«Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махабатпен көксерлік болса, сонда оның аты адам болады.» Адам дегеніміз кім және ол не үшін жаратылған?-деген сауалға Абай атамыз осы өсиетімен түсіндіріп кетіпті. Кітаптарға иман келтіру дегеніміз ғылым, білімді махаббатпен іздеу яғни Әл-Фараби атамыздың ескерткеніндей; «Білмеймін деген ғылымды меңгеру» жаратылыс құпияларын білуге зертеуге үнемі құштарлық. Кітаптар дегеніміз тек қағаз жүзінде ғана берілген ақпараттар емес, бізді қоршаған ортаданың және жер бетіндегі әрбір танымал немесе сырлары құпия анықталмаған нәрселер мен болып жатқан құбылыстар, өзгерістер бәрі жаратқан тарапынан түсірілген кітаптар болып есептеледі. Ең ұлы кітап адам баласының өзі болып табылады. Адам баласының тіршілік кітабы тәнінде көрніс беріп бірақ ол шектеулі тозуға өзгерістерге түсіп жойылуға тиісті. Екінші кітабы кісілік өмірі мәңгілік. Енді осы екі кітаптың мекені бар оны ақырет кітабы болып табылады. Осы кітаптардың бәрі қоршаған ортада, табиғатта, тау-тастарда, хайуанатар және жәндіктер әлемімен, жерде суда тағдыр болып жазылған. Осы кітаптарды шынға шығарып қорғаушы негізгі кітап құран сандар әлемі болып табылады. Ал бұл кітаптарға иман келтірудің негізгі көрсеткіші белгісі адам баласы жанды нәрсе есебінде дүниеге келгендегі жаратылу мақсатын анықтап, өзінің ұлтық, тілдік, жыныстық себептерін ажыратып жаратылыс мақсатын орындап артында дұрыс тәрбиелі, өнегелі ұрпақ қалдырып тағы аманаттарды тапсыру. Сол аманаттар жүгін қалай атқаруды осы кітаптарды зерделеп оқып түсініп амалдар арқылы тарихына шежіресіне, көктік ағашына жалғануды иман келтірдім деп мақтануға болады. Ал мен байқаған «кітаптарға иманды келтірдім» деген дін танушылар ішінде және ғылымды білдім, таныдым деген топтардың ішінде де ұқсас бір белгіні көрдім. Ғылымды меңгергендерге құран аяттарынан тылсым құпияларын айта бастасаң, тыңдайды бірақ көздерінде бір тұман пайда болып, естісе де жүрекке жетпей судан шыққан балық сияқты кейіпке кіреді, яғни жүрек жабық немесе мөрленген. Екінші түрі тәпсірлерді меңгеріп, тақуа болдым деген қауым ішінде. Құран аяттарының ғылымын қасиетін құпиялардан есеп жүйесін айта бастасаң, тыңдайды көзде ешқандай белгі болмайды, тек айтқан сөздерің өзіңе жаңғырып қайтып келіп отырады, яғни есеп жүйесі істен шығып, түс көрмейтін қалыпқа түсіп сана жабылған. Алда басылым бетінде талқылаймыз, негізінен ондай құбылыс сыртқы бой өрісінде (аура, әурет қабы) теріс санды «қаб»-тың пайда болуынан туындайды. «Тауға бардым айқайладым оданда шықты жаңғырық, тастарға бардым айқайладым одан да шықты жаңғырық» деп Абай атамыздың зарын осыдан ұғуға болады. Аятта; «Баланы екі жасқа дейін емізу керек, 40-қа келгенде ақылы толады» деп ескерткен жартушымыздың үкіміне құлақ аспай, тәпсір жаттаған жастардың тақуа, сопы, имам болып дінші ақылшы қауымға айналдырып жібердік. Әл-Фараби атамыз бұндай жағдайды; «Жаттағаннан түсінген артығырақ, өйткені жаттауда шала түсінікті сөздер көбейіп кетеді, барлық түсініктерді жаттап алып болмайды, шекті жатанды сөздер шексіз түсініктің толық кең мағынасын