Адамзат баласына ортақ қажетті, орындауға, пайдалануға, түсінуге және ұлтық, тілдік ерекшеліктерге де қарамай көрнеу, көмес, ғайыпқа байланысты жасайтын амалдар, заманға тән бейімделуге берілген шаруалар яғни намаздар (сабақтар) жүйесі бар. Әрбір халықтың өзіндік шаруасына сай негізігі тегі бір болғанмен сыртқы бейнесі өзгерістерге ұшырап отыру заңды құбылыс. Сондықтан әр нәрсенің ақиқатын нақты бейнесін тану арқылды нанымдар қалыптасып, сол өмірдің ащы тұщысын татып соғсн байланысты алған сабағымыздың нәтижесін «ғұрып» деп атағанымыз абзал. Нану үшін әуелі сене білу керек. Сол сенімді көп жағдайда «ДІН» деп атап, адам баласының еркін анықтайтын шама-шарқы ретінде пайдаланатын болдық. Сондықтан дінді ерікті немесе еріксіз мойындату турасында әлемде жанжалдар әртүрлі соғыстар мен бірін-бірі құлдап немесе құлданып, екі ағайынның, әке-шешенің де арасына от салып елді біріктіруге емес, бас –басына ту алып бөлшектеуге қызмет етуі неге? Қазақ еліде бұндай құбылыстан аман қалған жоқпыз. Сыртымызды, «түгімізді» қампайып әлемдер алдында мақтанып, діндерді біріктіріп жатырмыз деп күшенгенмен, ішкі әлеміміз түтін сасып, өртеніп, суға кетіп, әйелдеріміз азып, ұрпақтарымыз мәңгүттеніп, әлемге келген індеттердің қайсысынан да сау қала алған жоқпыз. Онда қандай дін? Тура жол? Қандай да аурудың, дерттің себебін біліп содан қорғану тәсілін таппайынша емделем деп ойлама? Әлем халқы білгенінше сол аурудың емі «Шындық» атты діннің дәрісін іздеп жүр. Шындық— үш сипатта; ғайыптық, көместік, көрнеулік сипаттары бар. Бізге белгілісі көрнеулік сипаты түсірілген киелі кітаптармен, күнделікті көретін түстеріміз. Көмесі мен ғайыбын тек дінді меңгеру (тура жолды) арқылы ғана анықтай аламыз.Сол бізге көрсетілген түсірілген шындықтың іске айналып белгілі оқиғалар мен ел, жер және жеке адам баласының тағдырына айналуын «Шын» деп атаймыз. Шындықтың шынға айналуы үшін ара ағайыны орындаушысы ортағы «Хақиқат» (кітапбы) болу керек. Хақиқат- жаратылыстан бастап, Адам атамызға онан кейінгі келген пайғамбарларға, елшілерге, әр түрлі өнер иелерімен Алланың досы болып саналатын әулие-әмби сүйген құлдарына берілген хикметті істер, нұсқаулар, ескертулер және белгілі болған ғылымды яғни тағдыр болып жазылған шежіре кітапты айтамыз. Ол кітап тауда таста, жаратылыс әлемінде , адамзаттың бейнесінде, тәнінде, тұтынатын бұйымдарда, қағазға және басқалай жазуларда, үнемі көретін түсінде т.б болып нәрселік кейіпке бейнеленген түрін «шын» деп атайды. Бірақ шында үшке бөлінеді; бүгінгі шын, кешегі шын, ертеңгі шын. Сол шынды белгілі дәрежеде керегін алып, ескіргенін жаңалап заманына сай өзгерістерге бейімдеп пайдалана білуді яғни жаратушы тарапынан жоспарлы түрде әрбір жеке пендесіне бастап ұлтық, тілдік ерекшелігіне түсіне, түріне қарай беріліп оқылып тұратын барлық толық ақпараттар жүйесін қамтитын шежірені «Дін» деп атаймыз. Дінді әркім өз қажетіне қарай рухани ризық түрінде алуына да ерікті, болмаса еріксіз түрде өмір сүру ерекшелігіне қарай оқиғалар желісі болып тағдырға жазылып отырмақ. Дін несібе. Сол несібеден әрбір адам баласы өз тиістісін міндетті түрде алады, ал артығын кітаптар нұсқаулар арқылы пайғамбар, елшілерімен жіберілген және үнемі жіберіліп отыратын қосымша бұйрықтармен намаздарын орындау арқылы жетілдіріп және