«Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, Мінәжаты уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы… Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?..Мақтан қуған, мал құмар нені ұға алсын, Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап…Ынсап, ұят, ар намыс, сабыр талап-Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап…Су жұғар ма, Сөз ұғар ма, Сыпыра жылмаң желбуаз? Айтты –көндім, Алды-бердім, Ендің өкіндім-өзіме аз.» деп Абай атамыздың ескерткен қазіргі таңдағы ой мен тілдің арасы екі өзеннің жағасына айналды. Ортасында ескексіз қайық мінген, біресе ойға, біресі тілдің қырына жүзген қазақ атты ел келеміз. Жоғарыда бұл мәселеге аз ғана мысал беріп кетсек енді мешіттің құтпа оқыған дін ғұламалары біздерге пайғамбарларымыз бан нәбилердің мұң зарын қалай түсіндіріп жүр екен әзәрше аз ғана мысалдар бере кетейік: Құлшылық-деп жаратқанның бүкіл Адам-атамыздан бастап түсіріліп келе жатқан, насихат, үкім адамгершілік, мұсылмандық қарыздарды орындауды айтамыз. Сондықтан құлшылықты жаратқанға шайтан да, ібілісте жасайды. Олардың құлшылығы адамзатты азғыру, тозаққа түсіру. Енді барлық жан иелері періште болып саналып, әрбір періштелік дәрежеге берілген парыздары бар. Сол парыздарды үнемі белгілі мерзім, уақытқа байланысты қайталап орындау құлшылығын- намаз деп атайды. Кері орап белгілесек «заман» болып мезгілдік белгіге тәуелділікті көрсетеді. Енді арнаулы үн, күй тербелістермен, астарлы сөз құпияларымен, көркем сөздермен жалбарыну, жәрдем сұрау намазын сәжде, сәждеге жығылды деп атаймыз. Мұғалімнің оқушыларға күнделікті дәріс беруі, бірақ оған байланысты жалақы алатын болғандықтан намаз орындау болса, керісінше оқушының күнде үнемі қайталаумен жалақы сұрамай сабақ оқуы, адамгершілік жолындағы парызы намазын оқу болып есептелді. Себебі оған ол жалақыны болашақта жаратқаннан алады. Сол сияқты ересек адамның жаратқанға жалбарынып намаз оқуы да осындай ғана жағдай. Кезінде қазіргі таңдағыдай мектеп мешіттен бөлінбегендіктен жас баларды мешітке сабақ, білім оқуға бергенде намаз оқу деп атаған. Сондықтан пайғамбарымыз балаларды жас кезінен білім алуға, сабақты білім алу-намазын оқуға зорлаңдар деп ескерткен. Осындай ескі сөздің ғылымын зертеудің орнына ислам әлемі жастарды сабақ оқуға, білім алуға зорлаудың орнына ересектердің біліп, білмей істеген күнәларын кешіруін, және жаратқанан жәрдем сұрау намазын оқуға зорлап және ондай надандық салтты мақтан көру қазақтың да әдетіне айналды. Енді осындай астарлы сөздердің насихатын шешіп түсінігімен өз орнына қойып сөйлемеуден, пайдалана білмеуден тіл мен ойдың арасына жік түсіп намазды да құлшылық, құлшылықта намазға айналып тек дін рәсімдеріне тән сөзге айналып шыға келді. Негізінен адамзатқа берілген, өсіп-өнуге көбейуге байланысты мақсатты тіршілік заңдылығын, адамгершілік әдетке, кәсіпке айналдырып орындауды- құлшылық деп атайды. Сол мақсатты тіршілік істерінен, белгілі пайдалы әрекеттерді қайталап отыру