Әрбір жаратылыс нәрселерінің сан арқылы сөз сипаттарын зертесек екі негізден басталып қарама-қарсылық жағдайда бөлініп сол төрт негізден басталып нәрселік сипатқа сосын санға айналса ғана сызықтық бейнесін тауып сол сызықтардың бір-бірімен жұптасуын қосу (крест) десек тоғысқан, қиылысқан жері бесінші нүктесі яғни қуаттық шамасы болып табылады. Ғылымға жүгінсек әрбір нәрсені қозғау үдеу беру үшін сандық мәнін тек таққа айналдыру керек. Тақ қозғалыс басы. Сондықтан бір қозғалыстардың анасы. Бірақ бірдің ішкі мәні үш негізден тұрады. Тіршіліктің үнемі қозғалыста болуын қамтамасыз ету үшін үш негізде тұрақты болу керек. Енді үшті белгілесек бастапқы екі негіздің сандық мәні шығып ал таңбаласақ қайта үш негіздің ішінде болады. Сондықтан екі бастапқы биктік өлшем дәрежелеуші қуатты өсіруші болып, үш негізді қозғалыстың ішкі ақпарат негізі жаны болып табылады. Негізгі жаратылыстың қозғалыс себептері 4 періште болса үш жаратылыс қозғалыс ортасында бір-бірімен кездесуінің нәтижесінде 15 қуатық шама пайда болса, бастапқы 2 негіздің рұхтың бірге қосылуынан (б-і-р) тағы басқарушы қуат пайда болады. Осы төрт түрлі 20-қуаттық шаманың Рабысына айналуынан тағы 5-тің пайда болуымен барлығы 25 тәңірлік қуаттар шамасы шығады. Олай болса 25 тәңірлік періште бір-ақ Тәңір болып шығуы керек. Бүкіл жаратылыс қозғалыс сипатары адам бойында сызықтық кіші өлшемдері бейнеленген. Аяқ қол саусақтары осы сыртан келетін тәңірлік қуатармен байланысты көрсетсе Ал жер көктен құпия келетін негізгі «Мен» сипат қуаттар табан және төбе есіктерінен енеді. Сондықтан: «Төртеу түгел болса төбеден келеді.» яғни аяқ қолдардың ағаруымен төбеден келсе, «Алтау араз болса ауыздағы кетеді.» Адам баласының өсіп өну тіршілік ету барысында осы бес қуатың төрт түрлі көрнісінің бір жерде тоғысуынан яғни әрбір амалдың бесіншісін «ұясын» тауып ұятын біліп орнымен жұмсаудан ақыл қуаты қалыптасады. Ақыл қуаты жалпы тіршілік және тәнді күту қамы үшін жеткілікті. Бірақ жанның толық жетілуін қамтамасыз ете алмайды. Ғасырлар өте адамзат азғындауға ұшырап жер бетінен жойылып отырады. Дінніңде әуелі адамзат үшін «тәңірлік» сосын «құдайлық» сосын Бір Аллаға құлшылық болып бірленуінде осы ақыл қуатының ес қуатына бірленуімен байланысты. Бұл заңдылықты кезінде талай ғұламалар меңгеріп артында аманаттар қалдырғанымен қазіргі ғылымда шатасын мүлде жоғала бастағасын жер бетінің адамзат қауымы азып әр түрлі діндерге бөлшектеніп аяқ астынан іздемей бір-бірінен, көктен болмаса ойдан түрлі әдет-қылықтармен керісінше жаратқанның ашу ызасына түсіп дін бүліншілікке айналды. Бес қуатты ішкі жан қуаты 3-тен бөліп алып жек-жеке меңгерумен керісінше дін емес селкілдеп зікір салып, ел кезіп қайыршыға айналып, дін ғылымы деп адам аулап аюға айналып жалпы қазақша жын соққан періге айналудамыз.