адамзат тек сол арқылы ғана рухани жетіліп отырады. Діннің ең қарапайым жаратылыс әлеміне ортақ қағидасы әр нәрсенің заманына қарай ортаға түрленіп тіршілік мезгілінің уақытын, тарихының өлімінің белгілі шегінің болуы. Олай болса барлық жаратылыс нәрсесінің белгілі бір өмір сүру ортасы мен сипаты және мезгілі «өлімі» болса, онда түрленуі міндетті болмыс. Демек жаратылған әр нәрсеніңде діні «өлімі» бар. Өлім тек періштелер арқылы ғана атқарылып, өлімі бар нәрсенің періштесі де бар. Ол періштелер үнемі сол жаратылыс егелерімен бірге тіршілік етіп, тек әр түрлі себептермен ғана ішкі қозғалыс себептері айрылмашылығы болады. Дін періште-сөзден жаратылған. Адам баласының дінінің қозғалысы түрленуі, өзгеруі жартылай өзіне қалғаны көместе, негізгі тағдырын ғайыпқа бекітіп қойған. Сондықтан өлім ғайып, өмір ғайып, нәсіп ғайып! Бірақ ғайыпты көмеске, көместі көрнеуге айналдыру амалын да сүйікті құлдары арқылы көрсетіп және дамытып кеңейтіп білдіріп отырады. Ол амалдардың орындау сабақтарын «Намаз» деп атайды. Намаз- заман өзгерістеріне тәуелді түрде, белгілі бір жүйеде, қағидаларда орындалу тәртіптері заманға тәуелді түрде өзгерістерге түсіп тұруға тиісті себепті қозғалыс ғылымы болып табылады. Яғни шежіре, тарих адамзаттың көкпен жалғанатын тамыры жерге жіберілген ағашы тіреуі болса онда заман өазгерістеріне бейімдеп жеміс беретін сабақтарын өсіруіміз керек. Сондықтан намаздың сабағының нәрі, азығы жерге және одан шығып тұратын діңге шежіреге тарихи оқиғалар себептеріне тәуелді. Сол жүйелі қозғалысқа себепші болатын адам баласының ішкі дүниесінің көрнісі яғни «Ниеті» болып табылады. Хайуанда да ниет бар, бірақ күнделікті өмір, тіршілік қамы мен өз ортасындағы белгілі бір мүддеге ғана бағытталған. Ниет- ақылдан ғана туындайды. Олай болса әр адам баласының діні ақылының көрсеткіші мен іс-шараларының жемісі болмақ. Мысалға алсақ; менің дінімнің үш түрлі шамасы бар. Біріншісі- сырқы ортаға көрнісім; тәрбием, тілім, сөз сөйлеу еркіндігім, қылықтарым т.б басқа яғни халық алдында жасыра алмайтын көрінісім. Екіншісі- ішкі сырым; білімім, мінезім, өнерім т.б жағдайға қарай кейде көрнеу, көмес көрніс беріп тұратын өмір сүру қамындағы қалыптасқан қаситтерім. Үшіншісі- тек Бір Аллаға тән құпия істерім, ойлау қабілетім яғни рұхтық (жерлік, отандық, ұлтық) тазалығым. Пенделіктің басты белгісі болып табылатын қылықтардың бірі; кейде осындай ішкі құпиямызды білдірмеу үшін; «ниетім таза болса, болды емеспе?» деп өзімізді-өзіміз кейде алдаусыратып жатамыз. Онымыз жалғандық. Себебі ниет- иман мен тазалықтың жиынтығынан тұрады. Тазалық -пенденің адамдық қасиеті. Оған ұлтына, өскен жеріне, отанына жынысына лайықты қалыптасқан, қалыптастырылған тәрбиесіне тәуелді. Және тән тазалығы, жан тазалығы болып екіге бөлінеді.(алда талқыланады) Иман- ақыл жене ғибадаттан тұрады. Олай болса имансыз ғибадаттың тұл, ақылсыз иманың толық емес. Сөздің де істің де нәтижесі ақылмен ғана өлшенуі керек. Олай болса ақылдың да белгілі шамасы болу керек емес пе? Қалай анықтаймыз? Адамшылдық, парасаттылық яғни зайырлық деген шама бар. Ол шаманы «Әдет-ғұрып, Салт-дәстүр» деп атайды.