Адам атамызға жаратушы тарапынан берілген алғашқы нұсқау үйретілген, түсірілген көрністерге ат қойып сөзбен белгілеу болып яғни періштеліктің жоғарғы сатысына көтерілу екен. Құранда сол белгісіз жұмбақтарды яғни көрсетілетін, түсірілетін, үйретілетін атауларды «Әлиф лам мим» деп атаған. Енді құпиясына үңілсек; Әлиф= жер, лам=дін, мим=cөз болып шығады. Қазақта сұрақтарына жауап бермеген пендеге «лам мим» демеді деген сөз бар. Лам ойға алып санап мим үн, сөз болып шығару. Әрбір пенде жерден пайда болып сондықтан өзінше бір Алиф болып табылады. Сондықтан жер бетінде 6,5мың тұрғын болса сонша Әлиф яғни сандық мәнімен 1000-дықтар бар. Бұл адам жанына байланысты берілген ақпарат «ақ»-тың мөлшері. Әрбір пенде жаны жер бетінде 100-жылдық тербелістен өтуге тиісті. Енді «лам»-ның сандық мәні 46 болса, «мим»=1 болып барлығы 1000-46-1 сандар тізбегін беріп жиынтығы 1047=11=12 сандарымен негізінен Мұхаммед пайғамбарымыздың құран бойынша пайғамбарлық қасиеттерін тегін белгілейді. Екілік жүйемен белгілесек 57 санымен Хадид сүресі темірді күш қуатты белгілейді. Жаратушы иеміздің; «Пайғамбарымызды адамзатқа нұрлы шырақ түрінде жібердім» деген сөзге дәлел болады. Енді дін неге «лам» деп аталады деген сауал қойуыңыз орынды. Аятта; «(Мұхаммед) оларға; «Аллаға діндеріңді үйретесіңдер ме? Негізінде Алла, көктердегі әрі жердегі нәрселерді толық білуші» де» (50-16) Бұл аяттың қарапайым түсінігі бойынша жаратылған нәрселер қозғалыс егелерін тіршілік қағидасы, діннің сыры болып шығады. «Алиф лам мим» негізінен 3 сөзден тұрса діннің жалпы сыры құпиясы деп ішкі сыры «лам» да яғни ортасында, аралықта. Олай болса діннің ұғымының өзі қандайда бір жаратылыс егесінің қозғалыстық, қасиеттік сыры құписы сол нәрсенің діні болып табылады. Адамзаттыы қозғап жүргізіп, тұрғызып тұрған іштегі кім екенін білсек сол біздің өзіндік дініміз болып табылады. Сондықтан дін негізіне 4 кітапқа жинақталып, 3 кітап тағы соңғы бір кітаппен тұжырымдалған. Сонда 3х3=9 болып құранға дейін 9 негізгі кітапты яғни Мұса пайғабарымыздың көрсеткен 9 мұғжизасымен 9 санында болашақта шешетін сыр бар. Демек 9 бен түйіндеп қосқан елде бар. Құранда негізінен үш кітап болып құпия сөздер жинағы болып Мұхаммед пайғамбарымызға уахимен яғни батаман берілген. Құранның діндік белгісі 32 санымен «Сәжде» ; (сборник, жинал) бұйрық рай түрінде тағы «Бол» деген жаратушы үкімдерін бір сөзбен білдіреді. Егер жаратқаннан бір нәрсенің немесе уақиға, тағдырдың болуын қаласа «Бол» яғни астарлы түрде «Құран!» деп үкім түсіреді екен. Олай болса бүкіл жанды, жансыз нәрселердің бәрі Құран немесе құранды жинақталған нәрселерден тұрады. Сондықтан жаратылыс сыры да кітап болып көктен түсіп және жерден еніп, «қызыр» болып еріп жүреді. Осындай жаралғандар арасындағы себептік байланысты, аралық жаратылыс нәрселерін яғни жаратқан «Жардың» құдырет қолы-аруақ деп аталады. Аруақ жоқ десеңіз діннің де түсінігі тоқтап, сана (өлшем) жабылып, мәңгүтке немесе жалғандықтың тұзағына түсіп, сабырдан айрылып, ашуға ерік беруші бүлікшіге айналарыңыз сөзсіз. Себебі аруақ біртұтастығымен қозғалыстың діні болып және жалпы жаратылыс қозғалысының діннің тағы үштен бірі болып табылады. Ал діндегі пайғамбарлық дегеніміз; себептік сырымен белгілі болған қасиет белгілеріне атауларға ат қойып сөзді дамытушы сөз жасаушы ғалым және аруақ арқылы тікелей жаратқанмен байланыста болып белгілі бір ақпараттық жүйені меңгеріп халыққа үйретуші тәрбие беруші ұстаз яғни ізгілікті істерімен қоссақ имам. Мұхаммед пайғамбарымыздың пайғамбарлықтың соңы болып түсуінің сыры да, құранда барлық адамзатқа тиісті құпия атаулардың сырын толық қамтығаннан кейін енді әрі қарай адамзат ғылым арқылы атаулар құпиясын шешіп, санап, өлшеп, белгілеп аттар қойып, білімді дамытуға тиісті болды. Сол себептенде жаратқан тарапынан енді жеке адамдарға пайғамбарлық беру тоқтатылып, ал ұстаздық дінді меңгерген барлық қалаған құлына берілсе, ал пайғамбарлық қасиеттер хикметтер мен мұғжизалар көрсету көрнеуден көмеске және ғайыптық белгілерге ауысып оны тек бүкіл сынағынан өткен сүйікті құлдарына берілетін ерекше сый болып есептеледі. Сондықтан болар Пайғамбарымыз; «Мен өлгеннен кейін пайғамбарлық 46-да 1-ге ауысады және ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» деген (2081, 6983 өсиеттер) Олай болса 46 (40х6=240 қозғалыс, бейнелену) түрлі түстердің дәрежесі болып және 1- ден, бірліктерден 111(үш