амалын- намаз деп атап, құлшылықтан орындау жилігінің тұрақтылығымен бөлініп еншісін алғанымен жалпы тегі құлшылық болып есептеледі де, бірақ құлшылықтың бәрі намаз оқу немесе намаз орындау болып есептелмейді. Себебі кейбір құлшылық амалдары тіршілік барысында біреулерге қайта-қайта орындауға, кейбіреулерге тағдырына мүлде жазылмай орындауға мүмкіндігі болмай өмірден өтуі мүмкін. Мысалға біреулерге от басын құрып өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеу құлшылығы тағдырына жазылса ал тағы біреулерге ол тек арман болып қала бермек. Сол сияқты бір әйел затына өмір бойы күйеуінің орынбасары болып барлық іс әрекетеріне жәрдем беру құлшылығы жазылса, ал кейбіреулері бұндай ізгі амалға қолы жетпей өтуі де мүмкін. Сол сияқты адамзатқа жаратушыдан бұйырылған бүкіл құлшылық амалын бір ел бір түрін, екінші ел екінші бір түрін атқарып, нәтижесін бір ортақ қазанға жинап Алланың алдында есебін беріп отырады. Олай болса намаз- деп белгілі мерзім ішінде қайталанып отыратын ақылмен өлшеп жасайтын құлшылықтың адамзатқа ортақ парыздарын айтады. Ал адамгершілік, мұсылмандық қарыздардың, ізгілікті, хайырлы істердің адам баласының бір-біріне махаббатының, өмірінде бір рет болса да орындауға тиісті қарыз, парыздарының бәрін де құлшылық деп атаймыз. Әйелдің құдайға құлшылығы еркектің жәрдемшісі, тазартушысы болып өмірге ұрпақ әкеліп оған дұрыс тәрбие беру. Үнемі қайталап атқарып шықса орындаған намазы болып есептеледі. Сол сияқты зекет төлеу яғни ай сайынғы табысынан үкіметке салық төлеп отыру намаз орындау құлшылығына жатады. Ал хаж яғни зираттау мұсылмандық қарызға намаз орындауға жатады да оның да 78 сабағы бар. Ал өмірінде бір рет қана жағдайға қарай жасалынғандықтан, қажылық жеке құлшылық амалы болып бірақ намаз орындауға жатқанымен де бес парызға есептелмейді. Егер қажылық парыз болып жеке намаз орындау амалына жатса онда жылда бару міндет болады. Құранда да осылай ескерткен. Қажылық үнемі жылда қайта-қайта орындаған хаж амалдарына қосылып барып барып намаз орындауға айналады. Қажылықтың ғылымдық мәнінде Египетте 4- мұнаралармен көрсетіп алдына арыстан бейнелі адмды қойып қойған. Ол амалды Інжілде Ғиса пайғамбарымыз көрсетіп қажылықтың «Назереттің ант» деп аталып бұрынғы Ар, ғұн, сақтардан, номадтардан қалған үдіс екенін шежіреден білуге болады. Пайғамбарымызға да бірден қажылыққа жаратушымыз ұлықсат бермей әуелі хаж амалдарын, қасиетті, киелі ойпатарға қайта-қайта зияратауды орындатып барып Меккенің жолын ашқан. Бірақ ата-бабасына емес араптарға табынған діншілердің ойы, тілден ажырағасын осындай «серік қосу» пайда болды да көзімізді шел басып жатыр. Абай атамыз сөз ұғымы жоғалса; «Қаптаған соң көзді шел. Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол.» «Кейбірі пірге қол берген, іші залым, сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз?». Абай атамыз құранды жетік білмеген, дінді меңгермеген десеңіз құранды қазақшалап қайта-қайта оқып көрсеңіз көзіңіз жететіне уәде беруге болады. Ал енді ойшылдықтың даналықтың діншілер арасында өлгенін мұсылмандық бес парыз тек араптардан басталады деген жалпы дінге деген қастандық серік қосудың үлкені болып табылды. Оған бірден-бір себептің өзі бір парызды жоғалтып орнына қажылықты парыз қылып алуында тұр. Жалпы мұсылмандық қарыздардың орындалуы намаздар Нұқ (ғұн) пайғамбарымыздан басталғанын құранда ескертеді. Енді құлшылықтың бәрі намаз емес те, ал намаздың барлық түрі құлшылық болып аталады. Құлшылықтың дінге байланысты барлық мұсылмандық қарыздарын өтеуді, үмметік, шежірелік ерекшелігін сақтауды оның ішінде намазы да, намаз емес жәй құлшылық түрі де болып, белгілі бір әдет-ғұрып салт-дәстүрлік сипаттарымын ерекшеленген құлшылықтың сипатын оны-ғибадат деп атайды. Сондықтан ғибадаттың бәрі құлшылық ал құлшылықтың бәрі ғибадат емес. Ғибадат сөзінде үмметтік еркешелігімен ұлттық салттық, дәстүрлік ерекшеліктер болады да адамдық ақыл-ойдың негіздеріне және кейбір ұлтардың, бұрынғы нәсілдерден қалған қылықтар мен дін рәсімдерін орындауларымен және өздеріне келген жолбасшылыр, әулиелер ісінен ғибрат, үлгі алумен ерекшеленіп бағаланады. Сондықтан енді ғибалдатты құлшылық, ғибадатсыз құлшылық болып тағы айрылады. Адам баласының адамзатқа тән барлық игілік, ізеттілік істері бір-біріне қызметтері құлшылық болып табылғанмен арасында бес парызбен ұштастыра алмаса ғибадатсыз құлшылық болып есептеледі. Енді ғибадат амалы табынудың ерекшеліктеріне байланысты түрленеді де 72-түрлі ғибадат амалдары пайда болып, дінің 72-топқа бөлініп 73-ші негізде қайта бірігіп тура жол болып аталады. Ал хайуандар, жанды жаратылыс егелерінің бәрінің құлшылығын намаз немесе сәзжде деп аталғанмен ғибадат яғни өнеге, табынып ұқсау, үлгі алу, ғибратану мақсаты болмайды. Ғибадат— құлшылығы үш негізден құралады. Шүкірлік— деп әрбір адам баласына берілген жақсылықтарға, Алланың берген көрсеткен нығмет иелеріне рахмет айту амалдары болып табылады. Намаз оқу-ғибадаттың сенімді бекіту амалы болып барлық құлшылықтың ортасын белгілейді. Тәубе— бар құлшылық амалдарының басы болып болып негізінен 11-тәубе амалдарымен 3-кезеңнен барлығы 99-болып, жүзбен яғни 109-шы кітаппен нәтижеленеді. Енді діншілеріміз сөзбен тілдің арасына сына қағып ұғымдарын жоғалтқаны былай тұрсын дінді де бөлшектеудің амалын қарастырған; «Ғибадаттың ұлысы намаз» деп намаз оқуды тәубеден жоғары қойған кітапты жазған адамның хазірет шені барын білгенде «астапыралла!» деп жағаңды ұстауға тура келеді. Ғибадаттың өзі ақыл-ойдың жемісі және қылықтардың үлгісі болып, намаздарды түгел қамтып тұратын құлшылық болса, ғибадаттан туып, одан да (әкесінен) ұлы болып шығатын қандай намаз? Жалпы намаз оқу, жалбарыну адам баласының жеке жұмысы, ал ғибадат мұсылмандық қарыздан пайда болады. Намаз оқып құлшылық жасау деген ұғым Аллаға серік қосып, аяттарға ортақ қосу зұлымдық болып шығады. Ал құлшылық қылып барып намаз оқу дегеннің өзі алдымен тәубе амалдарын, хайыр жасау, садақа, зекет т.