Ол- әрбір халықтың тіліне , ұлтына байланысты мыңдаған ғасырлар бойы қанмен, термен жазылған өмірлік тәжірибесі! Әрбір халықтың өз тілін, ділін, түр-түсін қарама қарсылық еркшеліктерін белгілеп тұратын белгісін ұлтық дінін сақтау үшін жартушы тарапынан берілген «Алла жолы» деп атлатын әдет-ғұрпы болу шарт. Сол Алла жолынан бұрылып кетпей заманға сай ұжымдық, қауымдық бірлену бірігу және ортақтасып бейбіт өмір сүруі үшін жазылмаған заңы болып табылатын және үнемі заманына сай намаздар арқылы кейбірі тұрақты, кейбірін жетілдіріп, жаңалап отыру «Дін жолы» яғни дәстүр деп аталады. Ал үшеуі; әдет-ғұрып, салт тек ғылымға, заман өзгерістеріне ғана байласты өзгеруге тиісті. Сөз жасаушы философ, сопыларымыз бәрін дәстүрге (ділдік қарсылық, шипа) айналдырды да қазақты сөзбен тек европаға, арапқа мықтап байлап қойды. Зайырлыққа яғни адамгершілікке жата ма, жатпайма оны оқушы өзіңіз шешіңіз. Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалай бітіргенінен емес. Қанша тілмен иман келтіріп; көңілім түзу, ниетім дұрыс –деп қанша тыраштанғанмен де ақыл жетімсіз болса сол жақсы дұрыс сөздің де өңі қашады. Яғни сыртқы бейнең шайтанға немесе жәндікке, иісің жынға болмаса жартылай европа немесе құм арасында жүрген бедеуилерге ұқсап, өз жерінде қазақ арасында өзін ақылды санау ақымақтар ісі. «У ішеңде руыңмен бол.» Әдет –ғұрып және салт –Алла жолы болып табылады. Алла жолына қарсы жол бар, ол- «ібіліс жолы». Дін жолы осы екі аралықты қамтиды. Дінмен шайтанға, зұлымдыққа да жәрдемші болуға болады. Осы ұғымнан барып мемлекетіміздің діннен іргесін бөлек салып «Зайырлы» яғни парасатты мемлекетпіз деп аталамыз. Орнын таппаған сөз жетім. Асыл сөзді жетімге айналдырған, ұсынған сондай пендені ақылды немесе адамгершілігі бар деуге бола ма? «Білдіманның» нұсқауымен енді сөз сырына үңілмей мемлекетіміз зайырлы деп атаймыз. Ал көшесі, мекемесі болсын әйелдердің жалаңаш жүретін моншасына, мәдени орындары жәндіктердің илеуіне айналған қандай зайыр, қандай мәдениет? Бұл қазақ елінің әлемдер алдында өз дінінің мәдени көрнісі! Ақылдың сауыты, тұрағы елдің әдет-ғұрпы, салтында! Ол сауытты елдік мінез деп атайды. Елдік мінезді меңгеру арқылы әр пенденің жеке қоғамдағы орнына, жынысына, жасына, кәсібіне байланысты мінезді, дәстүрлі істер арқылы қалыптастырады. Дәстүр араласқан жерде заманға сай ақылдыңда бейімделуі болмақ. Ел мінезі тұрақты болып, адам баласы сол елдің ішкі қозғалысын шаруасын, тіршілік харекетін яғни базарын жүргізеді. Сондықтан адам мінезінің жақсысы да жаманыны да, ортасыда бар. Елдің жаманы болмайды деп құранда ескертеді. Ақылды мінез қалыптастырса онда жақсы, жаманын белгілі дәрежеде ортаға қалыптастыру үшін жалпыға бірдей намаздар болу керек. Барлық ислам әлеміне ортақ намаз «ОҚУ» болса, негізгі намаздар «орындаулар» ел мінезіне тәуелді болмақ. Намаз оқуды тек құран аятарын оқу деп түсіндіру ақымақтар ісі. Адамзат білім ғылымын жектілдіріп надандықтан құтылу үшін әуелі шіркеулер, сосын мешіттер салынып адамс баласын жас кезінен бастап сол діни орындарда сауттандырды намаз оқытты. Кейін ол жетімсіз болып енді шіркеу, мешіттерден мектептер бөлініп шықты. Адам баласы намаз оқуды жетілдірген сайын, білімді меңгерген сайын енді шіркеу, мешітердлегі екінші сабағын мүлде тастап қойды. Ислам дінінде осындай жағдай болып сондықтан мешіттерді балаларды сауаттандыру міндетті болды да, пайғамбарымыздың; «Балаларды міндетті түрде намазға яғни сауат