Құран аяттарының үгітін (насихатын емес) меңгерудің басты көрсеткіші осы ұғымдарды қайдан және қалай пайда болатынын білу басты міндет. Барлық шариғатқа байланысты пәтуа шешімдерде басты назарда ұстануға тиісті жаратқан тарапынан берілген парыз деп түсінген дұрым. Қазақ ұғымы бойынша ауа райын немесе алдағы келе жатқан өзгерістерді алдын-ала болшап соған байланысты шешімдер қабылдау үшін жыл қайырып отырған. Демек сан қайырыа астарын сандар жүйесімен оқи білген. Ал кейбір жалпыға жария етуге болмайтын ұғымдарды жеткізу үшін сөзді астарлап, мақалдап ғылымын накылға айналдыра білген. Сондықтан көктен беріліп тұратын аяндармен, құран аяттарының және пайғамбар өсиеттерінің көбі нақылмен яғни ғылыми астарлы сөздермен берілген. Бұл мәселеге тоқталып отырған себебім де осы қарап отырған үш ұғым да бірде мақал бірде нақыл түрінде кездеседі. Сондықтан құран үгітін меңгергенде үнемі жыл яғни санмен аяттарды қайырып оқып толық түсінік алуға болады. Ал құранды арапшадан төтелей аударып ондай аяттарды қайыру амалдарын орындау мүмкін емесе. Сондықтан тек дайын аударманы мұқият тыныс белгісіне сөз ордарының басында аяғында келуіне мұқият болу керек. Олай болса «Ш-ЕР-ІК» сөзі бар тілде де өз үндестігімен айтылып, қазақ ұғымымен Ш-таңбасы (Ш=У=О2) белгілі бір ақпараттардың шегін (биоаллергенді), қышқылдар ішіндегі ашытқы белгілерін үнді, дыбысты өзгертуге тән белгіні көрсетеді. ЕР-деп жетені, сөздің сандық мәнге айналуын көрсетеді. ІК-тербелісті сыбдырды .тб қуаттық шаманы көрсетеді. Ал кеі қайырып зертесек «ЕШ»-«КІР» болып бостықты қалыптастыратын және сыртан енуші нәрсе. Қан құрамында бос ауа немсе етпен тері арасында болатын теріс неке «КЕНЕ»-паризитерге айналады. Шеріктің құранда төрт түрлі мағынасы бар. Шерік-көрінбейтін құстардан, адамдардан, хайуандардан басқарылатын әскерлер. Шерік- теріс ақпаратты тозақтық ләшкерлер, жын-шайтан, безбүл. Шерік-теріс ойлар, уайым, қайғы. Шерік сыбырмен байланысты қанда, тағамдарда, ауада т.б болатын паразиттер. Сондықтан ислам қағидасы бойынша лас істер, арам жеу, зинақорлық т.б адам тәніне әр түрлі паразит, теріс өрістердің пайда болуына әкеліп арты түрлі ауру-сырқауларды туындататын істерді «шерік қоспа» деп ескертеді. Қосуға болмайтын себебінің өзі негізгі өлшем бірлігі де судың үштен бір (3/1) салмағын, көлемін білдіреді. Енді әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы ойлап табылып жатқан ауру қоздырғыш екпе дәрілерде (вакциналар) осы шеріктер тобына жатады. Олай болса шерік дегеніміз «У»-болып табылады. У-ды аз көлемінде белгілі мөлшерде пайдаланып отырмаса адамзаттың қоршаған ортадағы әр түрлі әсерлерге қарсы тұру күші әлсіреп түрлі індет ауруларына ұшырап өмірден жойылып отырады. Демек аруақ заңдылығы адамзаттың тұрақты ақы-ойын дамытып өмір сүру қажеттілігін заман өзгерістеріне сай қалыптастырып отырады. Тек ол дін заңдылығы арқылы ғана бөлшектеп екі У-дың басын қоспай алуымыз керек.
