Жалпы әлемнің алғашқы жаратылу кезеңінен бастап адам және оның жер бетіндегі қызметі құран аяттарында толық қамтылған. Бүкіл әлемнің және ғарыш әлемінің, дүниенің пайда болуы туралы ілімді құран аяттарының сырын зерттеген ғұламалар еңбегі жеткілікті. Бұл үлкен уақыт аралығын алып жатқан тарихи дәуірде қамтылған жаратылыстар, жұлдызды аспан, күн жүйесі, жер бетіндегі өмір, аспан құбылыстары кәзіргі ғылымда екі бөлікте қарастырылады. Көрінетін және көрінбейтін болып. Көп айтыс тартыстар осы екі арада жүріп жатыр. Ал аспан құбылыстарына толық мән беріп, қайрымды және зұлым жаратылыс иелері, әулиелер, түс көру, тіршілік ету қозғалыс, тербеліс кеңістікте өрбу, өшу, даму заңдылықтары кейбір дін ғұламалары, ғалымдар ғайыптық әлемді жоққа шығарады. Немесе толық мән бермей «тек сену керек» – деп тұжырымдаған. Олай болса Інжілге, Ғиса пайғамбарымызға иман келтіріп көрсек; «Бауырластарым менің, біреу сенемін дей тұра, игі істер жасамаса, онысынан не пайда?! Сондай сенімі оны Тәңірінің қаһарынан құтқара ала ма? Айталық, сенуші бауырластарың не еркек, не әйел заты болсын, киер киім мен ішер тамаққа зәру болып жүр дейік. Ал араларыңдағы біреулерің оларға; «Аман-сау болыңдар! Тоңбай қарындарың ашпай өмір сүріңдер» деп, ал өзі солардың тәндік қажеттерін қамтамасыз етпесе, оның тілегінен не пайда?! Ендеше, сенім игі іс-әрекет тудырмаса, ол-өлі сенім. Мүмкін кейбіреу: «Сенің сенімің бар, ал мен игі істер жасаймын» дер. Игі істер тудырмайтын сеніміңнің шынайлығына көзімді жеткізші, ал мен жасаған игі істерім арқылы сенімімді дәлелдеймін. Сен «жалғыз Құдай бар» деп сенесің. Мұның дұрыс, алайда жындар да соған сеніп, Оның қаһарынан қорқып дірілдейді. Ал сен түйсіксіз адам, игі іс-әрекетсіз сенімнің өлі екенін ұқпайсың ба? Түп атамыз Ыбырайым баласы Ысқақты құрбандыққа ұсынғанда сол ісі арқылы Құдай алдында ақталды емес пе? Байқайсың ба; Ыбырайым Құдайға сенді, сондай-ақ Оның айтқаны бойынша әрекет етті де. Осылайша сол істегендері арқылы Ыбырайымның сенімі кемеліне жетті. Сонда Киелі жазбадағы мына сөздер жүзеге асты: «Ыбырайым Құдайға сенді, сондықтан Оның алдында ақталды» және ол «Құдайдың досы» деген атаққа ие болды. Өздерің көріп отырғандай, Тәңір алдында адамды тек оның сенімі ғана емес істегендеріде ақтайды.» (Ж.хат. 2-14,..24) Олай болса иман келтірдім, намаз оқушымын деп іс-әректсіз сенім өлі сенім! Сенімді тірілтіп жан беру үшін әрбір жасауға тиісті әрекеттерді біліп қана қоймай ғылымын маңызын түсінуіміз керек. Иман келтіру қарекеттен қажеттікті өтеуден туындайды. Ал сол адамзат қажетін өтеу үшін біз көріп сезе алмайтын ауадан бастап бүкіл көк әлемі және ғайыптық тіршілік егелерінің көмегінсіз тіршілік болуы мүмкін емес. Сондай жер бетінің тіршілік әлемінің қажетін басқарып тұрған нәрселерді Әл-Фараби атамыз; «Қарекетшіл интелект өзіне ілескеннің бәрінен жоғары, ал сол қарекетшілдердің басын түгел қоссақ материалдық заттардан анағұрлым биік тұрар. Мұны үңги түссек, материалды заттар қатарындағы аспан денелері (күн, жұлдыз, ай т.