ашуға, білім алуға сабақ оқуға зорлаңдар!» деген астарлы сөзді кейінен надандықпен тек арпша намаз оқу деп, білім орнына құранды босқа жаттатып қазақ еліне орыстармен қосылып міндетті түрде мектепте оқу қажет болғаны жаратушы тарапынан берілген сынақ және рахым деп түсінгеніміз абзал. Араптарға бодан болып надан мәңгүт аталғаннан көрі мейлі сынақтармен, соғыстармен болса да білімді елдер қатарына қосылдық. Сондықтан намаз оқу адам баласының білімін, ілімін жетілдіру үшін қызмет етіп, оның да екі түрі болса, мінез бен ақылды жетілдіру үшін жүздеген сауаптық намаз орындаулар қажет. Намаз оқу барлық амалдардың ортасы болып, үнемі ортасына сәйкестендіріп отыру намаздарды орындауды жетілдіру түзетіп, тазартып отыруға қажетті амалдарына жатады. Бізге белгілі болған әрбір білімнің ішкі немесе сыртқы сырын сол білімнің ілімі деп атаймыз. Бәрін білдім деу ілімсіздік яғни надандықты туындатады. Ілімді (құпия сырды) іздеу арқылы үнемі білімді жетілдіріп отыру адамзатқа берілген аманат жүк. Әуелі туғаннан сөзді үйрену, түсіну үшін адамзатқа рұх үрленіп яғни ілімді аламыз. Сол алған тіліміміздің шама шарқына қарай білімін меңгереміз және анық болған білімді оқимыз жаттаймыз орындаймыз. Бірақ жаратқаннан қосымша рұхты үрлетіп отырмасақ яғни ілімді іздемесек білім өзгеріссіз қалады. Жаратушымыздың негізгі ілімінен жер көк арасына білімі түсіп тұрады. Сол білімді алу үшін тағы үш сатылы намаздарды орындауымыз керек. Осы үш сатылы амалдардың ретімен қайталап отырып сананы, ақылды жетілдіруді «иман келтіру» деп атайды. Бірақ білімде ілімді жетілдірумен ақ пен қараны ажыратуға мүделі болмаса, онда өзіне немесе басқаға зиян тигізері даусыз. Құранды да, намазды да зиянға алатындар бар екенін ескерткен жаратушымыз. Олай болса тек ілімді меңгеріп керемет шейхтық дәрежеге жетіпте надандардың қатарынан табылуыңыз мүмкін. Ақылсыз білімді, сананы жетілдірмеген намаз, қашанда қайғыға-қасіретке душар қылады. Зұлымдықпен бүліншілікке ұшыратпайтын, ақ пен қараны ажыратуға қызмет етпейтін намазды кімнен үйрену керек? Сол сияқты ақылды да кімнен үйренеміз көптен бе, аздан ба? Абай атамызға жүгінсек; Сократқа у ішкізген, Ионна Аркты отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, сүйікті пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол-көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі «виноват». Бұдан қандай ғибрат алдыңыз? «Ата жолы», «Ақ ана», «Зікіршілер», «Тарихатшылар» «Ясауишілер» «Дауғатшылар» т.б толған топтардың жаман болып адасқандар болып аталып тек мешіт «Намазхандары» тура жолда болуының себебі де дін ғұламаларының, әкімдердің, қазақ ғалымдарының, сопыларының жамандығы кінәсі емес пе? Дүниеде жамандық атаулының бәрі көпшілікте болса ермекте, қызықта сонда екен. Бәрінің тұрлауы жоқ баяны белгісіз болса намазды кімнен, ақылды кімнен сұраймыз? Өткенге тарихқа үңілсек бұндай жағдайда көмекке әдет-ғұрып, салт-дәстүр керек екен. Алланың достары көмекке келіп қолдауын береді екен. Алланың досы көппе, әлде дәреже алған ақылшы көп пе? Көп шуылдақтың қозғалсаң болды «ширик», уәжін айтып шежірені еске алсаң «серік». Алланың көркем түсірген несібесінің өзі жартысы харам, сөредегі адал астың жартысы арам болып жатқан түрлі үмітсіздікке түсіріп қаралай ақыл еркіндігін, қайратын жоғалтуға