Сандар әлеміне саяхат.

Сиқырлы сандар әлеміне саяхат жасаған ғұламалар жеткілікті жер жүзінде. Негізі Тәураттан, Забурдан Библиядан тарап Құранмен негізделеді. Тіл –дыбыс үндестігі. Дыбыс сан. Оған қазіргі заманда оған таң қалдыру қиын. Сіздің ұялы «телефондағы» дыбысыңыз дереу сандарға айналып жер әлемінің екінші шетіңде естіп, көріп отыра береді.

Сандар туралы жазылған кітапта, еңбекте көп, тек Құран маңындағы сандар туралы сөз қозғасақ та жетер. Құрандағы тақ сандар өсу, көбейу белгісін қалыптастырса жұп сандар жаратушымыздың араласуын үкім, тұжырымды білдіреді. 3 саны ежелден белгілі оны бүкіл дүние жүзі ғалымдары пайдаланса 5 саны құпия болып Пифагордан бастап Европа елдерінде 5 саны қасиетті киелі сан болып оны тіптен нотаға да қатыстырмаған да 5саны бар ноталарды қолдануға тыйым салынған. 5 санын алғашқы болып енгізген ғылыми дәлелдеген Әл –Фараби атамыз. Әл – Фараби оның жалған түсінік екенін дәлелдеп, ноталық сандарды жаңа жолға, бір жолға келтірген, табиғи сандардың үздіксіз санатын қолданған. Осы жаңалық барлық халықтардың музыкалық мәдениетіне әсерін тигізеді.

Осы сияқты Әл –Фарабидің басқада жалған ырымдарға, басқа салаларда да соққы берген. Аспан шырақтарын және жер бетін, өлшеу аспаптарын Әл – Фараби атамыз жетілдірген және тыңнан жасаған. Оның күн сағатын жасаған әдісі осы күнге дейін қолдануда. Сәулені шоғырландыру (оптика) әдістерін дыбысқа қолдану сол арқылы музыка саласында жаңадан жол ашуы тамаша даналық. Қазақ ғалымдарының дыбыстық зерттеу жүйелері АБЖД ғылымы, ол – абжад есебі. «Ақиқат бастауының» алғашқы кітабында мағлұмат берілді. Сондықтан оған көп тоқталмаймыз. Аспан әлемі туралы зерттеген көріпкелдер ғалымдар пікірі өзгертілмей жазылды. Бұл кітапта тек Құраннан мәлімет беріледі салыстырып оқу әр оқырманның өз жұмысы. Негізінен – абжад – ғылымы ескі алфавитті есте сақтаудың оңай тәсілі. Арап алфавиті осы есепке оңай келеді. Ал қазақ алфавитінде 42 дыбыс жүйесінен тұрады. Құран аяттарында қатар, қатар сап- сап періштелер деген сөздер жиі қолданылады. Сондықтан Ыбырай атамыз тәртіпке келтірген қатар есебін пайдаланып көрейік. Алла сөзі сандар орнымен 1+16+16+1=34.саны шығады. Рахман сөзі 15+26+7+1+13=90. Сол сияқты діни ғұламалардың мешіт имандарымыздың көп қолданылатын сөзі «Аллаһ» – деп жеке айтады, сандар тізбегі 1+16+16+1+31=65.орыс тіліндегі аудармадағы Аллах сөзі орыс алфавитімен =51 санын құрайды. Қазақтың қиналғанда әсірелеу сөзі «ойбай» сандық мәні 50-ді құрайды. Дыбыс жиілігі ұқсас келеді. Енді Яссауи бабамыздың пайдаланған зікір сөздерді хай -44 ху-58 жұп сандар жиынтығы болып, әрі өзінің қолдану заңдылығы бар. Яғни басқа тілдегі сөздерді мейлі арап мейлі орыс, қазақ тіліне дұрыс аудармасы болмаса, толық сөйлем мағынасымен пайдалану керек. Оған әлі алда түр (рең), өріс туралы ұғымдарда тоқталамыз. Сондықтан дін танушы, діни сауатты бауырларымыз мүмкін есептеп көрер. Құранда тақ және жұп сандар мәніне өте қатты мән берілген. Көркем сөйлеу, көркем жазу өз ана тіліңде дыбыс үндестігімен ғана іске асады. Құранда «ассалаумағалейкум» деген сөз де көп көре алмайсың «Сәлем дейді» — деген жаннаттықтар. Көп діни газет журналдарды оқу мүмкін емес. «Пайғамбар деген сөздің артынан мөр басады немесе Ғ.С. Р.А. деген болмаса жаны жаннатта болсын деп тілек айтумен мақаланы аяқтайды. Құранда пайғамбарлар жаны жаннатта» — деген жаратушымыз. Ол, мейрімді.Бұл мысалдарды келтіріп отырған себебім алда жақшаның ішіндегі көп сөздерді алып тастап. қазақшаласам дін танушы ағайын ренжімесін деп алдын ала кешірім сұраймын. Жалпы Құранда төрт қиямет уақыты бар; қиямет сағаты, қиямет күні, қиямет мезгілі соңғы Аллаға тірелу қиямет – қайым болып есептеледі. Тербеліс есебі яғни уақыт үш түрлі белгімен салыстырмалы түрде өлшенеді. Сондықтан үш қиямет (тербеліс) сағатын өткізген жаратылыс иесіне енді қиямет күні болады. Сол сияқты үш қиямет күнінен кейін ғана қиямет мезгілі басталады. Яғни төртінші шешімді тек алла тағала үкімімен өзгеріске ұшырап отырады. Осылай сап-сап тізбек болып тіршілік жалғаса бермек, Жаратылыс есебі 1 күн=50 000 жыл болса. Уақыт есебі сағат, күн. ай, жыл. Ахирет есебі 1 күн =1000 жыл біздің дүние жыл санаумыз бен. Осы жүйе арқылы жердегі өмірді, жанның келіп, кету тағдыр тербелістері шығады. Жалпы 40,30,10,9,7,5,3, т.б. қазақ дәстүріндегі кездесетін қасиетті киелі сандар мәндері түгел Құраннан шығып отырған. Қазақ дәстүріндегі бос сөздер санға байланысты жоқ десе де болады. Және бүкіл сандар жиынтығы 11 жұлдыз және күн мен айға, ғалам тербелісіне тікелей қатысты. Жыл басын санау арқылы, ауа райын болжаудан аталарымыз жаңылыспаған. Себебі қыстың қатал болуы жер бетінде ауысу заңдылығы болған. Аталарымыз дәл болжап қыстау ауыстырып жан сақтау тәсілдерін меңгерген. Астрономия ғалымдарының қателіктері жер күнді айналады және өз орнында айналады деп есептеген сонан көптеген қателіктер туындап отырады. Оған мұсылман жыл санауы куә. Ғалам зерттеушілері қайта бет бұрыс жасайтын уақыты жеткен тәрізді!

БІР САНЫ ТУРАЛЫ

Бір саны — әлемнің танымның бастамасы. Барлық сандар жиынтығы осы бірге келіп тоғысады.Алла жалғыз – Бір. «Екі дүниеде-бір қадым» Бүкіл жаратылыс басы осы бірден басталады. Енді бардың міндетті түрде көлеңкесі болады. Сондықтан көру, сезу және білім арқылы сол бірліктерден басталып отырады. Біздер үшін жер біреу; «Әжем үзін шешкен жер,Әкем кіндік кескен жер,Қайран, дүние, шіркін – ай, Ағалардың жұбайы Келіншек боп түскен жер!» деп жер отанды, жер анасын суреттеген. Сондықтан әр-бір нәрсенің бастауы,төркіні тек бірліктен басталады. Сол бастауды ана деп; «Сөз анасы – құлақ, Жол анасы – тұяқ. Су анасы – бұлақ. Көз анасы – шырақ» деген аталарымыз.

Абай атамыз бір – деген сандық ұғымға сүйеніп халыққа мынадай өсиет қалдырыпты;

Единица – жақсысы,

Ерген елі бейне көл,

Единица нөлсіз – ақ,

Өз басындық болар сөз,

Единица кеткенде

Не болады өңшең нөл!