шегіне жеткізіп бере алмайды.» деп ескерткені бекер емес. Ал Пайғамбарымызға да 40-тан кейін ғана пайғамбарлық келіп, онда да көптеген жылдар сынақтардан өтіп барып, халыққа ақыл айтуға мүмкіндік бергенін жаратушымыздың ұмыт қалды. Енді құранды немесе тәпсірлерді жаттап алған діншіні зорлапта басқаша да оқыту мүмкін емес, себебі арап тілін меңгерген ғана және арапша ойланған құрметке бөленіп, құранның түсінігін меңгереді деген пікір санаға әбден сіңіп кеткен. Сондықтан ендігі бар үміт қарапайым өмір базарын жүргізіп жатқан, өмірдің ашшы тұшысын татып, халықпен біте қайнасып жүрген ердің жасына жеткен, ғылымнан хабары бар өздеріңде оқушым. «Құран негізінен үгіт насихат адамдар оны бір замандардан кейін түсінеді» деп ескерткен аятта. Яғни құранды жаттап алу бос әурешілік, негізгі мақсат түсіну сосын насихатын (құпия білімін) меңгеру. Насихат туралы алда талқылай жатамыз, түсінік болмай насихатты меңгеру мүмкін емес. Түсінік «Түс» «Інік» болып болып екі ұғымнан тұрады. Түсті Алла береді, ол үшін де құранды зейін қойып «інігу, қанығу» керек, яғни түсіне алмасаңда, түсінуге тырысып оқу керек. Сондықтан өз басымнан өткен өзгерістер арқылы түсіндіріп көрейін. Менің құранды зертеп оқуды бастағаныма алты жылдан асты, алғашқыда жәй қызығушылықпен бір рет оқып шығып, содан соң «бұл тек азаматтық заң ғана бізге қазіргі өмірімізге сәйкес келмейді» деп қойып қойдым. Кейіннен өзімді зорлап, кейбір дін танушылардың айтып жатқаны распа? Деген сұрау күдікпен қайта оқи бастадым. Екінші сонан үшінші оқығанымда кейбір өмірдегі болған, болып жатқан сұрақтарға жауап ала бастадым. Құранның кез келген бетін ашшам, ойыма жауап алатын жағдайға жеттім, әрине аян арқылы да көптеген түсінбеген сұрақтарға жауаптар ала бастадым. Сонан соң құлшылық амалдарды толық орындай отырып, үнемі бір жиілікте уақытта оқып отыру әдетке айнала бастады. Осы уақытқа дейінгі арада қанша рет оқып шықанымды санаған жоқпын, бірақ қазіргі таңда, әлі жеті рет оқы деген үкім түсті. Енді мен байқаған құбылыстар ол еспен, жадтың (ғылымы түсінігі бар) теңелуі, яғни бұрын оқыған шығарған есептер немесе түсінбеген, бірақ әйтеуір баға алу үшін жаттап, кейін ұмыт болған білім көздері қажеттісі еске түсіп шешімдерін шешуге басқа қырынан қарауға мүмкіндіктер ашылды. Қосымша қасиет көздері ашылып, сана толық жұмыс істеп, ілімнен хабарлар келе бастайды. Тағы басқада аудама тәпсірлерді салыстыра отырып, көп қателіктер мен айырмашылықтарды байқадым. Қәзіргі әлемдегі ғалымдарымыздың білім беру арқылы түсіндіріп жатқан философиялық сәуегейлік пайымдаулармен жан-күй (психолгия) ғылымдары тек ақыл қуатын өнімін дамуын ғана қалыптастырады. Ақыл егерде көктен басқаруда болмай тек адамзат жақсы тұрмыс кешуге ғана бағытталса түбінде азғындауға және адамзаттың жалпы қасіретіне апарып соқтырады. Қазіргі таңда әлем діншілерінің өзі жоғалтып таба алмай жатқан кезінеде толық меңгеріп, алтын заманды да бастан кешкен адамзат санасының өсіп өркендеуін қалыптастыратын жан ғылымы болу керек. Жан ғылымы естің қуатының өсуімен байланысты. Ал ес қуатының қағидасы тек ана тілімен