Адазаттың даму сатыларын айқындап ұғыну үшін жан жағымызға сырлы әлемге көкірек көзімізбен қарап үйренсек жеткілікті. Бұл тылсым танымының алғашқы шарты деп біліңіз.
Енді өмірге келген сәбиді сол адамзаттың даму белгісінің бір белгісі ретінде қарастырсақ. Алғашқы адам баласының тіршілік қадамының басты белгісі дыбыс болып, қоршаған ортада өзін айқындай бастайды. Дыбыс бармын деген белгі. Демек жаратылыс немесе түрлену басының бірі дыбыс.Сонан соң көру қасиеті өсіп, ата анасын үш күн ішінде ажырата бастайды. Екінші белгі таңба. Енді анасын таңба десек сол таңбаның басқа өзге таңбаларға қарағанда ерекшелік белгілері бар, болмаса айқын болмақ емес. Ата ана мен сәбидің арасындағы түсүнушілік ұзақ уақыт әртүрлі іс қыймылдар дыбыс белгілері немесе бір таңбаларды заттарды көрсету, белгілеу арқылы түсінік болып, бірдей ортақ шешімге келу қалыптаса бастайды. Бұл құбылыс жер бетіндегі адамзат баласына ортақ іс әрекеттер жиынтығы. Тек Алла тағала тарапынан жанмен бірге қасиет келіп, сонан соң ғана адам баласы ойланып сөз құрай бастайды, оған дейін тоты құс сияқты тек айтқанды ғана қайталайтын дәрежеде болады. Демек бүкіл адамзат осындай дәрежемен бірте-бірте көктен үйрету арқылы дамыдық. Енді бәрімізге адамзатқа ортақ нәрсе алғашқы әліпе болу керек, сонан кейін ғана әр ұлтың өзіндік ерекшелік әліппесі болып, бірақ түп негізі алғашқы әліппеге бағыну керек. Сол әліппені құранда «ӘЛІФ ЛАМ МИМ» деп атайды. Яғни сүре ішіндегі құпия есеп жүйесін ескертеді және ол жүйе дыбыс тегі, таңбалар тегі, сөз тегі болып бүкіл әлем халқының дыбыстық таңбалық есеп жүйесімен ортақ болу керек. Терең зертеуді ғалымдарға қалдырып, жалпы тек қазақ таңбасы мен сөз жүйесі туралы ғана басты белгілерге тоқталсақ. Жетіспейтін жерлерін терең зерделеуді талағында биті бар оқырманға қалдырдым. Енді бүкіл адамзатқа ортақ түсінісу ғылымы төреші есеп ғылымы болмақ. Себебі таңба да көп, сөзде көп, дыбыс одан да көп, сондықтан шытырман белгілерді тек санмен белгілесек қана бүкіл адамзатқа түсінікті болар. Сондықтан құранда «Жұппен таққа серт» деп ескерткен. Демек таңбалар болсын сандар болсын зертеу басы тек екіден басталмақ. Ал дыбысты да санға айналдыру үшін үндестіктің ғылымы музыкаға жүгінеміз. Музыка ғылымы да әлемдер тілінде ортақ. Енді кезінде осы ғылымдардың түп нұсқасын зерделеген ғұламалар еңбегінен үлгі алмасақ қателіктерге соқтыруы мүмкін. Әл Фараби бабамыз сандар мен таңбалар кезегін зертеп балнама құрастырып бақылау жүргізуге болатынын дәлелдеп кеткен. Кейбір әдістердің кемшілік жерлерін түзеп, ең дұрыс деген дәрежесіне жеткізген. Екіншіден бал ашу әдістеріне сүйенген, бақылау істерін, себебін зертеп, анығы мен танығын ашқан, айырған. Әрбір сәуегейлік немесе ғылыми болжамның дәл келуі мен келмеуі жөнінде ықтимал заңына сүйенеді. Мысалға ауа райын бақылауға «болады» немесе «болмайды» деген екі талай пікірден шығады. Енді мәмлеге келу үшін осы екі талайды ғылыми салыстыру керек. Оны ықтималдық заңы деп матиматикалық логика, кибернетика, автоматика т.