Мысалға; орыс тілінде «бес»- пері, қазақша «бес»=Б+ЕС ақыл қуаты. Сондықтан ақылдың қуаты сырта, басқарушы іште ақыл-періште және ақыл=4+8=періште барлығы 12 қабырға жұбымен 24=толық ақыл құрандағы пайғамбарлар саны және мезгіл. Бұдан шығатын жер әлемін ақыл басқарып қозғап тұрса, адам ағзасының қозғалысы, денсаулығы сыртан алатын, іштен беретін ақылға тәуелді. Олай болса адамзаттың ішкі әлемінің Сандыбад сарайының жаратылыстан «қабырғасы»-24 болып шығады. Құранда негізінен бес санының жиынтығы «Сәжде»=5 (Бұйрық) деп аталады. Сондықтан сәжденің толық саны бес парыз болу себебі осыдан туындайды. Мысалға азан шақырғанда «Аллахуақбар» деп бес рет айтуға болмайды! Тек 4-рет қайталап шақырамызда, ал сәжде ішіндегі жаратқанға мадақты тақпен айту керек. Әрбір ішкі бес Тәңірлік қуат жиынтығы болып есептеледі. Әрбір таңбаның сыртқы шамасы және ішкі қуаттық шамасыда болып келеді. Тәңірлік қуаттар ішкі шамасымен бірге (3-ке) айналу арқылы бір-бірімен қосылып белгілі бір саналық (15-ті) қуатты береді. Мысалға бес саусақ бір құлға айналып негізінен бірге іс атқарады тірегі 3-те; алақан, білек, қар. Бірақ әр қайсысының тағы өзіндік бесі және үші бар. Нәтижесінде екі қол бір адамға қызмет етеді. Ал әрбір қолдың жеті негізгі мүшесі болып, жоғарыдағы аяттың жеті санымен белгілену мәнісін көруге болады. Сонда; «Тәңірлерің бір-ақ тәңір!» деп ескертудің өзінде мән мен сыр жатыр. Егер осы сөздің санмен бейнелесек; Тәңір=5, Бір=1, Ақ=2, Тәңір=5 олай болса 5+1+2=8, 8=5, немесе 5+8 (58)=13 санымен барлық тәңірлік қуатың нәтижесі 13 және 58 санымен басқарылатынын білеміз. 58-сүренің пары 13-ші сүре болады себебі сандардың өз ара қосындысы тағы 13 санын береді. Он үш саны таңбамен тағы 4-ті көрсетеді яғни түп негізге дәрежелену белгісін береді. 13 санынан неге батыс және америка елдерінің жаман ырым қылып алғанын білуге болады, себебі 13-ес қуаты. Көкте өз орны бар. Европаның бір «хим биолог» ғалымы егеу құйрыққа әр түрлі әрекеттерді үйретіп сосын жансыздандырып дереу осы әректті Австалияға ұшып барып, басқа егеу құйрықтарға тексергенде көп ұзамай-ақ осы әрекеттерді қайталағанын көрген. Сонан естің сырта кеңістікте, көкте («атмо»-да) өз орны бар деп шешіп баспасөзге жариялағанымен бір ғалымдар жынды атағанымен, екінші ғалымдар атақ дәрежесінен сескеніп үнсіз қалумен бұл тәжірибе аяқсыз қалды. Ал осы жан ғылымын аталарымыз меңгеріп артында таусылмас өнегелермен нақылдар қалдырған. Яғни нақыл- Ақ!. Ақ=сөз= Бір. Енді осы аққа у-ды қосып екі қарсылықтан «уақ»-3 болып уақыттың негізгі тәңірлік сипаты басталады. Уақ дегеніміз барлық жаратқанға өз намаз таспихтарын айтып тұратын ішкі бір тербелістік жүйеден тұратын періштелер. Діншілер кейде сақал туралы түсіндіргенде әрбір талында