Жалпы шерікке байланысты ақпарат қазақ елі үшін жеткілікті сөздер құпиясынан, мақалдардан, ырымдардан және күн тәртібінен ешқашан түспеген. Болашақта арнаулы жазыла берер деп тіл мамандарына қалдыра тұрсақ. Сондықтан тек ең басты дау туғызып жүрген «аруаққа» яғни зираттауға байланысты сөзбен қосылатын шерікке тоқталайық. Ол үшін;
Серік пен жолдас.
Сөз астарын зертеу үшін екі таңбамен бөліп және сөз қайырып тергеп көрсек; «С-ЕР-ІК», «ЕС»-«КІР» болып адамның есте сақтау мен ұлтық, салт-дәстүрлік шариғатымен өлшенеді. Жоғарғыдай жіктеп тек «С» таңбасы негізінен суға немсе сөзге байланысты сутегінің екі атомдық салмағын көрсетеді. СУ=Н(2)О. ЕР- сөздің санға немесе иіске, суға түрлену нәтижесін білдіреді және көп жағдайда еркеке батылдыққа да байланысты ұғымды білдіреді. Серіктің де құран бойынша төрт мағынасы бар. Серік-алды артағы күзетші, әскер. Серік-иман жолдас яғни сандық белгідегі сөз. Серік- көктегі періштелер, алланың сүйікті құлдары. «Серік қос+у»-жалған сөз, сөзге «у-отегі»-дың екі атомы= «қосу», яғни шайтан. Олай болса Серік санға айналған, санаға әсері бар көркем сөз дегенді білдіреді. Екіншіден сол Адам атаның алғашқы жаратқаннан үйренген көркем атаулар «Қабырғаға» яғни тіреуге, сүйенішке, қорғанға, сезімге, қасиетке айналып сол сүйіспеншілік қасиетердің жартысынан адам атаның сөз атауларына берген көркем бейнесінен пайда болған, яғни сүйгенін егуден, «СҮЙ+ЕК»-тен хау анамызды жаратқан. Сондықтан әйел еркектің сүйікті сөзінен Раббысының үйреткен негізгі атауларының жартысы 12-ден «қабырға»-дан пайда болады. Сондықтан әйел еркектің мәңгілік серігі жартысы. Жұптың серігі тақ. Жердің серігі ай. Олай болса серік ұғымы белгілі бір жаратылған жанды нәрсенің бір қарама-қарсы жарты бөлігі. Көркем сөздің серігі бар ол жалған сөз үнемі бірге болады, сондықтан қарама-қарсылықты «қас» деп атап, ортасын үнемі мөлшермен бөліп, ақылмен өлшеп ажырата білу діннің басты заңдылығына жатады. Бір күні Пайғамбарымыз үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы хабар берейін бе?»- деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» -деді. Пайғамбарымыз: «Олар Алаға серік қосу және ата-анаға қарсы келу»,- деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі –жалған сөз ғой»,-және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді.» дедік. Әбу Бәкірден өсиет; 1119(2654) Енді аятта: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып; «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.»-деді. (31-13). Бұл мысалдардан айта-айта жауыр болған «Серік қосудың» үш түрі бар екен. Біріншісі; сөзге байланысты, қандайда бір дерекке сүйенбей ойдан немесе жорамалдап болсын жалған сөйлеу жалған куәлік беру. Екінші түрі; дініңе серік қосу яғни ата-анаңа әдет-ғұрпыңа, салт-дәстүріңе қарсылық білдіру серік қосу амалы болып, тек киелі кітап аяттарына жаратушы үкімдеріне қарсы мәжбүрлеген жағдайда тыңдамауға болатынын ескерткен. Үшіншісі Аллаға серік қосу; жаратқаннан түсірілген аяттар, аяндар, нұсқаулар мен пайғамбарлар көрсеткен ізгі істер мен үлгілерді және әр елге өздеріне жіберілген елшілік істермен хикметті мұғжизалармен көрсеткен ашық дәлелдерді жалғанға шығарып, ертегіге айналдырып қарсылық білдіру. Енді қазақтың негізгі діни сауатты