Аллаға құлшылықтың етудің нәтижесі де жоқтан бардың, немесе әлсіздің күштіге, білімсіздің ғұламаға айнала алатындығын дәлелдеу болып табылады. Қазіргі таңдағы қалыптасқан ұғымның негізі; араптардан басқа әлемде ислам дінін танытушы ғұлама жоқ себебі құран тек арап тілінде ғана түсінікті болу керек сондықтан тура жол амалдары мен қағидаларын тек арап елдерінен үйреніп дінді меңгеруге болады деген үгіт насихаттардың негізсіз және Аллаға серік қосу амалдарының басты сипаты болатындығына дәлелдермен тарихтан қалған белгілерді хикмет істерді көрсету. Және де дінді заманына қарай жетілдіріп кеңітіп, қосымша амалдарға үкімдер түсіріп, заманына сай амалдарды намаздарды жетілдіру, қалыптастыру дін заңдылығы болатынын, ғылыммен дәлелдеу басты мақсат. Жасынан көк жиекті көріп өскен текті білімді қазақтың; Осы уақытқа дейін бұл ақпараттар неге халыққа жария болмады?- деген сұрақтың да қойылуы сөзсіз. Мұсылманның басты міндеті зұлымдыққа жәрдемші болмау мен сабырлық. «Сабақты иненің де сәтін күтеді демекпін. Әрине ақталудан аулақпыз, әрекетсіздікке де түскенде емеспіз. Бұл ақпаратар негізінен қазақ халқына дін басқарушыларының; «ширик-шерік», «серік» қосушылар, дінді бұзушылар етіп көрсетіп, діни сауатсыздар деп қудалап соттатып, әкім қаралардың артымызға май шам алып түскен, иманы жолдас болғай Қыдырәлі Момбай ұлы бастаған «Ақ жол» атты топтың мүшесі ретінде, қазақ елінің дінің тарихының тармағы болып ескіден қалған мұраларды қайта көтеріп ескіргенін жаңалап өшкенін қайта өсіріп біраз жылдардың сынынан өтіп қайта қазақ атты текті ұрпақтармен табыстыруға жаратқаннан түскен үкімдер, баталар бойынша ғана жазылып отыр. Тарихтан тағлым болу үшін болашақ өсіп келе жатқан өрендеріміздің алдында нақты оқиғалардан, жіберілген қателіктерден ақ қарасын оқырман өздері бағасын бере жатар деп халыққа 7-8 жыл арасындағы діни оқиғаларды да болашақта баян етуге бұйырылдым. Сондықтан бұл басылым сол болашақтағы баяндалатын ақпараттардың бөлшегі ғана деп ұғыныңыз. Себебі алда жариялатын ақпараттар белгілі болғандардың шамалы бөлігі болып табылады. Аяндармен көрсетіліп, оқылып жатқан құпия ақпараттар тек тылсымның ұлықсатымен ғана аз ғана бөлігі жария етіледі. Соның өзі қазақ ғұламалары түгіл әлем ғалымдарының өзін тығырыққа тіреп, талай өтірік жалған ғалымдармен, дін ғұламаларының бет пердесін сыпыруға жеткілікті болмақ. Қазіргі таңдағы қазақ жерінде шығып жатқан көптеген діни басылымдардың және көптеген ғалымдардың еңбектерін құран арқылы өтірікке шығарып өздері-өзінен жазған еңбегінен айтқан сөзінен қашуына тура келеді. Ақиқат өзін көрсетсе, кейбір шынның тығыларға жері болмас! Ақиқаттың ақталатын күні туғанына қасиетті кітаптармен ант етемін! Алда оқырмандарға түсінікті болу үшін, әрбір баяндалуға тиісті мақалалар жаратылыстың басы және аяғы, ортасы шегіністермен тербелістермен беріліп отырады. Тізбектеп жүйелеу, керектісін бөліп алып талқылау әр оқырманның өз еркінде беріледі. Себебі ғылымныңда, тіршіліктіңде, жаратылыстың да барлық салаларын қамтып отыратын үзік-үзік мақалалар бар. Ал әрбір оқиға баяндардың толық ішкі сырын түсіну үшін көптеген ғұламалар еңбегін қамтып отыру керекте бір сүренің немесе аяттың мәнін ашып көрсету үшін де арнаулы кітап жазу керек болады. Оған байланысты болашақта талай қазақтың қасиетті текті ұлдары қалам тартар деген үмітемін. Сондықтан кейбір мақалалар оқылуға қиын, түсінікке ауыр болып шықса, оқырмандардан алдын ала кешірім сұраймын. Қош әр нәрсенің