жүздіктен) уахи алған адам баласы пайғамбарлықтың дәрежесіне «Ахмет» аталады. Бір қайдан пайда болады? Жоғарыда Әл Фараби атамыздың түсіндіргеніндей жаратушы негізінен шыққан екі сәуле бір-бірден және ортасы яғни ортақ көлеңкесі белгісіз бір болып, екі бірлікті орап тұйықтаса 0-саны шығып осы нөлдің ортасын нұрын бір деп атаймыз. Негізгі бірден талай бірлер пайда болып бөлшектеніп, дәределеніп, бірігіп иқайта үлкен бірліке «Бірге» қосылып отырады. Сондықтанда шерік яғни судың бір өлшемінің 3 тен бірі (3:1) арқылы қосуға болмайды деген де есептік қағидасы шығады. Бірді «мим» (сөз) деп атауға болады. Олай болса әлем сөзден жаратылды деген ұғымды Бір санынан бастап жаратты деп түсінгеніміз абзал. Сонда бүкіл қозғалыс уақыт үш бірліктен (111) тұрады. Енді осы бірліктің тағы жұбын «лам»-ды жаратып алты санының қасиеті пайда болып бүкіл әлемнің 6-күнде (1,1,1,1,1,1=6х(күн=3)=18) жаралып, барлық шеңбер санының қосындысы 8-ді береді де атомдардың электрондық сызба жүйесіндегі сегіз шеңберді көрсетеді. Енді осы шеңберлерді ұрықты жарсақ 16 жарты шеңберді «атмосфера» деп аталып жер бетін осындай 16 шеңбермен жауып қойған теріс атомды көреміз. Жер оң өріс болса көк теріс өрісте болып бірақ аралық жүйемен тығыз бірлікте тұрады. Егер аралық жүйе болмаса тепе теңдік бұзылып, қозғалыс заңдылығы бұзылады. Тіршілік тоқтайды. Ал 16 жарты шеңберге тағы 8 негізгі аралық жарықты нұрды қосып 24 мезгілді қозғалыс, тербеліс негізі уақыт шығады. Құран аяттарын мұқият зертеу барысында осы сандардың аятпен түсініктері насихаты яғни ғылымы пайда болады. Әрбір жаратылыс егелері ішкі сырлары қосылып санан кейін бірленіп, бірліктер бір бірімен қосылу арқылы келесі себептік қасиетерді алып немесе өзгерістерге түсі тағы бірленіп бірге ұқсап отыру керек. Сондықтан құран қаншама аяттардан тұрғанымен бір сүреге жинақталып бір сандық менін алы, ең соңында бәрібір бір сүреден пайда болады. Фатиха бір, 1-ші сүре болғанымен ішкі сыры 7-де яғни жеті кітаптан тұрады. Енді сол жеті кітап бір кітаптан шығады. Олай болса адамзат үшін негізгі «Бір»= Құран! Сондықтан Бір Алла деп айтсақ, құранды және Алланы айтамыз. Олай болса Құран Алла емес немесе жаратушының жердегі патшалық сипаты емес деп айта алмаймыз. Енді Құран бес таңбадан тұрса Алланың құдірет қолы болып, тағы екінші және үшінші осындай Құран қайда. Барлық жаратылған жұп және пары бар. Жаратқанның жарату құпиясының өзі бірдің ішінде екіншінің көлеңкесі яғни көрнісі болса, екеуін қосып ойласақ жұбын да таба аламыз. Діншілер түсінігі бойынша өлгеннен кейін қиямет қайымға дейін тіршілік тоқтайды деген өтірік және негізсіз; құранға, барлық кітаптарға қарсылық болып, ал Алла аяттарына ортақ қосу-зұлымдық. Қиямет-қайым жеке-жеке жаратылыс егелеріне Алланың алдына жиналумен 1000 жылда тылсымда болып тұрады, бірақ оны біз біліп, сезе алмаймыз. Жалпы әлемге келетін қиямет-қайым, мыңдаған қиямет-қайымдар жиынтығынан тұратын бөлек ұғым және жалғыз, парсыз жаратылыс болмайтынын үнемі естен шығармау керек. Енді дінде «мизан» яғни таразы деген атау бар. Мизан әр нәрсенің өлшемінің ортасы болып табылады. Сондықтан әлем сөзден «мим» -нен жаралса қазақта «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деген ғылми нақыл бар. Құранда да әрбір істің нәтижесі 90 санымен белгіленіп ортасы 45 болып шығады. Екінші сипата 4+5 қосындысы 9-дан пайда болады. Жалпы 4=5-ке себебі үнмен таңбамен қуатық мәнмен санасақ; 5=үш+екі= 5, 4=үш+бір=5 онда 4=5! Сондықтан діннің үндік таңбалық ерекшелігі айырмашылығы, қуаттық шамасы болатынын ескерсек, олай болса әр елдің үніне яғни тіліне байланысты өз мизаны шариғаты болу керек. Қазақ елінің шариғатын Абай атамыз жазып 45 санмен белгілеп кеткен. Енді дінің үш түрлі түреліп өлшеніп отыратын мезгілі бар. Дінді уақыт түрлендірсе уақытты дін қозғалысқа келтіріп, тауықпен жұмыртқадай бірінен бірі туындап отырады. Ал уақыт немесе қозғалыс қашанда үш өлшемнен тұрады да төртінші орнын табады.