б амалдардан кейін барып «намазыңды оқы дегенді білдіреді. Енді ғибадаттың өзі тәуба мен шүкірлік амалдары болып екі сипатқа еге болса ортасын жалғап тұру үшін яғни әрі тәуба, әрі шүкірліктің кіші амалының бірлігі намаз оқуды айтамыз. Сондықтан жаратушымыз араптарды орташа үмет қылдым-деп ескерткен. Ыбырайым бабамыз; «Әрине олар шүкірлік етер» деп Аллаға дұға жасаған. Сондықтан аятта; «Пайғамбар; «Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды» деді» (25-30) Ал есептік жүйеге жүгінсек араптар 25+30=55-ші негізгі кітап Рахмандық құлшылық істерімен, үмметік ереже 30-кітапты орындаудан болашақта бас тартады да басқа елдерді де соған азғырады деген ескертуді көреміз. Ал бұл аятта көрсетілген 25-саны яғни 25-ші сүре «Фұрқан» (қан тазалығын сақтау) бүкіл әлемге түсірілген дін шариғаттарының яғни шүкірлік амалдарының кітабы болып саналады. Бұл кітаптың толық емес үзіндісін біздердің ұстанған масһабымыз яғни мүфтият ұсынған, үкімет қолдаған мемлекеттен «бөлек дініміз». Аталарымыз: «Қотыр атқа соқыр ат үйір болар» деп бекер мақалдамаған ау деп бас шайқайсың. Бұндай аяттардың есептік жүйесін меңгеріп, астарлы сөзді зерттемей, ғылымын тексермей тәпсіршілердің әйтеуір біреулерге еліктеуден немесе мақтан үшін сол қалпынында пайдаланудан Алла жолынан тосып, тура жолдың қисығына теріс табыну құлшылық әрекеті пайда болады және сондай жолға түсіпте алдық.
Кітаптар
- Ақиқат бастауы. 1-кітап. 1-бөлім. 2004 жыл.
- 1. Бабалар салған сара жол «Алла жолы»! Аманаттар айнасы
- 2. Иман ақтың бастауы.
- 3. Кітаптарға иман келтіру.
- 4. Тіл және жан ұя.
- 5. Тіл үндердің көрнісі
- 6. Тіл қабілеті өсу
- 7. Тілдің үш қасиеті
- 8. Тіл еңбегі
- 9. Тіл ішкі жан дүние-ұят
- 10. Тіл бейнелеуші, бояушы- үннің сәулетшісі
- 11. Тіл теңдіктің, еркіндіктің жаршысы
- 12. Тіл айнасы-Діл
- 13. Сөз түзелмей ел түзелмес
- 14. Сөз тазалығы халықтар бірлігі дінің жемісі
- 15. Сөз тегі-таңбада
- 16. Сөздің өлшемі
- 17. Сөз сарасы немесе үш талап
- 18. Мықты сөз- таңба тегі
- 19. Сөз сыры, сөйлем дәмі
- 20. Әліптің артын бағу
- 21. Ой қолқабыс- құл, сөз анасы-ақ. Сөз сағасы-құлақ.
- 22. Сәжде- сөз патшасы. Сәлем сөздің атасы!
- 23. Иман-ес-қуаты және ақыл қуаты
- 24. ҚҰРАН ҮГІТТЕРІНІҢ ОҚЫЛУ ЖҮЙЕСІ
- 25. Сандар әлеміне саяхат
- 26. Сандыбад сарайы
- 27. Таңбалар һандисаты
- 28. ҚҰРАН –жаратылыс тану ілімі
- 29. Кеңістік - өлшем-мизан
- 30. ЖЕТІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖЕР
- 31. Жаратылыс негізі-түр, рең, бояу
- 32. Жаратушы- баураушы, жаратқан- түрлендіруші
- 33. Бірліктер қағидасы және бүтіндікпен бөлшектер
- 34. Тәңір- біртұтас періштелер
- 35. Тәңір негізі бірліктегі бес қуат
- 36. Киелі рұх және қанаты періште. Кісі және құран.
- 37. Рұхтың иелігі және Жан ғылымының негіздері.
- 38. Адам ата, Хау ана, жер ана, су ана.
- 39. Жаратқан Құдай жар бол!
- 40. ДІН-сыры. Түгел сөздің түбі бір. Құран-хақ.
- 41. Ортақ- Дін, Рұх, Құдай! Рұхтың иелігі.
- 42. Дін сыры.
- 43. Шерік, серік, ортақ ұғымдары.
