Құранның ғылымын сандармен жүйелеп оқу барысында ешқандай санның бостан бос қойылмай белгілі бір ақпараттардың әлем кеңістігінде немесе жаратылған нәрселермен қатысты орналасу орындарын белгілейді. Егер мысалға Фатиха сүресі немесе қандайда болсын бірлік немесе «Бір» саны тек көркем сөздің санға жарыққа айналуын білдіреді. Ал 33-ке дейінгі немесе жүзге дейінгі сандар көрінбейтін әлемге яғни реріштелік бейнеге жатады. Көмес бейнеге айналу 34-ші белгіден басталады. Сүре басындағы сандық мәнніңде өз ерекшелігімен сипаттық мәні бар. Жаратылыс негіздерін де сүрелер ішінде орналастыру осы тәртіпке бағынады. Қатты жұмсақ, су т.б нәрселік сипаттардыңда жаратылыстағы мәнін осылай анықтаймыз. Мысалға; темірдің 57 санымен және 29 түрлі сипатта болатынын «Хадид» сүресінен көруге болады. Осы сүремен қатылықтан кейін қарай қайта 114 сүреге дейін жұмсара береді. Сондықтан «Нас» немсе «Сан» жұмсақтық ғайыптығымен «Фатиха» сүресінен жоғары ішкі мәнімен төмен. Осыдан барып құранның сандық мәнімен е жаратылыс сырына үңіліп көрейік. Бізге жоғарыда белгілі болғанындай әуелі жаратушымыз өзінің нұрын әлемге паш етіп, сол нұры арқылы жерді көкті жаратып бәрін белгілі тәртіпке келтіріп сөзін періштелер етіп, Бастапқы жаратқан нұрын енді жаратқан немесе Алланың құдірет қолы немесе Раббымыз деп атауды бұйырған. Жаратушымыздан өз нұрын жаратып, жаратқаннан енді сөздерден бүкіл жаратылыс негіздері және сол сөз періштелер болып және суықтықтан жер пайда болып жерге түсіп тұрған сөздердің періштелердің әсерінен жердің бейнесі жауабы жаңғырығы, таспиғынан ғаршысы яғни өрісі жұбы пайда болған. Бұл мезгілге дейін тек сөз болды дін болмаған еді де бәрі тек жаратқанға өз мадақтарын айтушы, дәріптеуші еді. Сондықтан тек алты түрлі үн болды. Енді Рабымыз (жаратушы нұры, ақылы) өзіне орынбасарды жаратқанды яғни рұхын, дінін яғни қанды жарық беруші шамды жартуды ұйғарды да оған «Адам» деп ат қойды. Сондықтан жер періштелері бейнесі «Топыр»-ақтан яғни сөздерден періштелермен бейнелеп рұхын ақылды үрледі. Ақылдыңда екі сипаты бар еді. Ыстық сипаттағы ақыл Ібіліс періштелерден басқасы Адамға бой ұсынды. Осыдан барып үннің екі түрлі сипаты және бос кеңістік жол пайда болды.
Аятта; (Мұхаммед) сол уақытта Раббың періштелерге; «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,-деген еді. (Періштелер) «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктеудеміз» деді.» (2-30) Сондықтан Адам атамызды діншілердің түсіндіргеніндей бірден топырақтан емес үндердің бірлігі жарығынан жаратқан. Бүкіл үндердің қуаты 30-парадан жаратылып, 30+1-ді атауларды үйретіп «Мен» сипатын беріп, періштелерді сәждеге бұйырып 30+2, көк, жер құпиясын білдірген 30+3=33 санымен Адам атамыз жаралған.Бұл Адам атамыздың алғашқы жаратылысы және ол жаннатта басталғаннан кейін жаннатта топырақта батпақта болу мүмкін емес. Сондықтан Адам атамыз жердің қуаттық көлеңкесі текше түрінде және оған Раббысы нұрымен баурағанда шар түріндегі бейнеде болды. Сол шарды жұмыртқамен салыстыруға болады. Періштелер негізінен көктік белгі ақ болып текшені қоршап тұрып соған қызмет етуге тиісті болды. Яғни әуелі бас жаратылды. Бырақ сызықтық бейнелер болмады. Ібіліс; «үн-іл-ніл-қан», «иіс-іс-кісі», «түр-білім-ілім» -3 кірмей тыста қалды. Өйткені ол оттан пайда болған негізгі періште «Тек» еді. Адам ата жұбайымен 35 (30х5=150) сандық ақпаратпен белгіленіп жаннатта өмір сүруге тиісті болды. Бірақ Ібіліс періштенің орны 34-ші шардың ішінде бос болды. Яғни ой пайда болды. Ой теріс ақпарат. Демек адам басында 34 ой