Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық жұлыстық, тартыстық—әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал, қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу ма? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздерінше керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жағдайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым көзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз –күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік.
Сопылық қылып дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған сопылық!
Балаларды бағу? Жоқ баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын? Баларымның өзіне ілгері өмірдің, білімнің пайдасын тыныштықпен қөрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым деп ұлы Абай атамыз назын айтып қалай жол табудың, қазақтағы болатын аурудың аттарын атап түстерін түстеп кетіпті. Құдайға шүкір, қазақта жалпы қазаққа бейбіт өмір не ішем не жеймін еркімде деген өмір туып келеді. Бірақ еліне ұлтына болашағына жаны ашыған қазақтың ұйқысы қашанда тыныш емес. «Тек мисызда ғана ауру болмайды» деген Шәкәрім атамыз. Қазақ халқының қазіргі таңда осындай Абай, Шәкәрім аталарымыз айтып кеткен, түзелмеген сөздер, шешілмеген түйіндер, шиелінісе түспесе, шешіле қойған жоқ. Жуық арада шешілуі де білінер емес. Оған себеп білімсізден, білімді, ақылды бәрін білген надандар көбейді. Ана тілін түзеймін деген ұран салып, қол жинап партия құрған білімді, ақын, жазушыларымыздың өзінің тілі дұрыс болғанымен сөздері дұрыс емес. Сондықтан сөзде пәтуа, қуат болмағасын тіл қалай түзеледі, естіледі? Оған себеп ата-бамамыздан келе жатқан мұра, амант жан ғылымын сол білімді, ілімді аталған ел басқарушылар жоққа шығарып, өздері боққа былғанғанын білмей жатыр. Шәкәрім атамыз алдын ала осы жағдайды болжап; «Боқты боқпен жуғанмен, тазара ма?» деп айтып кетіпті. Елді білімсіз арамза молда мен залым ғалым адастырар деген, нақыл бар халқымызда. Қай аурудың болмасын тегін таппаса емделмейді, емдегенмен жазылмайды, жазылғанмен қайта өседі. Қазақ ауруының тегі, неден тарап жатыр, кел оқырман бірге енді әуелі аталарымызша сөз бағып, әдеттеніп көрейік. Бұл басылымның негізгі мақсаты сөзді қалай түзеуді, ата-бабаларымыз көрсеткен ізге қалай түсуді көрсете алсақ, оқырманның жүзден бірінің жүрегіне ақиқаттың сәулесі белгі берсе онда еңбектің ақталғаны, онан басқа марапаттың да атақтыңда құны жоқ! Жаратқан жар бол! Аруақтар қолда деп, қазақ бабаларымыз түскен негізгі жолға біреге кетік оқырман!
Алла тағала бізді «БОЛ» яғни « адам болу үшін сөздерден Құран!» деген сөзден орысша «ЛОБ» деген қазақша маңдайымызға төрт сөбен шындықты жазып, қыз болу үшін «Айбол» деп ұл болу үшін «Күн бол» деп, ер жұп қыз тақ болып келіп бұл өмірге. Және сол аманаттарды жалғастыра беру адамдық борышымыз. Сондықтан әйел затына тақ болу парыз болса еркек соның «тақтың» құрбандығы. Тіршілік ету барысында, өмір қамында 5 қуатты жұптап және парымен меңгеру парыз, адамзаттық борыш, аманат. Жоғарғыда айтқандай бүкіл әлемде, адам баласы да сөзден жаралса, сол сөзді жанға жазу міндетті болып алты түрлі үнді жаратып, жетінші үн басқарушы жаратушы үні болып табылады. Сол үндердің орнын белгілеп жолдар деп аталған адамзат несібесі жеті аспан болып табылады. Әр аспанның өзіндік есігі және қызметшілері бар. Берілген несібені Рұх-деп атаймыз да рұхтыңда төрт түрлі шамасы болып екі жұпқа жіктеледі. Ал үш түрлі үн адамзатқа шешуге тиісті ғайып болып есептеледі. Жер ана 11 жұлдыз күн мен айдан (-тен)13 нәр алып, бар ризықпен бізді қамтамасыз етуге жаратқаннан міндеттелген, сондықтан жерден төзімді жаратылыс жоқ. Сол жерлік періштелер (элементтер) санын пенденің аяғына санап белгілеп, түрлену жоспарын басқа әсем бейнелеп, алақанға саусақтармен, буындарға бөліп, ортасына сызып берген. Екі қолдың арасын құлшылығыңмен өзің қос, ал аяқтарды әйелге қосуға, еркектерге арасын айқастырмай ұстауға бұйырғанда әрбір қосудың амалына некесін (делдалын) белгілеген. Айналып келгенде тербеліс аяқтан басталса, сөз есебі қолдан басталып жүректе түйісер. Төрт кітапты негізінен үлгі қылып төртеуі негізгі бастау төрт тілдің сипатымен түсірілген. Арап тілі көктік судың тілі нәсілдік бастау болып, үндердің құпиясы жасырылып, сондықтан Құран білім жағынан рух сөз қорының шегі болып белгіленіп, тербеліске бағынса, сол тербеліс таңба шегі 56 санын беріп 28 таңбаны ортасы қылып, әр елге әр түрлі жоспар беріп, екі жолды жаратқан. Сондықтанда 72 топқа қылықтық себептермен бөлініп, 36 ел (тіл) екі түрлі амалдармен 72 түрлі құлшылық тәсілдерін яғни сөз тербелісін меңгерсе, бір ел сол төрт түрлі рұхты және төрт түрлі кітап амалдарын біріктіріп бір амал қылып салт дәстүрге айналдырып тура жолдағылар болып есептелу керек. Қарапайым түсінікпен 72-түрлі діннің тілі пайда болып, барлығын бір тілге біріктіруді, бірлеуді тура жолды табу яғни сөз түзеу ғылымын меңгеру болып табылады. Сондықтан мұсылмандарға негізгі аманат, дінді оңашалап бөлшектеу емес, Ислам дінінің Алла тағаланың бірлеу діні екенін дәлелдеу керек. Негізінен ислам дінінде құлшылықтың екі жолы бар. Жалпы халықтарға ортақ Алла жолы және ішкі намаздарды орындау дін жолы. Осы екі жолға да қарсы аралық жол Ібілістің жолы. Олда екіге бөлініп бірі білім жолы, білем деп тоқтасаң болды шайтанға дінге қарсы азғырушыға айналасың. Екінші ілімнің соңына түсіп дінші аталып білгішке айналып, білімнен айналып тағы таза дінге қарсы наданға дінді бөлшектеуші, бүлікші ызақор ағайынға немесе ұлтыңа қарсы бүлдіруші азғырушы шайтанға айналуға болады. Негізінен Меккелік араптарға көрсетілген, бұйырылған намаздарды орындау арқылы діннің ортасын ұстап, тілді тазарту арқылы кітапты сөзді сақтап тұру жолы. Сондықтанда аятта араптарды «орта топ» деп ескерткен. Себебі құран сөзін енді өзгертуге болмайды, онда үнде яғни тілде таза тұру керек. Қалған халыққа екеуін қатар алып жүріп, екі алақанды қосып, ааяқты тазартып, нәпсіні тәрбиелеп сөздерді дамытып Құранның құпия көктегі сырларын оқу арқылы дінді дамытып, ділді жетілдіру жүктелген. Сондықтан жазу үлгісі де екі бағытта. Ғылым берілген елдерге солдан оңға жазу берілген де негізінен ақпараттарды сол жақтан ақиреттен алуды жүктелген. Олар амалдарды тазару шартарын орындап сәждеге намазға жету тиісті болса, ал тек намаздарды сәжде арқылы құран құлшылығының ортасы арқылы орындайтын арап елдеріне оңнан солға қарай жазу міндеттелген. Яғни оң жақтан жерлік несібені жалбарыну арқылы алып отыру жүктелген. Мысалға құлшылық негізгі көрсеткіші болып табылатын Бақара сүресінің 177-ші аятын намаздарды толық орындап деген сөзден екіге бөлсе екі алақанға тиісті амалдар шығады. Бар әлем халқы тілді дамытып, құлшылық амалдарын жасап, өз ерекшеліктерімен 56 таңбаны ойлап тауып, соған сәйкес болмысқа ат қойып, әлем халқы бір жүйеде екі жақтан кездесуі шарт. Бірақ соған байланысты қозғалысқа керекті қолғабыс негізі сынақтар жіберіп отырады. Сынақтарда екіге түрге бөлініп, бірі пенде баласына келетін ауру болса, екіншісі қоғам ауруы. Сол ауруларды туындататын да, ғайыпты