«Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ахиретте зиянға ұшыраушылардан болады.» (3-85) Осы аятты тәпсірлеген ислам діншілері; исламнан басқа діндер мүлде дұрыс емес, сондықтан тек ислам дінінің қағидасымен онда да тек араптар елінің ұстанымен жүру керек» деп түсіндіреді солай қабылдап үйреніп кеттік. Ал сүре санына түсінігіне ғылымына жүгінсек керісінше жер бетіндегі 200-елдің ортақ дінін және Тәурат, Інжілді шынға шығарады. Әрбір аяттың міндетті түрде жұбы және пары болға тиісті десек онда 85 санын дәрежелесек 13 саны болып 13-тің жұбы қашанда 12. Олай болса 84-(12) Аятта; «(Мұхаммед): «Біз Аллаға, өзімізге түсірілген Құранға, Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұптарға және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұса, Ғисаларға сондай-ақ пайғамбарларға Раббыларынан түсірілгенге де иман келтірдік; ешбіреуінің араларына айырмашылық жасамаймыз. Сондай-ақ біздер Ол Аллаға бой ұсынушылармыз» де» ( 3-84) Бұл аяттың қарапайым түсінігінің өзі ислам діні дегеніміз бүкіл діндердің жинағынан құралған «Құран» яғни дідер бір дін «Бол» деген жаратушы тарапынан берілген үкім екен. Аяттарда бөлшектеп оқып немесе қатарынан жаттап оқудың салдарынан ислам дінін әлемге жек көрнішті қылған кімдер? Ислам діні дегеніміз; Тәурат+Інжіл +Забур және бүкіл Тәңірге, Құдайға табыну амалдарымен біріктіру нәтижесі Құран болып табылады. Көркем сөзді сызықтық бейнелегенде дұрыс шеңбер түрінде ғана салынады. Сондықтан енді әр кітапты сандық мәнімен бейнелесек үлкен шеңбер ішіндегі үш шеңбер болып шығады. Ал түсу барысымен біріне бірін жалғасақ олимпида белгісімен үлкен шеңбер ішінде орналасады да адамзаттың ақпараттық сызықтық негізгі жүйесін көруге болады. Ал ретік сан мәнін қойып тексерсек Тәурат-2, Забур-3, Інжіл-1, Құран-4 болып; 2314 санымен екілік дәрежеде 55, ал негізінен 10 санын береді. Яғни 10 жүйемен бірленді. 10 саны құран ғылымы бойынша; ойды іске айналдыру, ойды меңгеру. 2314 жылы әлемде тек бір-ақ дін болады деген ұғымдыда көруге болады. Енді үгітік белгісімен; Інжіл әдетті, қылықты қалыптастыру-шарио, дао. Тәурат ғұрыптық істер болып; ғылым, білім, шаруа және жерге қожалық отан, мемлекет құру. Забур салтық негізді яғни өнер, құрал жабдықтар, сәулет, құрлыс, ән-күй, табиғат қуатарын меңгеру. Құран үгітінің негізі; тазару қара күштерге қарсылық, арам мен адалдың арасын ажыратып ақырет, өлім, тағдырға байланысты үлгілі істерді қалыптастыру 8 түрлі қуатық әлді 4-ке біріктіріп және ішкі 16 қозғалыс негізін бірлеу-дәстүр. Қазақтың діндік сандық белгісі; 1234 =37, 10 . Қазақ елінің дін негізінің қалануы 37 және 10 сүрелерден білуге болады бірлесек 47-Мұхаммед. Арптар болса 34 Забур және Құран. Сондықтан арптарға түскен сүре Құран және Забур 43-ші сүре және 12-ші сүре. Олай болса қазақ елі Адам ата қауымынан бері ислам дінін ұстанып біздердің; әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз әлемдегі бар діндердің орындалу көрнісін береді. Әлем дін тарихындағы ашық дәлелдердің көп