Пайғабарымыз; «Расында Алланың тоқсан тоғыз,бірі кем жүз есімі бар, кім санап шықса жанатқа кіреді,»-деген» (1135-өсиет). Пайғамбарымыздың осы өсиетіндегі астарлы түрде 99 арқылы пайда болға бірді табуды ескерткен екен. Сол бірді еске алуды Алланы еске алу деп атайды. Бірақ өкінішке орай сол бірдге өкілеттілік алғандарды діншілер «шерік» пайғамбар өсиетін жалғанға шығарып орындаушыларды мазаққа айналдырып алды. Сол бірдің сипатын пайғамбарымыз; « Бұл дүниеде де, ақыреттеде де Мәриям ұлы Исаға адамдардан ең жақыны менмін. Пайғамбарлар-аналары бөлек бауырлар, ал діндері бір» деп айтты». (3443-өсиет) Олай болса дін арқылы бүкіл пайғамбарлар есімдері жүздің бірі. Ал әрбір пайғамбар тек өз үмметтерінің ішіндегі Алланың досына жәрдемшісіне айналған әулие-әмбилермен ғана бір. Сондықтанда бірді дәрежелеп, онға жетіп оған бір болып қосылсаңыз көркем есімнің бірі ұрпақтардың пірі болуды аятта; «…Егер Алла, сендерге бір зиян қаласа немесе бір пайда қаласа, сонда сендер үшін Аллаға біреу не істей алады? Олай емес Алла не істегендеріңді толық біледі» де» (48-11) Демек Алла оның бірі арқылы зиянда пайданыда жеткізіп отырады. Олай болса «Бір»-шындық-қасиет!

Әрбір қасиет, қабілет нәтижелерін біріктіре отыра өткеніңді бірлеріңді білмесең болашағың бұлыңғыр, болашақты болжамасаң бүгінің баянсыз, сондықтан жаратушымыздың қалуы тек бірлікте және сол бірліктерді басқаратын «Бірді-Пірді» мойындауымызда тұр. Ал қазақ бұрын кімді және қалай пір тұтқан? Қазір кімді және нені пір тұтамыз? «Әр ханның тұсында бір сұрқылтай.» абай бол! Сондықтан әр нәрсенің болмыстың сипатын білу үшін сол бірді таба білу білімділікті, тек ақыл ғана өлшей алады. Сол біреуімізді «мен-ге» «менікіне» айналдырып өледіге санасаң қасірет! «Бір кісі көкке ұшады, етегіне мың кісі сияды.» Қазақ елінің көкке көтерілген біреуінің соңынан еріп, тағы бірімізді ғана танып және басшылыққа сайлап, ел намысын біреуге жинап, бір адамдай Алламызды танып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірігіп; Алдағыға қарап пікір етіп, артағыға қарап шүкір ете білсек, жаратушымыздың берген уәдесі де біреу болмақ. Ол қой үстіне боз торғай жұмырқалайтын алтын ғасыр!

ЖҰП БЕЛГІСІ ЕКІ

Жалпы жалғыздық құдайға ғана жарасады. Сондықтан «мен бәрін жұп қылып – жараттым» деген аятта. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды. Салт басты, сабау қамшы болмай сыңарыңды ізде, тұрағың болсын – үй бол, ұраның болсын – ұрпақ өсір!- деген атам қазақ. Егіз, жұп, жар деген сөздер 2-ге байланысты айтылады.

«Мен сендерге екі көз, екі құлақ, екі ерін жараттым» — деген жаратушымыз. Сондықтан бұл санға қайта – қайта ораламыз. Егіз аттан құласа, басын сүйер ағасы, жалғыз аттан құласа неге келер шамасы. «Екі бала арасындағы шал – бала болады» «Екі шалдың арасындағы бала – дана болады.» «Қой егіз тапса шөп айыр өседі.»

Адам жаратылыста әйел, еркек болып бөлінсе. Жалпы көрінетін көрністің кемі екі сипаты болмаса бейнесі салыстырылмаса айқындалмайды. Әл-Фараби атамыздан; «Адамның болмысы құпия және жария болып екіге бөлінеді. Жариясына келсек, күнделікті көріп жүрген тәні, дене мүшелері. Құпиясы адамның рухани күші.» «Ал адамның рухани күші екіге бөлініп, бірі қарекетке, екіншісі танымнан әсте босамайды. Қарекетің; өсімдіктерге, мақұлықтарға үш түрі, танымның; мақұлықтық және жабайы екі түрі бар, Осынау бес қасиет түгел адамбойында бар және олардың көбі өсімдіктермен мақұлықтарға да ортақ!» Адам бойындағы екі рухани күш үнемі бір-бірімен арпалыста болмақ. Аталарымыз; «Екі құзғын таласа, бір қарғаға жем болар. Екі тентек кездессе, ерегіспен тарқайды, Екі жақсы кездессе, елжіресіп тарқайды.» Сондықтан; «Бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын.» «Біреу болса құда, екеу болса ұя». Өлшемді білу үшін міндетті екі шаманы білу керектігін ескерткен. Адамзат -тән шамасы, кісі -қуат шамасы. Сондықтан Құранда осы екі өлшемді жаңылыстыруға болмайды: Адам десе екеуін бірге қамтиды. Адамзат десе денеге көрінетін бөлімге байланысты, ал «кісі» десе қуат өлшемі қозғалыс, сөз, сезім, т.б. киесін «кісі» деп атаған қазақта. Адамзаттан екі рұхтық өнім пайда болды. Бірі адам баласы-періште нәпсі сипат. Екіншісі жын- періште қуаттық сипат. Сондықтан; «Жындар мен адам баласын құлшылық үшін жараттым» деген жаратушымыз. Осы екеуін тәрбилеуге берілген екі теңгені (жал ақы) пайғамбарымыз; «Адамдардың көбі бағаламайтын екі нығмет бар: денсаулық және бос уақыт.» деген» (1998-өсиет) Ал бұл құпияларды шешу үшін екеуін үнмен таңбаласақ сандық белгі 3 пайда болады. Бір ойдан қосылмақ. Діннің бір құпия қағидасы ой теңдігін сақтаушы себепті табуда, келтіруде. «Жігітің екі өнері бар; Атқанда-жыққан, ашқанда-оқыған.» Ондай жігіт нәпсісінің қожасы болар. Нәпсі негізі екіде; «Көз көруге тоймайды, Құлақ естуге тоймайды.» Нәпсіні тәрбилеу еңбек; «Еңбегің егіз болса, Байлығың сегіз болады.» Екі нығметті алсаң үшінші күнге жаннатқа жалғандың. Болмаса; «Елін сатып асаған екі күн ғана жасаған.» «Оймен тауып жолдасты, боламыз түнде біз төртеу. Таң атқан соң оянып, тұра келген тағы екеу!» «Би екеу болса дау төртеу болады.» «Қасқыр мен ұры мінездес- екеуіде түнді аңдиды. Бұлбұл мен гүл мінездес- екеуі де күнді аңдиды.» «Кімде- кім ақыретте де, дүниеде де қор болмаймын десе білмек керек: еш адамның ткөңілінде екі қуаныш қатар бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы-олар да бірдей болмайды.» ( Абай ата) Ал екінің басын қосалмаған бірді табуы мүмкін емес. Бірсіз тағы үш болмайды. Екіні бірлеп үшті алған ғана еліне, ағайына пір болмақ. Сондықтан да; Құдайға шүкір- «үш» кір!

Үш саны – теңдік, билік.