Төртеуді түгелдесек төбесін жабуға болады. Таразы, мизан онмен дәрежеленіп, 450 жылда хижра жыл санауымен өзгерістер болса, 900 жылда қиямет мезгілдері басталып 100-жыл дін сынақтары ақпараттық алмасулар болады. Елу жылда ел өзгеріп, жүз жылда бірігіп, бір отанға айналады. Құран бойынша; Нұх пайғамбарымыз 950 жыл өмір сүрген яғни су апатынан қейін 50 жылдан кейін өмірден озған. Адамзаттың ішкі уақыты 9-бен «тәубамен» өлшенеді. Аятта; «Олар 300 жыл жатты 9 арттырды» деп 300:9=33,33.. болып таспихтағы 33 тен 3 белгі үш уақытпен қатынасты, байланысты көрсетеді. Ислам уақыт санағын хижраға (жұлдыздар құс жолының қозғалысына) байлап қойып, қалған екі уақыттан бөліп қарау тағыда ғылымды мойындамау құдайсыздық амалға жатады. Ал пайғамбарымыздың үлгісі ең қасиетті намаз жұманы (жұм-бірле) григориянмен, туған мезгілін хижрамен алып қарап, адамзат ішкі уақыттың туындататын қозғалыс қуат (оператор) аруақты жоққа санау дінді бөлшектеу. Олай болса Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін 450 жылда Ясауи бабамыздың жол басшы болып келуі осы дін таразысы (уақыты) мизанға байланысты. Енді осындай уақиғалар әрбір 3 кезеңде қайталанып және григориян күн тізбесі бойынша 1000 жылдық Қайталану кезеңі болып 2000 жылға осы екі мезгілдің сәйкес келуі және жер мен көктің біздерге әзірге белгісіз (тәңірлік қуат беспен өлшенетін) бірақ құран аяттары арқылы есептік жүйесі бар үш уақтың тоғысынан қиямет мезгілі туындайды. Адамзат үшін дінінің шамасы қашанда тұрақты. Жаратылыстан 7-санымен дүние есігін ашады. Ол белгілер; Тырнақ-1, саусақ-2, алақан-3, білек-4, шынтақ-5, қар-6, иық-7 болып пенденің бүкіл жермен байланысты белгісінде тән саулығының болашақтағы ашылатын ғылымын да осы жек-жеке аруағынан іздеу керек. Қолды екі жаққа жайсаңыз қанатың «құл-аш» болып, жұдырықты «жұмаңызды» ашсаңыз кіші екі «құл-аш» шығады. Барлығы адамзатқа берілген 4 құл бар да, екеуі бір бірден, екеуі денемен тұтас бірлікте болып кейбір құран аяттарының құпиясын көрсетеді. Осы жетінің екінші жұбы болып ол өмір сүру қамында ақпарат болып құлдың қалай және қандай мақсатта ашылып жабылғанына байланысты яғни өнерге тәуелді еніп қалыптасу шарт. Ал аяқ кім? Қол екі аралықпен және көкпен байланысты болса, аяқ жерге тәуелді. Аяқ –нәсілдік ақпараттан пайда болып, адамның бар мініде, мінезіде аяқта болмақ. Сондықтан әйелдер аяқ сипаты жаннаттан келіп, бүкіл аяқ әуретті жер болып, елге көрсетуге жаратқаннан тиым салған. Ал қазір керісінше аяқ түгіл бүкіл арымнен, барын жайып салған әйел халқы жетесін (жетісін) жоғалтып, содан адамзат азғындыққа ұшырап, әлемдегі апаттардың басты себебін туындатып жатыр. Адамзат мінезінің көркемдігі әйел затына яғни нағашысына тәуелді болу себебі күнделікті мән бермейтін мініп алып жүретін, езетін құлымыз аяқта! Мінез естің өлшемі. Есті әйел етегін жабады. Құран сүрелерінің 114 болуы да адамзатың мүшелерінің ақпараттық сипатын және өсіп даму мезгілдік сипаттарына үлкен әлем мезгілінің туындайтын ғылымын көрсетеді. Жүз рет он төрпен яғни екі жетінің қосындысымен 14000 белгіден тұрады. Адамзатқа байланысты негізгі жаратылған нәрселер саны.
Түгел сөздің түбі бір.
Әрбір жаратылыс егесінің немесе нәрсенің бастапқы негізін атау болып сандық үндік мәнімен сонан туындайтын бүкіл нәрселер ұғымын сыйдыра білсе атаулар болып есептеледі. Ал аттар сол атаулардан тараған қасиет, қабілет белгілерінің және ортаға байланысты түрлі сипаттарын білдіру керек. Енді жаратушыны «Алла» деп атасақ тек таңбалық үндік қана мәнмен бастапқы 4 негізді белгілейміз де және таңбалардың ұқсастығымен 2-ні меңзеп дауысты және дауыссыз дыбыстан тұратынын қалай оқысада өзгеріске түспейтін тұрақты ұғым. Демек мықты сөз-атау. Құран үгіті бойынша кездесетін мықты сөздер қатарына жататындар; Алла, Бір Алла, Біз, Ол Алла, сондай Алла, Рабб, Тәңір, Құдай, Алла тағала, әлемдер Раббы, жер мен көктің Раббы, батыспен шығыстың Раббы, ғаршының Раббы, менің және сеніңде аталарымыздың Раббы т.б атаулар жүйесінің сандық және қасиеттің жаратушы сипаттарын белгілейтін қадірлерін діншілер бір-ақ сөзбен «Аллаһ» деп ұқтырады. Егер қарсы сұрақ қойып басқалай пікір білдіре бастасаңыз діни саутсыз аталып «ширик қосушы» деген айдар тағып күл төкенен бір-ақ шығарары даусыз. Өкінішке қарай тіл ғылымына ашық қастандық бағытта жазылған және арасына арап сөзін жазғыштардың өзінен басқасы оқи қоймайтын жартылай арапша шала қазақша кітаптар мен басылымдар сау адамнның санатын жабуға бейімделіп алып, бұл енді тұрақты кәсіпке айналды. Бұдан қайта арап тілінің ғылыми дәрежесі артса онда құранның да әлемде беделі салмағы артар еді. Керісінше жылдан жылға құран сөздері еріккеннің ермегіне айналып, арап тілі қарапайымданып өз құпиялық сыры жоғалтуда. Оған қазақ ағайындары үлкен жәрдем берудеміз. Қарапайым күнделікті әдетке айналған араптан келген, күнделікті пайдалануға айналған «Ассалаумалейкум» сөзін үш мағынада аударылатынын ұмытып «С+ӘЛ+ЕМ» сөзінің орнын толық алып болды. Мысалға бір мағынасы «Алланың нұры (жаңбыры) жаусын» деген ұғымды күзді күні егінін жинап үлгіре алмай жатқан егіншіге немесе араққа сылқыйып тойып алған маскүнемге де мағынасына түбіне үңілмей айта саламыз. Арап сөздерін Абай атамызда көп пайдаланған. Оған себеп болашақта заманына қарай ұғымын кеңейтуге және көп мағына беретінін ескерген. Арап тілінің құран сөзінің құдіретілігі бір сөздің өзінде хареккеттермен үннің өзгерісі арқылы көп мағына сыйғызған. Құпия үнде болса ал сол үндер құпиясын шешу үшін санау керек. Әрбір арап сөзін хараекттік үндік мағынасына қарай басқа тілге аударылғанда үш түрлі ұғымды білдірсе ал қазақ тіліне аударылған сол әрбір үш сөздің әрқайсысының астарлы екі ұшты мағынасы болып келеді. Ортақ ұғымды тексеру үшін сандық белгісін немесе аят санын тауып отыру керек. Күнделікті пайдаланып жүрген «Махаббат» сөзінде; сүйіспешілік, мейрімділік, аяушылық сезімдерін білдіреді. Олай болса махаббат сөзін ғашықтыққа, асықтыққа, құштарлыққа, құмарлыққа ақын жазушыларымыз ауыстырып алды да сөзден мағына кеткесін махаббаттың да елде қасиеті қалмады. Сол сияқты қазақтың үш түрлі қасиетті, белгілерді сипаттайтын сөздерін қысқартып кері қарай тәржімелеп араптың, парсының немесе түріктің бір сөзімен оп-оңай аудара саламыз. Дұғаларымыздың бәрін дайын тақырыптарға ауыстырып болдық. Мысалы ел басшы, дін басшыларымызға таупих (сабыр, ынсап, қанағат) бер дейміз. «Мағрипат» ет. Тамаша ахлақ (көркем мінез, парасаттылық, ізгілікті, тәртіпті, адамгершілікті т.б). Илаһи есімдердің (шынайы, көркем, мықты, тұрақты, асыл.тб) Немесе қазақ тіліне аударылмайтындай «Тасаввуф» дегенді қалай түсінесіз? Құран сүресінің аты ма? Түріктерде бір нәрсені босат, ағыт, аш, бөл т.б сөздерін бір мағынада «сөк» дейді. Сол сияқты; бұра, қатайт, бекіт, сал, орнына қой т.б сөздерді «сық» дейді.Бітті қалай ұқсаң солай ұқ! Осындай сөк, сық, аһ, уһ, ах пен араптармен, түркі елінен келген кітаптармен қандай иман келтіруге болады? Иман негізі ақылда. Ақыл майын тамызған сөзде, тілінен бал таматын мейрімділік көзде. Көздіңде қасиеті дұрыс таңбаларды оқумен байланысты. Сананы дамыту сезімдерді меңгеруге тәуелді болса, ал сезімдердің дұрыс қалыптасуы ойға байланысты. Сана бастапқы және соңғы мағлұматтың сәйкестігі ес пен ептен құранда «Ісра» деп 17 санымен өлшейді. Дұрыс ойлана білуді жетілдіру үшін әрбір танымал болуға тисті нәрсенің қасиетін толық суретей білуде. Сол сурет қана ойда өз өрісін туғызып сезімге қуат болып құйылу керек. Олай болса қазақ тіл ғылымында керісінше өрісті тарылтуға белгіліні белгісізге айналдырып алдық. Бұндай оқпаннан шығар жол әрбір таңбаның шығу тегін дыбыстық, үндік тарихымен сандық негізін зертеу керек. Олай болса санға үндік негіздеге үңілетін тіл ғылымының алда жаңа салалары дамту қажеттілігі туындады. Түр негізді үнмен белгілесек екі дауысты және бір дауыссыз болса барлық жаратылыс екі дауысты екі дауыссыз дыбыстан тұру керек. Және тіл ғылымдарының ескермей жүрген тағы бір үн заңдылығы орта дауыссыз дыбыстың немесе жартылай дауысты дыбыстардыңда бар екендігін ескеру қажет. Егер жаратылыс 6 күннен басталса осы үндерді түп негізге алуға да болады. Олай болса қазақ тіліндегі «күн» сөзі әлемдер тілінде ца-ча-са-ша екі буынды түбіртектер осы күн мағанасында жұмсалады. Демек сөздерді екі буынға жіктеу арқылы және үшінші таңба негізгі ортақ дауысыз дыбыс болып келеді. Кезінде осындай екі буынды алфабитпен үш түрлі таңбамен бүкіл әлем сөздің ғылымы дамыған. Сол екі буынды әліппенің сақтарға тән түп негізі жопон елінде сақталған. Ол жаққа қалай барған? Оның да тарихын болашақта көрсетеміз. Әрбір атауды түсінікті негізгі жаратылыс сандық мәндерімен ғана бейнелеп отыра ат қойғанда немесе атағанда тіл үндестігімен бірігіп санаға сақталады, қан тазалығына жалпы ден саулыққа қуат болып құйылады. Бұл қағидада намаз оқудың негізгі сыры жасырылғанын болашақта әлем ғылымдарының көзі жететіні даусыз. Сондықтан Алла-ға «Һ» жартылай дауысты үнді қосып жаратушыны белгілеу діншілдердің жұрты үркітіп жүрген «шириктерінің» нағыз өзі. Кер жазуы «Крилица» болып ғасырлар өте туған отанына қайта табысты. Сол криллицаны қазақтың үндер санатын толық қамтуға беймдеп таңбалап қауыштырған ғұлама Ыбырай атамыздың жанны жаннатта мәңгілік болуын тілейік. Кер жазуының болашақта тіл ғылымына