Мұралардың ең қымбаттысы – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да нәрседе тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. (Ғ. Мұстафин) Құран сөзі жаратушымыз тарапынан түскен асыл сөздер жиынты сондықтан қандай тас болсада жібітеді, қандай ойға ғылымға сай жауабында алуға болады. Сол сияқты ем-шипада болып өлген жүректі тірілтуге болады. Тек орнымен пайдалана білу шарт. Сондықтан аталарымыз өз ойы жетпеген арты бұлыңғыр болса «Әліптің артын бағайық!» деп сабырлыққа шақырған. Мен енді кел оқушым сол әліппен сөздің алдын болжайық демекпін. Шындық қашанда тәуекелге қарыздар болып қалмақ. Кел тәуекел! Әуелі «ӘЛІФ» «ЛАМ» «МИМ» 4-3-3. Жұп, тақ, тақ. Енді «мим» орап оқуға немесе қалай оқысада бір текті білдіреді. Сани дәптерде әулие бабамыз «Ораза, таспих, жалбарыну әм елшісі» деп ескерткен. Енді жоғарғыдағы уахи, аян түстерді елшілік белгіні таспихпен есептеп көрейік, себебі құранда кездесетін Алланы еске алу сөзінің екінші есептік белгісі «таспих» деп аталады. Аятта: «Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Алланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы.» (Ісра-44) Сонымен белгілі өзінің жаратылыс білімін белгілейтін көркем дыбыс жиынтығын пәктеп, мақтауды таспих деп атаған. Яғни құлшылық есебі. Бүкіл құранның құлшылық құпия ілімі оннан үш бөлікке бөлінсе, онда ұғым есебі:
Субуханалла: 1. Субух — ана — лла (алл)
Әлхамдулла: 2. Әлха — мду — лла (алл)
Аллауакбар: 3. Алла — уақ — бар (раб) Ана сөзінің сандық мәні 20 болып аминокислоттар санын берсе, лла-19,(періштелер саны) раб-72,(түрлену саны) бар-27,(негізгі намаздар саны) уақ-44. Уақ сөзі хикметтер (құпия білім) санын береді. Енді осы «Әліф ләм мим» жүйесіне зертеуге тиісті сөздерді орналастырсақ:
1.Уахи – аян – түс (сүт). 2.Уахи – аян – түс (сүт). 3.Уахи – аян – түс (сүт) болып елшіліктің де үш сатысы бар екенін және соңғысы алғашқысына тәуелді екенін көреміз. Және әр қайсысының таңбалық ерекшелігі өту белгісі бар. Әрқайсысын діннің сатысы деп белгілесек; Шариғат, тарихат, мағрипат болып шығады да демек ақиқатқа жету үшін тағы бір белес бар деп түсініңіз. Және соңғы нәтиже түспен сүттей тазарып отырады. Енді таңбаларды санға айналдырып осы сатының құран сүрелер есебін шығаруға болады. Демек Яссауи бабамыз осы есеп жүйесін пайдаланған. Адам ғұмыры 9 белестен және жан 9 кісіден тұрады. Сол сияқты әрбір Алла тағаланы тануға дінге бет бұрып, бой ұсынғаннан бастап сынақ мезгіліде 9 жыл болмақ. Соңғы нәтиже онды табу немесе Ол-ға қосылу. Құлшылық құпиясында осы Алла тағаланы еске алу жүйесіне салып, ықтимал есебімен анықтауға болады. Ол үшін таңбаларды санға айналдыру шарт, белгілі себептермен осы есепті ғұлама дін танушыларға ұсынып көрмекпін, өзінің қандай ілімді екеніне көз жеткізсін немесе Ясауи кім?- дегендерге сабақ болар. Себебі бұл құран насихатын меңгерген адам баласына ғана мүмкін болмақ. Оған құранда «Бұл (құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат» (Әли –Ғымыран 138) Үгіт төрт таңбадан тұрып, төртеуін түгелдеген яғни қазақ үшін тәуап еткен, ғибадаты бар, ракуғ және сәжде жасай білген адам баласына түсінікті болмақ. Ал насихат жеті таңбадан тұрып, алтауды араздастырмай құлшылық істерін түгендей білген және қасиет көздері ашылған тақуа жандар ісі болмақ. Үгіт «тігү» болып түгелдеу мағынасын меңзесе, насихат «тахи сан» болып, құпия білімді меңзейді. Демек құран үгітін ғана емес насихатын меңгермеген адам баласы құраннан түсінік беруге хақысы жоқ және өзі тұрмақ халықты да адастырады. Жоғарғыдағы көрсетілген төрт амалдан кейін, бесінші амал қажылық болып, содан кейін екі сатыдан өтіп барып адам баласы тақуа атанбақ. Тақуа сөзі «У»ды алып Алланың рахметіне бөленіп досы атанбақ. Енді сол «рахмет» сөзін жоғарғыдағы кестеге орналастырсақ: 1. «Рахм ету лла» оң иықтағы періште, 2.«Рахм ету лла» сол жақ періштелердің бір періштеге айналып қорушы кие қасиетіне еге болады. Бүкіл дін таныдым деп, сопылық жолдамын деп ізденіп жүрген топтардың бәріне ортақ үкім болып, негізінен он үш кезең саты бар. Бұл кезеңдер қағидасы құран сүрелерімен реттік белгімен берілген. Көп тәпсірлерде және арап дін ғұламаларыда кезінде тылсым өмірдің бар екенін айтыпта жазыпта кеткен. Ол мүмкін естіген шығарсыз «Барзақ» әлемі деп атаған. «З» таңбасымен «У» таңбасының түрлену заңдылығын білсек, жоғарғыдағы таспихтағы «Б-ар+уақ» есебін шығаруға болады. «Үй ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға тән. (132) Олар: «Бұл, Рабыннан бір мұғжиза неге келтірмейді?», -деді Оларға, бұрынғы кітаптарда ашық дәлелдер келмеді ме?(133) Егер бізге бір елші жіберген болсаң, қор және сорлы болудан бұрын аяттарыңа көнер едік» дер еді.(134) (Мұхаммед оларға: «Бәріміз де соңын күтеміз, ал сендер де күтіңдер. Таяуда кімнің тура жолға ие екендігін, кімнің тура жол тапқандығын білесіңдер» де (Таһа 135) Бұл аяттан пайғамбарымыздың өзіне үй ішімен орындауға бұйырған намаз түрі бар екен. Ол намазға ерекше көңіл бөлуді тапсырады. Өмірден өткен ата бабасына бодау беруді, сосын Біз тарапынан ризық беретінін құпия түрде ескерткен. Оған байланысты неге құранда ескертілмеген? Осы сауалға бұрынғы үш кітаптарда ашық дәлелдер бар екенін ескерткен. Және ол жолды ұстаушы ел болатынын, оған байланысты елші келетінін ескертеді де сол елдің ұстанымы тақуалық екенін білдіреді. Енді терең кете бермей шариғат істерімен құлшылық амалдарының қазақи (Ясауи) жобасын зерделеп салыстырып көрейік, жаратушымыздың құранда қалай бұйырғанын.