының басты ерекшелігі де осында. Аманатқа артында сөз қалдырған. Енді сол сөздердің астарын аударып мағынасын киелі кітап ұғымдарымен өлшеу керек. Ол өлшеудің басты құралы есеп ғылымы. Санмен әрбір әріпті бір-біріне байланыстыра отыра дыбысты бір санға, бір цифрға арнау керек. Кер жазуының тағы ерекшелігі әрбір таңбаның сызықтық және қиылысу нүктелері саналып, белгілі құран аяттарының мәнін беретіндігінде. Осындай әдістемелермен осы уақытқа дейінгі құпия оқылмай келе жатқан таяқшалардың қиылысуымен берілген сөздерді санға айналдырып кері қарай дыбыстық мәнін табуға болады. Сонымен бірге туысқан бірін-бірі ауыстыра алатын немесе екі таңбаны сөзді бір белгімен, таңбамен туысқандық мәнін де анықтауға болатын АБЖД есебі. Сан есебінде қолдану үшін араптың 28 әріпі 8 сөзге жіктеледі.; абжд, Һуз, хти, клмн, еғфс, қршт, схз, ззғ. Енді санға айналдырсақ; а-1, б-2, ж-3, д-4, һ-5, у-6, з-7, х-8, т-9, и-10; к-20, л-30, м-40, н-50, е-60, ғ-70, ф-80, с-90, қ-100, р-200, ш-300, т-400, с-500, з-600, з-700, з-800, ғ-900. Енді осы сандар мәнімен Құран сөзін есептесек; қ-100, ұ-6, р-200, а-1, н-50; барлығы 357 екілік жүйеде 15 саны Алланы шақыру саны болып шығады. Алла=62 санымен құран аяттары бойынша Аллаға құлшылық қылу, Алла білімі т.б болса Аллаһ-67 сандық мәнімен Алланың берген нығметі, уахи, Рабың жаққа шақыру т.б шүкірлік амалдары шығады. Қазақ-802=10; 902=11, 1002=12 сақ әулеттеріне байланысты сүрелер мәні шықса, Арап-204=24;6 Рабб үкімдері, жер жүзінде пайдалану, Алланың сөзін тыңдау, пана беру т.б арап елдеріне берілген үкімдер түсініктері шығады. Мүмкін бір кездейсоқтық шығар десеңіз басқа да тәсілдермен тексеріп көруге болады. Тіл –дыбыс үндестігі. Дыбыс сан. Арап әліппесін кер үнімен белгілесек 74 дыбыстық белгі аламыз, бұл Мұхаммед пайғамбарымызға берілген хикмет көрсеткіші. Ал енді әрбір таңбаны есептеп көрсек мысылға; әлиф-121, бә-3, кәф-101.тб сандар мәнімен жалпы сөздерді зертеп көруге болады. Немесе әліппедегі тізбектік орнында пайдалануға болады. Сол сияқты екі немесе үш буынды түбіртектерге бөліп барлық елдер тіліндегі бір ұғымға, атауға ортақ таңбаларды табу арқылы да негізінен көп сөздердегі екі, үш буынды таңбалар тіркестерінің ортақ ұғымды беретінін көз жеткізуге болады. Сондықтан құран сөздерінің тек парсыдан, араптардан ғана алынған ұғымдардан тұрады деп тәпсірлеу көптеген адасумен жалған түсініктердің пайда болуына әкеп соқтырады. Енді бұрын кер жазуы яғни крилицаға дейін арап әліппесінің шағатай немесе түрік үндестігімен үндердің ретік саны мынандай болды; а, б, т, с, ж, х, х, д, з, р, з, с, ш, с, д, т, з, ғ, ғ, ф, қ, к, л, м, н, һ, о, и; ү; арап 28 үндерін осылай белгіленін жоғарыдағы абдж есебі де осы үндердің жинағымен есептелген. Бірақ арап тіліндегі көп үндерді амал жоқ бір таңбамен қайта-қайта белгіленіп отырған Демек құран аяттарындағы сөздердің мағынасыда толық ашылмай солай түсіндіріліп келген. Ал енді осы 28 арап таңбасын кер жазуымен Ыбырай атамыздан кейінгі жағдаймен салыстырсақ; әлиф, бә, тә, сә, жим, хә, хы, дәл, зәл, ра, зә, син, шин, сад, дад, та, за, айн, ғайн, фә, каф, кәф, ләм, мим, нун, уәу, һә, йа. Барлығы 74 үндестікті береді бірақ өкінішке орай кей таңбалар тіл грамматикасында жоқ астын сызу т.б белгілермен берілген. Демек әлі арап үнін таңбалаудағы тіл ғылымымыз жетімсіз. Мұхаммед пайғамбарымыздың мақамдық пайғамбарлық қасиетінің құран аяттары бойынша 74 болуы да бекер емес. Ал енді үш түрлі харакеттің үсті, асты, ортасы (суды, буды, мұзды) белгілеуімен 6-түрлі белгімен сөздердің өзгерісін және 7 жуан дыбыстың әсерімен есептесек жоғарыдағы АБЖД есебі жетімсіз немесе дамыту керек. Осы арап грамматикасын енді аталарымыз сандыбад сарай есебімен оңай шешкен. 