мыңдаған періште отырады –деп негізінен сол өмір сүру, тіршілік ету қамындағы жанды нәрселерден бөлініп тұратын жанды нәрселер мейлі иістік, жарықтық, желдік сипаттарда болсы уаққа яғни періштелерге жатады. Уақта рухтың, судың 3/1 бөлшегі болады да шеріктер тобына жатқызамыз. Сондықтан уақты тікелей қосуға болмайды. Тек екі арқылы 5-ке сосын бірлеу арқылы ғана қосамыз. Уақ әрбір жаратылыстың мезгілдік бір бөлшегі «ОМ» яғни аты жоқ тек періште. Ал жаратылыстан белгілі бір ат алу үшін толық сөзге одан көркем сөз атауларға «Атман»-ға қосылу керек. Барлық жаратылыс адамзат үшін қызметке тұрып тек адам баласының қажетін өтеу барысында ғана бастапқы жағдайға бірақ өзіндік саналы тіршілік ету жағдайына Адам періштелік немесе кісілік қалпына келу керек. Қалыптасқан кісіліктің белгісі сүйектерде. Қазақта; Сүйегі асыл-деген сөз бар. Адам баласында жаратылыстағы барлық қуат белгілері сүйектер санымен көрсетіп қойған. Сүйек тәңірлік сипат болғанымен оны іске жұмысқа жегу үшін басқалай түрлі себептер және буындар керек. Буындардың адамзатта саны да 77 болып, жеті санының бірліктерінен тұрады. 77 түлі «уақ»-нәсіл өткен жер бетінен тарихта. Нәсілдер біздердің қозғалыстық мінездеріміз. Енді осы жетілердіңде бес түрлі сипаттары болып төрт түрлі қуатық шамамен «мал»-мен түрлену қосылу арқылы 11-ге айналу керек. 11=жарық, жұлдыз. Қарапайым ғана көрініп тұрған тәңірлік сипатты көрсететін қол, аяқтағы саусақтармен 20 санын көрсек, негізіне адам бойын қалыптастыратын тәңірлік белгі аяқ болып, ал аяқтағы әрбір саусақ екіге дәрежеленіп барлығы 10х2=20 адамның сыртқы толық бейнесін бойды немесе жаннаттық сипатты береді. Және барлық қуаттардың аралық біріктіруші мәнімен мойын арқылы баспен бірігуінен сыртқы бейне-бой яғни кісілік белгісі қалыптасады. Адам баласында екі түрлі кісілік белгісі қалыптасады; бірі ішкі құпия зайырлығы, парасаты. Екіншісі сыртқы бойы бейнесі яғни қуатық көлеңкесі қажырлығы немесе сабыры. Адам баласының сыртқы кісілігі аяқтан басталып, баспен, қажылықпен аяқталуға тиісті. Басында миында жеткілікті дәреті, зәрі (ойлау қабілеті) қажырлығы жоқ тек екі аяққа салмақ салатын пендені кісілігі, адамгершілігі жоқ дейміз. Немесе шайтан туыстарымызға; «Жүрген жерінен шөп шықпайды» деп Құран аятындағы аяғынан нұр бөлініп гүл шыққан Мұса пайғабар ізімен салыстырамыз. Аяқ тәңірлік сипаттың табиғи ортамен байланысы яғни Исрафил мен Микайл періштелігіне тән болса, оң қол Жебірейілдік, сол қол Әзірейілдік сипатта. Сондықтанда жүректің ең жақын көрнетін жері сол қолтық астында. Негізгі малдық қуатың бұлағы болып табылатын аяқты да күту үшін, намаздарын орындатуға оңай басқарылатын әрі икемді тәңірлік сипаттардың жартысын және жоғарғы дәрежесін иемденген қол керек. Осыдан