1.Қазақ дін танымының негізгі тірегі Құранмен пайғамбар сүннетеріне сүйене отыра орындау амалдарын шариғат деп атап соған сүйене отыра пәтуалар шығарып солай өмір сүру дәстүрлі дініміз болып қалыптасқан. Мейлі қандай ұғымда, қандай ағымда болсын өлім, қайғы-қасірет т.б жағдайларда әйтеуір ерікті, еріксіз орындап жатамыз. Біріміз көргенімізді, біріміз естігенімізді, болмаса дінші аттыдан үйренгенімізді орындау міндет сияқты қалыптасып, кейде бұрынғы ата-бабаларымыздың орындаған әдет-ғұрыптарын жартылай болмаса мүлдем жоққа да шығарып тастағандарымызда бар. Оған қарсы уәж айтуға мүмкін емес. Оған басты себеп сүйенетін негізгі кітабымыз Құран болғандықтан және ол да арап тілінде түсірілгендіктен тек арап танушы мамандарға мейлі ғұлама акедемик бол тілмаштардың аузына қарап және пәтуасымен келісуге тура келеді. Ондай тілмаштық қабілетке еге болғандар көбінесе іргелі ғылымдардан терең білімі болмағанмен бірақ араптіліне деген қабілеті зор жастар арасынан көп кездесіп және көбіне сол жастармен арап тілін меңгеруші тіл мамандары дін басшылығында және олармен үкімет құзырлы орындарыда келісуіне санасуына тура келеді. Енді осындай жағдайларға байланысты сыртан келген арапша сөйлеп арапша ойлайтындар діннің бар тізгінін қолға алып бүкіл қазақ елі солардың айтқанымен жүріп айдауына көніп мемлекеттің тұтқасында ұстатып қойғанымыз жалған емес. Қазаққа тән құдайдан қорқатын дәстүріміздің көрнісі. Бұндай жағдай ислам дінінің таралып бекігеннен бері қазақ елінің тарихында дін шежіресінде осымен 3-ші рет (мүмкін одан да көп болар) соңы апаттармен ұлт ішіндегі араздықтармен, ағайындардың арасындағы бітіспес даулармен ақыры үлкен апат соғыстармен, әр түрлі аурулар, індеттерге елдің азып тозуына соқтырып нәтижесінде жаратушыдан елшілер жіберіліп, дінді қайта дамытып, табандарымызды бекітіп, жарғылар шығарып содан ұзақ уақыттар тыныштық замандар орнаған. Қашанда бұдай елдің елдігін тығырыққа тіреген жағдайлардан шығар жол, тек киелі кітаптарды қайта ел болып зертеп, ақыл-ойдың еркіндігіне шығару нәтижесінде ғана мүмкін болған. Сондықтан арап тіліне байланған ақыл-ой, сананы қалай зынданнан шығаруға болады деген сұрақ туындайды. Оған қазіргі әлемге ортақ ғылым негізі санға жүгіну, және өзімізден шыққан ғалымдардың ішінен Абай атамыз ескерткендей «единицасын» алып сол арқылы салыстыра отыра бірлеу қағидасын меңгеруді ұсынамын. Басты қағида есепті білмеген есек болсын! Әуелі оқырманға түсінікті болу үшін құранның қарапайым қағидаларын жүйелеп, алда негізгі күрделі сырларына қайта оралып отырамыз. Қош енді негізінен құран сүрелерінің есептік орны белгіленген. Ашық мағыналы сүрелер мен жабық мағыналы сүрелер болып кезекті, кезексіз ауысып отырады. әр сүренің алдыңғы үш аятты сол сүренің бастауыш, баяндауыш, толықтауыш қызметтерін атқарады. Сол аяттарға қарап сол сүрелердің жалпы тақырыбын анықтауға болады. Және әрбір үш аятпен белгілі мағына үгітті берсе тағы осындай үш кезекпен 9 аятпен құран насихатын яғни ғылымын біле аламыз. Және сүренің соңғы екі аяты сол сүренің негізгі насихат нәтижесін көрсетеді. Сондықтан сүре атына ерекше мән беріп есеп жүйесін сүре атынан бастау керек. Сүре аттары тақ жұп болып келеді хәне орналасу тәртібі де бар. Мысалға «Ниса» «Кеһф» сүрелерінің сандық таңба мәні 4 санын берсе ,«Һұд» «Хаж» сүрелері 3 санын беріп, сүре басындағы сол санға сәйкес аяттар, сол сүренің жалпы мағынасын, тақырыбын немесе сүренің атын береді. Көп аудармалардың орыс тіліндегі (Э.Куренников. В.Порохова) аудармаларындағы сүре аттары өзгеріп кеткен,мысалы: Ниса сүресі адамзат арасындағы туысқандық қатынасты білдірсе оны «Женщина» деп, тіптен жынның тәндегі орнын, сүттің шығу тегін түсіндірген сүрені (Нахыл) «Корова» деп аударған. Ал аяттардың ішкі мәніне үңілсек ғылыми ишара сөздер жоғалып кеткен. Нанбасаңыз салыстырып оқуыңызға болады.