бар деген ұғымды білдіреді. Жаратушымыздың; «Оттан сендер тұтынуларың үшін ағашты жараттым» деген үкімді назарға алсақ Ібіліс негізінен жаратушымыздан қарғыс алып яғни теріс бейнеленіп, ақтан-ағашқа жарықтан қараға бөлушіге айналды. Ағаш ол жер бетінің ағашы емес жермен көк арасын жалғаушы ізге сызықтық бейнеге яғни жібтен бейнелі ағашқа айналдырды. Және адамға қызмет етуші періштелерден жаннат бақшаларын түрлі түсті әдемі түстері жаратқан еді. Рухта екі сипатқа бөлінді. Бірі адамға қызмет етуші періштелер мен екіншісі аралық және қарсылық ібіліскеде берілген қарсылық сипатына айналған рұх. Ібіліс рұхы шайтан болып, Адам рухы ақыл болып аталды Рухпен бірге Адам атамызға сезім қабілеттерімен ойда яғни іштегі бос кеңістіктерде бейнелеу сипатыда берілді. Енді сол бос кеңістіктің пайда болуы да Адам-атамыздың оң жақ қабырғасынан яғни текшенің оң қабырғасынан Хау анамызды осындай екінші кіші шарды яғни басты жаратқан еді. Оны көз алдыңызға елестетсеңіз жаңа толып келе жатқан ай сияқты болып көрінеді. Сондықтан сол қалған бос кеңістіктерді жаннат бақшаларындағы белгілі ғана ризықтармен толтыру керек болды. Шайтан бос кеңістікке ойға сыбырлап Рухтың бес сипаты бар еді. Ол; көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және ойда бейнелеу. Екі сезім қасиеті негізінен азықтық және қуат алмасу қызметін атқарып, жаннатта ата-аналарымыз жұпар иіспен қоректеніп, жартқанның берген әсем нәрселерінен ләзат қуат алатын еді. Бірақ Адам атамызбен Хау анамызға берілген алғашқы дін және сынақ сол сезімдерді нәпсілік бейнеге айналдырмау үшін зейнет ағашына жоламау керек болды. Аятта: «Әй Адам! Сен де жұбайың да жәннәтте тұрыңдар, ерікті түрде қалағаныңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік» (2-35) Шайтан иіс болып еніп ата мен анамызды азғырып сол ағаштан алуға мәжбүрледі. Сонан кейін Адам атамызбен Хау анамыз ғайыптық бейнеден көместік бейнеге ауысып бүкіл сезім қасиеттері сызықтық бейнеге айналды да жәннатта өмір сүру мүмкіндігінен айрылып екінші төменгі саты бейішке түсті. Аятта; «Сонда Шайтан, екеуін ол жерден тайдырды. Ондағы нығметтерден де шығарды. Оларға: «Бір-біріңе қас болып түсіңдер: Сендер үшін жер жүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар» дедік.» (2-36) Бір жағдайдан екінші жағдайға өткенде міндетті түрде өлім періштесі еніп екінші түрге бейнелену шарты заңдылық болды.Аяттың сан мәніне мән берсек енді ібіліспен біріккен түрде бірақ 3 түрлі терістік қарсылықпен жер жүзінде қайта түрленуге тиісті болды. Ал Адам ата мен Хау анамыз белгілі мерзім өткеннен кейін қайта тірілтіліп, бейнеленіп енді сызықтық оттық бейнесінде көрніс беріліп оған қоса жыныстық қасиетер беріліп бейішке бақшаға орналастырылды. Сондықтан құранда екі жерде ата-аналарымыздың жаннаттан қуылуын ескерткен. «Сонда Адам Раббысынан сөздер үйреніп алды да жалбарынды. Раббы оның тәубасын қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейрімді.» (2-37) Бұл аятпен енді Адам атамыздың алғашқы тірілуден кейін дінді яғни сөзді үйреніп, жалбарынып кешірім сұрап, тәубасы қабыл болып, ақиреттік сипатқа еніп, қайта тірілген тұрақты бейне алған ата-анамызда бейіштегі көркем бақшада періштелерге қосылып зейнеттеніп өмір сүруге тиісті болды. және Аятта; «Рас Адамға үкім берген едік. Алайда, ол ұмытты. Оны төзімді тападық.» (20-115) Жер жүзіндегі жалбарынумен өткізген өмірінде адам арамыз үкімді-дінді-сөзді үйренген еді. Сол сөздерден қайта жаратылып енді кеуде және басқалай тәндік сипатпен қайта жаратылды. Аятта: «Сол уақытта періштелерге: Адамға сәжде қылыңдар!»,-дедік. Сонда олар сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай бас тарты. (116) Сонда Адамға: «Қүдіксіз осы , саған да жұбайыңа да дұшпан. Екеуіңді жаннаттан шығарып жібермесін Сонда машақат тартасыңдар.» дедік.» (20-117) «Күдіксіз сен жаннатта аш-жалаңаш қалмайсың. (118) Сондай-ақ шөлдемейсің де күннің ыстығы өтпейді.» (20-119) Бұл аяттағы осы деген ескерту бойынша енді Ібілістің түрленген бейнесі 117-ші санымен белгіленіп енді Адам атамызбен Хау анамызға жын періштелерінің қызметке тұрып қауіптің күшейгенін қастықтан енді дұшпандыққа алмасып және бұдан кейін машақатты өмірдің бар екенін ескерте отыра жанатта киім болмағанын бірақ зейнет мүшелерінің көрінбейтінін және жарық түрінде болғандығын судан қашықтығын ескертеді. Бұл жер жүзімен екі аралықтағы бейіштегі өмірінде Адам ата мен Хау анамыз құстың бейнесінде яғни қарға бейнесінде болды Оған дәлел аятта: « (Мұхаммед) бір кезде саған: «Негізінен Раббың адамдарды баураған (ібілістің отқа айналған белгісімен, аура)» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді және құрандағы қарғалған (қарға-алған) ағашты адамдарға бір сынақ қылдық. Оларды қоқытуымыз зор қателесуді ғана артырды.» (17-60) Демек біздердің құс жолы деп атайтын көктегі жұлдыздар әлемінде өмір сүруге тиісті болды. Шайтан тағыда иіс болып еніп, азғырумен тағыда зейнет ағашының (сынақ жемісін) жеуді мәжбүрледі. Аятта: «Сонда екеуі одан жеді. Дереу ұятты жерлері көрінді. Сондықтан екеуіде үстеріне жаннатың жапырақтарын жаба бастады. Адам Раббына күнәкар болып жолдан тайды.» (20-121) Бұл зейнет ағашы от бейнесіндегі темірдің буы «ыс» еді. Сондықтан темірдің буының араласуы жыныс мүшелерінің пайда болуын көрнісін яғни «ЖЫН»+ «ЫС» болып көмес ұятты жерлердің бейнеленуі болды. Сол кездегі Адам атамызға берілген ұятты жерлер саны 21 болған екен. Бұл алғашқы Адам атамыздан бастап жалғанып келе жатқан алғашқы үкімді бұзып, тәбеге келіп, уәде беріп сонан кейін уәдеден тайып екінші рет енді михнат көру арқылы тәубесінің қабыл болуын ескерткен аятта: «Сонан кейін Раббы оны есіркеп, тәубесін қабыл етіп, тура жолға салды.» (20-122)
Бұл аяттың сандық мәнімен тәубеге келу амалы мехнатты сапарлармен жердің бетін кезумен болғанын көруге болады. Демек екінші өлімнен кейін енді ата-анамыз қайта тірілтіліп адамзат енді барлық періштелермен және періштеліктен аздырушыға айналған жаратылыстармен бірігіп қайта тірілтіліп жер бетінің азапты өмірі басталған. Адамзатқа тағдырдан берілген нақты екі өлім үшінші өмір белгілі бір уәдені орындау яғни нақты құлшылық өмірі болып табылады. Оған аятта: «Олар: «Раббымыз! Бізді екі рет тірілтіп екі рет өлтірдің. Енді күнәларымызды мойындадық. Ал енді бізге шығар жол бар ма?»,- дейді.» (40-11). Сопылық таспихтегі 11 санының бір белгісі осы бұрынғы өткен екі рет өліп тірілудің нәсілдік байланысын көрсетеді. Қазақта кейде бір-біріне ренжігенде; «Менің екі туып бір қалғанымсың ба?» деп сұрақ қойыудың астары осы екі өліммен екі тірілуді астарлап айтады. Осы екі өмірде толық шайтан нәпсіге, ібіліс кісіге, жын балаға, нәпсі жанға айналып алты періштелік сипаты беру керек. «Атадан алтау тусаңда бір басыңа жалғыздық» деп жанның ғана жалғыз өзі есепке барып отыратынын ескертеді. Қалғандары сол жанның қалауын өтейді. Рухың өсіп қайта Раббына қосылып нұрға айналып отыру шарт. Бұл жан ғылымының шамалы ғана қазіргі таңдағы дін ғұламалары білмегенмен Ясауи бабамыздың көбін ашық айта алмай, бірақ амалдарын нақты көрсетіп кеткен жан ғылымынан құраннан бір ғана тамшы.