б ғылымдардың өзі келіп осы екі талайды салыстыру, қай жағында ықтималдық басым және қанша басым осыны табу шешімі болмақ. Демек ол табылса оны басқару әдісіңде табылады. Фараби атамыз матиматикалық «логиканың» сәуегейлік болжам негізін ашқан және оны дамытқан. Сол балнаманың негізіне жүгінсек екі талай нәрсенің бағытын айыру керек . Ол сандар дақ (тақ) сандар және жұп сандар болып екіге бөлінеді. Фараби атамыздың балнама негізі осында. Дақтың басы бірлік сан жұптың басы екілік сан. Екеуін қосақ болады үш. Үшті екі еселесек болады алты. Екіні екі еселесек болады төрт. Оған бірді қосақ болады бес. Екіні екі еселеп оған үшті қосақ болады жеті. Екіні үш дәрежеге көтерсек болады сегіз. Үшті екі дәрежеге көтерсек болады тоғыз. Енді осы жерде аялдап, себебі қалған сандар осыдан шығаруға болады.Осы табиғи 9 санның ішінде тақ саны бесеу жұп саны төртеу.Осы екі санның қатынасынан Фараби негізінің музыкалық гармония негізі шығады. Енді ғылымнан шамалы сауаты бар адам баласы Фараби атамызға дау айта алмайтын шығар деп осы жүйені құран аяттарын зертеуге негіз етіп алуды жөн көрдім. Кереметтігі көп дау дамай болып жатқан сөздер тегін осы балнама арқылы шешімін нақты ажыратуға болады, сондықтан оқушым мұқият болыңыз, болашақ айтылатын ой пікірлер Фараби балнамасы негізіде беріліп отырады. Енді затпен санның арасын жалғастырушы нәрсе геометриялық нәрселер. Яғни сызық және нүкте. Сызық мәні жұп болып, бұрыш мәні тақ болып шығады. Ертедегі философтардың пікірі бойынша әрбір заттың атымен заты байланысты. Қазақта «Атына заты сай болсын» деген тұжырым бар. Атты құрайтын сөз, оны құрайтын дыбыс, дыбысты белгілейтін әріп. Сондықтан жаратушымыз «Маған ат қоймаңдар» деп ескерткен. Себебі бәрі жаратылған. Олай болса әрі қарай тегін іздеп көрейік. Әрбір әріптің дыбыстық мағынасымен қатар сандық мағынасы бар. Демек барлық заттың сырын тегін сан арқылы табуға болады. Енді онда, ол әріптерді әртүрлі әріптермен белгілеңіз, сандармен белгілеңіз немесе геометриялық сызықтармен бейнелермен белгілеңіз тек саналса болды. Саналған заттардың мөлшерін анықтау үшін сол заттардың әуелі тегінің саны белгілі болса, сол сан тұрақты сан деп аламыз. Олай болса сол тұрақты сандарға немесе сан шамасына байланысты барлық заттың сырын-тегін сан арқылы табуға болады. Енді сол дыбыстарды, сөзді әріптермен белгілеңіз, цифрлармен белгілеңіз, сызықтық таңбалармен белгілеңіз немесе геометриялық бейнелермен белгілеуге болады. Басты шарт саналу керек. Аспан жүйесі 8-ден 4-ке бөлінеді. Ал жермен күннің саны жеті. Енді 7-ні 4-ке көбейтсе араптар таңбасының есебі шығады. Жетіні аспан жүйесіне көбейтсек барлық үндестік саны 56 шығады. Енді қазақ таңбасына тоқталсақ қайдан пайда болған және қандай байланыс есебі бар. Ғылым тегі сөздің құраушы қасиетті әріптердің негізгі тегі 22 болады. Бұл абжад есебінен алынған дауысыз дыбыстардан тұратын көне алфавит. Ондық сандардың негізі аспандық сан. Демек бұл алфабиттің негізі аспан жүйелеріндегі сайрандардың орнымен аспан кеңістігінің өсуіне тәуелді. Яғни аспан кеңістігінің өсуімен бірге он таңба қосылып 32 болып бүкіл сөз жүйесін құрады. Ертеде бұл « даналыққа жетер отыз екі жол» деп аталған. Демек осы таңба санына байланысты ғылым, білім өркендеді. Осы белгілерден туындайтын немесе тарихқа зер