ұлтық қарама-қарсылық белгілерін және әдет-ғұрып, салт-дәстірмен ғана тығыз байланысты. Ал жалпы ақыл қкатымен ес қуатының қандай ерекшелігі бар? Немен өлшейміз? Аталарымыз; «Айла алтау, ақыл жетеу» деген нақыл қалдырған. Неге барлығы 13 санын беріп тұр? Алты айламен жеті ақылды меңгеру дінің негізгі қағидасы түстерді жорып аяндарға жалғанып жаратқаннан уахи яғни үлес алу керек. Сонда ғана құран сырларының құпиялары ашыла бастайды. Осы амалдарға байланысты туындаған ескертулерді ақиқат бастауының алғашқы кітаптарында жазған болатынмын. Және аяндардың да көру ерекшелігі бар. Кейбір аудармалар жеңіл оқылған мен сөз есеп жүйесінің бұзылғанын байқадым. Сондықтан сөз орны есеп жүйесі сақталған тек Халифа Алтай атамыздың тәржіме құраны. Көп қазақ тілінің сандық қоры аз пенделерге ауыр болып, ойға салмақ түседі де әрі қарай оқуды доғара салу көп кездесетін құбылыс. Негізгі құранның құпиясының өзі сол ойға салмақтың белгілі сандар жүйесімен түсуінде, тек сол арқылы пенде баласы түс көріп, тазарып сана іске қосылады. Әрине осы уақытқа дейінгі көрген аяндарды, ғылым көздерін құпияларды айтатыны да бар айтпайтыны да бар. Мүмкін болашақта кезі келер, себебі ондай мағлұмат тек бір пендеге берілмейді, оны жалпы ізденген қазақ көрсе, білсе сонда ғана ақиқат ақталмақ. Тағы бір болған болып жатқан құран үгітінің кейбірін хикметтерін айтып кетейін. Бір кездесу барысында ағарту саласында еңбек етіп демалысқа шыққан кісі; «Дінді меңгердім, құранды түсінгім келеді, мешіт молдалары «Тек арапша үйреніп, сосын құранды арапша оқысаң ғана түсінесің» деп арапша оқытып жатыр, осыным дұрыс па?» деп сұрақ қойды. Мен ол кісіге арап тілінің күрделілігін және енді оны толық меңгеру енді мағанда кеш екенін, құран түсінігі тек өз ана тілі арқылы пайда болатынын ескертіп, қазақшасын оқуды түсіндірдім. Кейін оншақты күн өткесін сол кісі кездесіп, күнделікті мен айтқандай жатар алдында құран қазақшасын оқып жатуды әдетке айналдырғанын, сонан ұйқысы тынышталып, көңілге бір жайбарақаттық сезімнің пайда болып, мазалаған ойлардан (шым –шытырық түстер) құтылғанын қуанышпен жеткізді. Тағы бірде көкірек демікпесімен ауырған кісі келіп, сұрастырсам білмейтіні жоқ «білдіман» ғылымның бар саласынан хабары бар және қысылғанда өзіне өзі емде жасап, барлық емдеу тәсілдерін зертегенін, құранды да әлденеше оқығанын, бірақ бұл аурудан құтыла алмайтынын жеткізді. Ол кісіні дәрет тазалық жолдарын үйретіп, сосын әулие басын аралатып, тағы құранды қайта оқуды тапсырдым. Белгілі мерзім өткенде көкірек құрты пісіп жетіліп, емге көніп қақырық болып түсті, аурудан айықты. Енді бір кісі өмірде еркелігін де кенжелігінің де қызығымен білімде ала алмай, кейінен орта жасқа келіп, қиындықтарға ұшырап, сонан сәждеге жығылып, иман келтіріп, енді тек тақуа болып өмір сүрем деген мақсатта мешіттен шықпай, бүкіл тәпсірлерді қару қылып, бірақ сонда да қыспақ жол байлаудан құтыла алмай сұрақтармен келді. Ондай шариғат іс қимылды діни жол қылып алғандарды әрине бағыт беру оңай емес. Сондықтан ем шипа тазарту қағидаларын үзбестен, арапша дұға қайтаруға тыйым сала отырып, құран