б) табиғат әлемінен биік саналады. Ал,мұнан жоғарының санатына өзінің тіршілігіне себепшілерді жатқызамыз. Тіршілік иесінің мұндай себепшісіз (ғайыптық) болуының өзі ақылға сыйымсыз.» Демек қандайда бір қозғалыстағы көрнеу, көмес нәрселер дене (енуші, еруші) болып сол денелерді қозғаушы себептер бар. Ал оны ақылмен анықтау тағы тек сан арқылы ғана мүмкін екен. Олай болса тек тілмен ғана айту белгілі бір сезімді ғана туындатады да өлі денеге жатқызып ал оны қозғаушы себепті тірі ақыл деп атаймыз. Әлемді ақыл басқарып, қозғап жатқызып тұрғызып тұр деп түсінгеніміз жөн болар. Сондықтан құран аяттарын негізге ала отырып Абай, Шәкәрім аталарымыздың пайымдаулары, Әл-Фараби атамыздың, «жаратылыстанудың биік негіздері туралы трактатындағы» көз қарастарын салыстыра отырып, Яссауи бабамыздың «сәни дәптерінің» ақыл кітабының ақиқатына тірелеміз. Фараби атамыздың трактаты бойынша; «Ақылға жету жан дүниесіне лайық сипат; сезімге әлденені аңғарудың өзі жеткілікті, ал аңғарымпазғатөзімділік қажет. Мұның дәлелі, сезімнің аңғарушы ықпалында кететіні. Бұл құбылыстардың мәніне ақылмен жүгінген ғана олардың сезімге бағынғанына сәйкес жан дүниесін байыта алады. Ендеше, жан-дүниеміз ішкі құбылыстарға сезімнің көмегімен жетсе, ақылға бағынатын құбылыстарға оларды аңғару арқылы жете алады екнбіз, өйткені аталмыш құбылыстарды ақылға бағындыруда сезімнің аңғарымпаздығын пайдаланады.» Демек иман келтірудің негізгі кілті тілмен айта салатын сезімнің жалаң көрнісі емес жоғарғыдағы Сандыбад сарайының 6 білімін көрнісін ойда бейнелеп ара қатынасын ажырата білуден ақыл пайда болады. Адамзатқа берілген қасиеттің басты бұлағы арман болып сол арманның пырағы қиял болып табылады. Ал қиялдың көмегінсіз жан дүниеміз ештеңеге жете алмайды. Қиялды нақты бейнеге денеге айналдыра білу үщінде санның және Һандисат (геометрия) білімі яғни әрбір танылуға тиісті нәрсенің сызықтық бейнесін салып сосын сандық мәнін анықтай білуді үйренуіміз керек. Сонда ақыл болып денеде тұрақтайды. Бірақ біздердің қиялымыз шектен шығып адамзаттың ақылын белгілі жүйеде өсіріп дамытып заманына сай қалыптастырып отыру үшін жаратушымыз киелі кітаптарды түсіріп, сандармен шектерін белгілеп сызықтық бейнесін үнемі білдіріп көрсетіп отырады екен. Сол әрбір заманға, білімдік даму сатысына қарай ғайыптық мәліметтерді көмеске, көместің белгілерді нақтылыққа көрнеуге яғни абсолюттік танымға айналодырып отыру үшін намаздарды заманына сай орындауымыз керек. Бірақ бір қалыптасқан ұғымды немесе кезінде даналар көрсеткенг аяттар құпиясын енді адамзат өмірінің абсолютті танымы сол біліміміз жеткілікті бәрін біліп алдық деп намаздарымызды жетілдіріп кемісін толықтырып, тозғанын ауыстырып отырмасақ тағы тіршіліктің маңызынан айрылып азып-тозуымыз заңдылық. Сондықта Әл-Фараби атамыз; «Абсолютті таным жеті қат көктің бірде-бірінде жоқ. Олардың бәрі қым-қуыт қозғалыста. Өз кіндігінің төңірегінде һәм өз өрісі бойынша аспан денелері шыр айналып жатады.» Олай болса сол айналған әлемнің негізгі ортасын тауып соған байланысты ғана салыстырмалы түрде қалғант себептерді бейнелей аламыз. Ондан арғы жағын ақылмен болжау азамзатқа берілмеген. Ақыл-ойдың бір нәрсеге тұрақтап танымға айналып білмге қызмет етуі үшін әуелі сызықтық бейне таңбаға, таңбаны санап барып үнімен белгілеп ал үнен сөзді шығарамыз. Олай болса бүкіл әлемнің басталатын кезі, бір Алла белгісіз құпия қазынадан шығып мәлім болуды қалап, сонан соң өз жанарынан бірінші жарықты, яғни нұрды, сөзді жасау кезі болып саналады. Ол жарықта әуелгіде еш бір қасиет болмаған, ол бір текті және қозғалыссыз жаратылады. Оған ақыл ойлау әрекеті берілген бақыттан соң, қасиет пайда бола бастайды. «Ақылға келсек дейді ғұлама, — ол жарықтан, нұрдан бастау алатын шабыт.» Әлемдік нұрдан және онымен байланысты, одан тікелей жаратылған әлемдік ақылдан барып бүкіл заттың, нәрселік және рухани тіршілік әлемі туындайды, өрбиді, сан алуан түрге келеді. Енді бабамыздың сипаты бойынша; «Ең әуелі Алла тағала өз ажарынан (нұрынан) қасиетті нұрынан тіке тарайтын мәртебелі жарықты жаратады. Ол суықта жылы да емес, дымқылда құрғақта емес, еркекте, әйел жынысты да емес еді. Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды барлық жасалынатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл нәрселік (органикалық) тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болды». Олай болса жаратушы біздің ақыл ойымыз жетпейтін сипата болып, сол сипаттан бізге білуге тиісті екі себепті жаратқанды жаратқан. Жаратушы нұры және жарық жан анамыз. Яссауи бабамыз хикметінде:
Хикметімнен баһра алға көзге сүртсін,
Ықыласпен көзге сүртіп дидар көрсін.
Шарты сол дүр: қанағатқа мойын ұсынсын,
Жан пида етіп жан ананы көрдім міне,
Жаратқан жарық яғни жарымызды жан ана – деп атаған әулие бабамыз. Енді негізгі әлемнің жаны бірінші жарық – ақ болып, алғашқы да өзінің жаратылған жерінің маңында орналасады да, осы жағдайда бір дүркін тербеліс уақытында (12 мың жыл) тұрақтайды. Бүкіл әлемнің бастапқы да бірінші элементтері пайда болуы үшін, Алланың әмірі мен нұр екіге жаратылып, бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнайды, олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады. Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады. Мұндай бөліну кең көлемде әр бір 12 мың жыл дүркіннен кейін болып тұрады,кіші көлемдегі бөлінулер 6 мың жыл, тар көлемдегі бөлінулер төменгі бөлім ішінде 9 айда, 12 жылда т.б. жүріп тұрады. Әрбір бөліністен соң бүкіл әлем заттарында жана сапалар, өздерінің айрықша қасиеттері бар мән – мәністері бар бастапқы, негізгі элементтер (құбылыстар) пайда болады. Дүниеде әлемде бос орын жоқ, әртүрлі күштермен біріккен, жалғасқан және осы күштердің қозғалыстардың әсерінен туындайтын аса қатаң заңдылық бар. Бастапқы жаратылыс негізгі нұр, ол жарық ұғымына қарағанда кеңірек ұғым. Нұр – үлкен қуат егесі. Нұр кең ұғым. Аятта: «Алла (Т) көктер мен жердің нұры. Оның нұрын мысалы: ішінде жарық бар қуыс сияқты жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек бейне інжудей жұлдыз шығыста батыста болмаған зәйтүн майымен тамызылады. Тіпті от тимей – ақ оның майы жарық бергелі тұр. Алла қалаған кісінің өзінің нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді». (Нұр – 35) Негізгі екіге бөлінге асты үсті болып есептелетін жарықты-ақты «Таға» деп ат қойып таңбалап, Алла Тағала деген сипатпен атаймыз. Жене ол барлық жанды нәрселерге тән сипат болып табылады. Адамзат аяқтан және төбеден үнемі тағаланып яғни зейнетеліп отырамыз. Соның бірі қажылық- төбеден тағалану, хаж- аяқ астынан тағалану. Ал жарық болып жарылған жерде ортасы көлеңкесі болады. Жарықпен нұрдың айрымашылығы осыда. Нұр болса жарықтың кемелденген жоғарғы сапасы көлеңкесі жоқ ыстық, суықтығы жоқ. Оған салыстыруға ақылға қонымды белгі күн мен ай. Енді біздің жаратылған тегіміз үшін күнді (күндізді) жарықтардың тегі деп атауға болады. Адам ақылы нұрға бөленеді. Ай ақыл-ойдың кемесі. Бірақ біздің тіршілік кіші әлеміміз үшін кері бағытта. Нұр жарықтың ішінде болса, ал жоғарғы әлем жарық нұрдың ішінде. Сызықтық белгісі құм сағатының