Адам сезімдерінің, қылықтардың жәндікке айналуы. Адам мал-жаны жан-жануарлар әлемінде тазартылады түрленеді.

Адам сезімдерінің, қылықтардың жәндікке айналуы.

«Расында Алланың қасында жәндіктің ең жаманы, сондай шындықты түсінбейтін саңырау, сақаулар» (Әнфал – 22). Адам түсінік түйсігі (сезімдер) жан белгісімен бірге жәндіктің ең жамандарында өмір сүріп тазарудан өтеді. «Сөзсіз Алланың қасындағы жәндіктердің ең жаманы сондай қарсы болғандар, олар иман келтірмейді» (Әнфал -55)

Сауатсыз, надандықпен өмір сүріп тек ішіп жеп арсыз істермен айналысқандар шындықты көрмей немесе көрседе мойындағысы келмегендер жаны осындай тозаққа түседі. Енді күндіз түні еңбек етіп, мал жинап дүние үшін ғана өмір сүріп, бірақ өмірінде Алланың бірлігіне сенбей мұсылмандық парызын өтемеген шындықтан қашқан шүкірлігі жоқ қанағатсыз жандар туралы аятта: «Ол бұлармен ақыр құмырсқаның ойпатына келген сәтте бір құмырсқа: «Әй, құмырсқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлері, сендерді білмей жаншып кетпесін» — деді (18) Сонда Сүлеймен құмырсқаның сөзіне жылмиып күлді де: «Раббым, маған және әке – шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етілуді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі іс құлдарыңның арасына кіргіз!» деді (Нәміл -19). Бар өмірдегі мақсат мұраты, тек баю, дүние табу үшін ғана тіршілік етуді, «дүниеқоңыздық»деп жәндіктердің ең төменгі сатысына жіберіліп жазаланады. Керекті, керексіз не болса соны тек үйіне таси беру үйін де ауаға да орын қалдырмай дүниені тықпалап, жұмсауға қимайтын жандарды құмырсқа қылып тазарудан тозақтан өткізеді.

Құмырсқаның илеуін көрген адам біледі. Өзінен үлкен жүктерді шамасына қарамай бүкіл семьясы бала-шағасымен тек илеуіне таси береді, күн шыққаннан батқанға дейін жүгіреді де жүреді бейшаралар, сіңбіруге мұршасы жоқ, өмірін тек дүниенің көптігімен ғана бағалайтын пенделер тірлігін көрсетеді.

«Сондай Алланың нығметтеріне шүкір етуді, қарсы болуға ауыстырған және қауымдарын құритын жұртқа итергендерді көрмейсің бе? олардың жұрты жаһаннам нендей жаман орын» (Ибрагим – 28,29) Алланың бергеніне шүкірлік қылмай өз мүддесімен ғана өмір сүріп қол астындағы халықты солай мәжбүрлеген басшылар жанының орны тек жаһаннам болады.

«Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа, дүниеде олардың еңбектерін толық береміз. Сондай-ақ олар онда кемшілікке ұшырамайды (15). Соларға ахиретте тозақ отынан басқа еш нәрсе жоқ. Дүниедегі жасағандары жойылып кетеді. Негізінде олардың істегендері басқа» (Һұд – 16) Бұл жалған дүниеде тек өмір тіршілігін қалаған жандарға істеген еңбегіне қарай сұрағаны беріледі, бірақ ахирет өмірін ойламай сенбегені үшін бақи өмірінде тек отқа күйуіне яғни жан жануарлар әлемінде сезімталдық қасиеттерін дамытуға мәжбүрленеді. Ал жаратушы тарапынан келгекн дәлелдерге және елшілерге қарсы шықандар жандары әуелі дүние азабын тартып сонан соң; «Оларға оның артынан тозақ бар. Және іріңнің суы ішкізіледі. Оны жұтуға тырысады, оны тамағынан өткізе алмайды. Сондай-ақ оған әр тараптан өлім келеді. Ол өле алмайды. Тағы оның артынан ауыр азап келеді. Сондай Раббыларына қарсы келгендердің амалдарының мысалы: Боранды күнде жел ұшырған күл сияқты. Еңбектерінен ешбір пайда көре алмайды. Міне! Осы ұзақ қаңғырыс» (Ибрагим – 16,18) Тек ішіп жеу үшін ғана өмір сүрген өзгені де сондай жағдайға мәжбүрлеп қанағатсыз шүкірлігі жоқ жандар өмірінің соңы іріңмен тамақтанатын құрттарға айналып, және кейбір парақорлар тамағын жұтып қана жейтін (жылан) жәндіктерге айналады. Және олардың өмірі қысқа болып күл қоқысқа айналып, желмен ұшып, қайта өніп таралып ұзақ уақыт қаңғырыста болатынын ескертеді. Адамға тән емес теріс қылықтар, әртүрлі арсыздық істер, теріс дұғамен айналысу сол арқылы біреулерді жәбірлеу, мәжбүрлеу, құмар ойындар (казино) т.б. босқа уақыт өткізуге құмарлық дәулетке мас болып, өмірін тек думанға айналдырған жандар жәндіктердің жаманы жыландарға ауысады ақиретте. Иман келтірмегендердің терісін ауыстырамын деген аятта: «Жоқ олай емес Айға серт, қайтқан сәтте түнге серт, Ағарған сәтте , таңға серт. Шын мәнінде ол тозақ зор уақиғаның бірі. Адамдар үшін. Жақында оны өрге зорлаймын. Оны жағатын тозаққа саламын, ол тозақтың не екенін қайдан білдің. Кейін қалдырмайды шала тастамайды. Ол адам терісін өртеп кетеді» (Мүддәссір – 16,29)

Айдың нұры түсіп таң ағарып келе жатқанда жыландар терісін ауыстырады. Бауырымен жорғалаушыларды «өрге зорланады»деп түсіндіреді. Адам терісінің түсінің өзгеруі осындай тозақтық сатыдан өтуден пайда болады.

«Енді олар, істегендерінің салдарынан аз күлсін көп жыласын» (Тәубе -82). Сол тозақтан шыққан жандар тағы да жер басып азап мехнат шегіп сынақтардан өтеді. «(Мұхаммед .Ғ.С.) Оларды екі рет азап қыламыз. Сонан соң олар зор азапқа айдалады» (Тәубе -101) Өмірге екі рет келіп қана адам жаны ұзақ уақытқа тозаққа түседі. Алла тағала ерекше мейрімді, әрбір пендеге қосымша қасиеттер беріп теңестіріп өткен қателіктерін түзеуге мүмкіндіктер берген. Бірақ ол ерекшелікті ғылым да ақыл да анықтай алмайды, тек жаратушыны толық танумен ғана ашылады.

Адам мал-жаны жан-жануарлар әлемінде тазартылады түрленеді.

«Өзің білмеген нәрсенің соңынан түспе. Расында құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады» (Ісра – 27). « Кім тура жолда жүрсе, шын мәнінде өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, сонда ол өз зиянына ғана адасады. Ешкім басқаның күнәсін көтермейді» (Ісра – 15) Әрбір пенденің іс әрекеті және ғибадаттары қасиет белгісі болып жан өрісінде белгілер қалыптасады, сондықтан да адаса тек өзі ғана жауап береді. Жан көке көтерілу үшін тек тозақ есігі арқылы ғана өтетінін ескерткен. Тек менің жолым тура деп басқа елді немесе ұлтты еріксіз мәжбүрлеуге де болмайды. Әр адамның күнәсын естіген, көрген және ойлаған (Қасиет белгілері) істерін, үшке бөліп, түрлі қараңғылықтағы жындардан сұралады, тозақ арқылы тазартылып, адам баласына қорушы болып қызметке тұрып кісіге айналады. Бар мақсатын тек өмірдің қызығын көру деп, ішіп жеумен өмір сүргендер, хайуандар жанына ауысады. Аятта: «Шәксіз Алла иман келтіріп ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын жаннатқа кіргізеді. Ал қарсы болғандар, пайдаланып хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны тозақ оты» (Мұхаммед — 12)

Ондайларға арналған тозақ орны шөл дала сусыз атыраптағы хайуандар әлемі. «Сондай қарсы болғандардың істері, шөлдегі сағым сияқты. Шөлдеген кісі оны су деп ойлайды. Ақыр оған барған сәтте еш нәрсе таба алмайды. Жанында Алланы табады, ол оның есебін толық көреді. Алланың есебі жылдам» (Нұр – 39). Сондай азап өртену арқылы жан керексіз белгілерден ажырайды «Немесе олардың мысалы: Терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт қаптаған қараңғылықтар бір-бірінің үстінде. Кісі қолын шығарса оны көре алмайды» (Нұр – 40). Балықтар, теңіз жануарларына жандар өтіп, қолсыз тек ауыз қуысы арқылы өмір сүретін жәндіктер әлеміне өтеді. Екінші бөліктері бұлттар арасында қараңғылықтарда тіршілік етеді.