келіп кереметтерді көрсеткен әулиелеріміздің кешеге дейін өмір сүріп және солардан қалған ұрпақтардың әліде арамызда өмір сүріп жатқанын кім жоққа шығара алады? Сондықтан да аятта: « Аллаға иман келтіріп, шын мәнінде Пайғамбардың хақтығына куә болғаннан әрі оларға ашық дәлелдер (Ясауи хикметтері) келгенен кейі қарсы шыққан қауымды Алла қалайша жолға салады? Алла залым елді жолға салмайды.» (3-86) Қазақ елінде әулме-әмбилер ұстанған жолға ел болып қарсы шыққан жоқпыз тек дінбасында отырған, сыртан келген қауымдастықтар ғана сондықтан олардың тура жолды тауып сонымен келеміз дегенін құран ғылымы жоққа шығарады. Олай болса; Тура жолды қалай түсінеміз? Пайғамбарымыз тура жолды қалай ұстанған? деген сұрақтардың болуы заңдылық. Аятта; «(Мұхаммед) Алла (Т.) саған, алдыңғыны растаушы Құранды шындық (аян, уахи, түс) бойынша түсірді. Және Тәурат, Інжілді түсірді.» (3-3) Олай болса пайғамбарымыз бар кітаптың амалдарын біліп және орындаған болып шықты. Демек тура жол қағидасы бұрынғы үш кітаптан іздеуіміз керек екен. Дәлел; « Бұрын адамдарға тура жол еді. Және парық қылатын мұғжизаны түсірді. Расында Алланың аятарына қарсы келгендер үшін қаты азап бар. Алла, өте үстем, өш алу күшіне ие.» (3-4) 4 санымен тек төрт кітаптың бірігуімен; тура жол Інжіл, Тәурат ал Забурден барлық мұғжизаның көрнісі болатынын ескертіп ондай хикметтерге қарсылыққа яғни өзге дін амалдарын мойын ұсынбайтын елдерге жіберілетін сынақтарды ескертеді. Егер елде басқа діні азған елдермен қатар сондай ауру, от, су жер апаттары болып жатса, онда ол ел тура жолын таппаған болып есептеледі. Егер жалпы ел ішінде мейлі шағын топ босын тура жолды толық орындаса онда жаратушымыз ол елдің сынақтарын жеңілдетіп және берекетерді де ашып қояды. Тек өз ара дін ішіндегі ақпаратық соғыс қана жүруі керек. Сондықтан ондай елге келегн хикметтерге қарсылық көрсеткен діншілерге аятта; «Олар Алланың нұрын (дінін) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла (Т.) мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32) Демек бәрібір сынақтар арқылы тура жолды бекітетінін тәбаға келтіретінін ескерткен. Олай болса тура жолдың нәтижесі Құран- нұр ақирет амалдары, сондықтан сандық мәні -32 (даналық, бата, уахи). Інжіл- шарио тазару амалдары сондықтан саны-18 (ана тілі рұх). Тәурат жаратылыс және дін ғылымы сондықтан саны-23 (білім, ғылым). Забур сөз ғылымы және күш, қуат жаратылыс егелерімен байланыс сондықтан саны-27 (күш, қайрат). Діннің жүйелік сандық мәні-3 белгіден, сатыдан тұру керек; тәнді сүнетеу, жанды сүнетеу және ақиқатты ақыретті тану. Сондықтан тәнді сүндетеу яғни тән ғылымын меңгеру жалпы әлемге ортақ негізгі қағида діннің бірінші сатысы болып; кітаптардың түсірілу ретімен меңгеріп бірлеуді; 2-Тәурат; жаратылыс құпияларын заңдылықтарын меңгеру, білім, ғылым, еңбек, зиратау арқылы қолдың ағаруы. 3-Забур; табиғат және жан жануарлар әлемімен ем-шипа, қаралықтарға жын-шайтан әлеміне қарсы тұру, бақсылық т.б нәпсінің және балтыр мен мойын арасының нұрлануы. 