көрнісіне ұқсайды. Сондықтан жаратқан құдайымыз әр пенденің ішінде сол нұрдың бөлшегі болып қалыптасады. Бірақ іштен сыртты басқарып тұр. Демек керісінше ішіміздегі нұрдан сыртқа жарық шығару яғни рұхтан ұрпақ пайда болады. Әйел заты негізінен нұр сипатта ай болып әлемге жарық сыйлауға, ал еркек жарық күн болып нұрды толықтырып отыру керек. Әлемнің нұрдан тараған жылу құбылыстардың да, үстіне сәуле шығару, от, қуат көздерін қамтитын кең мағыналы жарыққа лық толы, оның әр жерлерінде осы жарықтың қоюланатын аспан денелері нәрселері орналасқан. Бүкіл жоғарғы бөлік екі жарыққа бөлінеді де қозғалыс қасиетіне ие болады. Алла тағала өзін құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі жасады. Енді киелі кітаптардағы Алланың өзі деген ұғымды осы жан анаға байланысты берілген. Бірақ негізінен жан әуелі Адам атадан рұхтың үрленіп алғашқы екіге(2) сосын төртке (4) жарылуынан яғни ішкі жарықтан басталады. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харакеттің қастерлі ірге тасын қалады. Мұнан соң Алла тағала жарықтың жоғары бөлігінен ғарышты, яғни аспан шырақтарынан және оларды сүйреуші періштелерді және басқада жарық құбылыстарын бар етті» Фараби атамыздың пайымдауы бойынша: «Жарықтың бүкіл төменгі бөлігі қараңғы қозғалыссыз және салқын болады. Бұл бөлікте өзінің жаратылысы жөнінен қозғалыссыз заттар денелер орналасты. Алла тағаланың құдіреті күшімен қозғалыссыз нәрселер жаратылысы салқын, суық болып келеді. Осы нәрселерден түп негізі басқа да көп болатын заттар тас, топырақ жаратылады. Фараби атамыздан осы ғылыми негіздеріне сүйене отырып толықтырсақ, нұрмен қоса 8 жарық бөлігі бар. Нұрдан басқа жарықтың көлеңкесі болады. Яғни 7 қараңғылық бар. Бұдан 8 пейіш 7 тозақ белгісі шығады. Және қозғалмайтын нәрсе жоқ. Бәрі бір өзіндік тербеліс жиілігін құрайды. Осы болжамдардан пайда болатын негізгі ұғым әуелгі нұрдан жаратқан пайда болып жер анамызды жаратса, эер анамыз жарық болып нұрдың ішінде болып алғашқы жаратылыс егелері періштелер, ыстық суықтардың араласуынан жаратылып, енді негізгі ортасы жер анадан Адам атаны тағы сол сипаттардан ішкі жаратылыс болып қайталанып бірақ бүкіл жұлдыздар, күн, ай аспан денелері сол екінші жаратылыс Адам атамыздың рұхының ішінде тәнде (денеде) қозғалыста болып, негізгі жаратушы үкімдері осы жер мен көктің аралығына түсіп тұрады. Енді сызықтық бейнеде алып Адам денесінің ішінде кіші тіршілік әлемін сыйғызып, сол әлемнің ішінде саны жоқ сондай денелер бар. Орыстың «матрушка» деген қуыршақ бейнесі осыны көрсетеді. Олай болса жер бетіне әрбір баланың келуімен тіршілік әлемді кеңіп өсе бермек. Қазақта; «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.» деген астарлап. Әйел заты қол қасиетін жоғалтпа бесік тербеткенде ғана мәңгілік өмірдің нұрына айналады. Қазіргі аналарымыздың «Қолы» қандай? Келіңіз тағы тылсым арқылы бірге жауап іздейік! Ананың қолы Алланың кеңшілігі!
Аятта: «Тауларды көріп, табжылмай тұр деп ойласын. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі. Күдіксіз ол жасаған нәрселердің толық біледі» (Нәміл – 88) Нәрселер арасындағы тартылыс күші Жаратушымыздың әмірімен бір-біріне тартылып болмысын сақтап тұрады, аятта: «Ол көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір ісің болуын қаласа, сонда тек қана «Бол» дейді. Ол бола қалады». (Бақара – 117). Оның да өлшемі, түрі, түсі, жиілік есебі бар.