берер әлі ашылмаған заңдылығы жетерлік. Әліппе тізбектік орнымен белгілі қуаттық физикалық шаманы белгілесе, ал сызықтық санымен де көп ғылымға берер үлесі бар. Болашақта Менделеев кестесін кер жазуымен белгілесе бос тұрған 21 орынның да өз егелерін сандық мәнімен табары сөзсіз. Мысалға Алла сөзінің сызықтық мәні; «А»-35, «Л»-24, «Алла»-5959=1414=55=10 сандарын беріп құран аяттарыда осы қуатық белгілерді растайды. Керісінше «Һ» үнін қоссақ 23 санымен мүміндік ішкі қуатпен тәңірлік сипатқа қарай кетіп қалады. Осындай санаға селкеу түсіретін түбін білмеген атау мен аттарда күнделікті қазақ тілінің ішкі бейнесінде де жүздеп кездеседі. Мысалға шипагер сөзін, дәрігер (дері+егер) деп кімнің қандай және қалай егетінін түсінуден қалық. Негізінен дәріні «медсестра=дәріегер» егу керек емес пе? Ал дәрігерді «Шипагер» десек қандай ауруға, дертке, сырқатқа немесе науқасқа шипа береді?- деген түсінікпен қоса сұрақ бірден шыға келер еді. Сол сияқты сұңғыла, ділмар, шешен, сәуегей, би, би-самбы, ақыра-би, хан, сұлтан, абыз сөздерін «филлософ» деймізде қадір қасиеті қандай болу керек екенін сол мамандардың өздері де білмейді. Политолг, социолог дегендер абыз бен сәугейлер орнына пайдаланамыз. Шындығында абыздық қасиеттері бар ма, әлде құр қағаз ба? Ауруы қатты адамды «жансақтау» бөліміне жатқыздыңыз, сонда пенденің жанын сақтай алатын дәрігеріңіз құдай болып соған тілмен шоқынып жүргенімізді білдіреді. Дәрігер жанын сақтауы мүмкін емес, дәрі арқылы жедел қуат беруі мүмкін. Дінде оданда сорақы. Сәждеге бас қойса «намазхан» яғни сөзбен іс құпиясын меңгеруші, шейх-тірнектеп сауап жинап, әулиелікті меңгерген адам, хазірет-жаратқаннан арнаулы кітап түскен яғни пайғамбарлардан бата алып уахиды, аянмен құран аяттарын насихаттарын меңгерген. Осындай ақылдан көрі жүрекке немесе сезімге әсер беретін атаулармен, аттардан қалай сана-сезім қалыптасып ойың өрісің қалай дамиды. Алда жан ғылымының сырына үңілу арқылы ғана түсінікті болатын надандықтың бірі атаулар жүйесі аты жөніміз де осындай надандықтың қақпанына түсті. Егер мен Байтасов Тоқберген Кескір ұлы болып жазсам менің өзім бүгінгі шақ ал шежірген жалғануым әкемнің рухани ұлы болып қана өз тегімді «ОВ»-ны табуым керек екен. Олай болша «ОВ» ақиреттің белгім болашағыма байланысты екен. Және мененің өмірге келуіме байланысты әкелеріме құрметпен көркем есіммен мадақ арқылы ғана қатынасымды білдіреді және қасиеттік сипатымда, қылықтық адамдық еркек, ұрғашылық ерекшелігімде бар. Енді қоғамда жиі кесдесетін Қасқыр Жолдыбай, Айгүл Малдыбай, Айқыз Қошқарбай т.б атаулар нені білдіреді нені ұғасыз? Сандық белгімен өлшесек тексіздікті, жетімханадан тауып алғанды немесе кірме екенін көрсетеді. Түгел сөздің түп негізі үште болса жұбымен алты болып, «Ағайын алтау болса да, бір басыңа жалғыздық» деп, алтымен ғана бірге өтуді ескерткен аталарымыз. Жеті атаңды жоғалтпа үнемі көркем есімге айналдырып еске алып жүр. Олай болса болашақта сөздің түбін қалай түгелдеуге ортақ мағынасын қайдан іздеу керек?
Түгел сөздің түбі; Құран-хақ.
Пайғамбарымыз: «Мен аз сөзге көп мағына сыйдыру (қабілетімен) жіберілдім және маған қорқыныш арқылы жәрдем көрсетіледі. Сондай-ақ ұйықтап жатқан кезімде, маған жер қазыналарының кілтері әкелініп қолыма салынды,»-депті. Мұхаммед пайғамбарымыздың аруағы ахиретте өлім және тірілуге сүр үретін өлім (қорқыныш) періштелермен байланысты. Және бұл өсиеттен құранның бір сөзінің, пайғамбар өсиеттерінің сөздеріндегі көп мағына болып астарын құпиясын басқа тілдерге аудару барысында шешу керектігін ескертеді. Сондықтан Құран аудармашыларының арап тілін меңгеру барысында тіл ғылымын жоғарғы дәрежеде меңгеру керектігін ескертеді. Ал біздің арап тілінен төтелеп аударып жүрген аудамашылар араптар алдында қарапайым грамматикалық емтиханда тапсыра алмайтыны сөзсіз. Бірақ олар үшін құранды түсіндіру Абай тілін өз тілінде ұқтырудан жеңіл. Енді нақты дәлелдерге көшсек. Құранды зертеу барысында Халифа Алтай атамыздың аудармасының сөздердің, атаулардың бірін бірі көп қайталамай және тыныс белгілер мен бас әріптермен көп атаулардың өз орнын табуына аяттардың сырының күрделігімен ерекшеленіп, әлемде әзірше ондай күрделі нақты аударманың жоқтығына қазақ халқы мақтаныш етуге болады. Қолыма түскен көп аудармалармен салыстырып оқып зертеп көрдім. Барлық аудармалар сөз ұғымымен әлде қайда аз және көп сөздер жоғалып тіптен кейбірлері тыныс белгі.