аталған қауымның назарына берік бекіген және даудың басты себебінің бірі зираттап әулилерге тағзым етуді бірі «ширик», бірі «серік» деп біреулері қазақ елінің дәстүрлі дінін мақұлдап, екіншісі даттап жатады. Жүздеген мысалмен құран аяттарымен, пайғамбар ізгілікті істерімен, өсиеттерімен және қазақтың мен ғалыммын деген діни сауаттылар еңбектерінен нақты қарсылықтарына дәлелдер келтіруге болар еді, бірақ бұл басылымның негізгі және басты мақсаты құдайсыз діншілдер мен құдай жолының бейнесін көрсету ғана болғасын тек оқырмаға бағыт, бағдар ғана берумен шектеліп отырмақпын. Осындай жағдайларға байланысты бұрын да баспасөз мекемелері басудан бас тартқан көптеген мақала, кітаптарда жазылды алда әлі «Құдай қалап, аруақтар қолдау берсе» жазыла да бермек. Елдің сұранысына қарай мүмкін басылар, басылмас мәселе онда емес. Түсінбеді, оқымады деп, жалпы халыққа ренжуге де болмайды. Тек ерекше сый, астарына тақ беріп елімізге бағыт, бағдар беруге тисті жаратқанның нығметімен сыналып жатқан ел басшы, дін басшы, ояздармен олардың орындаушы шеріктеріне арналады. Сол шеріктерін қарапайым халыққа айдап салып, өздері ортақ қосып жатқанын дәлдеуге тырысып жүрген жайым бар. Бірақ Алла бермеген ақылды адам бере алмайды екен. Дін деген үлкен мұхит әркімнің де үлесі бар ал менің жазған білгендерім бұл әшейін ғана білместік болып, соған қосылса тамшыға да жетпейді. Аталарымыз; «Егін ексең жерге өкпелеме, еңбек етсең елге өкпелеме.» Құдайдан қайтар! Қош осындай даналықты меңгерген, артағы ұрпақтарына үнемі «Серік» (Нақыл, иман, шындық) болатын сөздерді қалдырған аталарымыз туралы аятта: (Құран аяттары бойынша Алла достары қазақша әулие-әмбилер 33,34,59 сандық мәндерімен ескертіліп отырады.) «Сондай шындықты әкелген (хақиқатты-аянды және мұғжизалар көрсету) және мойындаған міне солар; тақуалар.(33) Оларға Раббыларының қасында қалағандары бар. Жақсылық істеушілердің сыйлықтары осы.» (39-34) Демек әулие деп тақуалықты, әмби деп жақсылық істеушіні, ізгілік өсиеттерді әдет-ғұрыптарды орындаушы, жалғаушыларды айтады екенбіз. Сондықтанда: «(Мұхаммед) Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?»,-деп сұра!» (27-59) Бұл аяттағы сәлем астарлы мағынасы дұға жасау, ізгі тілек тілеу яғни салауатпен сәлем беру болады. Салауат өткенді еске алу деп түсінген абзал. Көпшілік діншілдеріміз пайғамбарымызға салауатпен сәлем беруді бір сөзбен «ғаллейкисалам» деп көкек сияқты сөйлемнің санатын бұзып, бәдік айтушыға айналып алды. Пайғамбарымыздың көзі тірісі кезінде пайғамбарымызбен сахаббалардың өзіндік сәлемдесу қағидасы болған. Кейіннен пайғамбарымыз дүниеден озғаннан кейінде сәлемдесудің салауатпен сәлем келтірудің намаз оқуда қағидасын көрсетіп кеткен. Сол көзі тірі кезіндегі мадақты салауатпен шатастырған діншілер пайғамбар деген сөз кездессе болды «Ғалеккисалам», жазса «м.с.ғ», кейбір надандар жетілдіргені сонша мөр қылып басатын тіл ғылымының жазу үлгісіне жалғандықты, серік қосу амалын дәріптеу күнделікті үйренген әдетке айналды. Оған дәлел Қағб ибн Ужрадан; «Уа, Алланың елшісі! Өзіңе сәлемдесуді білеміз, ал саған (дүниеден кеткеннен кейін) қалай салауат айтамыз?