үгітін қазақша оқу қағидасын меңгерді. Жарты жыл өтісімен мешіт иманының айтатын уағыздар ішіндегі кұран аятынан алшақ кеткен жерін қателіктерін табатын жағдайға жетті. Қазіргі кезде ерекше қасиет көздері ашылып, ілімді меңгеріп, халық алдында нағыз Алланы қалай тану және таныту қажеттігін тек сөзбен ғана емес, ісіменде көрсетіп, шипа жасап, жамандықты жақсылықпен кетіріп сауап жасап жүр. Бұдан шығатын қорытынды адам ағзасындағы бүкіл мүше ана тілін, ана сүтін сіңіргенде ғана қан айналым жүйесі дұрысталып санаға оң ақпараттар беріле бастайды. Көп дін танушылардың арап тілін зиянына алып санасының жабылып жатқандығына қарапайы мысал ғылымдыларға. Ал тек орыс тілімен ғана өмір сүру тіптен мәңгүттікті, жетесіздікті қалыптастырып болашақ ұрпақтың азуы, тектің жоғалуы сөзсіз. Пайғамбарымыздың; «үш рет анаңа жақсылық жаса!» деп ескерткенің бірі ана тілін толық меңгеріп құрметей білу кітаптарға иманның басты шарты. Тағы бір ескерте кететін құбылыс, сөздерді орап белгілеу тәсілдерін кезінде бақсылар меңгерген, ем-шипасы көп дұғалар, қасиетті сөздерді теріс оқу арқылы жындарды адам өрісінен ажырата білген. Кезінде шипалы болып табылған дұғалар қазір зиянын тигізе бастады. Оны жын, қояншық ауруларын емдеу барысында анықталған нақты дәлелдер мен іс тәжірибелер бар. Демек өзің мағынасын білмеген арап тіліндегі Алла тарапынан түсірілген құран аяттарынан басқа сөздер сананы жауып зиянын тигізеді. Сол сияқты зікірді есепсіз жүйесіз пайдалану қателіктерді туындатып пенденің санау жүйесі істен шығып, мәңгүртік күйге түседі, жаратушы тарапынан жіп үзіледі. Кейде дін апиын деген тұғым осындай надандықтардан туған болу керек. Әлемде болып жатқан ислам дініндегі бүліншіліктер сол тәпсірлерді толық түсінбеу және арап тілін білем деп есепсіз түсіндіруден болып жатыр. Сондықтан аятта: «Өзің білмеген нәрсенің соңына түспе» деп ескерткен. Ал құран аяттарын арап тілінде білу, тек жан жақты ғылымды меңгерген ана тілін жетік білетін адамның жұмысы. Қазақ еліндегі сол құран аяттарын түсіндіріп, халықты Алланы танытуға бұйырылғандар өздері адасып, артынан бір тұтас халық нанымын шариғат ісін шариғат жолы қылып, ірткі түсіп құпия соғыстың отын тұтатып жатыр. Бұндай жағдай туралы аятта: «Өстіп олар қиямет күні, өз күнәларын тұтас және надандықпен адастырғандарының күнәларының кейбіреуін көтереді. Байқаңдар! Үстіне алған нәрселері нендей жаман.» (16-25) «(Мұхаммед) «Қараңдар! Көктермен мен жерде не бар?»,-де. Сенбейтін қауымға; дәлелдер, ескертулер пайда бермейді.» (10-101) Жаратушымыздың біздерге берген бағы да, түсіретін азабы да жердегі және көктердегі нәрселерде қасымызда өзіміздегі беріліп жатқан белгілерде, тарихта болған оқиғалардың қайталанып келуінде, шежіреде оған назар аудармай тарихтан безіп тек аспанға ғайыпқа қарап имандымын дейтіндер сенімсіз болашақтағы тозақта тасбақаға айналатынын ескеркен. Ал сенім жоқ жерде иман, дін туралы сөз қозғаудың да керегі жоқ.