соқтырып жатқан рухани мешеуліктен құтылғыңыз келсе, жамандықты жеңіп үмітіңнің шырағын жаққың келсе, онда намазды толық орында! Егер ісің алға басып ақылды өсіремін десең реттілігін, қалауын тап! Ең жақының ата-баба аруағынан жәрдем сұрау жолын біл! Аруақта руда, жүзде болмайтынын ескер! Сондықтанда Ол- «Алланың құдірет қолы»- қозғалыс тегі! Алдыңа белгілі мақсат қойып, мансапты бол! Тек абай бол, биік мансап –биік жартас екенін ұмытпа! Басына өрмелеп жыланда шыға алатынын , қыранда қонатынын естен шығарма? Байқамасаң мансапқа жеткендердің арасында залымы да, дәреже қуған жалған ғалымы да бар. Сондықтан да мансапты бақпен емес мимен алған абзал. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық. Бақты, тақты, мансапты берсең ғана әділдікті орнатамын дейтін, партия қуған жел ауызбен, сақалын жамылып мансап қуған, намаз оқуынан басқа амалы жоқ әрекетсіз, ана тілін құрметтемейтін отанын сатқан қайғысыздарданда сақ бол! Қайғылыға жақ бол, сонда сүйенер досың да қасыңнан табылар. Досы бардың сырласы бар, сырласа білсең қайғыңда жүгіңде жеңіл болар. Ақыреттік сырласың болса, түсің түзеліп, ісіңде оңға басары сөзсіз. Ортағың болса бөлісер, шаттықта, бақытта баянды болып тұрағын табар. Әрқашан ұмытпа! Бағың өскенше тілеуіңді өзіңде тілейсің, аруақ атты қамқоршы көместен еліңде тілейді. Бағың өскесін өзің ғана тілейсің, еліңе жеріңе өзгеге де тілейсің. Бодауыңды өтейсің. Намаздар реттілігі, толық орындау деп осыны айтады. Бұл түсіндірме басылымның алдына қойған мақсаты болса, енді осыдан барып ниеті мен мансабы туындамақ.
Қош оқырман! Алда талай ере білсеңіз, қызықты да бірге өтетін шытырман асулар тұр. Әрбір істің сөздің өз мезгілдік белгісі төртен, уақытық, қозғалыстық шамасы үш кезеңнен тұрады. Сондықтан ертеңді білмесең бүгінгі күнің шытырманға айналып, болашақтан мүлде күдеріңді үзе бер. Алдағы баядалатын дінің ақпараттық, тілдік, ем-шипалық, көріпкелдік, ғылымдық, тақуалық, сопылық, тазалық т.б сипаттарын бүгіні кешегі және болашағы туралы жеке-жеке өз басымнан өткен немесе көрген, және тылсымнан беріліп жатқан ақпараттармен кәзіргі жазылып жатқан, оқылып жатқан, көрсетіліп жатқан ақпараттарды құран аяттарымен салыстыра отыра сіздердің талқыларыңызға ұсынуды ниет еттім. Бұл енді менің ниетім. Ниетің артында белгілі бір мақсат мүдде тұрмаса олда ниет болуы мүмкін бірақ артында не барекенін бір құдайдың өзі біледі. Сондықтан менің ниетім елдің бірлігін сақтап надандықтың құрсауынан құтылып Құран атты жаратушымыздың әділ хақ сөзінің әлемге ортақ несібе болып адамзатты тек бақытты және мәңгілік өмірге шақыратынын және діншілер айтқандай ондай өмірдің жемісін тіршілікте сезіп біліп, соған бейімделіп пейіштің есігін ашып жұмақтан дәм татуға болатынын дәлелдеу. Сондықтан менің шақыратыным әлі есін білмей, сыртын түзеп өз ортасына лайық болмай немесе әйтеуір намаз оқыған деген бір керемет дәреже екен деген мастықтың ақылы толмаған жастықтықтың намазы емес бұрынғы аталарымыздың қалыптастырған, білмегенді аянмен, батамен тылсымнан үйретіп жатқан ақылы сау, адамгершілігі мол, адамдарға тек махаббатпен ғана қарап, отанын, ағайынын отқа итермейтін, етегін жауып өз есіне,ақылына, нәпсісіне қожа бастықтың намазы! Ал енді намаз оқу үшін әуелі кімді біліп, неден бастау керек? Намаздар қожасы…