Бұндай топқа тек көзбен көріп бағалап бағалап тек өмірдің қызығын ғана көрсем деген көрсе қызарлар жандарының қылықтарымен әдеттері де жатады. «Енді оларды қойып қой Өздеріне уәде етілген күнге дейін сүңгісін ойнасын» (Зұхрұф – 83) Ойын құмар доп теуіп немесе қымбат ойыншықтар мен қымбат ойындарға құмар жандар, яғни қазіргі қазақ байлары, атқамінерлері арасындағы кейбіреулері бала құсап шұңқырға доп домалатқанына мәз болатын (қазақша мысық ойын) (Гольф) европалық дәстүрге құмар жандар болашақта суда өмір сүретін жан- жануарлар әлеміне өтеді де бостан бос сүңгіп бірін-бірі қуып ойнап тазарады белгілі бір мерзімге дейін. «Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер тіпті Алла, істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер» (Фуссилат – 22). Әркім өз жерінде жауап беретін болғандықтан, қазақтар үшін бұндай пенделер мысықтар жанына баруы да мүмкін.

«Адамдардың қол екі істегендерінің кейбірінің сазайын тарттыру үшін құрлықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар бағыттарынан қайтар» (Рұм – 41) Теңізде құрлықта әртүрлі құбыжықтар, адамдардың бұзықтық істерінің нәтижесінен пайда болып, сондай пенделер жанының әсерінен өніп өседі. Және жер бетіндегі түрлі бұзықтықтар жазасы да теңіз арқылы ескертіліп жазаланады. Сол сияқты жұқпалы түрлі аурулар әуелі теңізден басталып сонан соң құрлықтағы жануарлар әлеміне сосын адамдарға ауысып отырады. «Сөз жоқ адам баласы азады. Ол өзін мұңсыз көргендіктен. Көрдің бе? ол өткірсініп бет бұрған болса Алланың көріп тұрғанын білмей ме? Жоқ егер ол бұдан тыйылмаса, әлбетте кекілінен сүйрейміз. Өтірікші күнәкардың кекілінен» (Ғалақ -6-16).

Шындықтан бет бұрып жалғандыққа жаны құмар, жеңіл өмір сүруді әдетке айналдырған ахирет өмірін жоққа санаған пенделер жаны ұсақ малдарға барып азық болып ешкі, қой болып тазарудан өтеді. Әсіресе өтірікшілер ешкі болып кекілінен ұсталады да аяқтарынан сүйреледі. «Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер. Міне осы күнәкарлардың жасынға шығарған тозағы. Олар тозақ пен қайнар судың арасында айналып жүреді». (Рахман44).

«Оның жаратқан өнімінен әрі өздері қолекі істеген нәрселерінен жесін. Сонда да шүкір қылмай ма?» (Ясин – 35) Иман келтірмеген пенделер жандары (Қайнар су) асылған қазан мен малдар айналасында қашан тазарғанша ұрпақтарына азық болып айналымда жүреді. Әрбір ұлтқа сай өз тағамдары болып сол өздерінің қолекі істеген нәтижелері ұлттық тағам ерекшелігі жан жануар малдар болып табылады.

«Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын» (Ясин – 38). Тозақтағы пенделер жандары әйел және еркек жыныс ерекшеліктері сақталып електен өтеді. Бала туғысы келмей жеңіл өмір сүруге құмар әйелдер жаны ешкі болып егізден, үшеуден лақтауына тура міндеттенеді. Текені де алдау қиын олда өтірікші еркек жанынан болып табылады. Кейде қазақта ешкімен текеге қарап; «Апама жездем сай» деген әзіл де бар.

