«Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол-тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын… Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да, көңіл аз ба көппе жалығады. Оның үшін бәрінің айыбын көреді, баянсызын біледі, көңіл бұрынғыдан да суи бастайды. Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа Құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?
Бірақ осы жалығу деген- әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен ойлы адамнан шығады. Соншалықты өмірдің баянсызын, дүниенің әрбір қызығының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болғанда, ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанимет екен деп ойлаймын.» Осындай Абай аталарымызша жалығу ес қуатының толуымен өмірден жинаған тәжірибесінің бөлісетін бірге көтеріп сырласып, ел болашағына бірге қайғыратын серіктестердің болмауынан туындайды. Бұл ақылды адамнаң қайғысы, болашақтың уайымы. Әулие бабаларымыздың бәрі осылай ел көңілін қалай түзеуге болады деп қайғы жұтып қаншама біздей ұрпақтарына астарлы әңгімелер қалдырды. Бірақ заман өзгерді, бұрынғы ата-бабаларымыз армандап кеткен қайғылар біздер үшін әшейін күнделікті көрніске айналып кейде енді жақсылықтанда жалығып, тойымшылыққа місе тұтпай қазаққа тән балалық аңқау ұлтық мінезімізбен, көрсем, білсем, сондай болсам деп бүкіл әлем әдеттерін үйреніп алдықта та,енді әлем қайғысы, дүнелік уайымы ауру болып жабысып, сол жаман ойдан азған ана сүтінен нәр алған ұрпаұтарымыз басқаша қайғырып, жалығып өзін-өзі өлтіріп болмаса надандықтың қақпанына түсіп салт-дәстүрден безіп кеткеніміз қаншама. Оған, шетен алып жатқан білімімізбен, іліміз яғни араптарша иман келтіру деген ұранымызда әсері аз тигізіп жатақан жоқ. Есті үлкендеріміздің көңіліміз европада қалайда қатарына қосылып, менде сондаймын деген мақтанның соңында, жастарымыз сауықшыл айды қойып көңіліміз жұлдызда, қалғанымыз иман деген осындай-деп сақалды өсіріп тек құранды арапша оқығанға мәз, намазды оқу «Құдай жолы» деп көңілімізді көкке көтеріп үлкен айтты, ғалым жазған дегенді білмек түгіл Алланың сүйікті құлдары әулилерді сыйлаудан айрылдық. Онан ел түзеліп, халықтың санасы ашылып, ауру апаттар мен қайғы қасірет тоқтаған жоқ. Олай болса иманымызды түгелдеп жиғанымыз жоқ. Тура жолымызды тапқанымыз бекер. Тура жолды тапқан елде алауыздық тиылып, қасиетті ұрпақтар дүниеге келіп, жан ұялар шаңырақтары шайқалмай, жетім-жесірлер жыламай халақтар біртұтас бірін ғана басшы сайлап, партия құрып итше ырылдаспай бір ойлы болып өмір кешуі тиісті. Иманы жоқ елде араздықтың оты тұтанып, бас басына билік құрып, бірін-бірі қанап, қыздары жез өкше, ұлдары өкпешіл, залым, түрпекшіл ал шалдарында сақалы бар мақалы, пәтуасы болмай дүниден басқа жинары да, байып алып, әдемі көрініп біреуді тек бізге қара деп ызаландырудан басқа ойлары да жоқ мақтан құмар елге айналады. «Біреуді ызаландырмақ-шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс.» (25-сөз) Олай болса көп қазақта иман жоқ. Ал елді түзеймін деген адамдарда иман болғанымен аталардан қалған тәжірибені жиған жоқ. Сондықтан қазақтың бүгінгі иманының көрнісі; «Біреулер: «Адам өмірі жаратқан Иесін танумен түзеледі»,-десе, кейбіреулер: «Үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі»,-дейді. Ал енді біреулер: «Оқу-біліммен, халықты ағартумен адам түзеледі»,-деп ойлайды. Тағы біреулер: «Бай-кедейді теңеумен түзеледі»,-десе, біреулер:» Тәрбиемен түзеуге болады»,-дейді. Біздіңіше, бұларды жекелей алғанда, ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды.» (Шәкәрім сопы) Олай болса елді түзеу үшін осы амалдардың бәрінің басын бір жерге қосуға иман келтіру керек. Оған керекті халықтар ақылдын өсіретін ана тілімізден нәр алып сөз асатрын ұғына білгенде ғана ақыл көздің бастауы ашылары даусыз. Сондықтан: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірде де керекті іс-ұждан. Ұждан дегеніміз-ынсап, әділет, мейрім.» Иманды қалыптастыру жолында: Орынсыз ұмтылудан сақтайтын алты түрлі ноқта бар. Олар- ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық. Ең әділі-ынсап, өзгелерінің тізгіні сонда болу керек. Жанның негізі судан, балықтан басталып: «Балық басынан шіритінін», яғни «Басқа бәле тілден келетінін» білген қазақ иманның да баспалдағы тек тілден басталатынын білген дұрыс. Бауыржан атамыздың: «Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып, ажыраған ел «азғын» ел атанып, кейінен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сор маңдай ел бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес. Сондықтан тілді байытам деген ақ, адал ниетінің негізі-ана тілінің толығымен сақтап, жаңалықтарды оның үстіне қосып дамыту, таныту әбден айқын, әр халықтың тарихында бар арнаулы жол нұсқа… «Балық басынан шіридінің» кері келіп, бізде, ант ұрғанда, алдымен оқымыстылардлы ант ұрып, былдыр-батпаққа солар салып, тілді сақтап тұруға үлгі болудың орнына, әбден тілімізден айыруға себепкер болып барады. Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.» Сондықтан әуелі ұлтық сезімді қалыптасмтыру үшін: «Қазақ тілі өзінің таза түрінде, бірнеше ғасыр, біздің заманымызға дейін өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан-жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіне тиімді, көңіл көтеріп, керегінде жанға тиіп ашындырып, өтін сыртқа шығарып, долданып, қысылтаяң қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерег, елге медет болып, ер намысын, ел намысын, адамгаершілік арын қан майданда, қырғын соғыста қасиетті тудай жоғары көтеріп, текті сезім оятып-тиуғызып, адам түгілі, жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл болған емес пе еді?! Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындаған емес пе еді?» деп тірі кезінде салған атой ұранын жалғауды жөн көріп енді осы басылым арқылы санамызға сіңіп улап жатқан сөздердің «өтін шығарып», құран тарқылы сөз соғысының аталарымыздың әлем алдында көтерген ақ туын қайта желбіретіп көрейік. «Бәрекелде!» деңіз оқырман.