тб білмейді де. Әйтеуір мақтаныш үшін аударған. Енді құранның әрбір үні атауы санаулы екенін мынандай мысалдан көруге болады; Құран шәрифте «Алла» деген атау 2697 жерде, «Илаһ» деген атау 167 жерде бар. Бұл аудармада «Илаһ» деген атау «Тәңір» деп аударылады. (авт. Х.Алтай) Ал осы сандарды екілік жүйемен және құран аяттарының мағынасымен тексерсек; 2697=24-Нұр, 167=14-от немесе құлшылық негізі. Ал «Әл Илаһ» деген атаудың ұғымы; «Құлшылық істелуге лайық зат.» Түрікше –«Тәңір», Фарсыша-«Хұда», қазақша- «Құдай» деп аталады деп ескерткен. Яғни әрбір атаудың өз орны және аят мәнімен сандық қуаты бар деп түсінгеніміз абзал. Тек ескере кететін жағдайдың бірі ортақ қателік; аяттар ұғымын күшінен қалдырған және мүлде бағытынан лағып кеткен тәпсірлерді пайдаланған. Халифа Алтай атамызда осы қате тәпсірлерді пайдаланған. Бірақ негізгі аударма құндылығымен сөз байлығымен ешқайсысы тең келе алмайды да. Әрине сөздер атауларды толық меңгеру үшін ұзақ жылдар бойы тазару амалдарымен қайта-қайта оқу арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан шолақ ұғыммен сөздік қоры аз пенделерге түсініксіз «Аруақ» сөзінің осындай қуаттық белгісі бар аралық жүйені белгілеген атауларға жататынын мүлде жоққа санап немесе қазақтың бір наданы ойлап тапты деген надандықтың қақпанына аңқау қазақтың бәрі дерлік түсіп қалды. Ал сөз ғылымын меңгерген қазақтың көптеген білімді азаматтары аруақтарынан ажырап қалып, немесе намаздарды толық орындай білмеуінен, болмаса мешіт діндарларының артынан еріп, құдайсыздар қатарына түсіп сана жабылуынан, қазақ елі рухани мешеуліктен оқпаннан шыға алмай жатырмыз. Әрине сандар жүйесімен тағы сызықтық белгілермен әлем әзірше білмеген, бірақ қазақтың әулие қара шалдары түсінген ақпаратармен түсіндіріп көруге болар еді бірақ, оны түсінетін немесе халыққа түсіндіретін хазірет,теолог, ғалым сопы, академиктер аты бар болғанмен саналары әзірге ұйықтап жатқан болуы керек. Қарапайым мысал келтіре кетсек; Алдын-ала кешірім сұрай отырып бұрынғы дін басы болып қызмет атқарған арап тілінің маманы зертеушісі ретінде істеген және көптеген еңбектерін жоққа шығара алмаймын, бірақ құранды аудару барысындағы Рәтбек қажы Нысанбай ұлының аудармасынан салыстырып көрсек. Аятта; «Ей Мұхаммед! Сенің тәңірің, кезінде періштелерге «Жер бетінде халифа (орынбасар) жаратамын» деген еді. Сонда періштелер: Біз сенің даңқыңды (.?) дәріптеп, қасиетіңді (.?) артырып (.?) жүрсек (міндетсіну!.?), жер бетінде күнә жасап(?), қан төгетін бір бұзық(.?) жаратпақсың ба?»-деді. «Менің көкейімде (туылған.??) не жатқанын (.?) білмейсіңдер ғой (.?)» деді. Алла оларға (?)» (Бақара-30) Енді сұрау белгі және жалпы сөздердің орналасу мағынасымен Халифа Алтай аудармасымен салыстырып сосын ойланып көріңіз. Аятта; «(Мұхаммед) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,-деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сенбердің білмегендеріңді жақсы білемін!»,-деді. (Бақара сүресі-30 аят) Алдыңғы аударманы тәпсіреп көрейік; Егерде Раббымызда көкей болса онда сол көкейді тесетін нәпсі болмақ. Даңқыңды артыру деген сонда тағыда басқа Раббылар, жаратқандар алдында сені мақтадым деп ұғамыз. Ал періштелер Раббысының қасиетін қалай арттырады. Онда Раббысынан да дәрежесі биік болғаны ма? Егер Халифа Алтай аудармасы болмаса менде осындай құранмен санамды жауып көп мәңгүттің біріне айналуым мүмкін ау деп осындай кітапты сыйлаған жаратқанға мың шүкір айтамын. Ал енді арап танушы ғалымдарымыздың бірегейлері, араптарды да білімімен мойындатқан жерлестеріміз тағы бір аударманың иегерлері Нұралы Өсер ұлы, Серкімбай ұлы ат-Түркістани, Жұмабай Мақаш ұлы, Ізтай ұлы ат-Таразилар аудармасынан: Аятта; «Кейін(?), шайтан азғырып, ол екеуін тұрған жерінен(?) (яғни, жаннаттан) тайдырды. Сонда Біз; «Сендер төменге(?) түсіңдер, бір-біріңе дұшпан болып. Белгілі бір уақытқа дейін сендердің пайдаланатын тұрғын-жайларың(??) жер»-дедік.» (Бақара-36) Халифа Алтай аудармасынан; «Сонда Шайтан, екеуін ол жерден тайдырды. Ондағы нығметтерден де шығарды. Оларға: «Бір-біріңе қас болып, түсіңдер: Сендер үшін жер жүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар» дедік.» (Бақара-36) Сөйлемнің негізгі жүйесін және ішкі сырын, тыныс белігі .т.