Әлем, болмыс, таным үш санымен теңдік болып өзін жоймай ұстап тұрады.Үш аяқты ошақ, шаршасаң таяққа сүйенесің. Шүкірліктің басты қағидасы: «Екі ұштыны бір күшті қосады.» «Екі кісі ығысса, бір кісілік орын бар.» Үш арыс, үш би үш жұрт тіптен ер кезегі үшке дейін. «Үш қайнаса да сорпасы қосылмайды, үш ұйықтасам да түсіме кірмеді» – деп «Жау үш шапса, жан қалмайды, жұт үш оралса, шаң қалмайды». Қазақ халқы ауа райы өзгерісін үш жұлдыз арқылы анықтаған.Үркер,Таразы,Сүмбіле.Үшеуі де үш айда туып, бір сағатта,бір түнде батады. Адам баласының да ұйқысы үш түрге бөлінген. «Төле би тауып айтады, Қазбек би – қазып айтады, Әйтеке би – жарып айтады.» «Жігіттің 3 жұртты болады; Өз жұртың күншіл, Қайын жұртың –міншіл, Нағашы жұртың сыншыл келеді.» Үш ұят туралы; «Ер жігіттің сөйлеп отырып күлгені – ұят» «Жауынгердің жаудан қашып жүргені – ұят» «Тазы иттің үйден шықпай үргені – ұят». Үш өзгеріс; «Бала артта қалса – із» «Бақыт ұзартылған қыз» «Мал қолға ұстаған мұз.» Үш ескерту; «Өтірік қаңбақ» «Шындық салмақ» «Басы қаттының аяғы тәтті.» Үш жаман; «Көңілшектік жаман» «Тілемсектік жаман» «Бәрінен де еріншектік жаман» .Үш тұрлаусыз; «Естігені көп,ұстағаны аз, Көргені көп, байқағаны аз,Оқығаны көп,тоқығаны аз». Үш ұлағат; «Ақыл қадіріне, тек ақылды қалады» «Ғылым ,білім сатса,білімді алады» «Бірлік сырын білген адам ғана ұғады». Бірліктің сыры; Жан, Тән, Рух осы үшеуінің бірігуінен табылады. Жаратушымыз қасиетті кітабында толық бізге жіктеп берген. Үш кітаптың бірлігін «Құран» деген. Ахирет заңдылығына байланысты істердің бәрі үш санымен басталады. Барлық адамзаттың меңгеруге тисті белгілері «ғайып», «көмес», «көрнеу» болып үшке бөлінеді. Ертеде Испания елінің бір әкімі қармағындағы еліне ой тастайды: «Егер кімде – кім санды қолданбай бір роман жазып әкелсе , үлкен сыйлық беріледі» — деп, жар салған екен.Бірақ осы жарлық осы күнге дейін орындалмаған.Ол тек біздерде қазақ елінде құранды киелі өсиеттерді түсіндіруде ғана бар. Сондықтан бірде бір есебі жоқ тәпсірлер қазақ жерін жайлап бара жатыр. Егерде солар; «Жақсылықты сатпаса, Жалған айтпаса екен, Ешкімнен ештеңені қызғанбаса екен!» және олардың; «Тойлағаны да жақсы, намазды тек оқып ойлағаны да жақсы, бірақ та артын ұрпақтарын ойланған да жақсы болар еді.» Енді жан – жағымызға ойланып қарап, жаратушымыздың асыл сөздерін ақылға салып көрейік. Бізге баламасы жоқ суды жаратқан ол, Алла. Су үшке бөлінеді: мұз, сұйық, бу. Аятта; «Ол көктен жаңбыр жаудырады да ойпаттар өз өлшеуі бойынша сел болып, көпірген көбікті қалқытып ақты. Сондай – ақ, сәндік бұйым немесе аспап жасау үшін оған от жағып, еріткен металдарда сондай көбік болады. Алла хақиқат пен жасандыны осылайша мысалдайды Ал енді көбік ұшып кетеді де адам баласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады. Осылайша Алла мысал берді» (Рағыд – 17). Топырақты балқытсаң металы шығады, көбік ұшып кетіп металл қалды. Ал енді ол тоттанып шіріп көре көзге топыраққа айналады. Топырақты ұсақ шаңға одан тозаңға тіптен, көзге көрінбейтін бөлшекке, ауаға жоғалып кетеді. Басын біріктіріп әртүрлі бейнеге айналдыратын ол шындық – түтінсіз жалын,отсыз түтін. Құранда «Мұхамед сен ол үшеуді көрдің ағаш қасында»деген аят бар. Барлық дене үш түрлі өріспен құралады, біріктіруші Алла. Ғайыпқа байланысты, Алланың қатысуымен тұрақтанатын өзгеру сипаты бар нәрселер үш белгімен беріледі. Пенде баласында сыртқы ортамен бөліп тұратын үш өріс болады. Айырмашылық мұсылман еркектерінде тізеден төмен бөлікте қорған перде болады. (Сопылықтың жоғарғы нәтижесі де сол пердені алып көкке көтеріле білу.) Ал әйелдерде балтыр тұсында үлкен шеңбер болса мойын мен тобық арасын өріс жасап жауып тұрады. Маңдай арқылы жасырын көздер бездер арқылы ішкі қуат көздеріне қосылады. Бұл өрісті «ғарыштық» деп атап (пенде бойындағы аспан белгісі) пенделерге берілген жаратушымыздан несібелік теңдік белгісі болады. Негізінен 10-15 м аралығында болады. Тыныстық өріс — тыныс алу, ас қорыту арқылы жанған жылу қуат, адам терісімен айнала қоршап , киім арқылы шектеліп тұрады. Бір жағынан ой жүйесінің белгісі болып табылады. Сыртқы ғарыштық өріске араласқан сайын сана кірлеп, ұят және ардың жоғалуын туындатады. Сондықтан ғарыштық өрістің дуалы шегі киім болып, әр түрлі тосын жаман ойдан (сөзден) адамды қоршап тұрады. Пенденің тәндік тербеліс шекарасы болып саналады. Жер – Анамыз да осылай құрылған. Жалпы жер қызуын реттеп сақтап тұратын ішкі қуат. Жер асты ошақтарынан теңіздер арқылы нәр алады. Жандық қуат белдеуі экватор сызығы мен төбесі болып екі шегімен мұзда мұхит және антрактика болып жабылады. Жер беті жеті аспанмен күмбез болып жабылған. Әр аспаның түрі түсі және тербеліс жилігі болады. Адамның да аз қорғалған ғарышқа жақын жері басы мен аяғы. Аяғына салқын барса бірден төбеден шығады, ол да белгі. Жан өрісінің белгісі аспанда екі жұлдыз бар,белдеуі бар. Біреуі әйел, екіншісі еркек. Сондықтан болар экватор сызығы түйені алдыңғы аяғынан өткен жері ашық артқы аяғының құрлық үстімен, жалаң бұт Африка елімен өтуі. Алдыңғы аяқ әйелді бейнелейді,артқы аяқ еркек. Тобыққа дейін жабық болу керек, негізгі су қорған, киім белгісі, мойын тұсы да жабық болған абзал деп көрсетіп қойған. Адам баласында қорғалуға тисті үнемі қымтап ұстауға бұйырылған үш қасиетті орын бар. Адамзат тіршілігінде осы қасиеттерді меңгеру барысында көптеген жағдайлар кездеседі. Әл-Фараби атамыз; «…Адам өмірінде кездесетін жағдайлар мыналарға бөлінеді, артынан мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлар. Ал әрбір мадақтауға, әрі жазғыруға соқтыратын жағдайлар үшеу: 1. Бұл әрекеттер, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер. Мысалы; орнынан тұру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есіту үшін керекті әрекеттер. 2. Жан қалауымен болатын; құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар. 3. Ақыл парасат. Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмірі бойында болады немесе кейде болмайды.» Сондықтанда әрекетіміз яғни шүкірлігіміз дұрыс болуы үшін біздің соған баратын жолымыз (дініміз) қандай болу керек екенін, ал ойдағыдай болу үшін жанымыздың қажетілігі қандай болуға тиіс екенін және ақыл-парасатқа жету үшін ол парасат қандай болуға тиіс екенін «біздерден» шүкірмен сұрап, анықтап отыруымызға тиістіміз. Ал біздерді тек түс арқылы ғана көруге болады. «Түсің түзелсе ісің де түзелер» депті дана аталарымыз. Ал қалай түсті түзеу амалдарының, рухани тазалықты, рәсімдерін Ғиса пайғамбарымыз өнеге қылып көрсетіп кеткен үштікте. Алда түс, аян, уахи ғылымын «уақ»-тың көрністерін толық жіктеп талқылаймыз. Діннің тазалығы сөз құпиясын меңгеру. Сөзде үш сипаттан тұрып; жарықтық (физикалық), қатты жұмсақ (биолгиялық, ашы, тәтті (химялық) шамасы болып қараға және аққа яғни санға тағы үшке айналу керек. Үш билік-ол рух, Алланың сөзі; «Әлиф лам мим» үш құпия және үш кісі. Үш байлықпен адамзат жер бетінде тұрақтайды; «Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-он саулық, үшінші байлық ақ-жаулық.» «Сондықтан, ойың ақ болсын, сөзің ақ болсын, ісің ақ болсын. Ойыңның ақ болмағы-арыңнан. Сөзіңнің ақ болмағы-жаныңнан. Ісіңнің ақ болмағы-ақылыңнан.» (Бөлтірік шешен) Малайсары шешеннен Сырым батыр жас кезінде сәлем бере, ақыл сұрай келгенде; -Шырағым, үш сөз бар, ұмытпай жүрсең, халқың соңыңнан қалмас, ұмытсаң артыңа ермес. Ол сөз: Ұят, Борыш, Обал! Осы үштің тұрағы шүкір- сауап. Сауап жеңсе оңалдың, обал жеңсе жоғалдың. Ұлдың сауапты білгені жігіттік; Бір жігітік бар-құр жан, бір жігіттік бар- тірі жан, бір жігіттік бар-жігіт жан. Ұлдыңда үш түрлі қасиеті бар; Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-атадан өте туады, бір бала бар- кері кете туады. Обалдың көрнісі жетімдікте; Санай берсең жетімді жетпіс болар, Бірақ та арманда шын үш жетім бар; Біріншісі-ат жетім, ерен жүйрік шабылмаған, Екіншісі-құс жетім, саятшысы табылмаған, Үшіншісі-болады екен әйел жетім. Өзінің теңін тауып қосылмаған. Ал дөңгеленген дүниенің қасіретке соқтырар үш жетімдігі бар; Басшысы келіспеген ел жетім, ұқпасқа айтқан сөз жетім, жаңбырсыз жер жетім! Күлтөбеге ұлы кеңеске жиналған ел Әнет бабадан; -Баба, дүниеде не арсыз, не ғайып, не даусыз, не қадірсіз, не тәті, не күшті, не жаман?-деп сұрапты. Сонда баба жеті сауалға үш-үштен жұптай былай деп жауап беріпті: -Үш арсыз бар. Олар мыналар; ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. Үш ғайып бар. Олар мыналар; ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып. Үш даусыз бар. Олар мыналар; кәрілік даусыз, мінез даусыз, ажал даусыз. Үш қадірсіз бар. Олар мыналар; жігіттік қадірсіз, денсаулық қадірсіз, әйел қадірсіз. Үш тәтті бар. Олар мыналар; жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті. Үш күшті бар. Олар мыналар; ақыл күшті, жүрек күшті, тіл күшті. Үш жаман бар. Олар мыналар; наққақтан қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Міне бұдан сақ болыңдар! деп әсіресе соңғы үшті қатаң ескерткен екен.