6 қабырға осы 6 түрлі әрекет білім, 7-уәзір бір әйелдің сөз қулығын ел кезіп араламай-ақ сарай ішінде шеуді ойлап тапқан. Ел кезіп аралап сөз іздеу араптарға тән әдет болса түркі елінде сол сөз байлығы өзіміздің қыздарымызды періште қылып тәрбиелеу арқылы 42 таңбаға үнге жеттік. Әйел затының яғни қыз баладағы періштелік сипаттарда болатын 40 үн ошағы, үйін таңбамен көрсетсек негізгі 40 таңбамен екі орындаушы (ъ,ь-хромосом) «меніміз» бар. Олай болса бастапқы Адам атамызға қосып жаратқан періштелерді сөзге, ақылға қызмет жасату үшін дінді меңгеру керек! Ал дін құпиясы негізінен көктен келетін үнемі толықтырылып түсіп тұратын үнде. Сондықтан аятта; «Қадір түні мың айдан артық!». Негізінен 83-үн болып соны кеңітуге үнемі бөлшегі қадыр түні түсіп тұрады. Құрандада 83 үгіті құпияланған сүре бар. Ол үшінде «сол» қызметші періштелердің бірленуін қасиеттік, қабілеттік, қуаттық, үндік, иістік сипаттарын бейнелеп өзгерістерін ғылымын һандисатын жетілдіріп отыру шарт. Халифа Алтай атамыз арап сөздерінің үндестігін соңғы 74 белгімен белгілеп, көп сөздердің құпиясын ашып құранды аударған да бірақ алғашқы ұғымдардағы дайын тәпсірлерді пайдаланып аяттар сандық мәнімен негізгі ғылымынан алшақтап кеткен. (жақша ішіндегі түсіндірмелер) Қазақ үндестігін толық меңгермеген немесе нағашысынан ажырап ділі төмендеген арап танытушы мамандарымыз баяғы «Қөрғұлы келеді сайменен» тәсілінен шыға алмай, елді де өздеріде адасып бүкіл ислам елін басқа ғылымды елге, білімді пендеге жексұрын көрсетуге шығатын жері жоқ «көрғұлы сайына», орға жығуға жабыла кірісіп кетті. Кезінде аталарымыз «Қызылбастан қыз алсаң үн жоғалар, үн жоғалса көкіректен сөз жоғалар» деп бекер ескертпеген. Сол қызылбас елінен және мүшкіріктермен, екі жүзділер отаны болған елдерінен сөздерін жерден тірілтіп алу үшін «умра»(ақыл,сөз) алуға белсене кірісіп, ал қажылықтың қажырлығын (сабыр, төзім) ойын-сауыққа жастармен, қалталылар ермегімен қатындар мақтанышына ауыстырып алдық. Құран аяттарының құпиясы да әрбір аяттың тағын немесе жұбын және парын табумен насихаты ашылады. Ал құран үгітінен тыстағы парын табудағы менің болашақта ұсынатын тағы бір есептік жүйе бар. Сонда әрбір аятқа, сүреге жасырын бір аят немесе сүре қосылып отырады. Енді менің әзірше қолыма түскен аударма тек Інжіл кітабы тәураттың толық аударма кітабы кездеспеді, бірақ Інжіл Тәуратың баласы есебінде және Құран сан мәндерін қайыру арқыла Тәуратты қайталайтын болғандықтан, ал Зәбур түркіге түскен өзміздің салтымызға сіңген кітап болғандықтан, тек құранмен інжіл сандық мәндеріне сүйене отыра бір-бірімен қауышатын, растайтын аяттарды көрсете отыра құранның басқа үш кітапты растайтынын дәлелдеу. Құранның және Інжілдің осы уақытқа дейін белгісіз болып шешілмей келген құпия сандары арқылы бірін-бірі растап аяттар ұғымы қосылады. Олай болса құранның есептік сандар жүйесі арқылы бүкіл діндерді бірлеуге болады. Сөздердің астарлы құпиясы қазақ тілінде! Менің есептеу жүйем бойынша жеке таңбалардың сызықтық һандисаттық тұрақты мәндері арқылы есептеу нақты нәтиже көрсетеді. Осындай жүйемен жұлдызнамадағы бейнелерді есептеп көрсе құран аяттарымен нақты мәліметтер түсініктер шығады. Енді Сандыбад сарайының үстіне Египеттегі төрт мұнараны орналастырсаңыз астыңғы текше жер ортақ, төрт мұнаралы сарайды салып және сандық мәндерін табу керек. Ондай белгі қазақ жерінде бар. Абай-Шәкәрім зират қорымында салынған. Демек қазақ халқының қанында төрт кітапта зейнетелген деген белгі. Осында жеке пенде баласына және жалпы діннің бірлену көрнісі Қорқыт ата мұра жайында көрсетілген. Адам баласының періштелі жоғарғы көрнісі Домалақ ана зиратынан көруге болады. Даналықтың жалпы белгісі Айша-ана мазарынан оқуға болады. Бесінші көктегі (ай үсті) мұсылмандарға арналған мешітің бейнесін Ясауи кешенінен білуге болады. Жаратылыс негіздері Қазығұрт тауында. Осындай хикметті көрністермен-ақ қазақ жерінде бүкіл діндердің ғылымдардың һандисаттық белгісі көрсетілген. Бірақ ондай жерлерге барып санмен, жарықпен зейнеттелуді көп басты қатырмай дінді меңгеруді үкіметіміздегі, дін басқармасындағы шайтанға қызметке тұрған қандастарымыз тиым салып қойған. Қазақ елінің «сандыбад» патшалық сарайының азғырушы сайқал қатынының саны мыңдап кездеседі елімізде баспасөз беттерінде. Мейлі сеніңіз, сенбеңіз ерік өзіңізде оқушым құранда жалықпай оқып, соңымнан ерсеңіз алда басылым бетінде сипаттарымен кездестіруге уәде беремін. Қалай сотауын өзіңіз шешерсіз.