қозғалуына бір себебі бар дегендей, жуық арада жұма намазынан кейін мешітке қызмет етуші, қазақ жеріндегі бірден-бір беделді үкіметтің мүдесіне сай деп ойлайтын «Нұр Мүбәрак» атты жоғарғы дін мектебін тамамдаған жастарымыз үн парақ таратып, мен де алып оқып көрдім. Оқығаным бар болсын, біраз уақытқа дейін өзіме өзім келе алмай байқамай нәжіс басып немесе арам жеп қойған пендедей толғатуға тура келді. Бұдан әрі төзімнің де шегі болмас, тасада жатып асыл қазынаны қойынына басып кілтін тығып қойған «Қарынбай» болғанша, көп ши бөрінің жемтігі-ақ болайын деп, «жаратқан жар бол, аруақ қолда!» деп тылсымнан ұлықсат сұрадым. Ұлықсатта көп күттірмеді шабыт болып келді, аянмен жолды ашты! Сондықтан соңынан алға қарай жазылған, барлық басылымдардың, мәдениет майталмандарының, «көгілдір терезе» (теледидар) мамандарының, ақындардың, ғалымдардың, дәрігерлердің (шипагер), әкімдердің, сөз шебері мүйізі қарағайдай «философтардың»(шешен, абыз) талайының алдына ұсынылып, қабылданбай шаң басқан, қағазға түскен ой толғауларды жариялай отырып себептерін, тарихын талдай отыра, тың деректерге көшуді яғни құран арқылы «жиһад» ашуды жөн көрдім. Бабалардан қалған қалған салтымыз; Сын қалай айтылса да тек ақиқатты ақтау үшін ғана халықтың мүддесін, Алланың жолын бұздырмау үшін айтылған. Сол салтымызды ырым қылдым!
Жалпы дін дегеніміз не? Ислам танутышылар жаратушыға құлшылық яғни намаз оқу –деп түсіндірсе, християндар шіркеуге немесе үйдің бұрышына бір қасиетті әулиенің бейнесін іліп қойып соған шоқынып жалбарыну-деп түсіндіреді. Тәурат куәгерлері кітап парыздарын орындау деп қалған жер шарын алып жатқан көпшілік әр түрлі құдайлар немесе тылсым күштерін осы біздің тәңіріміз деп білгенінше жалбарыну амалдарын жасап жатады. Ал қазақтың кейбір білімділеріміз біз көк тәңіріне табынғанбыз, содан айрылмауымыз керек десе, енді исламды зертеуші ғұламаларымыз араптан келген діннен тазасы жоқ намаз оқып бақытқа жетіп жаннатық болайық деген ұстанымды насихаттайды. Ал негізгі қарапайым шаруашылықты жүргізуші және аздаған ғылымда, басқару саласында жүргендер ата-бабаларымыз құдайға табынған сондықтан аруақ қолда деп жауға да шауып қаншама нәубеттерден аман шыққан халықпыз деп жартылай исламды қалғаны құдайшыл болып тіршілік етудеміз. Бірақ оған жаратушы тарапынан түскен кітап немесе ғылыми дәлелденген бас аяғын қамтитын кітап жоқ деген ұғым қалыптасқандықтанда ал болғандарының өзі үзік-үзік жамау-жамау болғасын және тағыда ата-жолы ақ жол-деп аруақшылар пайда болып, шеттен келген ақылшыларымыз бар өзімізден шыққан діни сауаттыларымыз бар, оған үкіметтегі білгіштеріміздің жәрдемімен соттатып , қудалап «Ширик, шерік, серік» деген таңба басып ит жеккенге болмаса да күл төккенге қарай айдатып тындық. Онымен бәрібір ештеме өзгерген жоқ, діннің өркендеп жемісін берер түрі де жоқ, қазақ еліне жаратушымыз әзір жаннатты көрсету түгіл көлеңкесінде түсірмей өміріміз қайта тозаққа айналып бара жатқандай. От апаты, су апаты, әртүрлі ауру, сырқат, дерт, науқастар саны күн санап артуда. Ау сонда дін дегеніміз қайда? Тек намаз оқуда ғана ма? Аурудан емделмесе, сынақтарды жүктерді жеңілдетпесе, болашақтан хабар бермесе, ғылымды дамытпаса онда неге дін деп немесе дінші боламыз? Ал тарихымызға, шежіремізге үңілсек сол сауатсыз адасқан шерік, серік қосты деген кезінде әулие аталып үкіметіміздің, арапшылар жәрдемімен қатардан шығарып тастаған аталарымыз күні бұрын келе жатқан апаттарды, ауа райы құбылыстарын, ауруларды алдын алып және сол тығырықтан шығу жолдарын да жаратқаннан сұрап, біздерді ылғи білгіш сауаттыларды яғни белдеріндегі нәсілдерін аман алып қалған жоқ па? Ол дінге жатпай ма?