Төртеу түгел болса,төбедегі келер.

Төрт саны әлемдік жұп, Құран бойынша ол Алладан келетін мезгіл қозғалыс белгісі. Барлық айқын болуға тиісті нәрсе болсын немесе сөз болсын 4 белгісі болуы шарт. Біздің өмір сүрген әлем қабығының тербеліс саны айына 4 рет ауысады. Дүниенің төрт бұрышы бар деген. Ол ақиқат. Жоғарғыда ескерткендей жер әлемі қиямет мезгілінде экватордан бүктеледі,сонда екі төменгі – жоғарғы нүктелер түйістіргенде әлем төрт бұрышқа айналады. Жерді де теңіздер түйіскен жерден жазып көрсе төрт бұрышқа айналады. Жалпы адам өмірі Аймен есептеледі. Іште жатқанда да қырынан қарағанда жарты ай болып өседі солай туылады. Адам баласында алдынғы жағында, әйелдерде тобық пен мойын еркектер, тізе мен мойын арасын жалғап тұратын ай тәрізді көркем сөзбен толтыра алсаң «нұр» деп аталатын қуат көзі өріс орны бар. Жер–анаға, ол белгілі жерлерде бекітілген. Адам жасының ұзақтығы немесе кенеттен қайтыс болуы осы жарты айға байланысты. Бұл жаратушымыздың бізге берген «мүмкіндік» сыйы, оны да өз еңбегіңмен табасың, қорғайсың толықтырып отыру міндеттелген. Алда толық талқылаймыз. Жердегі бүкіл өсімдік жаратылыс ай нұрымен ғана қозғалысқа түседі.Адамзат үшін нұр- несібе. Нұрдың да төрт белгісі болар жер бетінде. Діннің бар негізгі мақсаты осы нұрды толықтыру, өсіру, жоғалтпау. Сондықтан бабаларымыз «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген. Уақыт тек төрт шаманың теңдігінен тұрады. Үш саны теңдік өсу, өну болса, төрт саны толу, бірігу толысу болып табылады. Төрт құбыла тең болса бақыт, ғылым тегі.(Тәурар, Забур,Інжіл, Құран) Сондықтан төрпен даналықты іздейміз. Пайғамбарымыз; «Дәуіт әулетінің (сақтардың) даналықтарының бірі мынандай: «Әрбір ақылды пенде үшін ешқашан естен шығармауға тиіс 4 сағаты бар; -ұлы әрі даңқты Раббысына мінәжат ететін сағаты. -Өз-өзіне есеп беретін сағаты. –Айыбын, кемшілігін бетіне басып, нәпсісі туралы шынайы сөйлейтін достарына (әулиелерге зират) баратын сағаты. –Нәпсісін адал әрі көркем қызықтармен оңаша қалдыратын сағаты.» (Уаһаб ибн Мнәббиһтен) Осы төрт сағат адамның жұмсайтын баласы деп аталарымыз; «Бірінші бала – үй баласы». «Екінші бала – ауыл баласы.» «Үшінші бала – аймақ баласы.» «Төртінші бала – ел баласы». Жаратылыс төрт мезгілмен тіршілік тыныс алады. Жер әлемі төрт күндік несібемен жаратылған. Шариғаттың әдет-ғұрып, салт-дәстүр деген төрт кітаптан киесі бар. Төрт түлік мал адам жанының арашасына болып жаратылған. Иман-игі істен, мейрімнен, аяушылықтан, намаздарды білуден; төрт сипаттан құралады. Ақыл; «ар-ұяттан», «әдемі қылықтан», «ықылысты ниеттен», «лас сөзді айтпаудан»; төрт түрлі адамгершілік негізден тұрады. «Төрт қасиет бар. Олар кімнің бойынан табылса, ол нағыз екі жүздінің өзі. Ал кімде бұлардың бірі ғана болса, ол одан арылмайынша екі жүзділіктің белгісін арқалап мүреді. Олар; -Өзіне аманат (аян) тапсырылса, оған қиянат жасайды. –Сөйлегенде жалған айтады (серік қосады). –Уәде берсе уәдесінде тұрмайды. –Дұшпандықта тым шектен шығып, зұлымдық жасайды. (Әл Бұхариден.) Рұх тағдыр жазуы болып төрт сөзбен үрленеді; «…Алла бір періште жіберіп (ұрықтың 80 күндігінде) оған төрт сөзді (рұхты) әмір етеді және оған; «Оның амалын, ризығын, өмірін және бақытты не бақытсыз болатынын жаз!»-деп айтылады. Сонан кейін шаранаға жан үрленеді…»(1294-өсиет). Төрт тілде жаратылыс сөйлейді; оттың тілі, судың, тілі, жердің тілі, желдің тілі. От пен су-тілсіз жау дейді халық. Жанар таулардың асты толған от. Жер астында от пен су кездесіп, шарпысқанда тау қаңбақтай, тасбұршақтай атылып, зілзала болып жер шайқалады. Дүние айналған мұхит, жер бетінің көбісін су ана алып жатыр. Әлемнің шырақ сәулесі -от, атасы –Күн. Ол барып әлемдік мұхитқа шомылады. Онан көтерілген бу аспан ұшып, бұлт болып жиналады. Бұлты жел айдап, аспан әлемінде отпен судың ұшқыны тағы шарпысады. Найзағай жарқылдап, күн атамыз күркіреп, нөсер жауады. От пен су, жел мен жер-міне, дүние негізін құраған төрт тұлға осы. Бұл айтылған төрт тектің негізі айдан бері. Сол себепті оларды Ай астының әлемі-Жер әлеміне тән сипат. Сондықтан аталарымыз; «Ай астында төрт тек бар, Астыңа жайған төсектей. Аспанда жалғыз әсер бар, Бір өзі көпке есептей.» деп «Төртеу түгел болса төбеден келер.» деген. Негізгі төртеу; «Аяқ-азамат, қол-мүлік, Бас-сандық, тіл-кілт.» «Өтірік екеу, шын төртеу» осыны меңгерген жан ғылымынан хабар берер. Шындықпен өтіріктің арасы төрт-ақ елі; К өзбен көрген-шын, Құлақпен естіген-жалған. Төрт нәрседе үміт бар: Жас өсемін деп үмітті, Жалғыз көбейемін деп үмітті, Жарлы байимын деп үмітті, Ауру жазыламын деп үмітті. Қолыңыздағы төрт саусағыңыз айға қаратып ұстап төрт төсек несібені көрсетеді, ал бас бармақ бесінші жазу пешене! «Пешенесі беспен, бесіктегі жас бала, қуанады кешпен.»

Бес- қару-сыр-асыр.