- 44. Рұқ және құдай патшалығы.
- 45. Елшілік немесе жынды меңгеру.
- 46. Ақыл ес және дін мен діл.
- Ақиқат бастауы. 1-кітап. 2-бөлім. 2004 жыл.
- 1. АЛҒЫ СӨЗ.
- 2. ТІЛ МЕН ЕРІН. ТІЛ БЕЛГІСІ - СӨЗ.
- 3. ЕСЕП – БОЛЖАМ КІЛТІ. ҚҰРАН ҮГІТТЕРІНІҢ ОҚЫЛУ ЖҮЙЕСІ.
- 4. ОЙ, белгісі ҚҰЛАҚ.
- 5. ҚҰРАН –жаратылыс тану ілімі. КЕҢІСТІК - ӨЛШЕМ. ЖЕТІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖЕР.
- 6. САНДАР ӘЛЕМІ.
- 7. ЫҚЛЫМ - КЛИМАТ. Жер ортасы - Көктөбе.
- 8. БЕЛГІ – ҒЫЛЫМ ДЕРЕГІ АЛЛАНЫҢ ІЗІ.
- 9. Адам – Зат.
- 10. Ібіліс сарбаздары немесе шайтан.
- 11. Тәндік түрлену – рең. Тұлғалық түрлену.
- 12. Жын – періште және Кісі. Жын – мал және бала.
- 13. Алла тағала мөрі мал – жан. Жан бағбан, тән бақша.
- 14. ЖАН САУЛЫҚ, ЗОР БАЙЛЫҚ. Өлім белгісі –ұйқы, тұрағы – жан.
- 15. Түс – ахирет терезесі.
- 16. Ахирет қақпасы белгісі – Ажал. Өмір тозақтан бастау алады. Өмір тозақтан бастау алады.
- 17. Адам сезімдерінің, қылықтардың жәндікке айналуы. Адам мал-жаны жан-жануарлар әлемінде тазартылады түрленеді.
- 18. Тән қорушысы түккене.
- 19. Алақан – Алланың ізі. Алланың жібі – он саусақ.
- 20. Жан көлігі – пырақ. Ғайып көлігі – аян.
- 21. ЖАННЫҢ ЕСЕП БЕРУІ.
- 22. Ай – өмірдің бұлағы. Ай - жан несібесі. Жанның сыры - Ар.
- 23. Әлем тағдыры жеті жол.
- 24. Ғайса пайғамбар аманаты. Ғайса пайғамбар жерге түсті. Сыр ашу.
- 25. Рух таразысы сынақ. Ой, ес, ақыл, ар және Рух танымы.
- 26. Ар сынағы - Ажал. Тәндік дағдарыс. Жандық дағдарыс.
- 27. Бақыт өлшемі - сабыр мен қанағат.
- 28. Пайдаланылған әдебиеттер.
- Ақиқат бастауы. 1-кітап. 3-бөлім. 2004 жыл.
- 1. Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа !
- 2. Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.
- 3. Рух еңбегі-ғибадат.
- 4. Шайтанның саудасы.
- 5. Мұңлы шал-мұтылғандармен сұхбаттасу.
- 6. Ата жолының басты парыздары мен бабалар аманаты.
- 7. Оян қазақ! Ата жол келді еліңе, дәстүрмен кірер еліңе бақпен дәулетің!
- Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр. 2-кітап. 2007 жыл.
- 1. Алғы сөз.
- 2. Құлшылық танымы.
- 3. Құл туралы әл қиса.
- 4. Құлшылық құпиясы.
- 5. Құран үгітін меңгеру амалдары.
- 6. Сана қуаты ұжмаққа көтерер баспалдақ.
- 7. Құран ғылымы.
- 8. Дін және жол.
- 9. Гендірлік ауру белгілері.
- 10. Әйелдер туралы әл қиса.
- 11. Мінез тегі қасиет.
- 12. Ой –көлік, әйел-гүл, адамзаттың діл бақшасы.
- 13. Құран - Бәйшешек бақшасы!