1- Інжіл; шариғат-игі істер көкірек, жүрек ішкі ағзаларды тазарту Құран ақирет заңдылығымен, намаздарды толық орындап, хаж амалдарымен табандардың бекуімен, бастың нұрлануымен толық бойды қалыптастыру. Ғұрыпты салтқа айналдырып. Дәстүрді әдетке айналдыру арап елдеріне тән бес парыз амалдары шығады. Ал тән мен жанның бірлігін қалыптастыру үшін әуелі Інжілді меңгеру оған тілді және әдетті қалыптастыру яғни бірінші ұлтық тәрбиені сіңіру әдетке айналдыру. «Қызға қырық үйден, ұлған отыз үйден тиым салып» адамгершілік негізін қалыптастыру. Екіншіден Тәурат ғылым білім, табиғатың құпия сырларын біліп, өз ортаңды жер анаға деген мейрім мен ізгілікті істермен «мүмін» болу. Ал Забур болса Абай атамыз айтқандай; «Бес нәрседен қашық болып, бес нәрсеге ғашық болып.» ұлтық өнеге аталардан келе жатқан мирастарды меңгеру. Сонымен қоса салтыңды дәстүрге айналдырып ақырет заңдылығын меңгеріп «Өзекті жанға бір өлім» екенін мойындап «Құдайсыз қурайдың да сынбайтынын» ескеріп бүкіл діннің орындалу амалдарын дәстүрге айналдыру, бірлеуді тура жол қағидасы дейміз. Ал енді осы тән жан ғылымын бірлеп дінің негізгі ортасы ішкі қасиеттерді меңгеру үшін осы қарапайым қазақша дін таным қағидасын әрі қарай құранның құпия сырларының тылсыммен батамен, уахимен жетеленіп, «Баталы құл арымас» деп сопылық және сопы ғалымдық дәрежелерге көтеріліп оның белгілі сатыларын қалпе, ахун, ишан, хазірет және Ахметтік дәрежелерге жету қағидасын; Құл Қожа Ахмет және Ясауи деп атағанымыз абзал.
Құран ғылымына жүгінсек; арап елі үмметтердің орта тобын белгілеп пайғамбарға куәлікте тұруға және Құранның үндік дәрежесін өз қалпында сақтап тұруға бұйырылған Сондықтан араптардың ділдік белгісі 143 санын бері осы санмен берілген аяттардың бәрі және 43-ші сүре араптарға түсіріліп даму өркендеу шежіресін көрсетеді. Көп діни сауаттылардың құранның сүресінің насихаттық бағыты және аяттар сандық мәніне мән бермей арапқа арналған, немесе басқа таудың арғы жағындағы елге арналған сандық мәнімен түскен аяттарды қазаққа, түркі тілдес елдерге таңып пәтуа шығару үйрешікті іске айналған. Тіптен пайғамбар өсиеттерінің өзі құран аяттарының сандық мәнніне байланысын үзіп тек сөз қуған тәпсірлер құранның аяттарының күшін жойып болды десек қателеспейміз. Сондықтан Шәкәрім атамыз; Арақ-ақыл, мастық-ой, жар-хақиқат, жан-нәпсі, шатақ-иман, дін-қиянат деп ескерткені бекер емес. Араптар исрайылдықтардан тарған Ыбырайым пайғамбарымыздың Исмайылдан тараған бір ұрағының жалғасы болып табылады. Аятта; «Раббымыз! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйің (Қағба)ның жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды оқитын болсын! Енді адамдардың көңілін оларға аутын қыл! Сондай-ақ оларды, жемістермен ризықтандыр! Әрине олар шүкірлік етер» (14-37) Бұл аяттың үгіті бойынша Меккелік араптар намазды оқуға бейімделіп ал намазды орындау яғни шүкірлік ету өз еріктеріне берілген. Сондықтан Ыбырайым пайғамбарымыздың тілегі қабыл болып ислам діні бекігеннен кейін Меккелік