Абай атамыз отыз екінші қара сөзінде; «Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім ғылымды бірақ соған себеп қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңліңнің мейрімі, асырап алған шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе, білім- ғылымныңда өзіде мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткеннен садаға кетсін!» Бұл жоғарғыдағы қателіктер жауабын Абай атамыз нақты беріп кетіпті. Әуелі ана тіліңе мейрімің түсіп дін көңілің ашылмаса, қандай білімді, ілімді болсаң да ешқандай дінің ғылымын меңгеру мүмкін емес. Әрине шығар жол бар. Ол тек құран үгітін меңгеру арқылы сөз астарын ұғатын қазақ қалпын табу. «Жоғарыға қарап пікір ет, төменге қарап шүкір ет.» «Алтыдан аласың, бестен бересің.» Бабаларымыздан қалған асыл мұра аманат астарлы сөздердің құпиясын сандық мәндерін шеше білу керек. Естің қуаты нақылда. Сөз қуаты ақылда. Мағжан атамыз: « Іздесем сөз табатын ақыл барма? Тыңдасам бой балқытар нақыл бар ма? Есіл сөзім есепсіз босқа кетсе, Обалы жаулығы жоқ қатындарда.» Сөз негізі анада, ес негізі атада. Бірі нақыл, бірі ақыл. Ақылдың көрнісі әйел еркеке ортақ сөзде болса, тілдің жалпы көрнісі ерекектің есінде, әйелдің қылығында. Қырыққа келгенше еркектің есі кірмесе-қасірет, әйел қырыққа жеткенше өңін бермесе қасиет. Құранда еспен ақылдың, әйелмен еркек тірлігінің жемісін; «Кемпірқосақ» деп ескерткен. Нешеуі кемпір, қанша қосақ? Оның мәнін, «Он үште отау иесі» болып, он саты, баспалдағы бар екен. Барлығы 23 –Мүмін! Мүмін естуші, көруші ана тілінде ойлаушы. Сондықтан қазіргі таңдағы жан ғылымының (психология) ақыл мен ой –сана туралы пайымдаулары мен бұрынғы біздердің ата-баба әулие -әмбилеріміздің жан сыры туралы үлгі өсиеттерімен арасы алшақтап, сонан қазір ғылымның беделі түсті, адамзат баласы азды. Ғылым азды, ақыл тоздыда ақыл қуаты мен ес қуаты арасындағы шекараны білмек түгіл ерекшелігін ажыратудан қалдық. Оған дәлел қазіргі жоғарғы оқу орындарындағы жан ғылымының оқулықтарымен, сол саладығы ғалымдардың еңбектері куәлікке жеткілікті. Ес қуатының сәулелік шамасы ұзын, ал ақыл қуаты қысқа болып келеді. Аталарымыз; «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деп әйел ақылының еркекке қарағанда кеңдігін ал соған сәкес жаман ақпараттарды ұзақ сақтап, кекшіл болатынын ескерткен. Екіншіден; әйел бала жолы жіңішке-деп ес қуатының жіңішке екенін және бала сияқты жақсы нәрсені тез ұмытытатынын мінез тұрақсыздығын аумалы төкпелі болатынын ескерткен. «Қулық алтыда, ақыл жетіде» деп әйел ақылының қулыққа тән ал еркек ақылының көкпен яғни еспен жеті жолмен байланыстылығының көрсетеді. Санның да еркек, ұрғашысы бар. Сондықтан әрбір амалдардың құпия некесі бар. Діншілдердің «шерік, серік қоспа» деген ұраны осы некелестіру заңдылығын өздері білмей өзгеге де тиым салып қойған. Қалай және кіммен қосуды бұрынғы әулие аталарымыздан үйрену керек еді. Бұл мысалдар аталарымыздың кезінде дінді жан ғылымын қалай меңгергендігін көрсетеді. Сондықтан кімнің бұрынғы уақыттарда дінді қалай меңгеріп, тура жолдық шамасын анықтау үшін қарапайым ғана әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен хабар беретін мақалдар мен нақылдарын ақын жазушылар еңбегін зерделесе болғаны халықтар ой-санасынан хабар береді..