Қазақ тілінде кең тараған «Ер қаруы – бес қару» деген сөз бар. «Бес уақыт намаз» «Пешене бесеу» дейміз. Бес саны негізінен «Қуатқа байланысты айтылады.Қуатты қазақта «арқау» деген. Зұлқарнайын: «Раббымның маған бергені бес артық» (кеһф -95). Бес қуаттың көмегімен Зұлқарнайын әлемде теңдік тәртіпті қалыптастырған. Ал ол бес қуатың көрнісін аятта; «Әрине егер сабыр етсеңдер сақсынсаңдар сондай-ақ жау дереу осы араға жетіп келетін болса, раббыларың сендерге 5 мың белгілеулі періштелермен жәрдем етеді» (3 -125). Бүкіл қуат көздерінің 5 – ке жинақталатынын ескерткен жаратушымыз. Ғиса пайғамбарымыз бес күлше нанды 5000 адамға бөліп беріп қарнын тойдырған. Бұл белгілер Тәуратта, інжілде де баяндалған, сондықтан болар ислам ғұламалары, Европа ғалымдары беске келіп тірелетін ұғымдардан басын ала қашқан. Парсы, Индия, Грек, Арап, Қытай ғұламалы негізінен 4 – бөлікке бөліп ауа, от, су, жерді негізге алып, адам ағзасындағы қуат ерекшеліктерін осы тұғырдан қарап отырған. Тек тибет ғылым – дәрігерлері ғана 5 қуат көзі бар деп, онан кейін европа ғылымдарының да қоштағанын мед- тина тарихынан білуге болады. Бірақ нақты дәлелдеп оның белгісін толық ашып көрсете алмаған. 15ғасырда өмір сүрген Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы атамыздың «Шипагерлік баян» атты кітабында нақты аты мен бағытын көрсетіп дәлелдеп кеткен. Енді сол атамыздың ғылыми негізіне сүйенсек: Қуат адам тіршілігінің тіршілік қимыл – қарекеттің, ой толғамның түйіні. Алланың несібе мен нәсіптік ризық терімнің ұштасып жарасуы болып табылады. Қуат 5 бөлікке жіктеледі.

1.Жандық қуат

2.Қарсылық қуат

3.Ғарыштық қуат

4.Ғайып жасырын қуат

5.Баршылық қуат

Жандық қуат – ана жатырында пайда болған мезеттен бастап пайда болып, жетіліп туылып, есейіп – ер жетіп, ғұмыры қанша болса да, жер бесікке түскенге дейін табиғи жаратылыстық денелік, тұлғалық, бітістік қуатының түйіндік қисаптық, сандық айқындығы болып,ол Алланың несібелерімен адамзаттық несіптік өзегіндегі туылмалы, шешімді қасиетті қуат – жан қуаты болып табылады.Негізі ауыз,белгісі – екі көз болып табылады.

Қарсылық қуат – ризықтық несіптік жиналатын,толатын,толықтырылып тұратын қуат болып жан қуатын іркіліксіз,толассыз толықтырып,молықтыратын нәсіптік ризықтың адамға бұйырған мөлшерінде сақталатын, сақтаулы тұрған көлемде болады. Бұдан тыс қарсылық жан қуатына кейде тірек,кейде зиян болғанымен сырқаттың қарсыласуын, науқастың қорғаныс қуатына ықпал етіп пенденің тәуелділігің аурудан қорып, науқастан айықтырып тұратын игілікті, ізгілікті жаралыс арқауы болады. Негізі көз, белгі – тіл болып табылады.

Ғарыштық қуат — әр күнде пенделік нәсіп теріп өмір сүру дәрежесіне жойылып, жоғалып отыруы шарт болған шығындық жазымға ұшырауы шарт болған, жойылып кетуге тән қуат болып табылады. Ол адамзатты пенделік тіршілікте несібелік іс әрекеттер қимыл, жан үшін жан таластағы барлық қуаты желеп – жебей отырып тозатын сипаттағы қуат болып табылады. Ғарыштық болмаса пенденің тіршілік іс – әрекеті болғанмен мәнісін жоғалтып, өмірде жол байланып бақытсыздыққа ұшырайды. Бұл қуат Алланың жазуы. Адамзат әбден шаршап шалдыққанда, тығырыққа тірелгенде өзін құрбандыққа шалып Алланың жазуымен жандық қуатты өз дәрежесінде сақтап қалуға тырысады. (Нұрдың өшуі)

Негізі көз, ауыз. (Белгі соқыр болу. Тәбет жойылу)

Жасырын (ғайып ) қуат – адамзаттың Алла әр пендесіне жасырып,бітістік тұлғасына қарай қойып қойған пендеге өзі білмейтін көмес, жасырын бұғып тұрған қуат болады. Ол адам ерекше шошып жол таба алмай,немесе төтенше кектеніп кеткенде, бөлекше ыза болғанда,өзі осылай істеп кете аламын – ау деп ойламаған,көрген адам таң қалып жағасын ұстатып, әр қандай адам пендесі істей көрмеген, істей алмайтын істі тындыратын қуат көзі. Қазақта арқасы бар дейтін осы жасырын қуат. Негізі көз, белгісі құлақ.

Баршылық қуат — әр адамда шама шарқына қарай болатын қуат.Тән бітіміне қарай болатын қуат. Тек бір кісілік қимыл қарекетін айқындайды. Тұлғалық қуат, мүшелік қуаттардан қосылады шегі бар. Бұл қуаттың шегі іс қыймылға байланысты. Дене шынықтырумен шұғылдану, өнер білім осы қуатты белгісі болады.Көп қимылдап еңбек пен шұғылданатын пенде мен көп ұйықтап тек тамақ жеумен шектелетін пенде тең емес!Оны өсіріп тежей отыратын несіптік ризықтың іс – қимыл қарекетіне тәуелді болып табылады.Алда әлі талай қайта оралып отырамыз осы бес қуат көздеріне.Енді осы бес қуат көзі әр пенденің саусағымен белгіленген.

Бас бармақ – баршылық қуат

Сұқ саусақ – қарсылық қуат

Ортаңғы саусақ – жандық қуат

Кіші саусақ – ғарыштық қуат

Шөмекей саусақ – жасырын қуат

«Бесік баласы бес түлейді» деп қазақта баласының саусағын санап ойнатқан. Бас бармақ, балалы үйрек, ортан түйнек,шылдыр шүмек,кішкентай бөбек деп сосын алтыншыдан алақан ортасын басқан. Әр саусақтың саулығында астарлап; шөмекей саусақ (5)- сен тұр жылқыңа бар, кіші саусақ (4)-сен тұр қойыңа бар, ортаңғы саусақ (3)-сен тұр түйеңе бар, сұқ саусақ (2)-сен тұр сиырыңа бар, бас бармақ (1) –сен қария, үйде жат. Енді осы төрт түлік малдың қуатық шамасымен сандық мәніне келсек тағы құран ғылымы шығады Бала ғайыптан өз мінезі ерекшелігімен келеді Алла береді. Ғайыпты көре білген дана қазақ, қарапайым теңеулермен тылсым құпиясын да бала бойына санмен сіңіре білген. Құран үгіті бойынша төрт түлік малды құрбанға шалудыңдың да осы қуаттаға тәуелділігін көрсетеді. Қазақ елінде жасырын бақсылық қуат дамыған. Сондықтан жасырын әулиелерде көп шыққан. Тәураттықтарға біліммен қарсылықты жеңу үшін сиырды бұйырған. Арап елдеріне намаз оқып жанды өсіруге түйені бұйырған. Ал қойды бағып құйрықты жеу қажылық ғарыштық қуатты меңгеру. Ал жер жүзіндегі халықтардың ішінде бесінші санды ерекше қадірлеген тек қазақ халқы болар. Оны жалпы – аруақ деген. Пенде баласын ахиретпен жалғап тұратын негізгі қақпа болып есептеледі. Аян есігі адамзатқа берілетін сыйлықтың несібенің белгісі. Күште қуатта жиырма рет бесеуде (25; 20х5=100). Ол Алланың жүзі Бір-ақ Тәңір!

Алтау – араз болса,ауыздағы кетер!

Жалпы қазақта алты санын тек теңдік сақтау дәрежесінде пайдаланған. «Алты жасар бала келсе,алпыстағы шал сәлем берер. Әлем алты күнде жаратылған. Құранда: «Көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла…» (58–7). Жоғарғыдағы бес қуаттың тұғыры айналатын ортасы ол, Алла. Өтей – бойдақ атамыз: «Бес қуат ақындар сияқты кездесіп айтысып, алты тұғырда алмасып отырады» — деген. . Бес қуаты толық алмасқан бірленген адамда алтыдан ғана алақанға жылу пайда болады. Адам денесінің қуат алмасу т.б. Жан саулығының белгісі алақан. Тек ғылымда оған әлі мән беріліп,қалай анықтау дәрежесін ойлап тауып, өлшейтін құрал табылған жоқ. Әлі онсыз да иістеніп,жанып тұратын қолтыққа жүгінеміз. Екінші орын тоғысатын кіндік айналасы,үшінші орын жүректің тұсы,төстің асты. «Мен сендерге күре тамырдан да жақынмын» — деген аят мағынасы шығады осыдан. Ол денсаулық! «Алтау араз болса ауыздағы кетер,төртеу түгел болса төбедегі келер»- деген мақалдан шығатын қортынды ақыл- ой қуаты алтымен төртің кесдесуінен пайда болады. Жан ғылымын, қуаттар санын дана қазақ ұғып, таба білген пенде бойынан Алла тағала белгілерін ажырата білген елміз. Жан ғылымының қарапайым қағидасын;

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес

Ынталы жүрек шын көңіл,

Өзгесі хаққа жол емес

Дененің барша қуаты,

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты,

Махаббат қылса тәңір үшін

(Абай ата)

Тән сезіп,құлақ естіп,көзбен көрмек

Мұрын иіс,тіл дәмнен хабар бермек,

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы,жаман әр істі тексермек.