б еркешеліктері салыстырмай –ақ бір ғана сөздің астарына үңіліп көрейік. Асты сызылған «дұшпан» сөзі мен «қас» сөзінің мағынасы ұқсас болғанмен пайдалану астары мүлдем бөлек ұғым. Әйел мен еркек бірін бірі аңдушы яғни күзетші немесе сақшы яғни «Қас». Егерде шектен шықса жауласады, дауласады бірақ дұшпан емес жаратқаннан махаббат берсе онан үлкен достық жоқ. Сол сияқты әрбір тәртіп сақшысы қылмысқа қас, аңдушы бірақ халықтың дұшпаны емес керісінше хас (қас) батырға мақтанышына да айналуы мүмкін еңбегіне қарай. Екі көзге жаратушымыз екі қасты күзеттіріп қоймаса жағдайымыз қалай болар еді? Бүгінгі қас ертең айырылмас дос болуы мүмкін. Ал дұшпанда сені қалайда құртамын деген арам ниет болады. Ал сандық мәніне қарай кетсек нағыз адасу сонда басталады. Демек санаға басқаша, өзгеше ақпарат болып енеді! Енді менің бір ескере кететін пікірім және ризашылығым, бұл кісілердің қазақ тіліне үнді криллицамен жақсы бере білген. Сондықтан бұл құранның құндылығын яғни үн аудармасы ретінде қазақ еліне маңызды пайдалы деп түсінемін. Дегенмен бұл аударманың екеуі де және осындай қателігіменде шеттерден келіп жатқан көптеген құран аудармалардан әлде қайда сауатты. Қандай сөз болмасын санада саналып барып жарық санға айналу керек. Ал «Аллаһ» сөзі бар қандайда бір қасиетті ұғым, атау жүйелері мейлі толық құран аудармасы болсын өз сандық мәнін жойып теріс түсінікті қалыптастырып «У»-ға немесе шуға айналады. Діни баспасөз бетерінде осындай жолдан қосқан бәдік сөздермен тұжырымдалған санаға кәдік аяттармен берілетін мақалардың санын білу мүмкін емес. Ал енді қарапайым орыстың майталман жазушысын өзін бір сөздерін, сөйлемін, мағынасын өзгертіп көптеген айырмашылықпен аударып көріңіз не болар екенсіз? Бұдан шығатын тұжырым; Қай сөздің дұрыс-бұрыс анықтамай және бір ғалымды мойындап, «Еденница» аударманы таппасақ дінді таза ұстау мүмкін емес. Мысалға Пушкиннің, Лермонбовтың, Крыловтың өлеңдерінің Абай сөзімен аудармасы қазақ тілді оқырмандар үшін «Единица» енді бөлшектеуге болмайды. Ал Құран құдай сөзі, Алланың өзі әзілдесуге болмайды! Енді дін арасында және құранда көп кездесетін, күнделікті пайдаланып жүрген кейбір атаулардың және арапша сөздердің сандық мәнімен шамалысын ғана тізіп көрейік;
1.Дәріптеу-5 парыз.
2.Пәктеу- ғибадат жасау.
3. Тәуап ету- артық хайыр жасау, зират ету.
4. Бой ұсыну- ғибадат жасау, пәктеу, ізгі іс жасау.
5. Ракуғ жасау- тізерлеп құлшылық жасау, зейнет нұр жинау, зікір айту, тілек тілеу.
5. Алланы еске алу- таспих.
6. Құрметті айлар- наурыз, мамыр, маусым, шілде
7. Айды кешіктіру- құлшылық істер.
8. Алланы ұлықтау- көркем сөз айту (уағыз).
9. Ыхтикәфта болу- мәжбүрлік істе (қайғы қасірет) сабырлы болу.
10. Мойынға тағылған белгі- құлшылық кезінде міндетті түрде төбе жабық болып мойынға орамал, т,б белгілер орау.
11. Санаулы күндер-бейсенбі, жұма (төрт қыбыланың теңелуі).
12. Ғұмыра- жер бетінің тербеліс жүйесі (жер есіктері)
13. Теңіздегі кеме- жер кіндігінің ашылуы.
14. Аллаһ-шүкіршілік.
15. Тағала- шүкір Алла тағала- Аллаға шүкір.
16. Аллаһ тағала- шүкірге шүкір.
17. Салалаһу ғалейки сәлам (с.ғс)-Аллауақбар.
18. Аллеһиссәләм- я Раббым Алла, Әулие әмбилер қолдай көр.
19. Радиоаллаху әнһу- жаннатық белгі аты.(сызықтық бейне)
20. Құдірет шекері- Қайда барсаңда тосқауыл. (Көктегі аспан белдеулері. Пенде жан өрісінің қорғаны.)
21.Рабб- жаратушының көрнеуге айналған нұры.
22.Рабб шығыспен батыстың-күнмен байланысты нұрдың сипты. Осы сияқты әрбір Рабб атауларына байланысты жаратқанның сипаттарының сандық мәнімен құран аяттарында өз орны ескерілген.
23. Ол Алла –адамзатың жаратылыс қаситтерін бірлеп жаратушыға бірігуін көрсетеді.
24. Ол сондай Алла- жаратушы орынбасарлық жаратқан сипаты.
25. Біз- періштелер және біртұтас адамдар, жаннаттықтар.
26.Алла тағала- адамзатқа берілген әрбір нығметтердің бастауы қадірі.
27. Құдай-жаратушы білімі. «Рұх». Сондықтан қазақта; «Құдайсыз қурайда сынбайды» деп айтады. Құранда Алланың өзіне немесе маған құлшылық етіңдер-деп ескертеді.
28. Бір Алла-жаратқанға қосылған адамзаттың періштелік сипатты жандар қасиеті.
29. Тәңір-жартушының қуатық сипаты.
30. Хаж – қасиетті орындарда және көктен, құлшылық уақыттарында болатын пайда болатын көгілдір күлгін жарық. (Сандық мәні сипаты, сызықтық бейнесі бар.) Әрбір киелі орындардың және әулие зираттарының ерекшелік өзіндік қасиеттік сипатын белгілейтін сызықтық белгілері бар. Қағбаның да, кейбір құран сүрелерініңде сызықтық бейнесі бар. Оны жер тесіктері мен көк есіктері деп атаған құранда. Бірақ ондай ұғымдарды, бейнелерді көрсететін уақыт әзір келген жоқ.