Ал мұсылманмын деп намаздары, ғибадаттары толық болмай және сәздеге жығылмаған жандар туралы аятта: «(Мұхаммед.Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардың бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды…» (Мүззәміл -20) Намаз уақытын өлшейтін белгісін білетін қораз. Тауықтарда мұсылмандар жанынан есепсіз құр тәпсір қуған немесе ой жорамалға еріп шариғат ісін жол қылып алғандарда тозақ сатыларынан өтуге тура келеді. Сол сияқты бала тумай, күйеуге тимей т.б. немесе әйелдік міндетін орындай алмаған әйелдер жаны тауыққа барып, қарыздарын өтеуге тура келеді. Әр тауыққа өлшемді 300 жұмыртқа туу керек. Нәпсі құмар және некесіз қатынастарға барып тірі кезінде тәубеге келіп, парыздарын өтей алмай өткен еркектер жаны да қоразға барып қызмет жасауға тура келеді. Міне саған махаббат. Және қораздар әрбір намаз уақытында «Залымдарды Алланың қарғысы атсын!» деп айқайлайды, ал тауықтар әр жұмыртқа тапқан сайын Аллаға мадақ айтады.

«Олар аспан бостығынан бағынышты құсты көрмей ме? Оларды Алладан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Негізінен сонда иман келтірген қауым үшін белгілер бар»(Нахыл – 79) Алланың барлығына бірлігіне иман келтіріп көз қиянатынан сақтанбай, нәпсісін тежей алмай қателіктер жасғандар, қасиеттерін меңгере алмағандар, құлшылығы аз жандар негізінен құстар тобына барып аспан бостығында зікір салып тазарып міндетін өтейді.

«Кісіге шамасы келетінді ғана міндеттендіреміз. Жанымызда шындықты сөйлейтін бір кітап бар. Олар зұлымдық көрмейді» (Мүминұн — 62) Есту көру қасиеттері жекелей күзетші қызметтерін атқарып пенде арқылы тазарудан өтеді шындыққа куәлік етеді.

Мұсылман жаны үшін белгілі жеңілдіктер берілген, тек өз дәрежесінде ғана тазарудан өтеді. әрине құстар және үй құстары хайуандарға қарағанда кеңшілік еркіндікте. Азабы аз жеңілдіктер қарастырылған.

«Көктер мен жердегі әркімнің әрі қатар-қатар ұшқан құстың Алланы дәріптегенін көрмейсің бе? барлығы өзіне тән намазын, тасбихын біледі. Алла олардың істегенін толық біледі. (Нұр – 41) Оқылмаған ғибадат, намаз, сәжде, айтылмаған тасбих құстар жанына барып сол белгілі тербеліс жүйесін өтеу әрбір мұсылманға міндетті шара екендігін ескертеді.

Ал тыйым салынған істермен шұғылданып азғындыққа ұшыраған жандар аятта: «Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «маймыл болып қор болыңдар» дедік» (Әнбия – 166) Ондай жандар маймыл болып жазасын өтейді. Жалпы маймылдар Алланың қарғысына ұшырағандар болып есептеледі.

«Оларға жаһаннамда төсек және жамылғылар бар. Залымдарға осылайша жаза береміз» (Ағраф – 41)