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,

Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.

Тағдырдың қиын,сырлы сиқырмен

Жан — тәнге,ақыл жанға матаулы тұр.

(Шәкәрім ата)

Тезек төре Бөлтірік шешеннен;

-Азбайтын, тозбайтын байлық қандай болады? Қайтпайтын, таймайтын қолдаушың мен қорғаушың қандай болады? Жарығы тұтас елге түскен шырақ қандай болады? Жел жетпес жүйрік, асыл текті пырақ қандай болады?- дегенде Бөлтірік шешен; -Азбайтын байлық біреу, ол-ақыл. Тозбайтын байлық біреу, ол-ақыл. Таймайтын адал қолдаушың біреу, ол-ақыл. Жарығы тұтас елге түсетін шырақ біреу, ол-ақыл, Жел жетпес пырақ біреу, ол-ақыл деп алты бірліктің татулығынан бақ болып басқа қонуын айтқан екен.

Алла тағаламыздың жерді,әлемді алты күнде жаратқан басты қуат– нұр (сәуле). Яғни жарықтың немесе сәуленің түрлену немесе ыдырау, өзгеру белгісі алты санына тәуелді. Адамға келетін құпия үннің уахидың саны да алты. Ал адам ағзасындағы тазарған сәулені жан жылуы «биоток» деп алты таңбамен атаймыз. Алты негізгі жерлік ғылымды меңгеруден даналықтың іргетасы қаланады. Сондықтан бұл сандарға алда талай қайта-қайта оралып отырамыз. Алтымен кісілігіміз айға мінер. Сондықтан айда барлық нәрсе алты есе жеңіл жерден. Еркектің мал қуаты әйелден алты есе ауыр. Әйел заты алтымен жүктеледі. Еркектің алты түрлі мінезі бар. Әйел төрт түрлі қылығы бар. Барлық осы белгілер адамзатың артқы жағында болады. «Арты қайқайған, құйрыққа арам жинағандар құл-құтанды туады» депті Шыңғысқан атамыз. Сондықтан «Бәріненде малды бағып, қорсында ұстап құйрық жеген өмірге қасиетті ұрпақ келтіріп, бәрінен де озар!» «Артыңа абай бол, шайтан ұясын салмасын» деп аманаттаған аталарымыз. Алтаудан аса алсаң, жетеуден бастап ғарышқа көтерілу керек. Ол тек ахиретпен байланысты. Жетіден бастап түсіну жетелінің ісі. Жалпы миы ашыған адамды жетесіз деп атайды. Ми ашымау үшін төртеу түгел болу керек. Алтау араздаспас үшін ауызға берік болып арам тамақ ішпеу керек, көркем шұбарламай сөйлей білу керек. Денедегі артық иіс те осындай араздықтар белгісі. Өркен ниетті деп атаған елдеріміз, иіс сусыз өмір сүре алмай, үйдегі сыйқырлы сандық тек иістен қалай құтылуды дәріптеп, жер жүзіде иістен құтылуға белсеніп кірісіп кеткені қашан. Денедегі иісті, шіріп жатқан шайтан лағын, иіс сумен тоқтата алмайсың, бәрі бір ісікке айналып өзінен хабар береді болашақта. Сондықтанда алты саны тіршілік ету шегі, екінші бір жағдайға өту шекарасы. Алтау араз болса адал өлімде бұйырмайды. Жер бетінің тіршілік иелері үшін алты саны сегіз санымен алмасып келіп тұрады. Шеңбер алтымен ғана тең бөлінеді оны «алтын қима» деп атаймыз. Бұл сан ғылымда үндестің заңының, тыныстықтың, әуеннің (гармония) атасы «алтын сан» болып есептеледі. Табиғатта ақудың алты түрі, сұңқардың да алты түрі бар. Әр қазақтың қанында алты алаштың белгісі бар. Сондықта алтыншы сезім ғана адам баласына шындықты көрсетеді. Алты санының құпиясына алда қайта ораламыз, талқылаймыз. Жан ғылымынан хабар берсек; «Бір атадан алты жаман туғанша, Алты атадан бір жақсы тусайшы елге тұлға боп.» «Ағайын алтау, ана біреу!» Ата-анасын құрмет тұтқан жетелі, жетісі түгел!

ЖЕТІ ҚАЗЫНА—ЖЕТІ ЫРЫС

Жеті атасын білген ұл, жеті жұртын қамын жер. Өзін ғана білген ұл, құлағы мен жағын жер. Түркі әлемде қазақ тарихында жетіге байланысты мақал да,өлең,өсиет көп,сондықтан жаратушымыздың ескертуінен бастап өрбітсек; «Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы :әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәріздес» (2 – 261). Жеті сабақ, жеті атаға дейін бір ұрпақтан өседі және әрбір аталық 100 ұрпаққа дейін бере алады. «Бұл қазақ ата – дәстүрі.Өтей бойдақ атамыздың, шипагерлік баянына жүгінсек». Жерде жеті әулие бар деген. «Әулие – дәм.» «Әулие – ат көлік.» «Әулие – тұз.»

«Әулие – қыз.» «Әулие – күн.» «Әулие – жер,ел.» «Әулие – ит.» Енді осы әулиелерден ырыс береке қазына шығады. Оны 41- ырыс деп атаған;

Жаңа туылған нәресте Алла әмірімен көзін ашып, 3 толық тәулікте ата – анасын таниды. Пенделік танулық шарты 3 тәулік оның дүниені көріп тану қуанышын құттықтау болып табылады. Емдеу тәсілдерінде 3 тәулік толысу,айығу осыдан шығады. Жаңа туылған балаға 7 күн бір қатер. Осы қатерден кетсе,аман қалады. Сондықтан 7 толық тәулік шарт тұрақты сан болып адам өмірінде қалыптасқан.Адам қаза болғанда жаңа басқа өмірге өту 3 күнге созылса, 7 күн сұрақ жауап мерзімінің аяқталу,яғни бір қатер. «Жетісін» беру деген қалыпты ұғым адам жанының түрлену мерзімімен тығыз байланысты.Енді осы кезеңдерді 5-ке көбейтіп отырса,баланың бесікке салар,кіндігі түсер т.б. кезеңдері шығып отырады. Пенде болғасын ауырмай тұрмайды. Бүкіл жүйкелік, сырқаттық,аурулық,науқастық белгілерінің бәрінің емі де шипалық қасиеттік көрсеткіштері 41 – ырыс пен тығыз байланысты. 41-ырыс ішінен бүкіл адам тән жан шипасын табуға болады. Оны алда әлі талай әңгіме етеміз. Адам өмірін жақсартатын жетеу: «Әкімдердің шарапаты, Ғұламалардың шариғаты, Байлардың салауаты, Кедейдің қанағаты, Үлкендердің ұлағаты, Жастардың инабаты, Азаматтардың ар – ұяты.

Өмірде жеті нәрсеге асығу керек деген: «Қонаққа дастарқан жаюға асық, Қателігіңе кешірім сұрауға асық, Қарызыңды өтеуге асық, Бойжеткен қызды ұзатуға асық, Қаза болған жанды көмуге асық, Егінді себуге асық, Өнімін жинауға асық».

Өмірде жеті сүйеніш болады дейді: «Әйелі еріне сүйенеді». «Бала ата – анасына сүйенеді.» «Шәкірт ұстазына сүйенеді.» «Патша әскеріне,әскері әкіміне сүйенеді». «Халық патшасына сүйенеді». «Қайырымдылық ақылға сүйенеді». «Сопы дініне сүйенеді».

Аталарымыз 7 ұлағатты сөз қалдырған: «Әлсізге медеу бол». «Күштіге айбар бол». «Зарыққанға жебеу бол». «Тарыққанға демеу бол». «Асқанға тосқауыл бол». «Сасқанға сал бол». «Ұрпаққа ұстаз бол».

Адамды жеті жағдайда тану: «Батыр адам майданда танылады». «Туған – туыс жәбірленген кезде танылады, сөзінде тұрып, қарызын мезгілінде өтеу мен танылады». «Ақылды адам тапқырлығымен танылады». «Дархан адам мырзалығымен танылады». «Бөгде біреумен сөйлескенде биязылығымен танылады». «Кедей болса, құлқын ойламай, қылмысқа бармай танылады».