бастап енді өзін-өзі белгіленген шамада басқарып іс атқарылуға бұйырылған құдайлық қуат егелері пайда болады. Бұл қуат егелері төрт тәңірлік қуаттардың (3-кісі сыбырласа 4-ші Алла) адам тіршілік ету барысында рұхпен қосылу дәрежесінде бірленіп беске айналған, азамзат арқылы кейін қайта түп негізге қарай бірленуге тиісті күрделі періштелер болып есептеледі. Бұл періштелер Адам ата қауымында сипаттары белгілі болып, сондықтан тәңір деп қабылдап жеке-жеке оларға мүсіндер жасап жалбарынған. Ондай жеке-жеке тәңірлік сипаттарға жалбарынуды шоқыну деп атайды. Аятта; “Және олар; «Тәңірімізді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар» деседі. (23) «Расында олар көпшілікті адастырады. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр». (Нұх 24) Тәпсір бойынша бес пұт деп Нұх қауымының соған табынғанын ескертеді. Ал негізінен бұл аттар 5 тәңірлік қуаттарға яғни 5 саусаққа белгі болып берілетін періштелерді көрсетеді. Әрбір жаратылыс нәрселерін зертегенде толық сан тек сүреге айгналып ал әрбір сүреге байланысты сандардың негізінен бөлшегі болатынын ескерге жөн. Сол бөлшегін сол саның аяты деп ұғынамыз. Сондықтан әрбір санның бөлошектік мәніне байланысты тозақтық немесе жарықтық сипаты болады. Сондықтан бастапқы жаратылыс періштелері немесе адам өнімдері періштелерімен жоғарғы ақылға біріккен періштелердің ерекшеліктері қарама-қайшылық, түстері, түрлері, иістері және қуаттық өлшемдері болады. Енді адамзатың тіршілігіне қатысты періштелер немесе пұттардың адам баласының тәніндегі, денесіндегі көрніс беретін кісілік белгілері:
1) Уад төбеден шаш арасынан бөлінеді.( Күкіртті иіс өрісі болып еркектерден шықса, ал әйел затынан басынан шаш атасынан наркотик болып бөлінеді.)
2) Суағ – көкіректен екі емшек ұшынан, мойын асты шұңқыры арасын сызықпен қоссақ үш бұрыш шығады. Сол қуаттың белгісі. Әйелдер көкректерін үш бұрыштап ашып қою әдеті осы Нұх пайғамбар қауымының шоқыну әдеттерін қайталау болып табылады.
3) Яғұс- беттен жалын болып бөлініп тұрады. Әйел затының негізгі жатыр қуаты беттен шығып тұрады. Сондықтан періштелік сипат беттен ұруға болмайды деп ескерткен.
4) Яғұқ – екі иық арасына түзу сызық жүргізсек ұштарын көкірек асты шұңқырымен қосақ үш бұрыш ішінен шығатын қуат. Қол бұлшық еттеріне және некелік тазалыққа да байланысты қуат періште.
5) Насыр — Көзден маңдай арасы үш бұрыш белгі болып шығатын жандық қуат көзі. Кейде оны үшінші көз деп те атайды негізінен адам баласына көктен жаратқан тарапынан басқарылуда тұратын жан. Меннің негізі. Негізінен ішкі 3-кісіні басқарушы көктен келетін рұх егесі. «Төртеу түгел болса төбеден келер» деп алғашқы төртеудің түгелдігіне тәуелді түрде адам баласының есті қуатын қалыптастыратын білім көзі болып табылады.