2. Құран негізінен он бөліктен тұрса, жалпы үгіт, насихат, ем, шипа, рахмет болып бес қуатқа тұжырым жасалып отырады. Бес бөліктен екіге бөліп қарастырсақ, Бақара сүресі, Мұминұн сүресімен көлденеңінен бір есептік жүйені құраса. Шұғара сүресі орта бөлігін бөліп тұрып он жақ сол жақ бөлігімен сәжде, сад сүрелерімен тұжырымдалып отырады.
3. Сандық мәндерді пайдаланып оқу үшін, үш және бес санымен биіктігімен тұжырымдалып көлденеңінен аяттар жұп белгі санымен Бақара сүресінен Шұғара сүресінен бағдар алып есеппен түсінігін алуға болады. Жамандықты өз дәрежелік санымен жақсылықты онға көбейту арқылы тұжырымдауға болады. Себебі аятта «жақсылық жасасаң он есе көбейтем жаманшылықты сол қалпында алдына келер» деген ескеруді негізінде алу керек. Әрбір істің насихаттың жемісін онға көбейтіп тұжырым нәтижесін білуге болады. Он санын пайдаланып қана кұран білімін жүйелеп құпия аяттарды түсіндіру керек. Жалпы он әлемдік тұрақты санға жатады.
4. Ғылыммен жүйелеу. Аяттар басын аяғын анықтау. Мысалға: аяттар басы Пайғамбарға, мұсылманға, кәпірлерге, т.б. Бұйрық түрінде басталса соңы Алланы дәріптеумен анықталады. Алла ерекше мейірімді, хикмет иесі, толық күші жетуші! т.б. Соңғы сөз ескерту болып келсе дыбыстық үндестікте зікір болып табылады.
5. Сүре ішінде басы не аяғы жоқ мағанасы ишарамен берілген аяттар бар. Көлденең жүйемен екі немесе төрт аяттан тұратын үгіт шығаруға болады. Бірақ тек аят саны мәнімен өз белгілі орнымен ғана есептеледі. Жалпы тарихи мезгілін қай елге арналғанын білу үшін де көлденең, тізбек есеп жүйесі пайдаланады. Тек сан мәні сақталып отыруы керек.
6. Әрбір есеп жүйесіне құрылған аяттарда ғылыммен салыстыру бірінші жолға қойылып отырған жөн. Болмаса құр сан мәнін қуып жаңылысуға әкеліп соқтырады.
Құранның екінші бөлігінде аяттарды түсінігін ұғу үшін, сүре санында 80 аят болса алдынғы сүре басындағы 8 аят 10-ға көбейтіліп, әр қайсысы тізбектік баған болып, сол аяттардың анықтаушы немесе бағдары болып отырады. Бұл жүйені құпия сүрелердің барлығына да пайдалануға болады.
7. Әрбір сүренің өз тарихы және елдермен байланысты сандық белгімен берілген ішкі құпиялары бар. Мысалға; шерік қосу ұғымы негізінен 10-шы, 16-шы сүремен белгіленген. Араптардың елдік және тарихи түрленуі 43-ші сүремен және 34-сүре арқылы басқа елдермен гендік, нәсілдік байланысқа түседі. Және 100-ге дейінгі, 100 санынан кейінгі, 200 санынан кейінгі аяттардың өзі адамзат дамуының үш сатысынан хабар береді.