Жамандық пен жақсылық арасының арашасы жеті болмыс. Тозақтың да жеті қақпасы бар. Жеті түрлі адамнан қашық бол дейді: «Орынсыз ақыл берушіден». «Ешбір іске турасы жоқтан». «Өзін үнемі жоғары санайтын еркектен». «Өз пікірін ғана құптайтын өтірікшіден». «Өзінен гөрі ақшаны артық бағалайтын сараңнан». «Өз мінін мойындамайтын оспадардан». Жете әйелдің қылығынан пайда болып, сондықтан; «Жетесізге жеті айтсаң да түсінбейді» деген. Сол жетенің белгісі артағы төрт сызықпен алдыңғы үш сызықтық зейнет белгілерінің қосындысынан шығады. Әйелзатының сызықтарын «арайжап» көрсетпе деп жеті таңбамен атаған. Сондықтан естің негізі жетеден пайда болып «Есті әйел етегін жабалды.» деген. Етексіз әйел жетесіз еркектің алдына түсіп желіп отырады қуып жете алмассың. Жетесінен, жетіңнен айрылсаң, жеті желің керекті жерінен емес хайуан сияқты бүкіл тәніңнен шығар. Жетісі түгел әйел, еркектің көлеңкесі, жаныңның жарығы, шабытыңның қазынасы болар. Құранныңда жеті түрлі құпиясы бар. Ол құпия «Жеті жұртың тілінде, жеті түрлі ілімде.» жасырылған. Жетіні тауып, жеті уәзірге еге болып «Бірді» алсаң ұрпағың өсіп өніп, бақшаңа қожалыққа жетіп «Пір» боларсың.

Жетіні меңгерсең сегізге жетерсің, Жетесіз болсаң сергелдеңің сеп болар, Жетелі болсаң сегіз сері ат болар!

Сегіз — қасиет

Сегіз саған қосылса қасиет,алынса қасірет.Бүкіл жаның осы сегізге бағынады, тәніңді де жүргізіп тұрғызып, сөйлетіп тұрған сегіз болар. Сондықтан «Еңбегің егіз болса, Байлығың сегіз болады.» Әлем жаратылмас бұрын кеңістікте із пайда болды. Ол іздің саны сегіз еді. Осы ізде сезіз сиапт бар еді. Сол қуатық сипаттарды «Ес» деп атайды. Әлем тіршілігі еспен алғашқы жарықпен басқарылып шектеліп тұр. Онға қосылып он сегіз ғаламды құраса, онға қосылып он сегіз болып бір кезеңге жеткеніңді білдірер. Нөлді қосып артына жеткен биігіңді білдірер.Талайдың арманы болған ол сегіз. Құранда «Маған – 8 жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң ол сенің жаныңнан болады» (Қасас -27). Адамда сегіз жалшы болса соны жұмсаумен 9-шыны табады. Бұл қасиет көздері болып саналады.

Өткірдің жүзі,кестеннің бізі,

Өрнегін сондай сала алмас,

Білгеннен маржан,білмеске арзан.

Надандар баһра ала алмас,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек,

Бұдан ұйқас өлең,сөз керек…

Өлең тап ойланып

Буыны сегіз, алтауы егіз,

Ұшан теңіз екеуі…

Кім дәл басты кілтін ашты

Кім жақсы ұқсасты нешеуі»… (Абай ата)

Он сегіз ғаламның иесі бар,

Қажыған қарт даланың киесі бар.

Киесі бар! Қазақ деген иесі бар!

Бар болмысты сыйғызған бір – ақ түйіп

Даланың данасың сөзінде жүйесі бар!

Сегіз даналық ағасы. Сегіз – сыр құпия.

Жәнәттың шешетін сегіз құпия кілті бар, сондықтанда адамзат баласы сегіз түрге бөлінген. Құран есебінің тегіде екі жұп төртен сегіз болар. Сегіз бұрышты текшеден (куб) Адам атамызды жаратып, үйіміз сегіз бұрыштан тұрып, сегіз бұрышты қабірге қойылып қайта сегіз электронды қабатты аомға айналып қайта тірілеміз. Төрт рет сегізді қосу Аллаға «Сәзжде» болып, төрт теңдікті тапсаңыз төрт құбыла тең болар. Сол сегізді таба алмай сергелдеңге түсті әлем халқы. Ол үшін тек бір Аллаға сиынып, сегізді егізі тоғыздан ажыратуды үйрену керек.

Үйірімен үш тоғыз

Тоғыз – кие, иесі – кісі. Тоғыз қазақта үш тлғыс депте атайды. Үш өмірдің тоғысынан болашақты болжап тағдыр жазылады бесіңді белгілейді. оны пешене депте атайды. Үш тоғыста күн мен түн теңеледі. Мезгілдің, қозғалыстың, ақ пен қараның теңдігі тоғызбен өлшенеді. Үш тоғыс айы, сәуір. Сәуір иболмай тәуір болмайды. Осы үш тоғыста сүйікті пайғамбарымыз өмір есігін ашқан. Аятта: «Олар үңгіріңде үш жүз жыл жатты тоғыз арттырды» (кәһф – 25). Тоғызды алғашқы артырғандар 4-кітапты келтіріп түсіндіріп діннің қазығын қаққан. Қазақ тарихының да қадір басы осы аяттан басталады. Асықпасаңыз алда аяңдап, баяндауға да жетеміз. Ақиреттен жан ғылымын меңгеріп тоқсаннан тобықтай түйін болып, тоғыс анамыздың қараңғылығында моншақ ішінде тәрбиеленіп, «Тоғыз ай он күн» толғатып толғағымыз жетіп дүние есігін ашамыз. 99-ды толтырмай өтсек өмірден жол торитын тоғыз түрлі тозғандарға қосылуымыз мүмкін. Аятта: «Қалада жер жүзіңде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді» (Нәміл – 48). Адамзат баласы тоғыз түрлі болып, пенде бойында сегіз түрлі от, су, жел, жер негіздерінің бір-бірімен әрекеттерінен тоғыз түрлі қуаттық, қасиеттік негіздері болады. Жер бетінің тұрғындарының тоғызы тозғандарға тоғыз түрлі қасірет пен апат сынақтар бар. Қазақ аталарымыз осы жүйелердің аспан денелерінің әрекетесуін ескере отыра, тоғызбен алдағы қауіп-қатер, жақсылық жаманшылықты яғни 41 құмалақты 9 орынға қойып есептеп болжай білген. Үш орынға үштен тоғыз құмалақ шықса бақ деп білген. Тоғыз сол жаққа шықса босағаң берік деген сөз. Тоғыз маңдайға шықса «ашпас әліп» деп атайды. Одан әні қарай ашпаса да болады.

Әр адамның өз тоғызы бар, Әрбір іс тоғызбен тиянақталып, не түзеліп бірді табасың, болмаса баратын жерге барасың!

Тұранның кім кеміткен музыкасын,

Фараби тоғыз шекті домбырасын.

Күңірентіп тоқсан тоғыз күй тартқанда,

Тебіреніп кім төкпеген көздің жасын.

(Мағжан – ата)

Қайда қозғалыс болса, сонда жарық бар, қайда жарық болса сонда сәуле бар, қайда сәуле болса сонда дыбыс бар. Бұл жалпы қағида барлық ғаламнан бастап атом бөлшектеріне дейін қолданылады. Тербеліс үндістік шегі тоғыз. Тоғызды түгел басын біріктірген Әл – Фараби атамыз. Адамзат өмірінде тоғыз кезең болып, тоғыз рет дыбысы үндестігі де өзгерер. Ардың жұмсайтын малыда тоғыз. Сол тоғызыншы тек ана сүтімен ғана келетінін ұмытпау бірінші парыз адам баласына. Адамның жаралыс басы шардан басталады. Шарымыз күн шырақ. Егер төрт бұрышты шаршының ауданын дөгелек шеңбердің ауданымен бірдей алатын болсақ олардың өлшемдері мынандай болады; шаршынгың қабырғасы 8 есе, шеңбердің диаметірі 9 есе болады яғни екуінің қатынасы 8/9. Бұл санды Әл-Фараби атамыз «алтын сан» немесе «алтын қима», ал үндестік заңының, тыныстықтың атасы болып есептеледі. Толық «тон» (нағма) деп аталады. Осы мәнмен құран түсіп , адам баласының бойы да ойыда осы мәнмен қалыптасып оқылады, кітап болып жазылады. Египет мұнаралары да осы өлшемге негізделіп салынған. Сәуле үн сегіз, тоғыз сол сәледен пайда болған дыбыс. Сондықтан сегізді «егіз» деп атаймыз. Сегіздің егізі тоғыз. «Сегіз сырлы бір қырлы». Себебі сегіз сырдың нәтижесі тоғызыншы қыры болады. Ол қырды білім деп атаймызда; Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз. Көктен келген сегіздің мұнараға соғылып дыбысқа айналуынан кіші әлем үлкен әлемге үн қосады тоғызбен, тілдеседі сол үндестіктен жер бетінде адамзаттың әйел деген гүлі өседі. Сол гүлдерден бал жинаған аралар болып, тіршілік қамын жүргізіп еркектер ана арқылы әлеммен үндеседі. Тоқсаннан тобықтай түйін түйюші «бұл-бұл» еркек болса, түйінді тарқатып майда үнге бал таматын тілге айналдыру «бал-бал» әйел. Тоғызда кеңістік, уақыт, сәуле дыбыс болып бір-бірімен үндеседі.