теріс болжап, өмір сүру әдетінен жаңылу яғни көке қарсылық. Екінші сөз есебін дамыту үшін үндестіктерді қосу үшін, тілі азған мемлекеттер арасындағы соғыстарды түсіріп отырады. Ал қазіргі таңда қазақ жерінде сол сөз есебінің құпия соғысы жүріп жатыр. Ауыр соғыс, шығын басқа соғысқа қарағанда әлдеқайда көп болады. Әсіресе қарумен соғыста дені сау соғысқа жарамды көбіне еркектер шығын болса, бұндай ішкі сөз соғысында жастар, балалар және әйелдер көп шығынға ұшырайды. Ондай елдерде көрінбейтін мүгедектер саны көбейе бермек. Сырты сау іші ауру. Не үшін кім үшін өмір сүріп жүргенін білмей, мақсат мүденің ішкі парасатылықтың әлсіреуінен адамдар ашушаң, бор кемік, кінамшыл және қылмыс істеуге бейім және өзіне-өзі қол жұмсайтындар әсіресе жастайыннан дарынды, қабілетті болып туылғандар арасында көп кездеседі. Бұдай қоғамдық аурудың себебі сөздің мұқалып қуатын жоғалтып, тілдің әлсіреуімен жалпы халықтық мінез қылықтың өзгерісі деп атайды. Ондай жағдайдан ел болып емделуді Ясауи бабамыз қалыптастырған салт-дәстүрімізді былай қойып, әулеи-әмбилеріміздің көрсеткен үлгілерін есепке алмағанның өзінде беріде Абай атамыз жазып, Шәкәрім атамыз шығар жолын сілтеген нақты сөзімізді нұрландырар қазаққа тән мақтаныш кітабымызда бар. Негізінде бұрын аталарымыз бар аурудың емін, ғайып ерен қырық шілтеннен (41-әулиелік негізден) іздеген. Үнемі жермен 41-әулиемен байланыста болып, ауырмайтын, сөзді аздырмайтын жолды көрсеткен Әзіреті Сұлтан әулие бабамыз. Сол әулие бабамыздың мұрасын жаңғыртуға жаратушымыз үкім беріп, сол белгілер қайта түсті жер бетіне 21 белгі тағы қазақтың үлесінде. Енді өз тіліне жаны ашыған есті пенденің Алла тағаланаң бар адамзаттың несібесін негізінен тең жаратқанын. сол үлесін алуды әрбір ұлтқа бөлек құпия қылып сөз астарына жазып қойғанын ұғатын заман туды. Ендеше неге жақсылыққа жарысып ұлтық ерекшелігімізді қазақ деген атқа лайық екенімізді дәлелдемеске!
Бетіне перде жапсаң неше қабат,
Құран сырын ұға алмай бұқса-дағы,
Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат
Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне
Дін десе тұра қашты есті азамат,
Бар обалы олардың тәпсірінде
Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Ол қатені түзеткен алымдар көп,
Соның сөзін оқысам боламын шат.
Қиянатың бар болса иманың жоқ,
Маған десең мың жылдай қыл
Ғибадат (Шәкәрім ата)
Ал ғибадат дегеніміз не? Осы ғибадат деген сөзді әсіресе діншілер аузынан көп естиміз. Бірі ғибадат тірегі намаз десе, бірі бес парыз деп түсіндіріп жатады. Олай болса иман келтірдім деп, тілмен сеніп, бес парызды орындап, садақа беріп, қажылыққа барған ғибадат болса Шәкәрім атамыз; Қиянатшыл болсаң бәрібі ғибадатың қабыл емес- деп ескертеді. Енді Құранмен пайғамбарымыздың өсиеттеріне жүгініп көрейік. Аятта: «(Әй пайғамбардың жұбайлары!) егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындауыңа сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші, құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруі мүмкін.» (66-5) «расында не берсе де Рабыларына қайтуларынан, жүректері қорқып, бергендер: (60) Міне солар, жақсылыфқтарда жарысады да, олар оның озаттары.» (23-61) аяттары түскенде пайғамбарымыздан: -Аятта айтылғандар зина, ұрлық және ішімдік секілді харамдарды істеушілер ме? –деп сұраған едім. Сонда Ол:-Жоқ уа, Сыддықтың қызы! Аятта айтылғандар намаз оқыған, оразасын ұстаған әрі садақасын берген күнде де, бұл ғибадаттарының, қабыл болып, болмауынан үрейленіп қорықандар,-деп жауап берді. (Термизиден. 23\ 3175)