араптар тек намаз оқып негізгі тамағы жемістерден болып, үндік, ділдік сипаты тұрақты болып басқа елдердің оларға қызығушылығын тудыру керек болды. Ондай елдердің білімі тұрақты болып тек дайын өнім білімдермен ғана қажетіне қарай пайдалануға бұйырылған. Жеміс өнімдері негізінен көктік азық болып суға ғана тәуелді болады. Әбу һурайра өсиетінен; «…(Сара): «Алла кәпірдің айласын өз алқымына бұрды және қызметкерлікке Ажарды берді» дейді. Әбу Һурайра: «Бұл сендердің аналарың ей аспан суы перзентері!,-деген» (1349,3358). Арап тілі аспан суын белгілеп таңбалардың да құпиясы соған байланысты түсірілген. Ал жер суының таңбасы Қытай елі болып, араптар негізінен Қытайлармен үндестікте ғылымы туысқан болып келеді. Сондықтан пайғамбарымыз; Ғылымды яғни сөз құпиясын Қытайдан іздеңдер,-деп астарлы түрде ескерткен. Қазақ тілінің негізі жер және от болып, Адам ата қауымынан жалғасты келе жатқан «Кер» жазуы болып табылады. Құпиясын жапондықтардан, корейлерден екі буынды әліппеден іздеу керек. Арап тілі физикалық шамамен өлшенсе, қазақ тілі химиялық шамамен өлшенеді. Латын тілі отпен жер суының шамасын биологиялық шаманы белгілейді. Әр халықтың таңбасы өзіндік үндерінің ыдысы болып көру белгісін қалыптастырады. Басқа елдің сөзін яғни сөз майын әр ел өз ыдысымен ішкен дұрыс. Сондықтанда қазақ елінің жағдайы арап тілді елдердің жалпы таудың арғы жағындағы елдер сөздеріне мүлдем қарама қарсы. Европадан ондада орыс арқылы алған сөздер ғана сіңімді болу керек. Әр халық өзіндік үндік ерекшелігін таңба арқылы белгілеп, сол үндік ыдыстарына өзге елдің сөзін құйып, үндер бірлестігін бал ішу немесе шарап ішу, мақам табу деп аталады. Ал сөздің ұлтық дыбыстық, үндестік заңдылығын сақтай отыра және суретелуге тиісті нәрсенің толық сипатын мағынасын жеткізе білуді сөздің майын тамызу немесе май ішу деп атайды. Бал әйелге, балаға тән жіңішке үндестіктен тұрса, ал май еркекке тән. Сондықтан Құраннан май ішеміз, ал ана тілі «Бал-бал», шек-ара. Қазақ елінің тілі негізінен адам атадан бастап сөз жасаушы елдердің негізін қалап «Алтауын араздастырмаған» ауылдардан болмыз. Сондықтан да жұлдыздарды бақылап, айға мұқият қарап, жаратылыстан негізінен азығы мал өнімдеріне жер анаға тәуелді болып, жер өзгерістеріне жаңбырдың құрамына қарай үнемі қарама қарсылықты жеңіп отыру үшін әуелі намазды орындап үйренген халықпыз. Ал төртеуді түгелдеу үшін, себебі алтауы өзімізде жатқандықтан исламды өз еркімізбен қабылдап, намаз оқуды араптардан артық білмесек кем қалмаймыз. Жемістерден балға қосып шарап жасайтын жүзімде жерімізде жеткілікті өседі. Осыған байланысты ислам тарихының белестерін көрсететін пайғамбарымыздан және сахабалар өмірінен үлгі өсиет бар: (Ибн Аббастан) «Пайғамбарымызға бір кісі келіп: Мен түнде түсімде май мен бал төгіп тұрған көлеңкелі бұлтты көрдім және одан алақандарымен жинап алған адамдарды көрдім, (біреулері) көп, (біреулері) аз жинап алды. Кенет жерден аспанға жеткен арқан көрдім және оны ұстап жоғары көтерілген сені көрдім. Сосын оны