Он –ел бірлігі. Жақсылықтың бастауы.

«Қилы қилы занам болар, қарағай басын шортан шалар»,- деген астарлы мақал бар қазақта. Шортан балық . Жұлдыз есебі бойынша балық мезгілдің жағы шілденің қысқы шілдеге ауысуы яғни ең жоғарғы биктікпен (зенит) ең төмегі нәдірге (ядро) дәл келуі. Балық он хат көк деген мағынаны береді. Балық ескі түркі тілінде «қала». Әйел затын күйеуге бергеннен кейі қатын-қалаш деп атаймыз. «Ш» таңбасы көкке жалғаушы тарақ. Олай болса әйел –балық, тандыр. Он әйелдік белгі. Он түстің, түрлердің толысуы. Химия ғылымында элементер онмен ғана дәрежеленіп өзгеріске түседі. Демек әйелзаты онмен дәрежелеп түрлендіруші. Сондықтан; Бас тандыр-он. Төрт онда сабыр бар. «Балық басынан шіриді» жаулығы болмаса. Бірдің онға, онның бірге айналуы «аспан жерге түсті» деп атаймыз кейде. Он санымен көктен келге хатпен 40 күн шілде басталады. «Мұсаға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды». «Күнәкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз. Олар араларында Дүниеде он – ақ тәулік тұрдық» деп сыбырласады.» (Таһа – 103).

«Кім бір жақсылық келтірсе оған сондай он есе бар.Және біреу бір жамандық істесе, сондай – ақ жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшырамайды». (Мәйда–118). Он санымен адам болып бүкіл жаратылыс жандықтан ерекшеленіп жер бетінің халифасы болып үстемдік құқығына ие болады, ол хақиқат. Әлемдік сан. Жанның даму белгісі жақсылыққа щығар баспалдақ саны. Онмен ғана жаратушымызды тани аласың. Он ақыл толысу саны. «Бір дегеніміз-бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніміз- егесіп өткен ел жаман. Үш дегеніміз-үш тармақ шілдерден шошынған ат жаман. Төрт дегеніміз- төсектен безінген жас жаман. Бес дегеніміз- белсеніп шыққан жау жаман. Алты дегеніміз- асқынып кеткен дерт жаман. Жеті дегеніміз- жас келіншек жесір қалса сол жаман. Сегіз дегеніміз-серпілмеген қайғы жаман. Тоғыз дегеніміз-торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе, сол жаман. Он дегеніміз- оңалмас кәрілікке дауа болмас.» Он саны пайғамбарлар, әулиелер белгісі. Арыстан баба мөрі он бөліктен тұрады. Демек жер жүзіне танымал болмақ, ғылым саны он болар. Он саусақ қосылса ғана өнер тамар. Алмас асу болмас. Енді төрт текті он есеге көбейтіп көрейік.

Қырық – қырқа

Пенделердің тәубасына келіп алдына артына көз тастар биігі. Әр нәрсенің парқына жетер уақыты. Қырықтың қырқасында ұлың ұяға, қызың қияға қонар,гүліңді жаяр кез.Келесі өмірге тағдырыңды жазар кез. 40 әр пенденің өткен шағы, мәңгілік өмір есігі ашылып, бақытқа басар болашағы. Адамзатқа келген ақыл кітабы Тәурат 40 күнде түскен тасқа жазылған. Пайғамбарымыз 40- жасқа келгенде пайғамбарлық келіп соңғы ақыл – нұр Құран түсе бастады. әуелі аталарымыз не қалдырды соған ой жүгіртсек. Қиналғанда, қысылғанда, қайда жүрсе де «Ғайып ерен қырық шілтен қолда» — деп сұраған Алладан. «40 егесі қызыр» — деген. Ол кім? Ол Құранда Ілияс пайғамбар. «Қызыр Ілияс» — деген. «Яссауи» бабамыз. Қызыр бабаға жолықсаң ырыс – бақ ол қырық бірінші Ғайып ерен. Енді 40шілтенді бабаларымыз көзімен қарасақ.

· 1. Жаратылыс – жан ырысы. 2. Тіршілік – хан ырысы. 3. Хан – тақ ырысы. 4. Әділдік – нақ (шындық) ырысы. 5. Байлық – сән ырысы. 6. Сән – сәулет ырысы. 7. Сәулет – дәулет ырысы. 8. Сыйластық – санат ырысы. 9 Алыс – беріс – бауыр ырысы.10.Ынтымақ – билік ырысы. 11 Ер сауыты – найза ырысы. 12 Ерлік белгісі – елдің ырысы 13. Су көптігі – көлдің ырысы. 14. Қарекет – дән ырысы. 15. Жарастық – мән ырысы. 16. Өнер – білім ырысы. 17. Білім — өнер ырысы. 18. Қос босаға – түтін ырысы. 19. Дауасыз би – бүтін ырысы. 20. Шілде хана – төр ырысы. 21. Кебін – көр ырысы. 22. Жаңбыр – жер ырысы. 23.Ірге – ит ырысы. 24. Жақсы сөз – жан ырысы. 25.Мақал мәтел – сөз ырысы. 26. Ақыл – көз ырысы. 27. Көз көрім – ездің ырысы. 28.Садақ – жасақ ырысы. 29. Қалқан – арашашы ырысы. 30 От – мал ырысы. 31. Ошақ – ел ырысы. 32.Су – мал – жан ырысы. 33. Сағым – қашықтық ырысы. 34. Жас – бақыт ырысы. 35.Қал – тән ырысы. 36.Сыйлық – сенім ырысы. 37. Шыдамдылық – көнім ырысы. 38.Тайсалмау – талаптың ырысы. 39.Науқас – сырқаттың ырысы. 40. Ем шипа – айығу ырысы. 41. Тақ – бақ ырысы.

Ырысты – белгі деп ұқсақ, оның қорғаны 7-қазына. Екеуі 48 болып бұл 1 жылдағы жұма күніне тең болады. Бұдан Алла әлемді жаратқан жеті күнді шегерсе 41 саны шығып адамның негізгі ауру және жазылу күні қуат толу саны шығады.

Адамның ана құрсағындағы дәуірінде аспанның әсері 40 күнге созылады. Аспан көк 7қабат. 40- ты жетіге көбейткенде 280 күн мұны айға айналдырғанда 9 ай 10 күн. Жеті қат көктің ана құрсағындағы балаға әсер ету реті жоғарыдан төмен қарай болады. Сатурн (зұхал) 40 күн басқарады. Алғашқы тұқымдық судан қанға айналады. Одан кейін 40 күндей Юпитер (Мүштари) басқарады! Бұл кезде қаннан етке айналады. Одан кейін 40 күн Марс (Маррих) күні бұл кезде еттен сүйек пайда болады. Келесі қырық күн күннің әсерімен жан бітуге бейімделеді. Одан кейін Шолпанның (зүһраның) әсерінен адам бейнесіне бейімді пішін мен қозғалыс пайда болады (негізінен жоғарыда көрсетілген жұлдызнамалардың пікіріне қарсы жан Шұғара жұлдызы Жебірейілмен байланысты.) Екінші аспан Меркурий қарамағына алғанда балаға сезім пайда болады. Ең ақырында бірінші аспан Ай қарамағына алғанда нұр пайда болып жетіледі.

«Қырықтың бірі қыдыр деген аталарымыз»

«Баланы екі жасқа дейін емізу керек – 40 — қа келгенде ақылы толады» — деп үкім еткен жаратушымыз.

Үш – ақ түрлі өмір бар; бәріде мас,

Бір рәуішті болады мал менен жас.

Ең керекті дегенің – ортаншы өмір,

Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.

Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,

Өкінішті қалмайды, кетсе ағатың.

Күні – түні дей көрме ғылым ізде,

Қалсын десең артыңда адам атың. (Шәкәрім – ата ).

Сондықтан аталарымыз; «Қырқыңда қорған бұзбағасын, не пайда» деп те ескерткен ұрпағына. Біздің заманымыздың қорғаны бірі надандық, бірі ғылым, білім.