-деп сұрағанда. Пайғамбарымыз; «Аллаһумма, салли ғалла Мұхаммадин… (Ибраһим дұғасын) айтыңдар»-деген.» (1684, 4797) Олай болса намаз оқудың мәні Алланы зікір етіп, пайғамбарларға салауатпен сәлем беру екен. Мұхаммед пайғамбарымыз тек маған ғана салауатпен сәлем бер деп айтпаған және Ыбырайым ұрпағынан ажыратпаңдар деген және құрандада дұғамен сәлем беруді ескерткен. Сонда «Ғаллейкисалам» атау ма, әлде бір сөзбен түсіндіретін дұға ма? Бұндай әдеттің пайда болуын; «Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер.» (33-56) Осы сүреге байланысты жалған тәпсірлердің себебінен, сәлем келтіруді кейіннен араптар өзгертіп алған. Негізінен бұл аят пайғамбар дүниеден озғаннан кейін болатын оқиғаны ескертіп, пайғамбарымыздың періштелік дәрежесін көрсеткен. 33-ші сүре ақиретке байланысты ғана үгіт, насихатты ескертеді. Ықыласпен (құранмен мадақ) құран оқып, (салауат) ықыласпен тілек тілеп, сәлем келтіріңдер сонда аралықтағы періштелер оны еске алып естіртеді яғни қайталап тұрады деген ұғымды береді. Сүренің сандық дәрежесіне атына мән бермей тәпсіреу себебінен қате түсінікпен және пайғамбар өсиетіне мойынсұнбай, ой жорумен аяттарға серік қосып одан ортақ қосу түсінігі пайда болады да надандық және тіл ғылымына, арап тіліне де, қазақ тіліне де жасалған қастандық туындайды! Аллаға мадақ немесе Алланы еске алу- деп белгілі құран аяттарындағы дұға тілектерді оқу яғни зираттарға барып құран бағыштап дұға тілек айтуды осы аятпен ескерткен. Демек Алланың сүйген құлдары Алланың орынбасары «үнемі тірі» деген мағынаны білдіреді. Енді бұл аяттағы «Ортақ қосу» сөзі (ОР+ТАҚ, Ор-ой, Тақ-Қат немесе ойдан хат жазу-тәпсір) Алла түсірген қандайда болсын кітаптарға аяттарға, нұсқауларға қарсылықты яғни Алла орнына пәтуа беріп қарсылық көрсетіп, ойдан аяттарға қарсы тәпсірлерді шығару Алла аяттарына, Құранға, ғылымға жаратылыс егелеріне ортақ қосу болып табылады. Олай болса бұдан туатын қорытынды қандайда бір қабір, зират немесе бір киелі орындарда құран оқылса болды Аллаға мадақ айтылған яғни құран сөзімен жалбарынған құлшылық жасаған болып есептеледі. Ал құран оқылғаннан кейінгі мейлі қандай қабылданатын немесе қабылданбайтын тілек, дұғалар құран аяттарының қасында әлсіз. Оны қабылдау қабылдамау пенденің ісі емес жаратқанның жұмысы. Құран жер тесігі, көк есігі арқылы көркем сөз болып көке көтерілсе, ал дұға тілектерді әулие-әмбилер арқылы өңделіп шамасына, маңызына қарай жаратқанға ұсынылады. Астарлы құран ғылымына жүгінсек; «Хатте» сөзінің-тік бұрышты сызықтық белгісі бар. Сонда құран аяты көкке көтеріліп дұға тілегіңіз зират арқылы жүрек тербелісімен жерге берілу керек. Сондықтан алақанды, табанды киелі орындаға тигізу әдеті осыған «хаттеге» байланысты қалыптасқан. Кезінде Пайғамбарымызда осылай жасаған. Сондықтан құран аяттарын оқығаннан кейін сен әулиеден болмаса аруақтан, ата-анаңнан өз тіліңде жәрдем сұрадың, сондықтан шерік немесе серік қосып жалған сөйледің деп пәтуа беру біріншіден надандық, екіншіден Құран аятына күдік келтіріп; күдіксіз Аллаға (құран сөзі) серік қосып, ортақ қосу үлкен зұлымдық болып есептеледі. (31 сүрені оқы!) Енді зираттан, киелі жерлерден, нәрселерден қандай жағдайда шерік (уайым, ауру, дерт, науқас, арамдық) қосылады? Немесе тарихта зираттағаннан зиянға, ауруға, қотырларға ұшырап немесе шайтанның ықпалына түсіп өлімді ойлап қайғыдан құса болып өлгендер бар ма екен? Бірақта «Жел тұрмаса шөптің басы да қозғалмайды» деп аталарымыз бекер айтпайды. Ғиса пайғамбарымыздың ескерткеніндей бастарына белгі қойылмай, жермен жексен болған және де белгі қойып қоршалмаған қабірлерді, жаңадан жерленген молаларды сол сияқты әулие мазарларын, киелі жерлерді музейлерге айналдырып алып, қызық үшін дәретсіз, арсыздық ашық жалаңаш жартылай киімдермен құран оқымай аралап немесе байқамай басып өтуден болмаса зират үстіне үйлер, мекмелер тұрғызып үстінде қалай болса солай дәретсіз өмір сүруден аяқ арамданып, әртүрлі иістермен өріс қабы бүлініп, жын-шайтандардың ішке кіру қаупі болғандықтан және қағидасын сақталмай зираттаудан шерік қосылатынын ескерткен. Жаңа түскен келіннің «Самаурынның шүмегінен су ағып кетті» деген ескертуі төрде отырған үлкен қонаққа; «Самарқанды су алды» болып естілгендей, аяттарды қағыс түсінетін немесе құдайсыз діншілердің дінді бөлшектеу әрекеттерінің көрнісі. Әрине ондай шерік қосушылар; зиратап тура жолды таптық деген қауымның да жартысынан көбінде кездеседі. Сондықтан кейде дәрет осылай болады деп жалаң аяқ жүрген араптардың өзі қағбадан шеріктерді (су бөлшектері, тері иондарды) табан арқылы қостырып жатыр. Түн мен күндіз, ақпен қара, жаман мен жақсы, араммен адал қатар жүреді қашанда. Жақсылық іздеп зират қағидасын орындамай жаманшылықты мінгізіп түсіре алмай жүрген қазақтар әсіресе әйел заты жетерлік арамызда. Мешіттерден де осылай жалаң бас, жалаң аяқ дәретсіз намаз оқып, жынды мінгізгендер жуық арада белгілі болады. Себебі араптар жеріне қарағанда біздің елімізде ауамызда ығалды болып кеелгендіктен шеріктер құрамы да әлде қайда басым болады. Пайғамбарымыз жаңбыр жауар алдында қайта-қайта үйден шығып мазасызданады екен. Неге? Әрине бұлтпен, жаңбырмен бірге шеріктердің де келетін толық әурет қабы пайда болмаған мұсылмандықты енді қабылдап тазара қоймаған пенделерге имандарына зияны тиеме деп қауіптенген. Араптардың ділдік белгісі төмен сондықтан шеріктерден зиян шегу қаупі де көп. Сонда қандай шерік қосумен күресуіміз керек? Меніңше негізінен жалған ақпарат беруші «шерік қатушылармен» күрескеніміз абзал. Шерік қатушы-деп адалды арам деп, арамды арам деп білмейтіндерді надандарды ескертеді құранда. Діншілер халықты зиратауды арам демей, дәретсіз барған арам деп түсіндірмегендіктен- шерік қатушылар. Алланың берген несібелерін салыстырмалы түрде нақты арамдарынан басқасын жеуді, ішуді бұйырған. Қазіргі таңдағы көбейіп кеткен «халал»-атты дүкендер де шерік қатушы надандар қатарынан болып дін ішінде де, дін арасында да іріткі салу амалдарына жатады. Тақуалықты нағыз тазалықты білген мұсылман сол халал дүкеннен алған азықтың өзін үйге келгенше әртүрлі вирустар немесе кей пенделердің көз қарасынан, сұғынан