салсақ Арап тілімен осы таңбаның арасында ғылымның тәуелді даму жүйесінің ара қатынасын аңғаруға болады. Екінші жағынан әлемдегі тіл үндестігінің бірімен бірі араласып таңбалар саны еріксіз дамып отырса ғылым да сол ізбен еріп отырады, яғни бір халықтан екінші халыққа ауысып отырады. Гумилов мырзаның айтып ескерткеніндей «Пассиянарлық» даму заңдылығының (мемлекеттердің еріксіз түрде даму, өркендеу белгісінің ауысып отыруы) шарттарын аңғаруға болады. Демек ол саты төртке тәуелді. Үндістан будистерінде «сегіздік» даналық жол дегенде ұғым бар. Және бұл отыз екі сан туралы қалған аңыздарда көп. Өте ауыр атомдарда электрон қабатындағы электрон сандарының тұрақты шегі 32 санын береді. Яғни төрт есе сегіз. Дүниені билеуші сан деп қарастырсақ , ол сандар дүниесінің басқарушы симметрия заңы. Музыка әлемінде «такт» белгілі шамадағы тербеліс болса, яғни сандар жиынтығы деп қарастырсақ, құранда немесе жалпы дінде осы ұғымдар жиынтығын «зікір» деп атайды. Енді оның атасы мен анасы тегі тақтар мен жұптар болып шығадыда оны аятта «Тақпен жұпқа серт» деп ескерткен. Демек даму заңдылығының негізі тақтан қаланады жұп болып жаратушыға тіреледі. Сондықтанда дінде жаратушы сипаты міндетті түрде жұп болу керек. Себебі жұп белгісі бір нәрсенің немесе істің шегін немесе нәтижесін белгілейді. Ал қуат сипаты тақ болып ескертіледі. Тақ өзгеруге, қосылуға тиісті шама шегі. Құран сүрелер аттары немесе сөздер мағына болмысына талдау жасағанда осы сипаттарды үнемі естен шығармау керек. Мысалға «тәңір» десек 5 санын белгілеп тағы екінші бөлігі болмысы болып, тағы бір «тәңір» болып 10 санын беріп аятта; «Жермен көктің тәңірі тек Алла» деген сөзден 12 немесе 14 санын оқуға болады. Себебі тағы «Үштің төртіншісі, бестің алтыншысы Алла» деген есеп жүйесін негізге алып отыру шарт. Бөлек тәңірлер жиынтығынан 12 саны (5+1, 5+1) ал жалпы тәңірлер жиынтығынан (5+5+4), 14 саны шығады. Жалпы негізінен алда аяттар есебін шығару үшін тұрақты сандардан бағдар алып отырамыз. Негізгі сандар бес тектен алыну керек. Ол; от, су, жел, жер, көк (эфир).Мысалға 6 саны құрандағы 2 шығыс, 2 батыс, оңтүстік және солтүстік болып жердің көктік шегін белгілейді. 2-саны негізгі жаратылыс басы болып дәреже көрсеткішін береді. Екінің дәрежесі төрт, алтының дәрежесі 36 болады. Алты саны мезгілді немесе уақытты туындатушы басты қозғалыс тұғыры. Ал 10 саны көктік көбейту белгісін яғни өсім шегін белгілейді. Алла тағаланың сипаттық мағынасын 10 санымен белгілеу осы сан мәнге байланысты. Аятта: «Кім бір жақсылық келтірсе оған сондай 10 есе бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшырамайды» «Рас Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа; кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсаңдар, сонда Алла тағы есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы-де» (Сәбә-39) Демек істер нәтижесі 10-ға көбейтіледі ал артық хайыр жасау еселенеді яғни сол дәрежеге көбейтіледі. 