Енді осы бес қуат ошағы 3 ішкі қуатпен аяқ арқылы жер бетіндегі қырық белгі шілтен арқылы араласып қырық ырыс және бір кісі белгісін құрайды. Саусақтарға жіктесек әр қолда 19 буыннан 38 саны шықса қалған екеуі тілдік жыныстық мінез болып қырық ырысты құрайды. Екі аралық әлемде осы қуаттардың жеке-жеке бейнеленген, бейнеленбеген түрде сыңарлары шеріктері болады. Ол шеріктер құстармен, жан-жануарлар табиғатымен байланысты түрде тіршілік етеді. Кезінде осы тәңірлік қуаттарға жеке-жеке бейнелер жасап табыну амалдарымен құлшылық жасаған, сондықтан елшілер жіберіп осы пұттардың бәрі негізінен бір-ақ тәңір болып тең бір ғана тәңірге табынуды яғни қуаттарды бірлеуді және олардың бір-ақ тәңір егесі бар екенін ескерткен пайғамбарлар жіберген. Бұл періштелік ішкі қуаттар адам баласына жауап бере алмайды себебі онда рұхпен байланыс ақыл, нұр болмайды. Осындай енді адам баласының ақыл қуатына байланысты яғни имананың өлшемі осы қуатардың сыртқы бейнесі тағы төрт періште болу керек. Оған дүниеден озған пенденің артынан «иманы жолдас болсын» деп жатамыз. Осы адам баласының мейлі кәпір немесе мұсылман болсын тағдырға жазылған несібе нұрына ризықтық өмір жасына тәуелді төрт періште бар. Екеуін әзірше екі иықа жалғанған қолдың көлеңкесі кәлиман жазушы періштелер деп атаймыз. Ал екеуі адам баласының алды-артында болады. Алда жеке-жеке құран аятары арқылы талқылаймыз. Енді тәңірлік бес қуатық тіршілік қамымен ақыл қуатымен, өнер ғылыммен байланысты түрде а бірінен аз, бірінен көп пайдаланып өзіміз өсіруге тиісті болсақ, сол ішкі қуаттардың нәтиже бейнесі сыртқы періштелер тек дінді меңгеруге байланысты болады. Яғни «Алтау араз боса ауыздағы кетеді» дейтін көктік несібемізге және өлім тағдыр жазға тікелей қатысты. Дінніңде басты мақсаты осы қуаттарды меңгеріп, бір жүйеде таза рұхқа қызмет жасатуға үйрету керек. Негізінен ішкі тәндік қуаттарды «шерік» періштелерді бірлеуді; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп атаймыз. Төрт періште қайта адам тәні арқылы өтіп нұрланып екі-екіге айналса, бесінші «насыр» жүрекпен бірігу арқылы төбеден келетін «қан-атты» періштеге айналады. Ал қанатты қалыптастыраты тағы екі періште бар. Оны жазушы періштелер «Лат» және «Ғұзза» деп атайды да оған алда жеке тоқталамыз. Ислам әлемінің діншілері тек осы тәңірлік қуат бес періштені меңгеруді ғана қарастырып сондықтан бес парызды негізгі дін ұстанымы етіп алған. Сондықтан дін қазығы болып орта топ болып есептеледі. Ал тура жолды табу үшін алтауды араздастырмау қауымдық ұлтық, нәсілдік белгілерден басталып ақылмен есті біріктіріп жұмсаумен бірленумен ғана іске асады. Ол үшін кісілікті яғни Әл-Фараби атамыздың көрсетіп Абай атамыздың қара сөзге айналдырып кеткен 4 пен 5-тің ара қатынасын меңгеріп Ясауи бабамыздың көрсеткен хикметті 13 сатысынан өту керек. Егер осы сипаттарды бірлеуді жаратушымыз аянмен, түспен, уахимен білдірмесе адам баласы ақылмен болжап, оймен таба алмайды тек белгілі дін заңдылықтарын сақтап парыздарды орындап аянмен бағдар алып отырады. Негізіненен 8 теріс естік қуат адамзатқа берілген «малы» болып есептеледі. Осы сегіз қуатты толық меңгерген, оңға айналдырып ақылға көндірген дінші тақуаны «Лама» деп атайды. Бұл қабілеттік шама болса, енді қасиеттік рұхтық тағы 5 қуатта бар. Бұл қуаттарды періштелерді енді көркем сөзге, мінезге қылыққа айналдырып тәрбилеуді яғни алтыншын тауып Рахманға біріктіруіміз керек. Ал бес парыз құлшылығымызбен алтыншы ішкі 45-тің жұбын тауып сүрелерге айналдырып намаздарын орындауды кітапқа бірлену яғни кітаптарға иман келтіру «қожалық» болып табылады. Ал өзіне-өзі яғни сөзіне қожа бола алмаған жағдайда аталарымыз; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді.» деп ескертеді. Немесе иман қуаты «хақ» деп атаймыз. Сонымен негізінен естің 13 қуаттық шамасы болады.