басқа кісі ұстап жоғары көтерілді, сонан оны тағыбір кісі ұстап жоғары көтерілді, сонан соң оны тағы бір кісі (4-ші) ұстаған еді, үзіліп кетті де кейін қайта жалғанды»-деген. Сонда Әбу Бәкір; -Уа Алланың елшісің! Әкем саған пида! Алламен ант етейін рұқсат етсең мұны мен жориын,»-дейді. Пайғамбар; Жоры-дейді. (Әбу Бәкір); «Көлеңкелі бұлт ислам, май мен бал төгіп тұрғаны-шырын дәмі төгіліп тұрған Құран, сонда құраннан адамдардың біреулері көп, біреулері аз үйренеді. Ал жерден аспанға жетіп тұрған арқан-сен ұстаған ақиқат, сен оны ұстап, Алла өзіңді жоғары көтереді, сенен кейі тағы екі адамда осындай дәрежеге жетеді. Сонан кейін төртінші адамның тұсында арқан үзіліп кейіннен қайта жалғанып адамдар қайта көтеріледі. Уа, Алланың елшісі! Әкем саған пида! Айтшы, дөп түстім бе әлде қателестім бе?»-дейді. Пайғамбар: «Кейбірін дөп басып айттың, кейбірінде қателестің дейді. Сонда Әбу Бәкір: «Алламен ант етейін, қателескенімді айтуың керек»-дегенде; пайғамбар: «Қасам ішпе!»-депті.» (2091,7046-шы өсиет) Бұл аянның түсінігін осы аянды растайтын құран аяттарынан кейін түсінікті болмақ. «Осылайша, Құранды арапша үкім түрінде түсірдік. Саған ғылым (аян) келгеннен кейін, олардың (сахабалардың) көңілдері ауған жағына ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды.» (13-37) «Әй мүміндер! Ғалымдар мен машайықтардың көбі, адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхаммед) сондай алтын, күмісті жиып (өріс, қуат, қасиет) Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле.» (9-34) «Оны (киелі рұхты) хақиқат бола тұра ұлтың жасынға шығарды. (Мұхаммед) «Сендерге уәкіл емеспін» де.» (6-66) Жоғарғыдағы аян бойынша тура жолдың негізін қалап және Алланың жібіне, аян арқылы сөздердің ғылымын құпиясын меңгеріп, көктегі негізгі кітапқа исламда алғашқы болып пайғамбарымыз жалғанып сонан кейін екі сахаба жалғанған екен. Үшінші сахаба тұсында ол кітаптың жібі үзіледі де яғни кітапқа қожалық хикметтер, хақиқат тоқтайды. Шындығында пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін үшінші сахаббаның басқару тұсында пайғамбарымыздан аманатталып келе жатқан сақинасы (мөр) құдыққа түсіп жоғалды деген әңгіме қалған.Тура жолдың көкке жалғанған жібі болып, ең ұзын сүре Бақара сүресін толық меңгеру болып табылады. Тақуалық тазару амалдары негізінен 34, 35 сүредерден басталады. Бұл сүре адмзатың негізгі жерлік өмірінің басы Адам-ата ұрпақтарынан сақ тайпаларының қалыптасуы болып табылады. Әрине ол үшін 34-тен 66-ға сосын 33-тен екінші сүреге дейін яғни 64-сүренің амалдарынан өту керек. 60-май, 4-сүре бал болып, сонан соң аянмен көкке жалғанады. З-сүре алдыңғы 3 киелі кітаптардың да амалдарын қосып, 2-ші сүремен қажылықпен көкке жалғанады. Ал пірлікті меңгеру яғни «Бірге» қосылу оңнан солға қарай қайта фатиха сүресінен бастап 99-шы сүре аралығын негізінен 66-99 сүрелер аралығын хикметтерін алумен орындалады. Сондықтан тек бес парызды орындауды ғана емес «Алтауды араздастырмау» амалын меңгеріп 6+5=11-мен ұсынуды аятта; «Одан