- 14. Сөз түзелмей ел түзелмес.
- 15. Надандықтың басты белгісі-қылық, көрнісі жындылық.
- 16. Дін мен ел.
- 17. Мұсылмандық па әлде надандық па?
- 18. Керуенші ата жолының сарбаздарына насихат. (Астарлы ақиқат).
- 19. Қылықтар нәтижесіне рухтың жауабы.
- 20. Қиямет немесе адамзатқа ортақ азаптың белгілері.
- 21. Басылымға андатпа-түйін сөз.
- Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар. 3-кітап. 2011 жыл.
- 1. Бабалар өткен сара жол Ата жолы- «Алла жолы»!
- 2. Дін ниеті және намаздар сипаттары.
- 3. Философия ғылымы- дінінің айнасы.
- 4. Психология-жан сыры рух қызметшісі.
- 5. Дін талабы мен адам мақсұты.
- 6. Философия- сөз тарихының дін талабының шежіресі.
- 7. Әлемге түсірілген кітаптар және құран.
- 8. Құлшылықтар құпиясы мен құран сыры.
- 9. Құран және кітап берілгендер.
- 10. Шариғат- ережесі және жол мен жобалар.
- 11. Рух- дінің бұлағы, иман- дінің жемісі. Ақыл- иман күзетшісі.
- 12. Ислам діні-бастапқы және кітаптарды бірлеуші соңғы дін.
- 13. Қазақтың ескі даналығы мен бүгінгі заман ойшылдығы!
- 14. Діни сауаттылық дегеніміз не?
- 15. Психология-жан сыры дін суаты, ғылым қуаты.
- 16. Адамзаттың мінезімен ақылының көрнісі-зейнеті.
- 17. Үлкендіктің әдебі туралы ғибрат.
- 18. Киім ақыл сауыты жанның сыры-зейнеті.
- 19. Сөз сарасы- Ар мен ақыл сапасы. Таза ойдың қазынасы-даналық негіздері.
- 20. Жан сырын меңгеру-шопандық яғни жанға, сөзге толық қожалық.
- 21. Сөз сарасы ой мен тілдің арасы.
- 22. Мазһабтың талабы және діни жол.
- 23. Ой бағушы есепшілер мен сөз сатушы есекшілер.
- Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар. 4-кітап. 2011 жыл.
- 1. Сенім-жан шуағы-шам.
- 2. Құлшылық негізі-үш талап.
- 3. Ата-заң және жол-жоба діни салт-дәстүр, бәйшешек бақшасы.
- 4. Аллаға құлшылықтың намаз орындауы туралы ғибрат.
- 5. Жастық-мастық-жындылықтың жалпы ұғымдары.
- 6. Жын-шайтанға айналу немесе шайтанның жамағаттары.
- 7. Шеріктер және серік қосу туралы.
- 8. Аллаға құлшылық пен табыну және сиыну.
- 9. Жынды пенделер туралы ғибратты әңгіме.
- 10. Сеніміздің серігі - иманың жартысы-Діл!
- 11. Жын-шайтаның патшалығы мастар елі. Тәңірдің Құдайлық болмысы.
- 12. Діни сауаттылық және діншілердің жындылық көрністері туралы.
- 13. Тәпсір мен қазақ діни танымы. Қазақ елінің діни мазһабтық нанымының ғылымдық көрнісі.
- 14. Діни сауаттылық және Құдайдың құлы болу туралы насихат.
- 15. Құран кітаптардың жинағы-Құдай сөзі.
- 16. Таудағы саудадан ғибратты әңгіме және ата-жолының негізгі қағидасы.
- 17. Тарихат-төртеуді түгелдеу, масһаб- шариғат білімі, бағдар.
- 18. Дін ниеті-пейіл кеңдігі, тарихты меңгеруден басталады.
Басқы бет › Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар. 3-кітап. 2011 жыл. › Сөз сарасы ой мен тілдің арасы. › Сөз сарасы ой мен тілдің арасы.