1.Уад түйіндемесі желке шұңқыры болып.
2.Суағ түйіндемесі жүрек болып табылады.
3.Яғұс түйіндемесі екі шекеден белгісі болады.
4.Яғұқ түйіндемесі жауырыннан белгісін береді
5.Насыр басқарушы атқарушы бала болып екі қолда түйіндеме белгісі болады. Және екі шекеден негізгі ойлау жүйесіне берілетін түйіндеме белгі. Төбеден құрсау болып «қабырға» ақылға иманға берілетін ескерту белгі. Тізеден намаздарды орындау жер бетіндегі тіршілік істеріне немесе аяқтың арамданып мінездің өзгерісіне берілетін ескерту және қолдау беру белгілері болып, негізінен тәңірлік және рұхтық сегіз белгіні алған пендеге аянға есік ашылады. Көктің жібін ұстаған немесе кітапқа жалғанған болып есептеледі. Қалған 32 белгісі ол тән жан тазалығының және бір бірімен қатынас жолдарының беріктігіне байланысты. Ондай жағдай тек тақуа жандарда және ерекше қасиетті әулиелерде болатын құбылыс. Сопылық жолдың негізі де осыған тіреледі. Бірақ сыртқы қорған үй құрылысына тәуелді болады. Себебі 5 қуат өз мөлшерінде 8 жынмен тербелісте болып 9 шы кісі ана тілі және сүтімен келген қасиет болып, 10 -шы мизан жанмен Алла кеңшілігінен (түс, аян, уақи) жоспарланып отырған жағдайда өз теңдігін тербеліс жүйесін сақтайды, жүргізеді, ұстатады, сөйлетеді әр түрлі сезімде тебірентеді.
Денесінің барша қуаты
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңір үшін. (Абай ата)
«Табиғат әр бір адам бойына не дәнді дақыл болып, не арам шөп болып өсіп шығады, тәрбиешісі; Біріншісін уақытымен суғарып, екіншісін отап отырсын». (Ф. Бекон.) Әрбір пендеге Алла тағала көрінбейтін көркем бақша сыйлаған оның жемісі тәнде, бұтағы, жапырағы жан сарайында. Күт , мәпеле жемісін көр, пайдалан! Сондықтан әрбір пенде өзінің жан бақшасының бағбаны «Не ексең соны орасың» деген аталарымыз. Құран ғылымы бойынша қандай санның негізгі үндік тәңірлік қуатқа, ал қандай санның дыбыстық рұхтық сөз қуатына байланысты болуын 10 санымен дәрежелеп көбейту арқылы анықтауға болады. Мысалға 5-саны 50 болса; Алланың жаны, тозақ ұжмақ арасын, түс, аян, әскерлер, ескертуші, періштелер т.б сипаттарды көрсетеді. Ал 3-тің дәрежесі 30-пара дін қуатын,өз-ара сауданы, бүкіл сәжде қылушы періштелерді, Раббымыздың білімін, аққан суды келтіруші т.б жаратқанның әкімшілік басқару дәрежесін көрсетеді. Олай болса бесті басқару үшті меңгеру керек болады. Беспен үшті біріктіру тек бірдің ғана ісі болып орындалуын кісі арқылы атқарылмақ.