кейін хақ иесі Аллаға ұсынылады. Сақ (қас) болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62) 11 санымен белгілеген (сопылық) таспихтың есебін іздеп, болмаса сұрап көріңіз! Әзірше оқырманға негізгі намаздардың толық орындалу жүйесінің сыртқы бейнесін ғана көрсетіп отырмын, ал ішкі есептік жүйесі әр адам баласының қабілеттік, қасиетік белгілеріне қарай 9 және 11 сандарымен ішкі мәні 7-ні меңгерумен жеке-жеке тылмыммен батамен жүйеленіп отыру керек. Сопылық немесе ғалым сопылық ол тек елден безіп немесе тіршілік қамынан бас тартып өзін-өзі азаптарға салу емес керісінше халық арасына сіңумен ғана орындалу керек. Сондықтан әрбір ғалым немесе қойшы және әкім т.б өз дәрежесінде тақуа болмаса сопылықты меңгере алады. Оған қазақ елінде өз еңбегімен қағаз дәлелдеп кеткен бізге шежіреден ең жақыны Абай, Шәкәрім, пір Бекет және көптегн хикметтерімен тарихта қалған ишандармен, бақсыларды алсақта жеткілікті. Алда құран арқылы нақты дәлелдер беріледі. Енді ислам дінінің негізгі қазығы болып табылатын Араптарға келсек; олар құраннан түсінгенін үгітін ғана орындап, бес парызбен шектеліп, ал пайғамбарымыздың қосымша жасаған құлшылық істерін санаулы ғана сахабалар меңгерген. Олай болса пайғамбарымызға жеке келген аяндарға, уахи, батаға қарсылық білдіріп дінді қысқартушылар, Аллаға қарсылық болып аяттарға ортақ қосу болып табылады. Аятта; «Раббың тарапынан саған уахи етілгенге мойын ұсын. Алладан басқа тәңір жоқ. Ортақ қосушылардан жүз бұр.(106) Егер Алла қаласа еді, олар ортақ қоспас еді. Сені оларға күзетші (періште) қылмадық. Сондай-ақ сен оларға кепіл емессің.»(6-107) Бұл аяттың мәніне жүгінсек жалпы ислам елдеріне берілеген тақуалықтың нәтижесі «ағару» яғни қара нәсілден қоңыр түске немесе ақ түске өзгеруді білдіре отыра; пайғамбарымыздың шапағатымен нұрымен кездесіп аян алып Алланың кеңшілігіне жетуді және оған қарсылық жасаушыларды көрсетеді. Егер пайғамбарымыз болашақта араптарға кепілдіке періштелікке (шапағат жеткізуші) тұрмайтын болса, онда оларға пайғамбар тарапынан уахи яғни бата берілмейтін болса, онда қандай тура жолда немесе құран аяттарының құпиясын, насихатын немесе ғылымын алу керек. Намаздарының өзі пайғамбарымыздың көзін көрген кезде дұрыс, толық болмаса мың жылдықтан кейін нені сұрап, кімнен үйреніп жүрміз деген заңды сұрақ туындайды? Қазіргі таңдағы діни сауттылардың тура жолының басты дәлелі қажылықтың өзі де 40-қа ақылы толмаған және онан кейін 9 жылдық намаздарды толық орындау сынақтарынан өтіп арнаулы шақыру аянын алып бармаған қажылық, әйтеуір сауап істердің бірі болып табылады. Мейлі сеніңіз, сенбеңіз өз еркіңізде оқушым сол 3-ші сахаба тұсында үзілген жіптің, арқанның толық жалғануы Арыстан бабамыздың пайғамбар аманатын құрмамен Ясауи бабамызға әкеліп тапсырғаннан кейін қожалық (Қожа-НАСЫР) яғни ақирет сырына Алланың көктегі мүлкінен үлес алуды тура жолдың негізі «пайғамбар құрмасы, өрнегі» қайта өріліп, көкке «Көк тонды» бабамыз арқылы жалғанды. Әрине оған дейін діннің дамуы тоқтаған