31. Жуди тауы- жердің тұтқасы яғни Асан Қайғы атамыздың іздеген жер ұйығын айтады. Мұнара және бес қуаттың белдеуімен белгіленеді.
32. Зират- кездесу орны, қорым-тарихи тәбәрік орындар. Әрине осылай жалғастыра беруге бола берер еді, бірақ осы атаулардың өзі дін танытушылардың кейбірінің қарсылығын тудыруы сөзсіз. Оған тек есеп деген ғылымның және Әл Фараби атамыздың әрбір дәлелдеуге тиісті нәрсенің сызықтық бейнесі болып есептелуге тиісті екенін ұмытпасақ болды. Сондықтан Жебірейіл періште пайғамбарымызбен кездескенде Абжад есебін меңгеруді айтқан деген сөз қалған. Әзірге толық құпиясы ашылмаған бірақ аянмен көрсетіле бастаған арап таңбаларының өзіндік сыры сандық белгілері бар. Оны арап тіл ғұламалары да жазбаған білмейді. Болашақ арап тілініңде тазалығына қазақтың қара домалақ ұрпақтарының әулие бабаларымыздың көрсетуімен нақты үлес қосары сөзсіз. Енді Адам алғашқы жаратқаннан қойылған ат. Кейін қасиеттік әулиелік сипаттармен Адам көркем есімге айналды. Адам десек жер бетіне жіберілген алғашқы әулие, пайғамбар, меңгеруші, орынбасар деген ұғымды береді. Бірақ адам болғанның бәрі олай болуы мүмкін емес сондықтан жеке-жеке аттар беріп осы ндай қасиеттерді меңгеруіне қарай көркем есімге айналып әулие атаймыз. Жалпы осындай әулиелік атаулар саны 99 болып Алланың көркем есімдері деп адамзатқа байланысты дәрежелік қасиеттері атаймыз. Бұл есімдерді діншілер Алланың аты деп надандықпен түсіндіреді. Аятта: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар. Алланың атында қиғаштық істегедерді қойып-қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады.» (7-181) Аллаға тән болу үшін; «Сенде бір кірпіш дүниеде, тетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз ескерткендей Алланың сүйген құлдары Аллаға тән яғни орынбасар немесе жаратқанына ұқсайтын қасиеттерді меңгерген, яғни 99-дың бірі немесе бәрі болуы мүмкін деген ұғым. Аллаға тән болу үшін осы 99-ды меңгеру керек адамзатқа. Онда қандай сыр бар десеңіз? Ясауи бабамыз осы 99-ды қалай меңгергенін яғни көргенін және жету жолдарын көрсетіп кеткен. Сопылық жол дегеніміз осында! Сондықтан ең жақсы атаулар пайғамбарларымыздың, әулие-әмбилердің, ғалым сопылардың аттарының есімге қасиет егелеріне айналуын ескертеді. Тағала сақтың сөзі шүкірлердің егесі деген ұғым. Ал пайғамбарлармен, әулие-әмбилермен, ата анасын еске алуды, ақиретті және онан кейінгі өмірді еске алу болып яғни Алланы еске алу болып есептеледі. Оған қарсы келіп бас тартушылар қиғаштық істеушілер зорламаңдар деп ескертеді. Дінде зорлық жоқ деген ұғым. Сол сияқты намаздарды орындаушыларға да зорлық көрсетуді қалай түсіндіреді екен арапша діншілер? Жаратушымыздың біздерді жаратып, өсіріп, өндіріп, өлтіріп несібесін беру мүшін қайта тірілтетін және озат болғандарын жаннатына кіргізуіп мәңілік өмір исыйлайтын жаратқанын жарды жаратып оның нұрын Раббымыз деп атаймызда ал адамзатқа тән сипатын Рахман деп атаған. Рахман шапағат ету дәрежесіне жеткен Алланың достары, сүйген құлдары періштелік дәреженің ең бигі. Сондықтан аятта; «(Мұхаммед) Оларға «Мейлі Алла деп немесе Рахман деп айтыңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән де. Намазда; жариялап та құпиялап та оқыма да осының арасындағы жолды ұста.» (17-110) Ең көркем аттар Алланың сүйген құлдарының, пайғамбарларының есімдерін білдіреді. Сондықтан олар рахмандық шапағатшы сипатында болып яғни Оған тән болған көркем аттар 4 немесе 6 санымен атауды ескертеді. Мысалға Раббымыз Алла, Алла Тағала т.б Бұл аяттың қарапайым сандық мәніне жүгінсек; Еркек саны=70 болса, әйел заты=40 қосындысы 110-мен құранның іске айналған көрнісін яғни тірі меңгерушілік сипатты түсінігін береді. Сондықтан Алланың көркем есімдеріне (рұхқа) жалбарыну тым жариялап та (християндар сияқты) тым құпиялап та (бөлек-бөлек жалбарынып, будизм, тибет т,б) ортасындағы жол қазақтың құранмен бірге жасайтын салт-дәстүрлік шариғат амалдары шығады. Сол сияқты «Аққу», «Сұңқар» жаратқаннан түскен атау бірақ оған лайық болу үшін ұзақ уақыт сыннан өтіп, құлшылық сырларын толық меңгеру шарт. Керісінше дәреті түгіл киімі дұрыс емес, бата түгіл өзініңде, сөзіде жүйесі жоқ және ана тілі де дұрыс емес, намазы жоқ бойында темекіні бұрқыратқан пенделерде құдайсыз діншілердің екінші сипаты. Шайтанның жәрдемшілері. Сондай надандардың кесірінен Ата жолы ақиқат бастауын бөлшектеп, ыдыратып елге теріс пікірлерді туындатып жатыр. Әй дейтін аналарымыз, еркектердің жағасынан алып, қыздарымызды жалаңаш көшеге шығарып, үстемдікке таласып жатса, қой дейтін қожаларымыз мақтанға мәз болып, ақша дейтін құдайды ойлап тауып соған шоқынып жатса қандай Құдай патшалығының үстемдігі болмақ.