Жер төсеніш, жүні жамылғы болып ыстыққа күйіп,суыққа тоңып азапты өмір жаһаннамға түседі залымдар жаны. Пәни жалғанда тәнін жалаңаштап жыныстық белгілерін сақтап киіне алмаған әйел мейлі еркек жандары тозақта киімді қалыптастыру шарт. Жан киімін қалыптастыра алмаған пенделерге шартты үкім. «Рас олардың мойындарына бұғаулар салдық. Сонда ол иектеріне дейін. Сондықтан бастары кекшиіп қалған» (Ясин – 8). Тәкәпар өзінен басқаны менсінбегендерді бастарын жерге июге азап қылып тозақтан өткізеді. Бастары кекшиген, бұғауы бар жираф. Және бұғаулар саны да келтірілген кейбір аятта. Сол белдеулер саны 70 ке дейін жетеді. 70 құлаш шынжырмен маталады деген.(Зебра) Ал кісі малын жеп, пара алып, зорлық зомбылықпен өмір сүретін әкімдер т.б сол сияқты жандар «Олар тозақтың тар бір жеріне қолдары мойындарына байлаулы тасталғанда, сол сол жерде жоқ болуды қалайды (13). Бүгін бір-ақ жоқ болуды тілемеңдер, көптеген жоқ болуды тілеңдер» (Нұр – 14). Қолы байлаулы теңіз мысығы, пингвин т.б. мұзды суық жерлерде өмір сүруге жіберіледі. Және ұзақ уақытқа. Және бір жерден екінші жерге ауысып отырады. «Құрлықта теңізде қараңғылықтарынан сендерді кім құтқарады: осыдан бізді құтқарсаң, әлбетте шүкір етушілер ден болар едік деп, оған жасырын түрде жалбарынып тілейсіңдер де» (Энғам – 63) Әрине у-шу болып тасбих айтып жалбарынады жаратушыға. Сонымен қайта жер басуға кінәсын түзетуге жіберіледі. Бірақ осы тозақтардан өткен өзіндік ерекшелік белгілері болады ондай пендеде жанында. Европаша өмір сүргісі келіп тілін дінін ұмытқан мұсылман жаны туралы аятта: «Әй, мүміндер! Егер кәпірлерге бой ұсынсаңдар сендерді кері қайтарады, сонда зиян етушілерге айналасыңдар» (Әли Ғымыран – 149)

Қазақ орысқа қосылып тілін, әдетін үйренгеннен бері егеуқұйрық «Крыса» көбейіп кетті. Мұсылман болып туып кәпір ісін жасап тілін, дінін сатқандар жаны осындай зиянкестерге айналып тіршілік етуіне тура келеді. Амал жоқ зиян тигізетін болғасын азаптап өлтіреміз, шала қазақтарымыз әттең, осы аяттың мағынасын білсе, болмаса соларға оқып беретін жаны ашитын туысқаны болса, қайдам әзір сол зиянкестер көбейуін тоқтата қоймас. Болашақта айлакер залым зянкестер саны артпаса кеми қоймас. Бәрібір өлім жетеді тозақ отынан ешқандайда шетелге тыққан ақшада алтында құтқара алмайды.

«Әрине оларға зор азаптан бері дүниенің азабын таттырамыз. Мүмкін райдан қайтар» .(Сәжде — 21) Өмірге қайта келіп, әртүрлі кеміс немесе кедейліктің аурудың азабын тартып, тағыда тәубеге келе алмағанда немесе адал кәсіп жасамай күналар жасаған жағдайда ұзақ уақытқа зиянкес жәндікке айналады.

Жаратушымызда үміттенеді жаңа және европалық қазағымыздан мүмкін өзін өзі түзелтер жан-жағындағы дәлелдер пайда берер. «Егер қарсы келсеңдер балаларың да шашын ағартатын күннен қайтіп сақтанасыңдар» (Мүззәмміл – 17)

Өмірге ақ шашпен туылу сол тозақтан, азаптан әзер дегенде жарыққа жолдама алып келгендер жанынан болып табылады. Бірақ сенімсіздік, зиянкестік, арсыздыққа тез бет бұратын белгі болады, тек Алланы танытып дұрыс тәрбие беріп, қасиетін дұрыс жолға бағыттамаса өмірі қасіретпен азаппен аяқталатыны даусыз. Оған күнделікті көгілдір экраннан көріп жатқан деректер жеткілікті. Ақ шашты «Жұлдыздардың» баққытты жанұя құрып өмірі ұзақ болатыны жоқтың қасы. «Ал енді адамзат жеген тамағына көз салсын (24) Жоқ ол Алланың әмірін орындамады» (Ғабәсә — 23)

Бүкіл жейтін тамағымызды, малдарды өзіміздің жанымыз қылығымыз өсіріп жатыр. Ал ахиреттен тапсырма алып, Алла әмірін екінші келгенде де орындамағандар ұзақ уақытқа жануарлар әлеміне өтіп азыққа айналатынын ескертеді.

Ахиретке сенбейтіндер, өлімнен кейін өмір жоқ, деп тек дүние тіршілігімен шектеліп қияметтің болуына күмән келтіріп жалпы құран үгітіне сенбегендер үшін арналған тозақ сарайын «Хауна» деп атайды.

«Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер (29) Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер (30) Ол көлеңке болмайды, жалыннан қорғамайды. (31) Өйткені тозақ сарайындай ұшқын атады. Сары түйелердей (33)Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш) (34) Ол күні олар сөйлемейді» (Мүрсәлат – 35) Алла тағалаға сенбегендер иман келтірмеген жандар жаны түйелерге барып тазарудан өтеді. Ақылды ашуға жеңдіретін лас сөздерге құмар пенделер жаны да сөзден айрылып, жаны түйеге барып ұзақ уақыт үнсіздікте тәрбиеленуге тура келеді.

«Қаптайтын қияметтің хабары келді ме? (1) Ол күні кейбір жүздерді қорқу басады (3) Жанып тұрған отқа тасталады (4) Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі (5) Олардың ащы сасық тікеннен басқа ешбір тамағы болмайды.(6) Ол семіртпейді де аштықты баспайды да (7) олар түйеге қарамай қайтіп жаратылған?» (Ғашия – 17)

Осындай тозақтық белгі түсіп, жаны түйеге баратындар қорқынышта, шаршаған түрде өмірінің аяғы қиналыс ауырумен, сол сияқты жүйке, эпилипся т.б. жын елес ауруларымен ауырады. Ал кейде жаны түйеге барып келген жандарда да осындай белгілер қайталанады. Ондай жандарда ерекше қасиет көздері болып меңгермегендіктен де қайталануы мүмкін. (Түйенің аузынан көбік ағып жынданатын уақыты болады көктем, күз айларында.)

Қазақтар түйені киелі мал деп қорлық көрсетпеген. Мұсылман жаны екенін аңғара білген ескерген. Жалпы малды қорлауға тиым салған аталарымыз. Түйеге қарап намаз оқымаңдар» — деген пайғамбарымызда. Тозақ сарайы екенін білген пайғамбарымыз «Жын» деп ескерткен.

«Көктер және жерде қаншалаған дәлел бар. Адамдар оған көңіл бөлмей өтеді» (Юсып – 105) Көктерде құстарда сондай ақ бұлтарда, жер бетінде табиғат әлемінде аңғарған пендеге адамзат өмірінің барлық белгісі және мысалдар бар екенін ескерткен аятта.

«Расында Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды, ал мүміндер оның Раббыларының нақ хақиқат екендігін біледі. Ал енді қарсы болғандар: «Алла бұл мысалмен көптегенді адастырып, әрі көптегенді оңғарады. Ол арқылы бұзықтарды ғана адастырады». (Сад сүресі)

Шіркейлерде бұзықтар мінезі қылығын сезім мүшелерін қалыптастырса, ал шыбындар иістерді өңдеу арқылы қарама қарсы сезім мүшелерін қалыптастырады. Жанның алғашқы сатысы болып кейде «шыбын жан» деп атайтынымыз сондықтан. Алдағы басылымдарда жан туралы толық мағлұмат жазамыз. Мұсылмандар қылық мінезі көп жағдайда жылқы арқылы електен өтеді. Аятта: «Қатты ентігіп шапқан(1) (тұяғынан) от шығарған(2) тозаңдатып шаңдатқан (3) жаудың ортасына кірген аттарға серт (5) Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәстүкірлік (қанағатсыз)(6) өйткені ол өзі де оған куә (7) сондай-ақ ол, байлықты өте жақсы көреді». (Ғадят – 8) Адам мінезі, нәпсісі жылқы арқылы тазарады. Жылқы мінезді деп те атайды қазақта.

Әр пенде өз нәпсісін , мінезін әрине жақсы біледі. Шапқан кезде от болып жанып тұяқтан, көкіректен шығады. Керексіз лас қуаттар. Сондықтан күн бұлтта, жаңбыр жауып тұрғанда атпен шаппаған, найзағай түседі деп ескерткен. Бекер емес бәрін ғылыммен болжап көре білген дана қазақ. Құрандағы ескертулер және тозақ белгілерін түгел жазу мүмкін емес. Сондықтан басты белгілерге ғана тоқталып отырмыз.Тозақтардың ішіндегі үлкені әрі күрделісі шайтандарға арналған «Хатма»деп аталған жер асты ошағы болып саналады.