36-ны онға көбейтсек 360 болып көктің жалпы санын береді. Адам баласындағы негізгі желдің (малдың) саны 8 болса өсімі 8*8=64, оған 8 түрді (рең) қосақ 72 санын беріп жалпы түрлену тегі болса 10-ға көбейтсек 720 болып көк есігінің қасиет санын береді. Мәдине мешітіндегі терезелердің саны 720 болу себебі шығады. Оны арап ғұламалары күн мен түн есебі деп түсіндірген. Мешіт сыртындағы діңгек саны 276 болса оны Құранды Осман шаһир сонша күнде көшірген деп түсіндірген. Шындығында бұл сан; 23 жылдағы айлар саны яғни ілім діңгегі болып табылады немесе пенде бойында 176 өсім (қоздырғыш, қарсылық) белгісі болып және жер бетіндегі адамзаттың ілімді меңгеріп ібілісті жеңу саны (білім) деп біліңіз. Демек адам баласының тәндік даму шегі. Осындай тәпсірлерде сандар жүйесінен қателіктер көп. Енді оттың саны 14, судың саны 62, желдің саны 26, жердің саны 26. Желмен жердің қосындысы 52 санын берсе кейін қайырсақ 25 саны шығады. Сегіз түр малдың өсу дәрежесі 8х8=64. Осындай тұрақты сандар тізбегімен құран сүрелерінің атаулары, аят сан мәні, таңбалар санымен сөз білімін анықтап есебін шығаруға мүмкін болады. Енді алдыңғы басылымдарда дәлелдер көрсеткендей аятта; «Олар үңгірлерінде 300 жыл жатты 9 арттырды» деген есеп жүйесінің тек бір мағынасын санмен тексерсек, 32+9=41, яғни қырықбір санды таңбасы бар елдің болатынын ескерткен жаратушымыз. Енді қазақ емле жүйесіндегі екі қосымша амал белгісін шығарып тастасақ 32 даналық сан нысанға сегіз атты даналық жол даму белгісін қосақ, бәрібір 40 саны шығып қазақ әліпби санын береді. Демек Криллица таңбасын ешқандай ойдан пайда болмаған, ол бар және қазаққа тән жаратушы тарапынан түскен үкім деп біліңіз Енді осы тоғыз таңбаның (Ө,Ұ,Ү,Қ,Ғ.Ң,І,Ә,Һ) пайда болу уақыты ислам дініне дейін 2158 жыл. Арап таңбасы тұрақты, ай және күн жолдарының тоғысуынан сызықтық бейнесі болып және ай тербелісінің есеп жүйесі ілім белгісі деп қабылдап, ал кирил таңбасы күн ай сәулелерінің қиылысуынан туындап, ішкі сыры білімді белгілейді де, ал дәнекерші болып төменгі көктік, аралық сызықтық құпия белгісі қытай, жапон жазба таңбасы болып табылады және болашақта біздің орыстармен бір жүйеге келген сияқты, азиялық таңбаларда ғылымда дамып бір жүйеге келу керек. Онда сол сызықтық бейнелерде үлкен мән бар. Әрбір таңбаны, әріпті енді құр сызықтар түрінде емес белгілі сәулелер жиынтығы деп қарастыруға болады, яғни санға айналдырып есептеу керек. Және әрбір әріптің сандық мәндері сол таңбаның қуаттық (үндік, дыбыстық, жарықтық, иістік.тб) күйлік шамасын белгілейді. Әлипби құрастырғанда сап-сап болып тізбектегі орны жерлік (химиялық) қасиеті болып, сызықтық және нүктелік шамасы кеңістіктегі орнының өлшемі болады. Сондай қарапайым есеп жүйесіне келетін әліпби кер (крилица) таңбасы болса, ал Арап әріптерінің алфавиттік реті екі түрлі болады. Тілдік әліпби кәдімгі әліппе ретінде, ал есептік әліпби хисабтық мақсатта қолданылады. Сол кездердің өзінде хисаптық әліпбиді сегіз сөзге топтастырып көп дыбыстардың қазақ тілінде болмауына байланысты таңбалар крилицамен қайталанған. Енді тоғыз таңбаны дұрыс жүйелеп, Фараби балнамасы негізінде тіл мамандары және есеп мамандары «Әліф лам мим» есеп жүйесінің құписын ашса, құран құпияларының ғылымдық сыры ашылары даусыз. Енді әзірге осы жерден тоқтап жоғарғыдағы айтып кеткен ықтимал заңын негізге алып сөздер тегін зертеп жүйелеп көрейік.