8. Әрбір сүре құлшылық амалдарының белгілі сандық мәнін береді. Әрбір сүрені меңгеруге байланысты өзіндік намаз амалдары бар. Сондықтан әрбір сүренің соңғы аяты сол сүренің намаз орындау амалының негізгі көрсеткіші болып табылады. Мысалға дінді бірлеу үшін міндетті түрде 73 сатыдан өту шарт. Бірақ құран құпиясының өзі оны 1-ші сүреден бастап ретімен өте алмайсың. Оны тек Ясауи бабамыздың ізімен жүріп аяндармен көрсетіліп орындау арқылы жетуге болады. Әрбір аяттардың нәтижесі сүреге айналып уахимен оқылатын, аянмен көрсетіліп отыратын ғайып жұбы болу шарт. Сондықтан құранның жұбы да бар ғайыпта. Тақуалықтың басты шарты сол құраннан хабар алу-хикмет!
9. Аят ішіндегі сөз астарын іздеу. Жалпы «Әліф Лам Мим» немесе «Ұғымын Алла біледі» деген сөзбен басталған сүрелерде құпия ғылыммен анықталатын сөз бар деген ескерту және он түрлі ғылымды ескертеді. «Мұбада оны бөгде тілде қылсақ, әлбетте олар: «Аяттары неге ашық баян етілмеген? Арапқа бөгде тілде айтыла ма?» – дер еді. Арап тіліндегі ашық аяттардың басқа тілге аударылғанда мағынасы өзгеретінін және арапқа айтылған ұғым басқа елге ұғымдарында өзгеріс болатынын ескертеді. «Ол құран иман келтіргендерге бір тура жол және шипа» де. Ал иман келтірмегендердің құлақтарында кереңдік бар. Сондай – ақ құран оларға соқырлық. Олар ұзақ бір жерден шақырылғандай». (Фуссилат-44) Бұл аяттағы иман келтіру амалы «намаз оқу» -білім алу деп ұққан жөн. Ондай намазды орындау үшін құраннан басқа үш кітапты да түсіну және меңгеру болса тек сол амалдар арқылы тура жол табуға болады. Құран түсінігі тура жол болса, құранның белгілі бір нәтиже беретін құпия аяттарының арап тілінде меңгеру (жатап) шипа болар пендеге. Арап тіліңде аят сөздерінің орны ауыстырылмайды, онда шипалық мәні бар дей келе «Оның артынан да артынан да бос сөз келмейді. Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген». (Фуссилат – 42) Яғни қарапайым үгітімен түсіндірсек; құран аятының алдынан немесе артынан қарапайым сөз тіркестерін (дұғалар) пайдалану қателікті туындатады немесе сөздердің сандық мәні бар. Санды қайыру тәсілдерімен сөздерді зертеуге болады. Онда кейбір жағдайда түсінікті болу үшін сөз орындарын ауыстырып есептеп көрсең ғана белгілі ұғымды береді тек өз тіліңдегі аударманы. Бірақ ғылымын анықтау үшін арап тілінде аят ішінде сөз орнын ауыстыруға болмайды. Басқа да теңдестіру көбейту сияқты есептік жүйелері де бар, бірақ оқырманға түсінікті болу үшін әзірше осындай амалдарда жеткілікті. Негізгі жабық аяттың ұғымын үгітін түсіндіру үшін кемі 2 аяттан жұппен тақтан тұруы керекте осыған ұқсас 3-ші аятпен тұжырым жасалады. Осындай 3 аяттардан құрылған, 3 пармен яғни 9 аятпен тобықтай түйін негізгі сырын анықтауға болады. Сондықтан бір аятты ортасынан ойып, немесе бір сөзін алып жаратушымыз осылай үкім еткен деп тұжырымдау негізсіз және надандық!. Тағы жалғыз аяттың сандық мәні тақ болса міндетті түрде жұп санымен бекітіліп отырады. Құранды «Оқы, оқы және оқы» деген үштік қағидасын сақтамай бірден есептеп оқуға болмайды. Үш рет түсініп асықпай оқып шығу шарт. Тағы құранда жақша ішіндегі тәпсір сөздердің көбі қателік, ғылымнан алшақтық пікірлер бар. Оған да алда нақты мысалдар дәлелдер беріледі. Болашақ оқырманның өзі салыстырып шындығын анықтап көрер. Арап тілінен бірден аударып оқу мүмкін емес және кез келген арап тілін меңгерген пенденің құранды түсіндіруінен жер бетінде ислам дінінің әлсіреуін туындатқанын көз жеткіземіз. Ол үшін тек ана тілін толық мегерген және ғылым білім берілген адам баласының ғана шаруасы болып, және аянмен жаратушымыздан белгі алып, әулиелер жетелемесе мүмкін де емес екендігіне дәлелдер келтіреміз.