жоқ. Биіктігі болмаса да көлемі жағынан топтарға, масхабтарға бөлініп әрбір амалдар ұлтына, әдетіне, үндеріне қарай жетілді және бөлшектенді де. Сондықтан сахабалардың, олардан үлгі алған ұрпақтарының, шәкіртерінің қожалар болып қазақ жеріне келуінің бірден-бір себебі де негізгі қожалар еліне сол жіптің ұшын іздеп жалғануға Алланың қалауымен, Рабыларының көрсетуімен келген. Қожа- руда, елде емес, Нұх пайғамбарымыздан бері жалғасты келе жатқан әрбір мұсылманның еркіне берілген қасиет, яғни негізгі кітапқа жалғанып, хақиқатты көріп, мұғзижалар көрсетуге ұлықсат алған бақсылар ісін жалғастырушылар. Олай болса бұрынғы қазақ елінде өткен ишандықты меңгерген әулие аталарымыздың көбі бақсылар яғни қожалар және Ясауи бабамыздың шәкірттері болып табылады. Оған дәлел жоғарғыдағы аяттағы Мұхаммед пайғамбарымызға ескертілген арап еліне уәкілдіктен ажыратылып яғни уахи, бата беруге жаратқаннан түске үкім куәлікте жетеді. Бұнымен Арап елін елін кемсітіп отырған жоқпын, онсызда жаратқаннан сыйға құранға уәкілдік алып, орта топ болып, діннің негізгі қазығы және басты қасиетті үйдің шырақшысы болу да үлкен мақтаныш. Құран сөзі- Алланың өзі, ұғымы әлемге ортақ! Әр халықтың алатын несібесі үлесі бар. Тек сол несібені қызғанып кемітуге болмайтынын ғана ескертіп отырмын. Арап тілі=4 болса, Қазақ тілі=5 біріктірсек 45! Сол мизанды тарзы басын теңестіру үшін тура жолдың куәләгі, пайғамбарымыздың уәкілдігі құрмамен қазақ еліне ауысқанын мойындап, дін тазасын діннің өз ішінен ислам тұтастығынан яғни көктен емес жерден және шежіреден, тарихтан іздеген абзал. Тура жол жаннат арқылы басқарылып, ал жаннат әйелдердің табанында. Табан нәсіл! Нәсіл үндік негіз-ұлт, тек, Нәсілмен байланыс Інжіл арқылы тазару, емделумен ұлтық әдеттік шариғатын қалыптастырып, Тәуратпен зиратау намаздар қағидасынан тау-тасты аралап, «шырақ жағып» іздейді. Забурмен үнмен сөзді табиғатпен, тылсыммен қосылып мақамды тауып, Құранмен бірлеп дәстүрді толықтырып жетілдіріп отыру шарт. Әрбір дін уақиғаларын толық түсіну үшін үнемі тарихтың басы және аяғын, ортасын қамтып отыру керек. Ұзындығы 5-күн яғни 5000 жыл шежіре. Сондықтан «Бес күн жалған (біріктір, қос)»! Себебі жер бетіндегі адамзаттар тағдырын, елдерді бөліп, жеке-жеке қарауға болмайды. Әрбір оқиғалар қайталанып, бір елден бір елге желмен ауысып жер жүзіндегі ғана дүние дөгеленіп тұрады. Сондықтан сегіз дөңгелек 9-шы түйін, оныншы жаратқанға бірігумен қайта басталып отырады. Оқиғалар тізбегі 9-дәуірге бөлініп, тәубе сүресінің құписыда соны білдіреді. 900 жылдың үстінде өткен, жер бетінде болған дін оқиғасы енді қайта келді әлемге және қазақ еліне. Сол замандарда Арап тілді елдерінде дін соғыстары жүріп, ыдырап, бөлшектенсе керісінше түркі елдерінде әсіресе қазақ елінде діннің өркендеуі болған. Ондай уақиғалар неден пайда болады? Әрине сөздердің саудасы, саттығы, алмасуы жүріп, көп атаулардың түсініктері жоғалып, сонан барып «ширик», «серік» деген қазіргі таңдағыдай жалған түсініктерге бой беруден басталады.