- деген сауал тағы туындайды. Менің есімде жасымнан дінің бір көрнісінен қалған бір жағдай; Елімізде Беркімбай кәлпе деген кісі өмір сүріп, совет заңының тиым салғанына қарамастан адамдарды емдеп, әр түрлі кереметтер көрсетіп өмір сүріп беріде қайтыс болды. Сол кезде сырдың көктемге қарай мұз буып халықты әбігерге салып, көптеген шығындарға түсіріп жаратушыны еске алдырып отыратын әдетегідей құбылысында, үкімет тарапынан қанша шаралар жасағанмен мұз қысып Жалағаш қыстағы суға кетуге айналды. Сол уақытта жандары мұрының ұшына келген партия басшыларының бірі аудандық бас хатшыға «Беркімбай кәлпені шақырайық, мүмкін, құдайға жалбарынып қайтарар» деген ұсыныс айтады. Басқа амалдары таусылған әбден күдер үзген ауданның бас хатшысы жауапкершілікті мойынына алып, өз орнымен іштей қоштаса отыра халықтың амандығы үшін, ол замандағы үлкен қылмыстың біріне барып, өз көлігімен кәлпе атамызды алдырады. Ол кісі келіп жаратқанға жалбарынып құранын оқып дұғасын бағыштап болғаннан кейін мұз құрсау өзінен өзі сөгіліп сең жүре бастаған екен. Бұл біздердің өмірден озған аталарымыздың тек беріде қалған нақты дінді іспен дәлелдеген амалдарының бірі. Ал тарихқа үңілсек сан жетпейтін оқиғалардың өткенін әрбір ауылдан, рудан еститініңіз ақиқат. Ал қазіргі ақиқаттың, шынның көрнісін, шындықтың белгісін немен өлшенетінін әзірге ешкім білмейді. Бірақ, елде болып жатқан адамдар қазасымен аяқталып жатқан апаттарға діндарлар тарапынан себебін, салдарын түсіндірген бірде бір мақала, немесе діншілер тарапынан құраннан дәлелдер болмағасын осы еңбегіммен халықты қысқа-нұсқа түрінде таныстырудың уақыты жеткенін жөн көрдім. Мақаланың негізгі тақырып жүйесін Інжілден Ғиса пайғамбарымыздың өсиетінен алып басылымның ішкі мағынасы; «Дінші болса да құдайсыздар!» деп атауды жөн көрдім. Мүмкін ол ағайындарымызда оқып көріп тәубелеріне келетіндері болса әрі қарай бірлесіп шешімге келуге дайынбыз. Оған тағы бір себеп кеше көршіміз орыс елін отқа оранғанда ел басшысынан бастап шіркеулерге тапсырма беріп құдайға жалбарынуды өтініш жасап әйтеуір бір себеппен апатың ауыздықтады. Ал қазақ елінде біздің мешіт діндарларымыз халық қандайда бір апаттарға, зұлымдықтарға түсіп, өліп, өртеніп, суға кетіп қырылып жатқанмен тек жерлеуге шақырмаса, өздігімен алдын-ала бармайды да қалай жаратқаннан жалбарынып сұрап себептерін анықтап құтқарылу шараларын мемлекетке, халыққа ұсынуды да білмейді. Өліктерді жерлеп құран оқыр кезде, садақа жинауда аруақ бар, ал қалған амалдарда болмайды деген екі жүзділік (мұнафақтық) ұғымдарына қақпанға түскен. Құлшылық азаптардан құтқарылу, жеңілдету қайғы қасіреттерден құтылу үшін, ауру азаптың шипасын ала алмайтын тек сыртқы бейнені көрсетіп намаз оқу үшін ғана бағыталған қандай дін? Дін заңдылығы, адамдардың жиналыс жасап оқиғаның соңынан жүретін, енді қайталанбасын деп, үнемі өзгертіп отырмаса ескіріп немесе заңның шықпай жатып күшін жоятын, көбі қағаз жүзінде ғана орындалатын үкіметің қайырсыз «зайырлы» заңы мен немесе дәрігерлердің ауырып болғаннан кейін емін іздейтін, тек аурып болғаннан кейін, себебін емес өзін ғана анықтап есебін жүргізетін амалы емес, сол ауруларды алдын ала болдырмаудың немесе тағдырыңды жақсылыққа бақытты өмір ізіне салудың намазы болғанда ғана тура жол болады. Тура жолын тапқан елде немесе адам баласыда тақуа және Алланың достары боып есептеледі де ондай елде аята: «Оларға дүние тіршілігінде де ахиретте де қуаныш бар. Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне ірі қол жетушілік осы.» (10-64) Енді қазақ еліне жаратқаннан басқа діннен безген елдер қатарында азап белгілері түсіп жатса онда әлі тура жолды тапқан жоқсыңдар деген белгі! Себебі аятта: «Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақыл жұмсамайтындарға береді.» (10-100) Ал ақылдың қалыптасуы тек ана тіліне және ұлтық әдет-ғұрып, салт-дәстүріне тәуелді. Таза ақыл-рұх! Демек толық ұлтық ерекшелігіне сай діні жоқ жерде шығарған заңның да, айтқан сөзіңніңде берген тәрбие, тиымның да пәтуәсі нәтижесі болмайды. Қош оқушым онда дінді қалай түсініп, қандай ғылыммен, сөзбен өлшейміз? Құдай кім? Тәңір не? Раббым Алла, Бір Алла, Алла тағала, Ол сондай Алла, Ол Алла, Сол жақ, Біздер, Мен, Маған құлшылық, Құдай т.б болмаса арапшыл діншілдерше «Аллаһ» деп неге атаймыз. Бүкіл жаратушымыздың жаратқандық 99 сипатын және барлық діндегі сипатарым ен өзіндік белгісін, біртұтас адамдармен, жаратқандық сипатқа орынбасарлыққа жеткен достарын, періштелерді бір сөзбен белгілеуіміз дұрыс па? Неге жаратушы жалғыз болса жалғыз жаратушыға дұғамызды көп қиналмай үйде отырып, немесе мешіттерден бағыштап, жалбарынып бақытқа жете алмай жатырмыз? Жалғыз болса онда бірден жаралған немесе алтаудың бірі емеспе? Соншама сенген бесіктен белі шықпай жатып намаз оқып, бірін-бірі өлтіріп, жаратушының қаһарына ұшырап және ислам елдеріміздің «шерік қосушы», «серік қосушы» жалпы «шириктер» деп аталған біздерден де жаман тұрмыс кешіп апаттарға, сынақтарға ұрынып жатыр. Сондай бесіктен белі шыққан баласыны дейін намазды оқытып үйрететін «намазхан» елдерді жаратушымыз азапқа салып қойса, нәтижесін білмей аз ғана қысқа жер бетіндегі тіршілік қызығыңды тозаққа, өміріңді азапқа айналдыру үшін намазды әрі қарай жабылып оқи беру ақылдылар ісі ме? Әлде басқалай жолы бар ма? Осындай сауалдарды есі қалыптасқан әрбір пенденің ішкі дүниесін мазалап, сонан көптеген сауалдардың туындап қан сонардан із кескен аңшыдай болып жүргендері даусыз. Сондықтанда өткендерге салауат айтып, ақиқаттың бастауы дін кемесіне мініп алып Нұх пайғамбарымыздың кемесі тоқтап аман қалған елден бір хабар алып көрейік демекпін. Қош, онда жаратқаннан Адам атаға берілген басты қасиет Алла атауларды үйретеді де ал сол атауларға сипаттар аттар беру адамзатқа тән берілген аманат емес пе? Онда әрбір қойылған аттардың қасиеттік сипаты, қабілеттік айырмашылығы болу керек шығар? Құранда қалай түсіндіреді деген сауалдың туындап оны түсіндіретін философ, психолог, сопы ғалым, тиолог дегендеріміз үн түнсіз жатқасын мамандығым инженер болса да қалам тартуды жөн көрдім. Қателіктері болып ғылымнан алшақ кетіп жатса; Бір Алладан жәрдем сұрап, Раббымнан түзу жолдан адастырмауына жалбарынамын! Өткенді шарлап із кесіп қайта тура жолымды тауып жатсам Абай-Шәкәрім аталарымыз ескерткендей; ізіме көп үңілме басты мақсат сырын ұқ!- дегім келеді. Негізгі талап дінді түсіндіру үшін жаратылыс сырын, тарихты және түсірілген кітаптар мен өмірден өткен ғұламалар еңбектерімен және қазіргі замандағы ғылым салаларынан мағлұмат түсініктер болу керек. Ендеше «кіріспе!» деп бастасам менен басқа білмейді деген мақтаныш болар, онанда келіңіз оқырман түп негізден ғұламалар еңбегін ойша сараптан өткізіп бірге жүйелеп көрейік. Ал Кіріс қазақ! Аруақ қолда! Жаратқан жар бола көр!