да арамданатынын біліп, арнаулы дәретпен дайындатып ішіп жемесе күмәнді болып есептеледі. Қандайда бір тағамды дайындау барысында мұсылманның тақуалықты меңгеру дәрежесіне қарай халал мен арамның арасында күмәнді нәрсенің қашанда болатыннын білген жөн. Сондықтан қандай мұсылман болса да біреудің жеке ыдысын немесе басқа бұйымдарын пайдаланудан да асқазаның арамдануы ғажап емес. Сонда қалай оларды бір дастархан басында да арам, халалға бөлу керек пе? Бірде бір пайғамбар Қызыр Ілияспен кездесіп үйге дәмге шақырады, сонда асты көрген Қызыр ата ішуден бас тартады. Себебін сұраған пайғамбарға; Бұл аста әйеліңнің ашу-ызасы жүр, мен үшін арам болады-деген екен. Ал Ғиса пайғамбарымыз; еріндеріңді өтірік сөзден сақтаңдар!-деп ескерткен. Ал Өтеу Бойдақ атамыз 15-ғасырдың өзінде Жәңір ханға; Еркек балалар қыздардың бетінен зорлап сүйеді, сонан кейін еріндері арамданып, ыдыс арқылы пұшық ауру (аллергия) халыққа тарайды,-деп арнаулы заң шығартыпты. Сондықтан заманына қарай амалдар ойлап таппай сыртай жорамалдап, ғылымсыз ой жору надандық болып табылады және көз бояушылық. Арам адалдық, асты дайындап болып, соңғы нәтижесі қай жерде кімдер арасында, кіммен тамақтануға немесе ауызға енетін кезде ғана анықталады. Онда да әр пенденің дәреже жағдайына дәмді сезу тақуалығына қарай. Тойып ішкен аста харам. Тәбетсіз асты зорлап ішуде харам. Шариғатта тамақты тойғаннан кейін қандайда бір асты жеген харам. Тарихатта адал асты әбден тойғанша жеген харам. Мағрипатта тіпте тоюға дейін жеген харам болып есептеледі. Қажылық кезінде аң аулап және аңдар етін жеуді тек қажылыққа сапарға (ыхрамға) шыққандарға арам деген. Жан ұясын айдалада аңмен асырап отырған аңшыға да арам болғаны ма? Құран оқылған астың бәрі адал болып, басқа діндегі құдайдың сүйікті құлдарының өсірген, дайындаған несібесі арам, арнаулы дүкен ұста деп құранда да, пайғамбарымызда айтпаса кім ойлап тапты? Адамзатқа түсірген көркем сөздермен, тазалыққа, жақсылыққа апаратын істерді құран емес деп айтуға бола ма? Осындай адалды арам деп елдің тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттерді тағы араптардан көреміз бе? Басқа діндегілердің мейлі құрт-құмырсқа бақа-шаян жесін, Алланың бұйырған несібесін жеп көрсеткенін істеп жүрген пендесінің тамағы арам деп ойлауда надандық шерік қату болып табылады. Алланың көркем етіп берген несібелерін бірін арам, бірін халал деп және тек бес парызбен жаннатық боласың , намаз оқысаң болды тура жолдасың деп, оның жұбын 5+40, тағы 45-ін білмей және дінді жерден отанды оттан, ананы тілінен, елді ділінен бөліп, шариғатты әдет-ғұрыптан бөліп түсіндіру нағыз серік қосып зұлымдықпен ортақ қосу амалына жатады. Құранды тек аударма арқылы оқып, мұқият зертеген қазаққа жақша ішінде берілген тәпсір түсініктерінің көбі ғылымға жуыспайды да. Сондықтанда мешіттерде және баспасөз бетерінде діншілдердің құран аяттарын ертегіге айналдырып түсіндіргесін, көп білімділедің санасына теріс әсер беріп, дінді жек көрнішті тек қолы бос еріккендердің немесе ғылымнан тыс адамзаттың бәріне бірдей міндетті емес ұғым етіп қалыптасқан.